kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?паратты? технологияларды пайдалана отырып, лингвоелтану материалдары негізінде ?арым – ?атынасты? ??зырлы?ты ?алыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??алімдік е? ?асиетті маманды?. ?азіргі та?да білім ?рдісінде а?паратты? технология молынан ?олданыс?а ие болды.?о?амны? а?парттандырылуы білім беруге ?ойылатын талаптарды да ?згертті. Білім беру саласыны? ?ызметкерлеріні? міндеті а?паратты?-коммуникациялы? технологияларды пайдалана отырып, баланы? рухани м?мкіндігін дамыту, білім беру, т?рбиелеу, оларды? ?зіндік ж?мыс жасау ?абілетіні? дамуына м?мкіншілік жасау. Сонымен бірге а?паратты?-коммуникациялы? технологиялар білім беру саласыны? ?ызметкерлеріні? шы?армашылы? ізденіс ?абілетін дамыту?а, жа?а педагогикалы? технологияларды жете ме?геруге, маманды? шеберлігін ?алыптастыру?а ы?палын тигізеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?паратты? технологияларды пайдалана отырып, лингвоелтану материалдары негізінде ?арым – ?атынасты? ??зырлы?ты ?алыптастыру»

Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,

лингвоелтану материалдары негізінде қарым – қатынастық құзырлықты қалыптастыру.

Шалкарова Зайгуль Мукашевна

№ 16 орта мектеп – гимназия

ағылшын тілі пәні мұғалімі


Мұғалімдік – ең қасиетті мамандық. Олай дейтініміз, оқушының болашағына шамшырақ жағып, оқу, өнер, білімге баулыған ұстаз әр шәкірттің жүрегінде өшпес із қалдырады.

Елімізге танымал тұлғалар мен ғалымдардың, ақын-жазу­шылардың, ел басқарып отырған білімді азамат­тардың бәрі де ұстаздан тәлім алған. Барлық сала маман­дықтарының бастауы да осы мектеп қабырғасында алған білім негізінде қаланады. Бүгінгі таңда жаңа ғасыр педагогына жаңаша талап жүк­телуде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында: «Оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» деп атап көрсетілгендей қазіргі кездегі білім беру жүйесі әлемдік өркениет көшіне сай, жан-жақты ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз етілуі керек.

Қоғамның ақпарттандырылуы білім беруге қойылатын талаптарды да өзгертті. Білім беру саласының қызметкерлерінің міндеті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, баланың рухани мүмкіндігін дамыту, білім беру, тәрбиелеу, олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетінің дамуына мүмкіншілік жасау. Сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру саласының қызметкерлерінің шығармашылық ізденіс қабілетін дамытуға, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгеруге, мамандық шеберлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлқтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылататын құрал.Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе «құзiреттiлiк» ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.

Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi – aқпараттық  коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын «оқу, тұрмыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлеттiлiгi» деп анықтайды.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic - әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi.

Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тұрғыда талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі тиімділігіне көңіл бөлу мұғалімнің шеберлігі болып табылады. Компьютердің графикалық мүмкіндігі жаңа сабақты бояулы суреттермен, тірек сызбалармен, кестелермен меңгертуге жол ашады. Компьютерді мұғалім әртүрлі мағлұматтар, қосымша ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Электрондық оқулықтарды енгізу уақыт үнемдейді, мұғалім араласпай-ақ оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіншілік туғызады.

Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек.

Мұғалімге жаңа материалды өте қызықты әрі түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті ең бірден-бір құрал бұл – интерактивті тақта. Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жаңа сабақ барысында қосымша қызықты материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады. Интерактивті тақта өзінің аты айтып тұрғандай мұғалім мен оқушылар арасындағы белсенді қарым-қатынасты қалыптастырады. Топпен, жекелей жұмыс жасауға зор ықпалын тигізеді. Алдын-ала дайындалған презентациялар, графикалық сызбалар, мәтіндік ақпараттар, бейне және аудио материалдар, алдын ала үйлестірілген жаңа сабақты меңгертуге арналған ойындар, гиперсілтемелер арқылы сабақтың оқушы үшін қызықты да, тартымды өтуіне көмегін тигізеді.

Қазіргі таңда барлық білім беру ошақтары жаңа компьютерлармен, мультимедиялық кабинеттермен қамтамасыз етілуде.

Ағылшын тілі сабағында АКТ тиімді және кеңінен қолданылады. Ақпаратты–коммуникациялық технология мұғалімдерге шынымен де ұмытылмас мүмкіндіктерге жол ашып, оңай да ыңғайлы шешімді ұсынады және сабақты қызықты, көркем ете алады.

АКТ – ны қолданудың негізгі жолдары:

Дайын мультимедиялық

шығармаларды және компью-

терлік оқыту жүйесін қолдану.


Жеке мультимедиялық және

оқыту бағдарламасын құру.


Жеке мультимедиялық

презентация құру.



АКТ – ны сыныптан тыс

іс – шараларға қолдану.


Интернет ресурстарды қолдану.




Оқыту барысында жиі қолданатын АКТ – нің элементтері:


Электронды оқулықтар



Интернет ресурстар


Флипчарттар

Оқушылар ағылшын тілі сабағында және сыныптан тыс іс – шараларда Интернет ресурстарды белсенді түрде қолданады. Интернетті елтануға байланысты ақпаратты алу үшін жиі пайдаланамыз.Себебі, кітапта елтануға арналған материалдар оқушыларды қызықтырмайды және көрнекіліксіз беріледі. Бұл жерден таңдап алған мемлекетіңіз туралы толық ақпарат ала аласыз – ескерткіштің суретінен бастап өнерге дейін.

АКТ – ны пайдалану өз пәнімді оқытудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты.

Шет тілін оқытуда компьютерлік бағдарламаның да өзіндік артықшылығы бар.Ол оқушыға жеке бағыт – бағдар беруді жүзеге асырады, үлгермейтін оқушыға көмек береді.АКТ жоғарғы сапалы материалдармен қамтамасыз етеді.Оқушы басқы кейіпкер, сондықтан ол білімді игеруде өзіне жол ашады, ал мұғалім жол көрсететін көмекші.

«Parents and new school rules» тақырыбы бойынша жүргізілген сабақтан фрагмент.


Қортынды жасай отырып, ақпаратты технологияның элементтерін қолданудың тиімді жақтарын көрсетуге болады:

  1. Оқушының тұлғасын дамыту;

  2. Пәнге кызығушылығын арыттыру;

  3. Ауызша және жазбаша тілін дамыту;

  4. Жолдастық қарым – қатынасты тәрбиелеу;

  5. Өз ойын айта білу;

  6. Деңгейі төмен оқушылардың өз білімін көрсетуге мүмкіндік туғызу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Шалкарова Зайгуль Мукашевна

Дата: 08.04.2016

Номер свидетельства: 316474


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства