Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуда модульдік технологияны қолдану»
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау. Баланың тәрбиеленуі,білім алуы және жан-жақты қалыптасуы, ақпараттану сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. 12 жылдық білім берудегі эксперимент сыныптарында модульдік технологиямен жұмыс жасау бастауыш сыныптардан басталады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативтік даму біліктілігін, қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Тіл үйренудің негізі бастауыш сыныптан басталатын болғандықтан осы кезеңде оқыту жүйесін, әдісін, жаңа технологияны дұрыс таңдау әр мұғалімнің міндеті. Құрылымы жағынан күрделі ағылшын тілі грамматикасын өз ана тілінде зерттеп, аздап болса да онымен салыстыра отырып игеру, сол тілде тезірек әрі саналы түрде сөйлеп үйренуге қажетті шарттардың бірі. Осы грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін оқытудың модульдік жүйесіне сүйенетін болсақ, модульдік жүйе : ұстаз шеберлігін арттыруға ықпал жасайды, екіншіден, шәкірттің ойлау қабілетінің ұштала түсуіне әсері мол. Мақсаты ана тілінде жаңа технологияларлық әдістер арқылы шетел тілі ерекшеліктері мен ұқсастықтары туралы білім беру.
Бастауыш сыныптарда оқу бағдарламасы бойынша ағылшын тілі аптасына 1 сағат. Осы жағдайды және бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерінің тұрақсыздығын ескеріп, оқытуды модульдік технологиямен жүргізген жөн. Сабақта өтілген жаңа сөздердің мағыналарын, оқылуын, сөйлеуде қолданылуын келесі аптаға дейін ұмытып қалатын болғандықтан, сабақты есте қалатындай қызықты етіп өткізу қажет. Оқулықтағы кейбір жаттығулар оқушыларға қиындық туғызады, осыдан келіп олардың белсенділігі төмендейді. Осындай жағдайларды болдырмау үшін, модульді құрастырғанда ойын түрлерін көп қолдану керек. Бұл бір жағынан оқушылардың жас ерекшеліктерімен де байланысты. Бастауыш сынып оқушыларына көңілсіздік әкелетін жаттығуларды ойын түрінде жасағанда, бұл жаттығулар басқаша әсер қалдырып, олардың қызығушылығын тудырады, естерінде сақталады.
Ойын екіге түрге бөлінеді: «дайындық ойындар» және «Шығармашылық ойындар». Бастауыш сыныптарда сөйлеу түрлерін машықтандыру мақсатында, грамматикалық, лексикалық, фонетикалық, және орфографиялық, яғни «дайындық ойындар» түрлерін қолдануға болады.
4 сыныпта алынған модуль «жыл мезгілдері». Модуль үш бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қортындыдан тұрады. Кіріспеге 1 сағат, сөйлесу бөліміне 4 сағат, қорытынды бөліміне 2 сағат бөлінген.
Кіріспе бөлімінде оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырылады. Әрі қарай 1 жылда 4 мезгіл бар екенін, әр жыл мезгілі үш айдан тұратыны айтылады. Осының бәрі және жаңа сөдер, тірек-сызба, суреттердің көмегімен түсіндіріледі.
Кіріспе бөлімінде «Сын есімнің шырайлары» грамматикалық тақырыбы түсіндіріледі. Бұл тақырып түрлі өлшемді заттардың көмегімен, мысалдар келтіріледі, жаттығулар орындалады. Жыл мезгілдерінің суреттері көрсетіліп, оларды оқушылар атайды, карточкалар сөздермен толтырылады. Сөйлесу бөлімі 4 сабақтан тұрады:
2- сабақта жаңа сөздер, суреттер, құбылыстар арқылы түсіндіріледі. Ал «Карта» ойыны арқылы өтілген сөздерді, құрылымдарды қайталап есте сақтайды. Мысалы: 1- оқушы «winter» сөзі жазылған картаны жүрсе, 2-оқушы «cold» сөзі жазылған картамен соғады. 1- картада «it often rains» деп жазылса,соғатын картада «in autumn» деген сөз болуы қажет.
Мәтінді оқушылар тыңдайды, содан кейін тізбек түрінде оқиды. Мәтінді түсінгенін «шындық-жалған» ойыны арқылы тексерген дұрыс. Сұрақтар қойылып, диалог құрастырылады. «Қыс» тақырыбына берілген өлеңді мәнерлеп оқып, үйге жаттауға беріледі. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды қолдану модульдік оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сондықтан 3-сабақ өтілген сөздерді қайталап, есіне сақтау үшін крассворд шешуден басталады. Жаңа сөздер интерактивті тақтада көрсетілген суреттердің көмегімен түсіндіріледі. Мысалы: ағаштың суреті, суреттің астында tree сөзі жазылған. Осындай жұмыс түрі оқушылардың тыңдау, көру және айту мүмкінлігі болатындай етіп құрылған. Бұл оқушының танымдық қабілеттерін де, танымдық процестерін де дамытуға мүмкіндік береді.
Мәтінді тыңдап, мәнерлеп оқығаннан кейін түсінігін «Жауап тап» ойыны арқылы тексеруге болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. 1-топқа сұрақтар жазылған карточкалар тасталады, ал 2-топқа сұрақтарға жауаптар жазылған карточкалар беріледі. 1-топтан 1-оқушы сұрақты оқиды. 3 сұрақтан кейін, топтарға карточкалар ауыстырылады.
Ал келесі «Мұғалім- оқушы» жұптық ойынында « мұғалім » де , «оқушы» да сұрақ пен жауапты өздері құрайды. 4- сабақ «Кім жылдам? » ойынымен басталады. Бұл ойынның шарты берілген сөздерден сөйлем құру және оны жарыс түрінде өткізу. Ойын барысында оқушылар дұрыс сөйлеуге, дұрыс жазуға жаттығады. Бұл олардың алдағы сабақтарға әңгіме, мәтін құрастыруларына көмектеседі. Жаңа сөздер, суреттер, қимыл, құбылыстарды интерактивті тақтада көрсету арқылы түсіндіріледі. Мәтінді тыңдап, мәнерлеп оқығаннан кейін «Қатесін түзе» ойналады. Ойынның шарты : тақтада жазылған сөйлемдердегі қателерді тауып, түзетіп жазу. Сөйлемдер мәтіннің мазмұнына сәйкес болуы тиіс. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушыларлың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша оқушылар сабақ барысында не істеу керек екендігін, қаай және немен шұғылдану тиіс екенін біледі, өйткені ойын ережелерімен, сабақтың құрылысымен, жүру барысымен алдын-ала таныстырылған. Оқушылар алғашқы бөлімдерде бірін-бірі оқытып, біріне- бірі көмектессе қорытынды бөлімде олар алған білімдерін ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. 6-сабақ қорытынды бөлімге жатады. Әртүрлі ойындар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің қандай деңгейде екенін анықтайды. 7- сабақта үйде дайындаған жазбаша әңгімелерін қорғайды. Оқушылардың білімін бағалау тест жұмысы арқылы жүргізіледі.
Қазіргі қазақтандық қоғам көпұлттық, көптілділік, көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан, осы қоғамға бейімделген, көп тілді меңгерген, көп мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Тіл мәселесін сөзге тиек етіп отырып, Н.Ә.Назарбаев кем дегенде үш тілді білуі тиіс екендігін баса айтқан. Ағылшын тілін кеңінен білмейінше ұлттық бәсекеге қабілеттілік туралы айту қиын болатындығын ескере отырып, барлық ата-аналарды үш тілде оқытуға шақырды. Тіл- ұлттық мәдениеттің белгісі, оның қайнар көзінің кілті. Тілге тек қарым-қатынас құралы ретінде қарау – біржақты ғана құбылыс. Ел президентінің жолдауында көрсеткендей шәкірттеріміз әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Осы ретте, білім және ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы - дұрыс талап. Мектеп тәжірибесінде үш тілде оқыту сынағының қойылуы - өмір талабынан туындаған, көпшілік көңілінен шығатын жаңашылдық деп қабылдау керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Модульдік оқыту технологиясы, оқушы-дамыту құралы ретінде., Жанпейісова., Ағылшын тілі: мектепте республикалық-әдістемелік журналы 5.2010 саны., 2010 жыл;
2.Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. 2003 ж, № 4;