Бастауыш сыныпта а?ылшын тілін о?ыту б?гінгі та?да ?зекті м?селелерді? бірі болып саналады, себебі ?аза?стан Республикасыны? шет елдермен саяси, экономикалы?, ?леуметтік ж?не м?дени ?арым-?атынастары к?ннен-к?нге даму ?стінде.
XXI ?асыр мектебі т?бірлі ?згерістерді талап етуде. Шетел тілін білмеген адам?а жа?аша ?мір с?ру м?мкін емес екендігін шынайы фактіге айналып отыр. Мемлекеттік де?гейде б?л факт ?зіні? ?аза?стан Республикасыны? 2015 жыл?а дейінгі білім беруді дамыту т?жырымдамасында аны?тал?ан. Т?жырымдамада «Білім беруді? де?гейлері мен мазм?нында орта білім беру елді? ?здіксіз білім беру ж?йесіні? базалы? буыны ретінде ж?мыс істейді. Орта білім беруді? ма?саты жылдам ?згеріп отыратын д?ние жа?дайларында алын?ан тере? білімні? к?сиби да?дыларды? негізінде еркін ба?дарлай білуге, ?зін-?зі іске асыру?а, ?абілетін дамыту?а ж?не ?з бетінше д?рыс, адамгершілік т?р?ысынан жауапты шешімдер ?абылдау?а ?абілетті жеке т?л?аны ?алыптастыру».
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныпта а?ылшын тілін о?ытуды? ма?ызы»
Эссе
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың маңызы
Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту бүгінгі танда өзекті мәселелердің бірі болып саналады, себебі Қазақстан Республикасының шет елдермен саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары күннен-күнге даму үстінде.
XXI ғасыр мектебі түбірлі өзгерістерді талап етуде. Шетел тілін білмеген адамға жаңаша өмір сүру мүмкін емес екендігін шынайы фактіге айналып отыр. Мемлекеттік деңгейде бұл факт өзінің Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында анықталған. Тұжырымдамада «Білім берудің деңгейлері мен мазмұнында орта білім беру елдің үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны ретінде жұмыс істейді. Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің кәсиби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, қабілетін дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.»
Психолог Е. В. Жиркованың пікірінше, шетел тілін оқыту және баланың абстрактілі ойлау қабілетін дамытуда баланың сурет салу, сөйлеу қабілетін, есептеу қабілеті шетел тілімен байланысты жоғарылайды. Сол жастағы балалармен салыстырғанда шетел тілін оқыған балалардың оқу қабілетінің деңгейі өте жоғары деген пікір айтады ғалым.
Төменгі сатыда балалардың түсінуі, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. И. Н Борисенко, Л. Робертс «Сөйлеу және ес механизмдері» атты еңбектерінде «тоғыз жасқа дейінгі балалар сөйлеу шеберлігінің маманы. Баланың миы тілге арнайы икемді болады, бірақ ол есейе келе азаяды » деген. Ал И. Н. Борисенко оқушыларды шетел тілін оқуға үйретуді жүргізген эксперимент нәтижесінде бұл жастағы балалар салыстыруға, сараптауға, қорытынды жасауға, жалпы және жеке жұмыс жасауға белсенді, қабілетті деп анықтайды.
Шетел тіліне оқыту процесінде пәнаралық байланыстың, әсіресе шетел тілінің қазақ, орыс тілдерімен байланысы ерекше орын алады деп ойлаймын, себебі бұл пәндердің басты мақсаты жасөспірімдерді тілге үйрету болып табылады. Оқушы шетел тілдерін меңгеру арқылы басқа елдердің өмірімен, тарихы мен мәдениетімен таныса отыра, өз елінің өмірін, тарихын, мәдениетін терең түсінетініне көзім жетті.
Шетел тілін ерте жастан оқытуда бастауыш сынып оқушыларының физиологиялық, психологиялық қызмет көздерінің мол екені баршамызға мәлім:
Іс-әрекетті ойын түріндегі тез қабылдауы;
Қиялының әртүрлілігі;
Есте сақтауы;
Қызығушылық қасиетінің молдығы мен әртүрлілігі;
Жан-жақты тәрбиелеуге бейімділігі;
Еліктеуіш қасиетінің басым болуы;
Жоғарыда айтылған қасиеттерді бала бақшадан, бастауыш сыныптан бастап оқытуды бастау қажеттілігін дәлелдей түседі. Шетел тілін ерте жастан оқытудың басты мақсаты оқушылардың бойында қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және қарым-қатынасты дамыту. Осы басты мақсатқа жету барысында, оқушылардың бойында бағдарлама талаптарына сай төмендегідей іскерліктерін қалыптастырып, дамыту қажет.
Тындап түсінуді
Сөйлеуді (монолог және диалог түрінде)
Оқуды
Жазу, хат жаза алуды
«Еркетай» шағын орталығында ағылшын тілін үйрете бастаған сәтте алғашқы сабақты тренинг түрінде амандасу, өз есімдерін ағылшын тілінде айтумен өткіздім. Бала – бақшадағы балалардың жастары 4-5 аралығында болды. Бұл жердегі аңғарғаным осы жас аралығындағы балалардың есте сақтау қабілеті өте жақсы. Тренинг түрінде өткізілген сабақтардың бүлдіршіндерге өздерін еркін ұстауға, өз пікірлерін ашық айтуға, басқа балармен қарым- қатынас жасауға ықпалы зор.
Шетел тілін ерте жастан оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуына әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады.
Өз басым шетел тілі мұғалімі ретінде оқушылардың тіліне деген қызығушылғын арттыру үшін тек қана оқулықты ғана емес, басқа да қосымша материалдарды газет, журналдардан, тіпті интернет көзінен де қолдануы тиіс. Оқушылар материалды толық және тез меңгеру үшін, мұғалім ретінде көп көрнекі құралдарды пайдаланып, сабақты дұрыс ұйымдастыруға тырысамын. Оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін, әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын, және бұл әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болды:
әдіс-тәсілдер арқылы өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, оқушы қызығушылығын ынталандыру, тілді практикада қолдануға деген қажеттілігін тудыру;
Оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту, оның эмоциялары, сезімдері оның қажеттіліктерімен байланысты болуы;
Оның тілдік шығармашылық қасиеттерін ынталандыру;
Оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз байланыстыру;
Оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істей алуына көмектесу;
Түрлі жұмыс түрлерін жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдануға тырысамын.
Шетел тілін ерте жастан оқытуда мен қолданып жүрген тиімді әдістердің бірі - ойын. Менің ойымша, ойын барысында бала өзі өмір сүріп отырған, дамып отырған әлеуметтік ортадағы нормалар мен әрекеттерді қабылдайды, яғни, ойын бала үшін танымдылық, бағдарлық қызмет атқарады. Ойын балалардың шетел тілі пәніне деген қызығушылығынарттырады, сабақты түрлендіреді, қызық етеді, оқушыларды зеріктірмейді, олардың білімге деген құштарлығын, талпынысын арттырып, яғни, қабылдау, есте сақтау және зейінін дамытады. Ойынның келесі бір ерекшелігі, ол сабақта оқушылардың өздерін еркін ұстауға белсендіреді, қысылмай сөйлеуіне, ойын еркін жеткізуге жағдай туғызады, қиялын дамытады.
Қорыта келе, айтпақ ойым – педагогтар мен психологтардың дәлелдеуінше бастауыш сыныптардағы шетел тілін меңгеру балалардың ойлау әрекеттерін белсенді ете түседі және оқудың сапасын арттырады. Т.В. Рогованың пайымдауынша П.И. Пидкасистый ізімен түсінетін болсақ «өздік жұмыс әрекеті кезінде баланың пәнге деген қызығушылығы арта түседі және жеке тұлғаның мінезі қалыптасуына себеп болады ». Өйткені әрбір оқушы өз тапсырмасын орындауда ақпарат құралдар көздерін қолдана отырып, қажетті нәтижеге жету үшін өздігінен жұмыс істейді, ал бұл баланы жауапкершілікке итермелейді.