kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама: «А?ылшын тілін о?ытуда дамыта о?ыту техналогиясы т?р?ысынан о?ушыларды? тілдік ?рекетін ?алыптастыру»

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасыны? Президенті Н.?.Назарбаев республикалы? білім ж?не ?ылым ?ызметкерлеріні? конференциясында с?йлеген с?зінде білім беру ісін реформалауда?ы стратегиялы? міндеттерді? бірі – шы?армашылы? т?р?ыдан б?секелестікке сай ?ш тілді жетік ме?герген, жан-жа?ты дамы?ан жеке т?л?аны о?ытып – т?рбиелеу деп атап к?рсетті. Б?л жерде негізгі рольді білім беру ж?йесі алып отыр.

?аза?стан Республикасыны? Президенті Н.?.Назарбаевты? «?аза?стан-2050» Стратегиясы – ?алыптас?ан мемлекетті? жа?а саяси ба?ыты» атты ?аза?стан хал?ына Жолдауын ?олдау ма?сатын к?здеп, «Н?р Отан» Халы?ты? Демократиялы? партиясы Алматы облысты? филиалы шет тілін ?йрену бастамасын к?теруде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама: «А?ылшын тілін о?ытуда дамыта о?ыту техналогиясы т?р?ысынан о?ушыларды? тілдік ?рекетін ?алыптастыру»»

Талғар экономикалық колледжі















Баяндама: «Ағылшын тілін оқытуда дамыта оқыту техналогиясы тұрғысынан оқушылардың тілдік әрекетін қалыптастыру»












Баяндамашы: ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

Дуйсембекова С.К














Талғар 2015

«Ағылшын тілін оқытуда дамыта оқыту техналогиясы тұрғысынан оқушылардың тілдік әрекетін қалыптастыру»


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің конференциясында сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі – шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып – тәрбиелеу деп атап көрсетті. Бұл жерде негізгі рольді білім беру жүйесі алып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатын көздеп, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалы шет тілін үйрену бастамасын көтеруде.

Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. 

Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда.

 Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап.

Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар:

Модельдік технологиясы;

Рейтингтік жүйе;

Дамыта оқыту технологиясы;

Сын тұрғысынан ойлау.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді оқытушылардың ізденісі арқылы оқушының қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп қолданады. Технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін мен өзімнің алдымдағы оқушылардың ағылшын тілін қаншалықты меңгергендерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддеме сай, өзімнің шеберлігіме орай таңдап алдым.

Оқытушы тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытып өздеріне деген сенімін арттырып, істеген іс-әрекеттерінен жағымды эмоциялар алатындай дәрежеге жеткізуі керек. К.Роджерстің пікірінше, оқытушы:

Оқушыға сенім көрсету;

Оқушыға мақсаты мен міндетін белгілеуге көмектесу;

Оқушыға шет тілін оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беру;

Оқушыға қиындыққа кездескенде кеңес беретіндей тұлға болу;

Оқушыға ұялмай өз пікірін айта алуға көмектесу;

Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсініп, ыңғайлы жағдай жасау сияқты қағидаларды басшылыққа алуы тиіс.

Осы мақсаттарға жету жолында өзімнің сабақ беретін группаларда біршама жұмыстар жасалды. Мысалы, оқушылардың бәрі үздік, екпінді емес. Ол кезде мен оқушылардың өз деңгейіне қарай тапсырмалар беріп отырдым. Соның арқасынағы барлық оқушы бағаланып, қатысып отырды.

І деңгейдегі оқушыға проблемалық сұрақтар қою арқылы олардың ой-пікірімен есептесіп, ынталандыруды көздедім.

ІІ деңгейге қиын сөздердің мағынасымен таныстыруды тапсырдым.

ІІІ деңгейге мәтін не туралы, басты кейіпкерлер кім және т.б. сұрақтарға жауап беру сияқты жеңілдетілген тапсырмалар бердім.

Оқушының дарындылығының дамуы қабілетінің ашылуы көбінесе оқытушының кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты.

Оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – оқушының шығармашылық, дарындылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны жетілдіру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы оқытушыға байланысты.

Жаңашыл педагогтар оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеп, оның шығармашылық қабілеттер мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін жетік меңгертуде. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысын ойлау» технологиясының стратегияларын сабақтарыма қолдана бастадым.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ақпаратты қабылдаудан басталып шешім қабылдаумен аяқталатын ойлаудың күрделі процесі.

Мақсаты: барлық оқушыға кез келген мазмұнға сәйкес сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдап сапалы шешім қабылдап отыру. Оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша және жазбаша тілдің барлық түрін қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге бағытталған технология. Сабақтың құрылымдық кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:

І. Brainstorming (Ой қозғау)

Мен сабақ беретін бірінші курстарда өткен «What do we know about the history of the USA» сабағымда ой қозғау мақсатында сұрақтар дайындадым. Өтілген сабақтар бойынша бәрі сұрақтарға дұрыс жауап берді. Бұрынғы білетін материалдарын жаңа ақпараттармен толықтырды.

ІІ. INSERT мағынаны тану барысында қолдандым.

«What do we know about the history of the USA?»

V – I know – I don’t know +-It is new for me -?- It surprised.

America is a big, independent country. There are fifty states in the USA. The history of Thanksgiving Day. Where came term. Native Americans. The history of wild west and jeans.

Why do people wear jeans all over the world now? Today mane Americans still keep a gun in their houses.

III. Realization of the meaning ой толғаныс кезеңінде эссе жазу, «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасын» қолдандым. Мысалы 5 жолды өлеңді оқушылар былай жазды:

America;

Independent, friendly, developed;

To fight, to discover;

America is a big country;

The USA.

Мақсатқа жету оқушылар арқылы жүзеге асады. Оқушы басты тұлғаға айналады, ал оқытушы білімді беруші ғана емес, танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырушы, оқушының қабілетін, көзін ашушы тұлға.

Мен оқушының білімге деген қызығушылығын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастырушымын. Қорта келгенде әріптестеріме айтарым сабақ барысында дамыта оқыту технологиясы тиімді және уақытты үнемдеуге көмектеседі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Дуйсембекова Салима Курманбековна

Дата: 12.01.2016

Номер свидетельства: 275824


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства