kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?ылшын тілін о?ытуда тілдік іскерлікке ?алыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?ылшын тілін ерте жастан о?ыту, білім сапасын арттыру я?ни жа?а саты?а к?теру білім саласында?ы негізгі міндеттерді? біріне айналып отыр. Осы орайда елбасы Н ? Назарбаевты? «?шт??ырлы тіл» ба?дарламасын дамыту басымды??а айналып, соны? ішінде жа?андану жа?дайында ?лемдік интеграция?а кірігу тілі ретінде а?ылшын тілін ме?геру ж?ктелуде. ?йткені, халы?аралы? ?атынастар мен туризмді, ?лемдік экономиканы дамыту, білім ж?не ?ылым саласы мен озы? технологияны ме?геруде халы?аралы? аренада?ы негізгі ?олданыс тілі а?ылшын тілі болып табылады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?ылшын тілін о?ытуда тілдік іскерлікке ?алыптастыру»

Ағылшын тілін оқытуда тілдік іскерлікке қалыптастыру


Нұғманова Мақпал Зейнуллақызы Қызылорда қаласы И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің

ағылшын тілі пәні оқытушысы



Ағылшын тілін ерте жастан оқыту, білім сапасын арттыру яғни жаңа сатыға көтеру білім саласындағы негізгі міндеттердің біріне айналып отыр. Осы орайда елбасы Н Ә Назарбаевтың «Үштұғырлы тіл» бағдарламасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгеру жүктелуде. Өйткені, халықаралық қатынастар мен туризмді, әлемдік экономиканы дамыту, білім және ғылым саласы мен озық технологияны меңгеруде халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып табылады.

Ағылшын тілін оқытудағы негізгі мақсат –тілдік коммуникативті қалыптастыру, оны дамыту және еркін меңгеру. Жаһандану жағдайында тілді меңгеру үшін барлық жағдай қарастырылған және оқыту әдістемесінің де деңгейі жоғары. Сонымен қатар ағылшын тілін оқытуда интерактивтік тәсілдер, ойындар, диалогтық сөйлесу, ақпараттық технология мен интернетті пайдаланудың да маңызы зор.
Ағылшын тілін оқытуда білім алушының қызығушылығын ояту -басты мәселе. Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын, әуестігін арттыру керек.

Оқушының шығармашылық қабілетін арттырып, тілді меңгеруге қызығушылығын арттыру үшін сабақты төмендегідей жолдармен өткізуді ұсынамын:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарымен қатар ақпараттық технологияны пайдалану;

2. Сабақта ойын элементтерін жиі қолдану;

3. Сабақта тақырыпқа қатысты бейнематериалдарды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сөздік қорын дамытуға мән беру.


«Тіл дамыту жұмысын жүргізгенде оқушының сөздік қорын дамыту, сөз тіркестері мен фразеологиялық тіркестерді сөйлемде дұрыс қолдана білуге, сөздікпен жұмыс жасай білуге қалыптастыру ескерілуі тиіс» деумен бірге, сөйлем құрағанда айтылмақшы ойына байланысты синоним сөздерді таңдау, сөздік жұмыстарын жүргізуді ескертеді. Ал Н.А.Купина сөйлеуге үйрету үдерісінде ең маңызды орын алатын материал-лексика деп есептейді.Белгілі бір тілді меңгеру үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойын жеткізе алмайды, екіншіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын жетік түсінбейді. Яғни, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдік қатынас та жүзеге аспайды деген сөз.

Оқу орындарында ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидалары лексика -грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет.

Оқушының сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да ролі зор. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Оқытушы сабаққа кіргеннен оқушымен диалогта болады. Оқушыға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Ситуациялық жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесу – оқушыны ынталандыра түсіреді

Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі сөйлесу мен мәтін бойынша жұмыс- негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды қалыптасады.

Коммуникативтік бағыт шеңберінде келесі терминдерді қолдану және оқыту тәжірибесінде жаттығудың үш түрін меңгеру тиімді: нақты коммуникативтік, шартты коммуникативтік және коммуникативтік емес.

Дайындық және коммуникативтік жаттығулар соңғы екі онжылдықта шетел тілін оқыту тәжірибесінде кеңінен таратылды.

Коммуникативтік жаттығуларға келесі жаттығулар жатады, «ми шабуылы», ауызша сөз сөйлеу, семантикалық картаны құрастыру, дискусияның әр түрлі (бағытталған, еркін, сценарий, рөлдік ойын, интервью.

Шетел тілін оқытуда ауызша сөйлеудің рөлі өте зор. Ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірімен түсініседі, өз ойларын айтады, дəлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл-күй қатынасын білдіреді. Сөйлеудің екі түрі бар, бірі монолог түрінде сөйлеу, екіншісі диалог түрінде сөйлесу. Оқушыны монолог түрінде сөйлеуге үйретуде тілдік тіректердің маңызы өте зор. Шетел тілін оқыту əдістемелерінде (тірек) ұғымы əр түрлі түсіндіріледі. Көптеген ғылыми жүмыстарда ол стимул, əрекет жасауға түрткі ретінде қарастырылады. Мағлұмат оқушының ойлауына түрткі бола алады, ал оқытушының міндеті оқушының тыңдаған, оқыған, көрген мəліметтерін дұрыс басқара отырып, оларды монолог түрінде сөйлету. Көп жағдайда тілдік тіректер сөз əрекетін ұйымдастырушы болып, ойлардың бір бағытта дамуына, оқушылардың сөйлегенде қате жасамауына дəнекер бола алады.Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін,сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек те, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог-сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек. Тілдік тіректер оқушылардың дайындалған монолог түрінде сөйлеуіне көп септігін тигізеді.

1. Монологқа не диалогқа тəн логиқалық сызба. Бұл сызба сөйлемдердің бірізділігін, дəйектілігін көрсетіп, ең бастысы мазмұнды болжауға, айтылуды жоспарлауға жəне лексикалық, грамматикалық толықтырылуына, стилистикалық өрнектелуіне бағытталады.

2. Логиқалық мағыналық сызба. Мұнда сұрау сөздерінің бірізділігі сақталады.

Мысалы: Who? Where When?

3.Структуралық сызба. Мұнда айтылатын сөздің логикалық, синтактистік құрылымына жəне морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударылады.

4. Тезис не сұрақ түріндегі жоспар.

5. Сөзді бастауға жəне аяқтауға байланысты тілдік тіректер.

Жоғарыда айтылған тірек түрлерінің барлығы да айтылатын сөздің жалпы бағытын сонымен бірге мазмұнын,жоспарын бағдарлауға мүмкіндік береді.

Олар айтылатын сөздің логикалық құрылымын, сапалық жəне сандық толықтығын қамтамасыз етеді.

Жоғарыда айтып өткенімдей тілдік іскерлікке қалыптастыруда ситуациялық- рөлдік ойындарды тиімді қолдану қажет. Ситуациялық- рөлдік ойындарды орындау барысында əр оқушы өзіне белгілі бір рөлді алады да сол рөлге сай өзін-өзі ұстауға тырысады. Ситуациялық-рөлдік ойындар барысында көптеген өзара байланысты тілдік ситуациялар қолданылады. Ойын атмосферасы кезінде оқушының өзіне тəн қабілетін көрсете алуы сабақта қолданылатын жұмыс түрлерін қызықты ете түседі. Ойын кейде күнделікті өмірде кездесетін адамдар арасындағы қарым-қатынастарға құрылады да оқушының тілдік те тілдік емес те шеберліктерін шыңдайды. Ситуациялық-рөлдік ойындар ауызша сөйлеу білігі мен дағдыларын, сондай-ақ оқушының топ болып қарым-қатынас жағдайында оларды өздерін ұстау мəдениетіне үйретеді.

Ойымды қорытындылай келе оқушыны сөйлету үшін түрлі әдістер арқылы ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орнату қажет деп санаймын. Ал, оқушыны сөйлету үшін, ең алдымен ұстаз лексиканы қалай меңгерту керек деген сұраққа жақсы жауап беруі тиіс. Лексиканы үйретудің түрлі әдістері мен тәсілдерін білген жағдайда ғана бала жақсы сөйлеп шыға алады. Демек, білім алушының сөйлеуі үшін лексиканың маңызы зор.

Қазіргі қазақтандық қоғам көпұлттылық, көптілділік, көпмәдениеттілік яғни жаһандану жағдайында болса, осы қоғамға бейімделген, көп тілді меңгерген, көпмәдениетті тұлға қалыптастыру - өэекті мәселелердің бірі деп санаймын. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап – жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, білім алушының ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру.

Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді меңгеріп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін атап айтты. Тәуелсіз еліміздің көшін болашаққа жетелдейтін негізгі күштің бірі –білім. Ал, елдің ертеңі терең білімді, ой-өрісі мен таным-түсінігі биік, халқын ардақтай алатын, Отанын қадірлеп-қастерлей алатын, жеті жұрттың тілін білген жас ұрпақтың қолында. Сондықтан да, тәуелсіз мемлекетіміздің білімі мен ғылымының дамуы үшін дүниежүзілік білім кеңістігіне ену бүгінгі күннің басты міндеті.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
А?ылшын тілін о?ытуда тілдік іскерлікке ?алыптастыру

Автор: Нугманова Макпал Зейнуллаевна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 311098


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства