kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«А?ылшын тіліндегі біріккен с?здерді? ?аза? тіліне берілуіні? трансформациялы? модельдері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?ылшын тіліндегі біріккен с?здерді? ?аза? тіліне берілуіні? трансформациялы? модельдері

Мазм?ны

  1. Кіріспе..................2

 

НЕГІЗГІ Б?ЛІМ.................7

     1. А?ылшын     тіліндегі      біріккен     с?здерді?   

         зерттелу  ба?ыттары...............9

     2. ?аза? тіліндегі біріккен с?здерді?

         зерттелу ба?ыттары..............14

?орытынды...................24

?ылыми жоба та?ырыбы бойынша жариялан?ан ма?алалар тізімі....27

Пайдаланыл?ан ?дебиеттер тізімі.............26

Пікір.....................27

Резюме................... 28

Summary....................30

 КІРІСПЕ

Зерттеу ж?мысыны? ?зектілігі. А?ылшын ж?не ?аза? тіл білімдеріні? сан-салалы теориялы?  ?станымдары б?гінгі к?нде аударма?а ?атысты зерттеулерді? негізгі ба?ыт-ба?дарын аны?тау?а, ма?ызды ?орытындылар шы?ару?а м?мкіндік беретіндіктен, б?л тілдердегі материалдарды бір-біріне шебер аударуды? жалпы ж?не жеке лингвистика ше?беріндегі ?зіндік за?дылы?тарын с?рыптау ж?не осы т?р?ыда?ы ж?мыстарды? ?зге ізденістер ?атарында алар орнын на?тылау ?ажеттігі ?алымдарды? алдына ты?  м?селелер ?ойып отыр?аны даусыз. Осы?ан орай, а?ылшын тіліндегі біріккен с?здерді ?аза? тіліне беруді? т?рлі ?діс-т?сілдері де ??нды зерттеулерді? д?ниеге келуін ?амтамасыз етер ал?ышарттар ?атарын ??рауда. А?ылшын тіліндегі біріккен с?здер мен оларды? ?аза? тіліндегі баламаларын тексеру б?гінгі тіл біліміні? алдында т?р?ан к?рделі м?селелерді? бірі екендігінде дау жо?. Себебі еліміз б?гінгі та?да т?рлі халы?тар арасында?ы ?деби-м?дени байланыс пен дамуды? д?некері болып табылатын аударма?а, соны? м?селелеріне ?лкен м?н беруде.

      М?дениетті ?ркендетуге арнал?ан мемлекеттік ба?дарлама ?абылданып, соны? бір саласы бойынша ?аза? тіліндегі ?деби шы?армаларды, бас?а да т?рлі салада?ы м?тіндерді ?зге тілдерге аударып, д?ниеж?зіне таныстыру ж?не жа?анны? озы? ойлы ?деби, философиялы?, ?ылыми е?бектерін ?аза? тіліне аудару ба?ытында?ы істер жандана т?суде. Осы орайда аударма саласында ?аншама к?п ж?мыстар ат?арылып жатса да, ?лі де б?л салада?ы е?бектерді молайтуды? теориялы? ж?не практикалы? ма?ыздылы?ын жо??а шы?ара алмаймыз. Сонды?тан а?ылшын тіліндегі біріккен с?здерді? ?аза? тіліндегі трансформацялы? модельдерін ?арастыру ж?мысы м?селені толы?ымен жоймаса да, осы ба?ытта?ы ізденістерге белгілі бір ?лес болу?а м?мкіндігі бар. Б??ан дейінгі е?бектерді саралап, озы? т?жірибелерінен ?лгі алу еліміз бен ?зге халы?тар ?дебиеті мен м?дениеті арасында?ы байланыстарды ны?айту?а, ?ркендетуге айтарлы?тай септігін тигізерін ескерсек,  шет тіліндегі, соны? ішінде а?ылшын тіліндегі біріккен с?здерді? сипаты, оларды? ?аза? тіліне аударылу жолдары туралы ?ылыми зерттеулер з?рулігі мен ?ажеттілігі аны? сезіледі.

Зерттеу нысаны. А?ылшын ж?не ?аза? тілдеріндегі біріккен с?здер.

Зерттеуді? п?ні. А?ылшын тіліндегі біріккен с?здерді ??рылымды? ж?не семантикалы? т?р?ыдан салыстыра-сал?астыра зерттеу негізінде оларды ?аза? тіліне беруді? трансформациялы? модельдерін екі халы?ты? ойлау ерекшеліктерін ж?не ?лтты? ??ндылы?тарын зерттеп ?сыну. Соны? негізінде т?мендегі міндеттер ?ойылды:

  • жалпы аударма теориясыны? негізгі ба?ыттарын а?ылшын тілін ?аза? тіліне аударма жасауда?ы негізгі ба?ыттарын ай?ындап ж?йелеу ж?не зерттеу ж?мысына теориялы? негіз дайындау;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««А?ылшын тіліндегі біріккен с?здерді? ?аза? тіліне берілуіні? трансформациялы? модельдері»»

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Алматы қаласы Білім басқармасы

«Жаңа Ғасыр» № 17 гимназия






«Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліне берілуінің трансформациялық модельдері»



Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары




Секция: тіл білімі /ағылшын тілі/


Орындады: «Жаңа Ғасыр» № 175 гимназия

9 «Г» сынып оқушысы Малдыбаева Жамал






Ғылыми жетекші: ҚазМемҚызПу базалық негізгі және шетел тілі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.: Е. Қ. Нұрланбекова





Жоба жетекшісі: Досқожаева Нұргүл Елшібекқызы

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

Ағылшын тілі пәні мұғалімі




Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліне берілуінің трансформациялық модельдері


Мазмұны

  1. Кіріспе ..........................................................................................................2


НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................................7

1. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің

зерттелу бағыттары .....................................................................................9


2. Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің

зерттелу бағыттары ....................................................................................14


Қорытынды ...........................................................................................................24


Ғылыми жоба тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі.................27


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................26


Пікір .......................................................................................................................27


Резюме .................................................................................................................. 28


Summary .................................................................................................................30




КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын және қазақ тіл білімдерінің сан-салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күнде аудармаға қатысты зерттеулердің негізгі бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды қорытындылар шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, бұл тілдердегі материалдарды бір-біріне шебер аударудың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау және осы тұрғыдағы жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау қажеттігі ғалымдардың алдына тың мәселелер қойып отырғаны даусыз. Осыған орай, ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берудің түрлі әдіс-тәсілдері де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер мен олардың қазақ тіліндегі баламаларын тексеру бүгінгі тіл білімінің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі екендігінде дау жоқ. Себебі еліміз бүгінгі таңда түрлі халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыс пен дамудың дәнекері болып табылатын аудармаға, соның мәселелеріне үлкен мән беруде.

Мәдениетті өркендетуге арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып, соның бір саласы бойынша қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды, басқа да түрлі саладағы мәтіндерді өзге тілдерге аударып, дүниежүзіне таныстыру және жаһанның озық ойлы әдеби, философиялық, ғылыми еңбектерін қазақ тіліне аудару бағытындағы істер жандана түсуде. Осы орайда аударма саласында қаншама көп жұмыстар атқарылып жатса да, әлі де бұл саладағы еңбектерді молайтудың теориялық және практикалық маңыздылығын жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі трансформацялық модельдерін қарастыру жұмысы мәселені толығымен жоймаса да, осы бағыттағы ізденістерге белгілі бір үлес болуға мүмкіндігі бар. Бұған дейінгі еңбектерді саралап, озық тәжірибелерінен үлгі алу еліміз бен өзге халықтар әдебиеті мен мәдениеті арасындағы байланыстарды нығайтуға, өркендетуге айтарлықтай септігін тигізерін ескерсек, шет тіліндегі, соның ішінде ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің сипаты, олардың қазақ тіліне аударылу жолдары туралы ғылыми зерттеулер зәрулігі мен қажеттілігі анық сезіледі.

Зерттеу нысаны. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздер.

Зерттеудің пәні. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді құрылымдық және семантикалық тұрғыдан салыстыра-салғастыра зерттеу негізінде оларды қазақ тіліне берудің трансформациялық модельдерін екі халықтың ойлау ерекшеліктерін және ұлттық құндылықтарын зерттеп ұсыну. Соның негізінде төмендегі міндеттер қойылды:

  • жалпы аударма теориясының негізгі бағыттарын ағылшын тілін қазақ тіліне аударма жасаудағы негізгі бағыттарын айқындап жүйелеу және зерттеу жұмысына теориялық негіз дайындау;

  • ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне трансформациялауда аударманың тиімді түрлерін теориялық және практикалық тұрғыдан айқындау;

- ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің құрылымдық үлгілерін және олардың семантикалық мағыналарын талдау;

  • қазақ тіліндегі біріккен сөздердің құрылымдық үлгілерін және олардың семантикалық мағыналарын талдау;

  • ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздердің құрылымдық және мағыналық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

  • ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі баламаларын табу барысында екі халықтың ойлау ерекшеліктеріне және ұлттық құндылықтарына лайықты баламалар іздестіру арқылы трансформациялық модельдерін ұсыну;

  • ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің іштей трансформациялануын когнитивтік лингвистика ілімі тұрғысынан айқындау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі трансформациялық модельдерін жасауда қолданылатын аударма әдіс-тәсілдерін қолдану теориясы мен практикасының негізгі мәні ашылды;

  • когнитивтік лингвистика тұрғысынан ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің іштей трансформациялануға мүмкіндігі бар екендігі нақтыланды;

  • ағылшын тілінің материалдарын қазақ тіліне аудару жолдарының негізгі бағыттары айқындалып, жалпы аударма теориясының мақсаттарына орай қосымша теориялық негіз әзірленді;

  • ағылшын және қазақ тілдерінің біріккен сөздерді зерттеу принциптеріндегі ұқсастықтар және өзгешеліктер анықталды;

  • ағылшын тіліндегі зат есім және сын есім негізді біріккен сөздерге этнолингвистикалық тұрғыдан баламалар қарастырылды;

  • ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздердің формалдық модельдері жасалып, семантикалық мәндері ашылды;

  • ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздердің морфологиялық және семантикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтары сұрыпталды.

Қорғауға ұсынатын негізгі тұжырымдар:

    • аударманың трансформациялық модельдерін жасауда қолданылатын әдіс-тәсілдердің теориялық және практикалық маңызы қазіргі аударма жұмыстарының мазмұнынан айқын көрінеді;

    • ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің негізгі ұғымдарының бірнеше үлгіде берілуі олардың когнитивтік лингвистика тұрғысынан іштей трансформациялануын көрсететін құнды фактор саналады;

    • ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне трансформациялауда орын алмастыру, сөз қосу, ауыстыру, бір компонентін түсіріп тастау және т.б. әдіс-тәсілдері қолданылады;

    • ағылшын тіліндегі күрделі сөздерді қазақ тіліне аудару теориясының лингвистикалық және экстралингвистикалық бағыттары аудармаға қосымша теориялық негіз бола алады;

    • ағылшын және қазақ тілдерінде күрделі сөздерді зерттеу принциптерінде ұқсастықтармен бірге айырмашылықтар да бар;

    • ағылшын тіліндегі зат есім және сын есім негізді біріккен сөздерге қазақ тілінен баламалар қарастыруда этнолингвистикалық факторлар және екі халықтың ойлауы, ұлттық құндылықтары, туыс емес екі тілдің ерекшеліктері ескерілуі тиіс;

    • ағылшын, қазақ тілдеріндегі біріккен сөздердің құрылымдық сипаты мен мағыналық ерекшеліктері аударма модельдерін жасауда маңызды рөл ойнайды;

Зерттеудің әдіснамалық негізі. Қазақ тіл білімінде біріккен сөздер теориясының сипатын айқындау, оның аударма теориясы ұстанымдарымен сабақтасар тұстарын зерделеу үшін ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап қазақ тіл ғылымы саласында дүниеге келген А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Н.Т.Сауранбаев сынды заңғар ғалымдардың зерттеу жұмыстары, одан кейінгі жылдарда морфология саласында жазылған А.Ысқақов, Қ.Аханов, С.Исаев, М.Балақаев, Ж.Шәкенов, Б.Қасым, Қ.Күдеринова сынды және т.б. ғалымдардың ғылыми-теориялық еңбектері негізге алынды. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерге қатысты Г.Пауль, О.Есперсон, И.Арнольд, Е.Круисинг, К.Гобилд, А.И.Смирницкий, П.В.Царев, Б.А.Ильиш, Г.Марчанд, М.Д.Степанова, О.В.Афанасьева, О.Д.Мешков, В.Л.Каушанская, В.В.Елисеева, С.С.Хидекель, М.Блох, Р.Квирк сынды ғалымдардың еңбектері теориялық негіздеме мақсатында зерделенді. Сондай-ақ, аударматану саласы бойынша В.Н.Комиссаров, Я.И.Рецкер, Ю.А.Найда, Л.С.Бархударов, И.И.Ревзин, В.Ю.Розенцвейг, Кэтфорд Дж, Р.К.Миньяр-Белоручев, И.Н.Гарбовский, А.Д.Швейцер, Е.В.Бреус, Л.К.Латышев, А.Попович, В.Оболевич, А.И.Федоров және отандық З.Қ.Ахметжанова, А.С.Ермағамбетова, З.Р.Загидуллин, М.Т.Қожаева, А.М.Алдашева, Ж.А.Жақыпов, Н.Сағындықова, Р.Сәрсенбаев сынды зерттеушілердің ғылыми ой-толғамдарымен қатар тақырыпқа қатысты зерттеу еңбектерінің деректері мен ғылыми тұжырымдары пайдаланылды.

Зерттеудің негізгі дереккөздері. Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде ағылшынша-орысша, ағылшынша-қазақша аударма сөздіктер, ағылшын тіліндегі классикалық әдебиеттердің аударма материалдарынан алынған екі мыңнан астам кеспе қағаздар қолданылды.

Теориялық құндылығы. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде берілу процесіндегі аударма теориясының негіздерін анықтау арқылы, онда қолданылатын жалпы ұстанымдар мен ұғымдарды талдап көрсету негізінде тек ағылшын тіліндегі немесе қазақ тіліндегі трансформациялық модельдерге қатысты теорияның ғана емес, жалпы аударма теориясы саласының сипатын жүйелеуге мүмкіндік пайда болады. Зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар жалпы аударма теориясы, этнолингвистика, ағылшын және қазақ тіл білімі, лингвомәдениеттану мәселелерін жан-жақты сұрыптауға, олардың теориялық принциптерін негіздеуге көмектесе отырып, жаңа ғылыми бағыттардың өзек ала бастауына әсер етеді.

Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған көркем шығармалардан жинақталған тілдік деректер қазақ тілінің сөздік құрамын байытып, сол арқылы жалпы тіл білімінің де сұранысын өтей алатындықтан, соңғы жылдарда іргесі қаланып жатқан лингвоконцептология ілімін де дамытар маңызды арналар қатарына жатқызуға болады.

Бұл ғылыми жобада ұсынылған қағидалар мен ғылыми талдаулар аударматанудың теориялық мәселелерін дамыта келе, қазіргі кездегі терминдерге қатысты көкейтесті проблемаларды шешуге де ат салысып, жалпы аударматану ғылымының теориялық тұжырымдарын дамытуға өз үлесін қосады.

Практикалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне аудару жұмыстарында, шет тілін үйрету барысында, практикалық сабақтарда қолдануға болады. Ғылыми жобада ұсынылған тың көзқарастар мен пікірлер қазақ тіл ғылымындағы аудармаға қатысты бағыттың дамуына септігін тигізетіндіктен, жасалған тұжырымдар мен анықтамаларды қазіргі ағылшын және қазіргі қазақ тілінің теориялық курстарында, аударма теориясы және салғастырмалы грамматика пәндерін оқытуда, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауда, арнайы курстар мен семинарлардың жаңа бағдарламаларын жасап жинақтау барысында жан-жақты пайдалануға, сонымен қатар ағылшын-қазақ тіліндегі біріккен сөздер сөздігі ретінде пайдалануға болады.

Зерттеудің жарияланымы мен талдануы.

Ғылыми жобаның тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми мақалаларда жүргізген зерттеу жұмыстың нәтижелері, басты қағидалары және негізгі тұжырымдары жеткілікті мөлшерде көрініс тапқан. Оның негізгі мазмұны, қағидалары мен қорытындылары автордың 9 ғылыми мақалаларына өзек болған, оның ішінде үш халықаралық ғылыми–практикалық конференцияларда: “М.О.Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (2008); “Қазақ мемлекеттілігі және түркі әлемінің тарихи-мәдени құндылықтары” халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (2009); “Оқыту үдерісіндегі инновациялық технологияларды қолдану мәселелері” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (2009). Ғылыми жоба жұмысының тақырыбы бойынша Білім мен ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен тізіміндегі республикалық ғылыми басылымдарда 5 мақала және Қырғызтанда жарық көретін “Түркологиялық жинақ” журналында 1 мақала жарияланған.

Ғылыми жобалық жұмыс «Жаңа Ғасыр» № 175 гимназияның мәжілісінде талқыланды.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысының бірінші тарауында ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздердің теориялық бағыттары сөз болғандықтан сипаттау, салыстырмалы-салғастырмалы талдау, талдау әдістері қолданылды. Ғылыми жобаның екінші тарауы жалпы аударма теориясы мен ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі трансформациялық модельдеріне арналғандықтан онда жүйелеу, сыни тұрғыдан баяндау, жинақтау, текстологиялық, түсіндірмелі, жүйелі-кешенді талдау әдістері қолданылды.

Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жобалық жұмыс кіріспе мен екі тараудан, қорытынды, қосымша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Ғылыми жобаның кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, зерттеу жұмысының нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері, деректік және теориялық-методологиялық негіздері, ғылыми жаңалықтары мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдары баяндалып, зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы, сыннан өтуі мен құрылымы көрсетілген.

Жұмыстың «Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берілу процесіндегі аударма теориясының негіздері» атты бірінші тарауы үш тараушадан тұрады. Оның «Аударма мәселелерінің теориялық негіздерінің бағыттары» деген бірінші тараушасында аударматанудың қалыптасу тарихына шолу жасалып, Кеңестік дәуірдегі ғалымдар мен Отандық ғұламалардың зерттеу еңбектері тақырып айналасында сарапталады. ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының өзінде М.М.Морозов, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров сынды осы саланың білгір мамандары аударма бойынша маңызды жұмыстар атқарып, олардың ізімен Н.Б.Аристов, И.М.Берман, Л.С.Бархударов, С.И.Кауфман, Т.Н.Михельсон, Э.Ф.Скороходько т.б. ғалымдар 50-60 жылдарда аударматанудың іргесін бекіте түскені нақты деректермен дәйектеле түсіндірілген. Ал кейінгі жылдарда орыс және қазақ тілдерінің аударма мәселесі жөнінде отандық ғалымдардан Ө.Айтбаев, А.М.Алдашева қалам тартса, герман тілдері мен қазақ тілі аудармасының кейбір мәселелері М.Ш.Құрманов, Р.Нұрғалиев еңбектерінде сарапталды. Ағылшын, қазақ аударма теориясы бойынша ұлттық-мәдени реңдегі сөздерді беру мәселелері А.С.Ермағамбетованың, А.Исламның еңбектерінде қарастырылады.

Аударма саласында еңбек еткен ғалымдардың әрқайсысы оны әр қырынан қарастырған. Мәселен, А.М.Алдашева аударматану ғылымының негізгі міндеттері мен “аударма”, “баламалылық” ұғымдарының мәнін ашып, аударма мәтінге қойылатын талаптарды анықтап, аударма сапасының көрсеткіштерін белгілеп берді [1, 74 б.].

Аударма әдеби шығарма арқылы бір халықтың өмірін келесі бір халыққа таныстыру арқылы екі ел арасында рухани көпір орнатуға ат салысады. Демек аударманың мақсаты-түпнұсқа тілді білмейтін оқырманды аударма арқылы өзге елдің әдет-ғұрпымен, мәдениетімен етене таныстыру. Л.С.Бархударов аударма ұғымына “белгілі бір мәтіннің мағынасын сақтай отырып қайта құрылуы” [2, 3 б.] деп, А.В.Федоров: “аударма дегеніміз-өзге тілдің құралдарымен баяндалған тексті екінші тілдің құралдарымен барынша толық, әрі дәл жеткізу” [3, 15 б.] деп анықтама берген. Олай болса, аударма – түпнұсқаның басқа тілде қайта өңделіп жасалуы, тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас процесі, тіларалық трансформация, сөз жасау өнері.

Ғалымдар аудармаға өзіне тән ерекше талаптар қойып, оның қыры мен сырын аша түсу бағытында еңбек еткен. Мәселен, көркем аударманың өз мәтініне сөз қосып, негізгі ойдан ауытқып кетуге, ал түпнұсқаны сөзбе-сөз келтіремін деп ұғымсыз сірестіріп қоюға болмайтындығына ғалымдар бірауыздан келіседі. Бастапқы шығармадағы тілдік, стильдік ерекшеліктерді ескере отырып, оның көркемдік, идеялық қасиеттерін толық жеткізу аудармаға қойылар талаптардың бірі. Осыдан келіп, аудармашыға қойылатын түпнұсқаның мағынасы мен көркемдігін қатар беру талабы туындайды.

Е.В.Бреус аударманы тек екі тілдің байланысы ғана емес, сонымен бірге екі мәдениеттің арасындағы байланыс та көрініс табатын тіларалық қатынас әрекеті деп санайды [4, 19 б.].

Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды. Ғалымның пікірінше, төрт лингвистикалық теория бар, соған сәйкесінше, ол аудармаға төрт анықтама береді: денотативті теория бойынша, “перевод есть процесс описания при помощи языка перевода денотатов, описанных на языке оригинала” деген анықтама берген [5, 32 б.]. Трансформациялық теория бойынша, “перевод есть нечто иное, как преобразование единиц и структур языка оригинала в единицы и структуры языка перевода” деген анықтама берген [5, 38 б.]. Семантикалық теория бойынша, “перевод “заключается в раскрытий сущности эквивалентных отношений между содержанием оригинала и перевода” деген анықтама берген. Баламалық деңгейлері теориясы тұрғысынан: “модель переводческой деятельности, основанную на предположений, что отношения эквивалентности устанавливаются между анологичными уровнями содержания текстов оригинала и перевода” деген анықтама ұсынған болатын [5, 62 б.].

И.Н.Гарбовский былай деп анықтама береді: “Аударма дегеніміз- түпнұсқаның басқа тілде қайта өңдеп жасалуы; тіларалық және мәдениетаралық коммуникация процесі; тіларалық трансформация; сөз жасау өнері” [6, 9 б.].

А.И.Федоров аударма барысында мынадай жағдайларға баса көңіл бөлу керек деп есептейді:

1 Түпнұсқа тілде кездесетін сөздердің барлығы дерлік аударма тілдің сөздік қорында кездесе бермейді;

2 Түпнұсқа тіл мен аударма тілдегі сөздердің мағынасы тек жартылай ғана сәйкес келуі мүмкін;

3 Түпнұсқа тілдегі көп мағыналы сөздің берер мағынасы аударма тілде әр түрлі сөздер арқылы берілуі мүмкін [7, 133 б.].

А.Поповичтің анықтамасына сүйенсек: “В переводе существует “мера”, которую нельзя нарушать. Нарушение этой “меры” ведет к тому, что перевод становится адаптацией” [8, 143 б.].

Қазіргі уақытта аударма теориясында бірнеше үлгі (модель) жасалған. Олардың негізгілеріне денотаттық, семантикалық және трансформациялық үлгілер жатады. Денотаттық үлгіде аударма тіл мен өмір шындығының байланысы басты назарға алынады. Кейде аударманың жағдаяттық үлгісі деп те аталатын бұл модель өмір шындығының әлдеқандай құбылыстарының атаулары аударма тілде жоқ болса да, тілдік заңдылықтардың көмегімен салыстырудың мүмкіндігі әрқашан болады деген заңдылыққа саяды. Семантикалық үлгі аударма үдерісінде сөздің ең кіші мағыналық бөлшегі саналатын семаларға мән берумен байланысып жатады. Ал трансформациялық модельді сөздердің орындарын ауыстыру, сөйлемнің құрылымын өзгерту, сөз таптары мен сөйлем мүшелерін өзгерту, сөз қосу, сөздерді түсіру сынды әдістердің негізіндегі аударма деп түсінуге болады. Аударма теориясының зерттеу нысанының бірі болып табылатын грамматикалық трансформация жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Аударма процесі осы трансформация кезіндегі орын алар өзгерістер негізінде қаралады.

«Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің зерттелу бағыттары» атты екінші тараушада қазіргі ағылшын тілінде жаңа сөз жасаудың негізгі жолдары мен олар жайлы ғылыми пікірлер сараптала келіп, біріккен сөздердің зерттелу деңгейі сөз болады. Ағылшын тілінде жаңа сөз жасау конверсия, сөздерді біріктіру, префикстік және суффикстік әдістері арқылы жүргізіледі. Ағылшын тілінде біріккен сөздер сөзқосым үрдісінің нәтижесінде қалыптасады. Ал екі немесе одан көп түбірлерді қосу арқылы бір сөз жасайтын сөзжасамның бір жолы – біріктіру (сomposition). Біріккен сөздердің ағылшын тіл білімінің лексикология саласында да қарастырылуы, ең алдымен олардың сөздік құрамды байытатын ең негізгі бөлік екендігімен астарласып жатыр. Мұнда лексикологияның нысандық ерекшелігі де рөл ойнайды. Лексикологияны сөз туралы ғылым екендігін ғалымдар толық тән алады. Сондықтан ағылшын тілінде біріккен сөздердің лексикологиядан орын алуы олардың жеке сөзге жақын сипаттарының басымдығында. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер сөйлеу кезінде қаншалықты кең қолданылса да, теориялық жағынан олар туралы әлі де өз шешімін таппаған сұрақтар көп кездеседі. Сондықтан О.Д.Мешков [9]. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздерге қатысты еңбегінде ағылшын сөзжасамының қыр-сырын жан-жақты айқындауда көптеген проблемаларға кезігетінін айта келіп, оларды төмендегідей санамалап шығады:

  1. Күрделі сөздердің өзіндік ерекшеліктерін айқындау.

  2. Күрделі сөздердің шығу төркіні проблемасы.

  3. Күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің арақатысы проблемасы.

  4. Күрделі сөздердің компоненттерінің арақатысы проблемасы.

  5. Күрделі сөздердің мағыналары проблемасы.

  6. Сөзжасамның тілдің морфологиялық және синтаксистік құрылымымен байланысы проблемасы.

  7. Күрделі сөздердегі ұлттық ерекшеліктер проблемасы.

  8. Күрделі сөздерді жіктеу проблемасы.

  9. Күрделі сөздің модельдерін сипаттау проблемасы.

Ағылшын тіліндегі күрделі сөздер төмендегідей топтарға бөлінеді:

І. Сөз таптарына қарай:

  1. Зат есімдер, мысалы: baby-moon, address book, letter-box, match-box;

  2. Сын есімдер, мысалы: power-happy, old-hand, new-born, light-headed;

  3. Етістіктер, мысалы: to honey-moon, to baby-sit, to henpeck, to blackmail;

  4. Үстеулер, мысалы: down deep, headfirst, splash down;

  5. Шылаулар, мысалы: into, within, onto, without;

  6. Сан есімдер, мысалы : fifty-five, seventy-eight, thirty-eight, ninety-one.

ІІ. Құрамындағы компоненттерінің қатысына қарай:

    1. Аралық (neutral), олар екі түбірден ешқандай морфемаларсыз бірігуінен жасалады, мысалы, outrageous, she-goat, general public, space age, iron-clad;

    2. Морфологиялық (morphological), мұнда компоненттер «o» немесе «i» дауысты яки «s» дауыссыз дәнекер дыбыстары арқылы байланысады: astrospace, handicraft, sportsman, craftsman, tradesfolk, Anglo-Saxon;

    3. Синтактикалық (syntactical) немесе лексикаланған фразалар мұнда компоненттер көмекші формалар арқылы байланысады, мысалы, hold-a-lot-of-beer, sick-in-the-mud, breakfast-in-the-bedder, free-for-all, do-or-die, lily-of-the-valley, bring-and-buy sale, washing-up-liquid, Jack-of-all-trades, good-for-nothing.

ІІІ. Құрылымына қарай:

  1. Екі түбірден тұратын негізгі күрделі сөздер, мысалы, job-hunt, hidebound, go-go, tip-top, heartache, speak-easy, double-cross, chatter-box, whitewash;

  2. Түбірлерінде аффикстері болатын туынды (derivational) күрделі сөздер, мысалы, ear-minded, hydro-skimmer, guided missile, baked beans, runner-up, horn-rimmed, factory-packed, science-based, chain-smoker;

  3. Үш немесе одан да көп түбірлерден тұратын күрделі сөздер, мысалы, cornflower-blue, eggshell-thin, singer-songwriter, greenhouse effect, one-parent family;

  4. Қысқарған күрделі сөздер, мысалы. VJ-day, motocross, intervision, Eurodollar, T-shirt, math-mistress, H-bag, X-mas, G-man.

ІV. Компоненттерінің арасындағы қатынасқа қарай:

    1. Бағыныңқы күрделі сөздер. Мұнда компоненттердің бірі семантикалық жағынан негізгі және басыңқы болады да, екіншісі бағыныңқы болады, бұл бағыныңқылық қатынас түрліше болуы мүмкін: салыстырмалы қатынаста, мысалы, honey-sweet, eggshell-thin, шектеу қатынасында, мысалы, breast-high, knee-deep, екпіндік қатынаста, мысалы, dog-cheap, обьектілік қатынаста, мысалы, gold-rich, себептік қатынаста, мысалы, love-sick, кеңістік қатынаста, мысалы, top-heavy, мезгілдік қатынаста, мысалы, spring-fresh, субьектілік қатынаста, мысалы, foot-sore т.б.

    2. Екі компоненті де семантикалық жағынан тең дәрежедегі салаласқан күрделі сөздер. Бұл топқа бір кісі атқаратын екі қызметті білдіретін secretary-stenographer, woman-doctor т.б. күрделі сөздер жатады. Аталған топқа редупликация арқылы жасалған күрделі сөздер де жатады: fifty-fifty, no-no, pooh-pooh, pretty-pretty, blah-blah және өзара дыбыстық алмасуға ұшыраған редупликация арқылы жасалған күрделі сөздерді де жатқызуға болады: criss-cross, walkie-talkie, razzle-dazzle, bibble-babble, chit-chat.

V. Күрделі сөздер компоненттерінің орналасу тәртібіне қарай тура тәртіпті күрделі сөздер, мысалы, kill-joy және жанама тәртіпті күрделі сөздер болып бөлінеді, мысалы, nuclear-free, rope-ripe т.б.

Күрделі сөздің құрылымдық бірігуі мына мәселелерге байланысты болады: екпіннің бір болуы, бірге немесе дефис арқылы жазылуы, семантикалық тұтастығы, морфологиялық және синтаксистік функцияларының бір болуы.

Ағылшын тіліндегі жеке сөзге тән белгілер мен күрделі сөздерге тән белгілерді салыстырғанда біріккен сөздер сөз тіркестеріне қарағанда, жеке сөздерге әлдеқайда жақын деген қорытынды шықты.

Күрделі сөздер ағылшын тіліндегі әр алуан ұғымдардың атауы ретінде қызмет етеді. Олардың әркелкілігі жасалу жолдарына, мағыналық сипатына, формалық ерекшеліктеріне қарай сипатталады. Мысалы, ағылшын тілінде foot сөзінің қатысы арқылы foot way (жүргінші жолы, бір аяқ жол) foot wear (аяқ киім) foot ball (футбол добы), football (футбол), footballer (футболшы), footmark (із), footpad (жүргінші жолы, бір аяқ жол), footstool (аяққа арналған шағын орындық), foot-warmer (аяқ жылытқыш), footnote (сілтеме), footstep (із), footprint (аяқ алынған таңба (із)), foot-race (жүгіруден жарыс), footpath (бір аяқ жол), footmark (із), footfall (басылған аяқ дыбысы), т.б. күрделі зат есімдер жасалынған. Мұнда күрделі зат есімдердің компоненттерінің бірігуі, қосарлануы немесе тіркесуінің өзі мағына өзгертетіні көңіл аудартады. Бұл мысалдарда foot және ball сөздерінің тіркесе байланысуы, басқаша айтқанда бөлек жазылуы аяқпен ойнауға арналған ойын құралы деген мағынаны білдірсе, олардың бірігіп келуі, яғни бірге жазылуы доппен ойналатын ойын деген мағынаны беріп тұр. Олай болса, ағылшын тіліндегі күрделі сөздердің компоненттерінің бірігуі мен тіркесуі мағына ажыратушылық қызмет атқарады.

Қолымыздағы материалдар негізінде ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің төмендегі модельдер бойынша жасалған мысалдарын қарастырып көрейік:

- N+N моделі-екі зат есім түбірлерінің бірігуі арқылы: hand paper, tear gas, piano keys, painter-lover, workforce, bird-dog, boat-ride, sunbather, oak tree, coffee time, cough drops, air-rifle, motorcycle, killer shark, cane sugar;

- A+N+Suf-ed моделі-сын есім түбірі+зат есім түбірі+-ed сын есім суффиксі: long-legged, grey-haired, black-eyed, lean-faced;

- Num.car+N моделі-есептік сан есім түбірі+зат есім түбірі: ten-year, two-room (екінші компонентіне еркін тіркестердегідей –s қосымшасы жалғанбайды), three-star, one-step, five-year, two-foot, three-hand, three-corner, four-square;

Num.car+N моделінен a) Num.car+N=N, яғни есептік сан есім түбірі +екі зат есім түбірлерімен байланысқан шағын моделі жасалатын жолы бар: five man crew, five-year period, one-step dance, three-star brandy;

- Num.ord+N моделі- реттік сан есім түбірі+зат есім түбірі: second-hand, first-rate, second-class, first aid, first-hand, first cousin, first-night;

Num.ord+N моделінен төмендегідей шағын моделі жасалады:

a) Num.ord+N=N реттік сан есім түбірі+зат есім түбірі зат есіммен байланысқан шағын моделі: second-hand shop, first-year-student, hundredth-year goods, first-hand newspaper;

- N+A моделі-зат есім түбірі+сын есім түбірі: world-wide, blood-thirsty, crush-proof, paper-thin, grass-green, bony-dry, worldwide, penny-wise, pound-foolish, trigger-happy, knee-high;

- N+PII моделі-зат есім түбірі+есімшенің ІІ формасының түбірі: panic-stricken, snow-covered, brick built, fin-stabilized, gravity-powdered, jeep-mounted, shoulder-fired, custom-built, paper-made, science-based, war-damaged, country-bred;

- A+A моделі-сын есім түбірі+сын есім түбірі: red-hot, dark-blue, deaf-mute, dark-green, honest-true, heavy-thick, noble-good, light-green, Anglo-French, socioeconomic, physicotechnical;

- A+PI моделі-сын есім түбірі+есімшенің І формасының түбірі: good-looking, odd-looking, hard-working, high-flying, wide-spreading, far-reaching;

- A+N моделі-сын есім түбірі+зат есім түбірі: darkroom, hot house, handyman, blueprint, greengrocer, tenderfoot, lazy-bones, black shirt, mad house, greybeard, light-skirts;

- V+N моделі-етістік түбірі+зат есім түбірі: cut-throat, pickpocket, punch card, scarecrow, call girl, turncoat, drawbridge, pushbutton, selectman;

- A+PII моделі-сын есім түбірі+есімшенің ІI формасының түбірі: soft-spoken, clean-cut, deep-cut, far-gone, foreign-built, clean-shaven;

- N+PI моделі-зат есім түбірі+есімшенің І формасының түбірі: egg-lying, water-holding, date-processing, top-selling, epoch-making, coal-forming, acid-resisting, cash-paying, cliff-nesting, fur-bearing;

- V+V моделі-екі етістік түбірлерінің бірігуінен: hearsay, makebelieve;

-PI+N моделі-есімшенің І формасының түбірі+зат есім түбірі: humming-bird, cleaning woman, diving board, frying machine, whipping boy, mocking bird;

- V+A моделі-етістік түбірі+сын есім түбірі: speak-easy;

- D+N моделі-үстеу+зат есім түбірі: output, after-life, after crop, aftermath, out-voter, outcollege, by-election, by-law, by-product, downtown, overcoat, undershirt, uproad;

- D+A моделі-үстеу+сын есім түбірі: ever-green, ever-young, ever-helpful;

Ағылшын тіліндегі кейбір күрделі сөздердің мағыналары құрамындағы компоненттердің негізгі тура мағынасына байланысты алынуы да көп кездесетін жайт. Мысалы, handbag күрделі зат есімі hand (қол) және bag (сөмке) сөздерінен бірігу арқылы жасалған да, қол сөмке деген мағынада қолданылады. Екі компонент те өз тура мағыналарында қолданылған. Осы жағдайларды назарға алғанда, ағылшын тіліндегі күрделі сөздердің құрамындағы компоненттердің мағынасы күрделі сөздің жалпы мағынасына міндетті түрде әсері болады деген қорытынды жасауға болады. Алайда компоненттердің мағынасы күрделі сөздің жалпы мағынасында дараланып көрініп тұруы керек деген пікірді ұстанбаймыз, басқаша айтқанда, күрделі сөз екі сөзден құралса сол екі сөздің аражігі ажырап тұрады деген пікірді қолдап отырған жоқпыз. Керісінше, екі түрлі мағына білдеретін сөздер күрделі сөз жасау үшін біріккенде олардың мағынасы біртұтастық сипатқа ие болады. Өйткені күрделі сөздердің мағыналарының тұтастығына қарсы келу ағылшын тілінде қолданылатын “грамматикалық тәсілдер арқылы жасалған екі немесе бірнеше түбірдің бір лексикалық бірлікке бірігуін күрделі сөз деп атаймыз” [10] деген ережеге де қарсы келу болып шығады. Күрделі сөздегі жаңа лексикалық тұтастық жаңа бір мағынаны білдіреді. Сол біртұтас мағынаны күрделі сөздің мағынасы деп есептейміз. “Біртұтастық” терминін А.И.Смирницкий енгізген болатын [10, 56 б.].

Кез-келген жеке сөздегідей күрделі сөзге де мағыналық тұтастық тән. Сөздердегі мағыналық тұтастықтың деңгейі үнемі бірдей бола бермейді. Өйткені ол мағына күрделі сөздердің жалпы мағынасында оның құрамындағы компонеттерінің жеке мағыналарының көріну деңгейіне байланысты болады. Бұл тұрғыдан алғанда, жеке лексикалық мағыналардың бірігіп біртұтас мағынаға ие болуы тұрақты тіркестердің идиомалану процесі сияқты құрамындағы сөздердің мағыналарынан ажырап барып, басқа бір тұтас мағына құрайтындығымен және компоненттердің бірі немесе бірнешеуі өз мағыналарын сақтап қалып, тұтас мағына құрайтындығымен түсіндіруге болады. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздердің бұл сипаты оларды компоненттерінің мағыналарын сақтаған күрделі сөздер және компоненттерінің мағыналары сақталмаған күрделі сөздер деп топтастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, watchman (қарауыл), chessplayer (шахматшы) күрделі сөздерінің мағыналық құрамы компоненттердің мағыналарынан алынғаны көрінеді: watch сөзі қазақ тілінде қарау, көру деген мағыналарды білдіреді. Ал man адам деген сөз. Екеуі бірігіп қарайтын адам деген мағынаны құрап отыр. Сондай-ақ chess – шахмат және player-ойыншы сөздерінен шахмат ойыншысы деген мағына құралған. Ал blackmail (бопса), chairman (басқарушы), chatterbox (мылжың адам) деген күрделі сөздер туралы бұл тұжырымды жасай алмаймыз. Өйткені blackmail сөзінің құрамындағы black қара, mail хат-хабар деген мағыналарды білдіретін сөздерден бопса (шантаж) мағынасы құралып тұр. Демек, бұл мағына компоненттердің тура мағыналарынан тікелей туындап тұрған жоқ. Бірақ жанама түрде ол мағыналардың әсері болады. Айталық, қара сөзінің көптеген ауыспалы мағыналары бар. Сол мағыналардың бірі жағымсыз, ұнамсыз деген мағына. Талданып жатқан күрделі зат есім black қара сөзінің осы мағынасына қатысты деп есептейміз. Қазақ тілінде бопса сөзі белгілі бір жағымсыз қылықтарға (қылмыстарға) кездейсоқ куәгер болған кісі, қылмысты кісіден қылмысты жасырып жүруі үшін ақы, төлем сұрауы дегенді білдіреді. Ағылшын тіліндегі blackmail күрделі сөзіндегі black сөзі жоғарыдағы семантикалық мәндер жинақталған деп есептейміз. Сол үшін ағылшын тілінде сөйлеушілер (ағылшындар) blackmail күрделі сөзін бірден бопса деген мағынада түсінеді. Жоғарыда келтірілген chairman (басқарушы), chatterbox (мылжың адам) деген күрделі сөздер де өз компоненттерінің мағынасынан құралмаған. Бірақ chair сөзінің мағынасының семаларын (мағыналық бөлшектерін) жақсы түсінетін ағылшындар chairman күрделі зат есімін де бірден басқарушы мәнінде түсінеді. Мылжың адам мәніндегі chatterbox күрделі сөзі де өз компоненттерінің мағынасын сақтамай жасалған күрделі сөздер қатарына жатады. Сонда біртұтас мағына дегенде күрделі сөздердің құрамындағы компоненттерінің семантикалық мағыналарын ескере келе жасалған нәтижедегі мағынаны еске аламыз.

«Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелу бағыттары» тараушасында қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі мен олардың ағылшын тіліндегі күрделі сөздермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары сөз болады.


Вен диаграммасы


Ағылшын тілінде Біріккен сөздер Қазақ тілінде




ҰҚСАСТЫҚТАРЫ

Біріккен сөздердің сыртқы формалары мен жазылу

үлгілері ұқсайды:

Біріккен түбірлер: pussyfoot; көзқарас.

Қосарланған түбірлер:night- club, many-sided; ата-анa

Тіркескен түбірлер: show and tell; темір жол

Қысқарған түбірлер: V-day,

G-man; АҚШ..





АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ


Күрделі сөздер

жасалуына қарай біріккен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, тіркескен сөз,қысқарған сөз деп бөлек терминдермен аталады.


АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ


Күрделі сөздердің жасалуы жағынан барлық түрлері compound words

немесе compounds деген бір ғана терминмен атала

береді














1 сурет – Вен диаграммасы

Ғылыми жұмыстың «Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде берілу тәсілдері мен трансформациялық модельдері» деп аталатын екінші тарауы ағылшын тілі материалдарының негізінде аударманың негізгі әдістері мен трансформациялық модельдеріне арналған. Бұл бөлімнің «Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берілу тәсілдеріне қолданылатын аударма теориясының негізгі әдістер» атты тараушасында аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер талданады. Мұнда «трансформация», «трансформациялық әдіс», «трансформациялық модель», «когнитивтік трансформация», «семантикалық немесе грамматикалық трансформация» сынды бірқатар ұғымдар туралы В.Н.Комиссаров, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров, А.Д.Швейцер, Л.К.Латышев, Н.Хомский, В.Г.Гак т.б. ғалымдардың пікірлері сарапталды. Мысалы, В.Г.Гак, И.Н.Гарбовский аудармалық трансформацияны “екі тілде де бар изоморфты тәсілдерді пайдаланудан ауытқу” деп көрсетеді [6].

Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады. Яғни, бір мазмұнның бірнеше түрлі формада тұлғаланып берілуі де трансформацияның бір түріне жатады. Мысалы, ағылшын тілінде grey head біріккен сөзі қазақ тілінде шашына ақ кіре бастаған кәрі кісі деген мағынаны білдіреді. Дәл осы мазмұн ағылшын тілінің өзінде old man деген қолданыспен де берілуі мүмкін. Бұл құбылыс кейде когнитивтік трансформация деп те аталып жүр. Когнитивтік болатын себебі, мұнда тілдің тұрпат межесіне қарағанда, мазмұн өрісі басымырақ көрініс тапқан. Ал мазмұн өрісі адамның ішкі жан-дүниесімен, ой- санасымен тікелей байланысты. Тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра талдаған қазақ тілшілерінің тіл мен таным ұғымдарына назар аударуын, олардың тоғысуынан  бастау алатын ережелерге мән беруін де заңды сабақтастықтың нәтижесі деп бағалаған дұрыс, өйткені шынайы өмірді  қабылдау, оның қыр-сырын ой таразысынан өткізе пайымдау, соның салдарынан жинақталар ақпараттар мен мәліметтерді жадыда сақталар қор ретінде жүйелеу – барлығы  тілдік бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, құрылымдық принциптер пәлсапалық, логикалық және танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының өрісі кеңейе түспек. Бұл күні  ағылшын тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма негіздерін анықтау  өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп келеді. Когнитивті тіл білімінің негізгі нысаны – тіл. Бұл ілім өткен ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та қалыптасты. Оның бастауында психолог Дж. Миллер және америкалық лингвист Н.Хомский тұрды.

ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған генеративті лингвистика тіл ғылымы дамуының жаңа дәуірінің бастамасы болғандығы анық. Тіл білімінің формалды бағыттарының бір тармағы болған бұл бастама Н.Хомскийдің «Синтаксистік құрылымдар» (1957) атты әйгілі еңбегіндегі идеялардың негізінде қалыптасты. Аталған еңбекте трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген. Демек трансформациялық грамматиканың алғашқы бастаулары синтаксиспен байланысты қалыптасқандығы анық. Ал кейін соның негізінде фонологиялық және морфологиялық деңгейлерде де трансформациялық әдістер қалыптасқан. Біз ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздердің трансформациялық модельдерін осы тұрғыдан сөз етеміз. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан. Бұл модельді жасауда аударманы бірінші тілдің мәтінін аударылатын тілдің мәтініне ауыстыру деп түсінеміз. Аудармашы түпнұсқаны қабылдап, санасында бірнеше тіларалық трансформация жасайды да, дайын аударма «шығарады». Мұнда «ядролық синтаксистік құрылымдарды» ауыстырудың ең басты операцияларының қатарына логикалық-синтаксистік байланыстар мен лексикалық құрамның ортақтығы жатады. Басқаша айтқанда, түпнұсқа тілінің мәтіні бастапқы құрылымдардың жиынтығы ретінде түсініледі, әрі оларға аударылатын тілден сәйкестік табылуы немесе бұл сәйкестіктер трансформация ережелеріне сай «шығуы» тиіс. Осы тұста аудармашы санасында мәтінді трансформациялау процесі жүріп жатқанда, ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі баламалары, яғни трансформациялық модельдері қарастырылып жататынын айта кеткен жөн. Оның үстіне екі тілде де біріккен сөздер көп қолданылатын тілдік категориялар қатарына жатады. Мысалы, ағылшын тіліндегі “If he gets rid of his sweetheart, he can marry the other girl” [11, 204 б.] деген сөйлемді қазақ тіліне аударғанда, оның құрамындағы sweetheart біріккен зат есімін қазақ тіліне қалай аударған дұрыс? Бұл зат есімнің құрамдас компоненттерінің мағыналарымен тікелей байланысы жоқтығы анық. Тек ағылшындардың оны келіншек, нақсүйер, қалыңдық мағыналарында қолданатыны аудармашы санасынан өтеді. Нәтижеде, бұл сөйлем Ә.Ахметовтың аудармасында “Егер қалыңдығынан құтылса, ол ана екінші қызға үйленеді” [12, 112 б.] деп берілген. Бұл сөйлемде sweetheart біріккен сөзі қалыңдық болып аударылған. Бұл баламалы аудармаға жатады. Себебі ағылшын тіліндегі бұл біріккен сөз, негізінен, sweet және heart сөздерінен құралған. Оны тікелей аударғанда, тәтті жүрек (нақсүйер) болып шығар еді. Ал бұл сөздің орнына аудармашы «қалыңдық» деген сөзді қолдануды лайық санаған. Сондықтан бұл аударманы баламалы аударма түріне жатқызамыз.

Аудармалық трансформацияны әр қырынан қарастырған анықтамалардың барлығына ортақ пікір бастапқы тілдегі мазмұнды екінші бір аударма тіліне ауыстыру дегенге саяды. Әсіресе, Р.К.Миньяр-Белоручевтің «бастапқы ақпарат мазмұнын сақтай отырып, түпнұсқа мәтінінің формалық немесе семантикалық құрамдас бөлшектерін өзгерту» деген пікірімен санаспауға болмайды [13, 201 б.].

Сонымен, аудармалық трансформация – белгілі бір тілдегі сөздік және грамматикалық ережелерге сай жасалған мазмұнды екінші бір тілде сөйлеушілер түсінетіндей етіп ауыстыру. Осыдан трансформациялық әдістер, трансформациялық модельдер келіп шығады. Бұлардың тілдік мазмұнды екінші тілге тиімді ауыстыру үшін қолданылатыны белгілі.

Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды. Ғалымның пікірінше, төрт лингвистикалық теория бар, соған сәйкесінше, ол аудармаға төрт анықтама берген [5, 62 б.].

А.Д.Швейцер аударма үлгілеріне мынадай анықтама берген:

1 Денотативтік немесе ситуативтік үлгі түпнұсқа көріністері мен аударма көріністері арасындағы байланысты көрсетеді.

2 Семантикалық үлгі түпнұсқа тіліндегі әртүрлі тұлғалардың, мағыналардың түрлі семантикалық үлгілері арқылы берілуі.

3 Трансформациялық үлгі дегеніміз- тіларалық эквиваленттілік негізі бола алатын құрылымдарды жасау тәсілі [14, 280 б.].

Аудармашының кейде түпнұсқаның дәстүрлі түсініктерін сақтауға тырысып, аударылатын тілдің ұлттық ерекшеліктеріне мән бермей қоюы, ал кей кездерде аударылатын тілдің ұлттық нақыштарын сақтауға тырысып, бастапқы шығармаға обал жасалатыны кездесіп жатады. Осы мәселе айналасында В.Гумбольдт, С.П.Маркиш, Л.Вайсбергер, К.Мэргэн, Б.Уорф, К.И.Чуковский т.б. ғалымдар пікір білдірген. Мысалы, В.Гумбольдт бұл екі қауіпке ұшырамау мүмкін еместігін айтты, қауіпке ұшырамаудың жолын философиямен байланыстыратын ғалымдар бар. А.С.Ермағамбетованың аударма үшін философияның да қажеті бар екендігін білдірген пікірі осымен астарласып жатыр [15, 185 б.].

Аудармалық трансформацияларын ғалымдар әр түрлі жіктейді. Алайда аударматанушылар көбінесе, Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады:

  1. Орын алмастыру;

  2. Сөз қосу;

  3. Ауыстыру;

  4. Түсіріп тастау (опущения) [16, 190-231 бб.].

Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сыңарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны. Бұл трансформацияны мына мысалдар арқылы талдап көрсетуге болады. “Therefore, mon ami, I fear that you must forswear your beauty sleep tonight, and join me in my all-night vigil in that flat below – armed with that excellent revolver of yours, bien entendu!” [11, 31 б.], “Соған қарағанда, достым, бүгін тәтті ұйқыңды қиып, төменгі пәтерде менімен бірге түні бойы кірпік қақпай отыруға тура келер. Әрине, әлгі тапаншаңды өзіңмен бірге ала жүрсең, абзал болар еді” [12, 25 б.]. Бұл сөйлемде all-night біріккен үстеуі қазақ тіліне түні бойы болып аударылған. Бұл аударманы сөзбе-сөз аударма әдісіне жатқыза аламыз. Мұндағы all-night біріккен сөзі сөздіктерде түні бойы болып берілген. Алайда бастапқы тілде екінші орында тұрған сөз аудармада бірінші орынға шыққанын айта кеткен жөн. Бұл жағынан бұл аударманы орын алмастыру моделіне жатқызуға болады.

Ауыстыру тәсіліне аударма барысында сөз таптарын, сөйлем мүшелерін, синтаксистік байланыс түрлерін, сондай-ақ лексикалық ауыстыруларды (нақтылау, жалпылау, антонимдік аударма, компенсация) жатқызуға болады. А.М.Алдашева бұл ретте сөздіктегі сәйкестіктер көркем аудармада ұғымдық-мазмұндық, стильдік және экспрессиялық қызметінде елеулі айырмашылықтар жоқ тілдік құралдардың орны ауыстырылатындығын, ал енді кейбір жағдайларда екі мәтіннің коммуникативті-функционалдық теңбе-тендігіне қол жеткізу үшін мәтіндегі сөздің дәлме-дәл баламасы емес, мағынасы жуық, сөздің стильдік қызметін нақтылайтын, экспрессивті бояуын бере алатын басқа сөзбен (тіркеспен, фразамен) ауыстырылатындығын айтады [1, 173-175 бб.]. Кейде түпнұсқа сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада есімдік арқылы беріледі, кейде керісінше де болуы мүмкін. Бұл бір сөзді қайталай бермеу мақсатынан туған әрекет болып саналады. Бір сөзбен айтқанда, түпнұсқадағы тілдік бірліктер аударма тіліне сол қалпында берілуі шарт емес. Тек мазмұн кемшіліксіз сақталуы қажет. Мына мысалдарды талдап көрейік: “Now then, school marm, she said” [11, 205 б.], сөйлемін Ә.Ахметов қазақ тіліне “Ал, мұғалім мадам, сіз не дейсіз?-деді ол” [12, 113 б.] деп берген.

Бұл сөйлемде school marm біріккен зат есімі мұғалім мадам болып аударылған. Бұл аударманы сөз ауыстыру моделіне жатқызамыз. Өйткені, мұнда school мектеп сөзінің орнына мұғалім сөзі берілген. Яғни, мектеп мадамы дегеннің орнына мұғалім мадам сөзі қолданылған.

“…and raising the revolver he fired point-blank at the woman’s retreating figure just as I flung myself upon him” [11, 36 б.], “...ол қаруын көтере беріп, сытылып бара жатқан әйелді көздеді. Дәл осы кезде мен оны бас салдым” [12, 28 б.]. Аталған сөйлемде point-blank біріккен сөзі қазақ тіліне көздеді болып аударылған. Негізінде, point-blank біріккен сөзі зат есім қызметінде тұр. Ал аудармашы оны fire етістігінің көмегімен етістікке айналдырып аударған. Осы тұрғыдан алып, мұны сөз ауыстыру моделіне жатқызамыз. Ғалымдардың сөз ауыстыру моделі көп жағдайда сөз таптарын ауыстырумен байланысты болады деген пікірін осы мысал қуаттайды.

“A returning wayfarer, slightly drunk, was lurching along the pavement and almost collided with Poirot, who said something sharply to him which I did not catch” [11, 33 б.], “Қарсы жақтан теңселе басып келе жатқан масаңдау біреу Пуароны қағып кете жаздады. Пуаро ашуланып, әлгіге бірдеме деді, бірақ оның не дегенін ұқпай қалдым” [12, 27 б.], сөйлемдегі wayfarer біріккен сөзі біреу болып аударылған. Бұл аударма сөз ауыстыру әдісі бойынша жасалған. Негізінде, wayfarer біріккен зат есімі жолда жүруші деген мағынаны білдіреді. Ал қолымыздағы аудармада ол біреу деп берілген.

“A horrid thing to do, of course, and I feel quite ashamed of telling you, but you know what flat-hunting is” [11, 23 б.], ““Жиренішті зат қой, әрине тіпті мұны сіздерге айтуға да ұят. Бірақ түсінесіздер ғой, “басқа түссе баспақшыл” дегендей, баспана іздеп қиналғанда адам не істемейді?”-деп бөгеліп қалды” [12, 20 б.]. Мұнда flat-hunting біріккен сөзі баспана іздеп болып аударылған. Мұнда flat пәтер сөзінің орнына баспана, ал hunting аулау, аңшылық сөздерінің орнына іздеу деген сөз қолданылған. Сондықтан бұл сөйлем сөз ауыстыру әдісі бойынша аударылған.

Кейде түпнұсқа сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада әр түрлі сөз таптары арқылы берілсе, енді бірде түпнұсқадағы негізгі етістік аударма тілде бірнеше сөзден тұратын аналитикалық формалар арқылы берілуі де мүмкін. Түпнұсқадағы зат есім аудармада етістік түрінде немесе керісінше де беріле алады.

Сөз қосу (добавления) дегенді түпнұсқада жоқ, бірақ аударма барысында қажет болған қосымша сөздерді қолдану дегенді білдіреді. Мысалы, ағылшын тіліндегі “Some of them must be perfect palaces; the swimming-baths, the lounges, the restaurants the palm courts- really, it must be hard to believe thаt one is on the sea” [11, 41 б.] сөйлемі қазақ тіліне ““Ия, тамаша болар еді”, - деп құптай кеттіп мен оны. “Ол кемелердің кейбіреуін сәулетті сарай десең де артық болмайды, шомылатын бассейндер, демалыс бөлмелері, мейрамханалары, пальма ағашы өсірілген саяжайлары – жан рахатының бәрі бар. Тіпті теңізде келе жатқаның да мүлдем есіңнен шығып кетеді” [12, 31 б.] деп аударылған. Cөйлемдегі the palm courts біріккен зат есімі қазақ тіліне пальма ағашы өсірілген саяжайлары еркін тіркесі арқылы берілген. Palm пальма, court аула болып аударылатынын ескерсек, автор аударма мәтініне пальма ауласы деп беруді місе тұтпай, қазақ тілді оқырмандарға the palm courts біріккен зат есімін түпнұсқа мәтінінен аударма мәтініне сөз қосу арқылы пальма ағашы өсірілген саяжайлары деп жеткізуді жөн көрген.

Келесі мысалдарды талдап көрелік: “He only actually lived in it a fortnight – then he advertised it to be let furnished” [11, 279 б.], “Ол да екі-ақ апта тұрып, сосын үйді жалға беретіні жөнінде хабарландыру жасайды” [12, 125 б.]. Ағылшын тіліндегі a fortnight біріккен үстеуі қазақ тілінде екі апта мағынасын береді. Алайда мұнда бұл екі сөздің арасында -ақ демеулігі қолданылған. Сол арқылы сөйлемге шектеу, тежеу мәні қосыла берілген. Демек, бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған.

“It represented a tall, fair woman, with something subtly un-English in her face” [11, 283 б.], “Бұл бойшаң, аққұбаша келген әйелдің суреті болатын. Бірақ бет-әлпетінен оның ағылшын әйелі емес екені байқалады” [12, 127 б.]. Түпнұсқа мәтініндегі fair woman біріккен зат есімі орыс тіліне блондинка, ал қазақ тіліне аққұба болып аударылады. Ә.Ахметовтың келтірілген аудармасында бұл біріккен зат есім аққұбаша келген әйел деп аударылған. Бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған. Өйткені мұнда «келген» сөзі қосылып отыр.

Сөз түсіру (опущения), яғни бір компонентін түсіру деп аударма барысында мазмұнға нұқсан келтірмеу шартымен белігілі бір сөздерді түсіруді айтамыз. Мысалы, “Why did you, a young man of thirty-three, good -looking, fond of sport, popular with your friends, devote so much of your time to an elderly woman with whom you could hardly have anything in common?” [11, 213 б.], “Сіз отыз үш жастағы жас, әдемі, спортпен шұғылданып жүрген, достарыңыздың арасында беделіңіз бар, сегіз қырлы, бір сырлы жігітсіз, ал соншама уақытыңызды жасы жетіп тұрған кәрі кемпірге арнауыңыздың себебі не?” [12, 113 б.]. Бұл сөз түсіру моделіне жатады. Мұнда «көрінетін» мағынасын беретін looking сөзі берілмеген. Аудармашы тек good сөзін аударумен шектелген.

“They say, “I never eat flesh”, in a way that puts you right off your nice little beefsteak [11, 198 б.], “Олар еш уақытта да ет жемейміз дегенді айтқан кезде, жегелі отырған бір үзім етті де тастап кетесің” [12, 109 б.]. Бұл аудармада beefsteak біріккен зат есімі қазақ тіліне ет болып аударылуына қарағанда, мұнда да сөз түсіру әдісі орын алған. Ағылшын тіліндегі beef қазақ тіліне сиыр, сиыр еті болып аударылады.

Белгілі бір тілдегі мәтінді екінші бір тілге аударудың өнімді тәсілдерінің біріне сөзбе-сөз аудару тәсілі жататындықтан, диссертацияға «Сөзбе-сөз аудару тәсілінің қолданылуы» атты арнайы тарауша қосылған. Сөзбе-сөз аудару тәсілі түпнұсқа тіліндегі мәтінді аударылатын тілдегі мәтінге семантикалық-құрылымдық жағынан алғандағы қарапайым және ең жақын нұсқасымен алмастыру деп қаралады. Мысалы, “And the palm-trees I like them not” [11, 63 б.], “Пальма ағаштары да ұнамайды” [12, 44 б.]. “A sunburnt man with a grey beard, in white clothes and wearing a helmet, came to meet us” [11, 63 б.], “Бізді күнге күйген, бурыл сақалды, ақ киім киген, басында телпегі бар бір адам қарсы алды” [12, 45 б.]. “ The face? Oh! That was easy enough, and the light of that gas jet was too bad for you to see the make up” [11, 71 б.], “Бетімде ме? Ойбай ол оп-оңай ғой. Сосын анау сығырайған газшамның жарығымен сіз менің бетімдегі гримді де жөнді байқай алмадыңыз” [12, 49 б.]. Бұл сөйлемдердегі the palm-trees, gas jet біріккен зат есімдері қазақ тіліне пальма ағаштары, газшам болып, sunburnt біріккен сын есімі күнге күйген болып аударылған. Бұл аудармалардағы біріккен сөздерді тек лексикалық жағынан және біріккен сөздер тұрғысынан ғана шартты түрде сөзбе-сөз аудармаға жатқызып отырмыз. Мысалы, sunburnt біріккен сын есімі sun - күн және burn - жағу, күйдіру мағыналарын беретін сөздерден біріккен. Қазақ тіліне аударылғанда осы екі сөз (күнге күйген) қолданылып тұрғандықтан, бұл аударманы сөзбе-сөз аударма тәсіліне жатқызамыз.

Сөз түрлендіру тәсілі де ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне аударғанда ең көп қолданылатын тәсіл. Өйткені, ағылшын тілі мен қазақ тілі сияқты екі түрлі топқа жататын тілдердің материалдарын аудару барысында мәтінге көптеп түрлендіру жасауға тура келеді. Ол түрлендірулер кейде семантикалық деңгейде, кейде морфологиялық, кейде синтаксистік деңгейде болуы мүмкін. Яғни, ағылшын тіліндегі біріккен сөздер қазақ тіліне үнемі біріккен сөз болып аударылмағанымен, ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің құрылымы жағынан қазақ тіліндегі біріккен сөздермен сәйкестенуі келесі мысалдармен негізделеді. “If Sir Ambrose was intended victim, he might possibly have purloined a rare manuscript or two that no one else would miss” [11] сөйлемі қазақ тіліне “Ал егер оның ойы сэр Эмброузды құрту болса, ол жан адам жоқтай қоймайтын сирек қолжазбаның бір-екеуін қымқырып кетер еді” [12] болып, “Mr.Mayherne was practical, not emotional. He coughed again, took off his pince-nez, polished them carefully, and replaced them on his nose” [11] сөйлемі “Жөтеліп қойып, адвокат көзәйнегін алып асықпай сүртіп, қайта киді” [12] болып аударылса, “I want you to ascertain for me exactly how much is newspaper chatter, and how much may be said to be founded on fact” [11] сөйлемі “Сізден үнқағаздардың шулатып жатқаны мен әлі де алда айтылатын әңгімелердің қаншалықты дәлелді деректерге негізделгенін анық біліп беруіңізді өтінемін” [12] деп беріледі.

Сөзбе-сөз аудармада ғана біріккен сөз сақталып қалуы мүмкін, өзге жағдайларда мәтін құрамында қандай да бір сөз түрделендіру процесі жүзеге асары сөзсіз. Ғалымдардың сөз түрлендіру жөніндегі пікірлерін негізге ала отырып, сөз түрлендіруді басқа да аудару тәсілдерінен ажырататын көрсеткіш ретінде оның мынадай негізгі белгілерін санаймыз: аударма мәтіндегі балманың түпнұсқа мәтіндегі бірліктен лексикалық және грамматикалық тұрғыдан алғанда ауытқуы; балама құрамының 3 сыңардан аспауы; сөз түрлендіру әрекетін автоматты түрде жүзеге асыру мүмкін еместігі. Мысалы, “They lived very quietly, seeing no one, and hardly ever going outside the cottage garden” [11, 278 б.] деген сөйлем қазақ тіліне “Ешкіммен араласпай, тіпті бағының сыртына да шықпай, өздерімен өздері ғана тұрып жатыпты” [12, 125 б.] деп аударылған. Ағылшын тілінде the cottage garden үйдің бағы деген мағынаны білдіреді. Аудармада «үйдің» сөзі түсіріліп қолдануының өзі түрлендіруге жатады. Сонымен қатар, “Come in here, said Jack promptly, leading the way into the deserted ladies’ drawing-room of the hotel, a dreary apartment, with a good deal of red plush about it” [11, 281 б.] сөйлемі қазақ тіліне “Мұнда кіріңіз – деді Джек қонақ үйдің сол кезде бос тұрған, әйелдерге арналған бөлмесіне қарай жол бастап. Қызыл мақпалмен қапталған қапастау бөлме болатын” [12, 126 б.] болып аударылған. Бұл сөйлемде ladies’ drawing-room біріккен зат есімі әйелдерге арналған бөлме болып берілген. Мұнда «арналған» сөзі түрлендіру мақсатында қолданылып тұр.

Түсіндірме түріндегі аударма да аударма үдерісінде жиі қолданылады. Аударма барысында кейде түпнұсқа тілдегі белгілі бір тілдік бірліктің баламасы бір немесе бірнеше сөзбен беріле алмауы мүмкін. Бұл жағдайда аудармашы түсіндірме тәсілін қолданады.

Түсіндірме түріндегі аударма аударматанудың теориялық және практикалық мәселелері талданатын әдебиеттердің барлығында да екінші тілде мағыналық-ұғымдық көлемі жағынан сәйкес келмейтін сөздер тобын, яғни баламасыз лексиканы аудару тәсілі ретінде сипатталады және бұл аудару тәсілінің ерекшелігі - түпнұсқа тіліндегі бірліктің мағынасының аударма тіліне жайылмалы синтаксистік құрылымдар арқылы берілуінде. Түпнұсқа бірлігі мен оның аударма тіліндегі баламасының арасында лексикалық сәйкестік болмайды немесе бұл сәйкестік едәуір төмен болып келеді, аударма тіліндегі баламаның ішіндегі синтаксистік байланыс әртүрлі болады, түсіндірме түрінде аударма жасау іс-әрекетінің автоматтылығы сөзбе-сөз аударуға қарағанда әлдеқайда төмен, дегенмен түпнұсқа мәтіндегі бірлікті аудару процесі автоматты түрде жүзеге асырылмайды деп қорытындылауға да болмайды және синтаксистік-кұрылымдық үлгі тұрақты болып келмейді. Мысалы: “The trouble with you young fellows is that you are so cocksure nothing can exist outside your own philosophy that you get the wind up when something occurs to jolt you out of that opinion” [11, 275 б.], “Жастардың бір жаман жері сол, сендер өздеріңнің философияңнан басқаға сенбейтін сыңаржақсыңдар. Ал енді әлгі сенімдеріңді басқа біреулер жоққа шығара қалса, зәрелерің кете бастайды” [12, 123 б.]. Бұл сөйлемде қолданылған біріккен зат есім әтеш және сенімді деген мағыналарын білдіретін cock және sure сөздерінен құралған. Бұл күрделі сөзге аударма сөздікте өзіне сенімді деген мағына көрсетілген. Алайда аудармада ол сыңаржақ деп берілген, яғни оған өздеріңнің философияңнан басқаға сенбейтін деген түсіндірме беріліп отыр. Осы түсіндірме арқылы өзіне ғана сену мәні қосыла беріліп отыр. Олай болмаған жағдайда тек сыңаржақ сөзінің өзі cocksure біріккен зат есімінің мағынасын толық аша алмас еді деп ойлаймыз. Сол себепті мұнда түсіндірме тәсілі қолданылған деп санаймыз.

Келесі “Emily French had been a strong-willed old woman, willing to pay her price for what she wanted” [11, 215 б.] сөйлемін Ә.Ахметов қазақ тіліне “Эмили Фрэнч өз есебіне шегедей, көңіліне ұнаған нәрсенің құнын жақсы білетін кемпір болатын” [12, 144 б.] деп аударған. Негізінде, ағылшын тілінде strong-willed біріккен сын есімі қазақ тіліне тікелей аударғанда өз тілектеріне, қалауларына мықты немесе берік деген мағынада жұмсалады, бірақ аудармашы оны қазақ оқырмандарының түсінігіне сәйкестендіріп өз есебіне шегедей деген тұрақты тіркес арқылы түсіндіре беріп отыр. Алайда өз қалауларына, өз тілектеріне мықты немесе берік деп берсе де автор қателеспеген болар еді, өйткені ол қолданыс та қазақ ұғымына жат емес. Аудармашының мақсаты біздіңше мықтылық, берік деген мағыналарды шегедей сөзін қолдану арқылы беруді жөн санаған. Шеге-мықтау, бекіту, қатайту мәндерін де өз семантикасында қамтитыны белгілі.

Сонымен, аударма – адамзаттың ой әрекетінің ежелгі түрлерінің бірі. Қоғамдық тарихта түрлі тілде сөйлейтін топтар пайда болысымен, аудармаға қажеттілік пайда болған. Екі немесе бірнеше тілді немесе диалектіні меңгерген алғашқы ауызша аудармашылар әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар мен тайпалар арасындағы бірін-бірі түсіне алмау шектеуін шешуге ықпал еткен.

Ағылшын тіліндегі сөйлемнің құрамындағы біріккен сөздің мағынасы аудармадағы сәйкес сөйлемнің ауқымында толық ашылмай қалған жағдайда, баламалылық жоғарғы күрделі синтаксистік тұтастықтың аумағында ашылады. Демек, ағылшын тіліндегі біріккен сөздің қазақ тіліндегі мағынасын және оның қазақ тіліне берілу жолдарын айқындауда түпнұсқа мәтініндегі сөйлем мен аударма тіл мәтініндегі оған сәйкес сөйлемді ғана емес, сонымен қатар сөйлем мен оған сәйкес күрделі синтаксистік тұтастықты қоса салғастыру керек. Әр түрлі жүйеге жататын тілдердің материалдарын осылайша салғастыру осы тілдердің ортақ қасиеттерімен қатар, олардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.


Қорытынды


Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліне берілуінің трансформациялық модельдерінің ғылыми негізде дәйектелуі төмендегідей түйіндер жасауға мүмкіндік береді:

  1. Аударма бір халықты басқа елдердің мәдениетімен, әдебиетімен, өнерімен таныстыру үшін қызмет етеді. Аударма барысында аудармашының мәдениетаралық байланыстың, этномәдени қарым-қатынастың ортасында әділ дәнекер бола білуі оның ең басты міндеттерінен саналады.

  2. Аудармашының мақсаты көркемдік, дәлдік, түсініктілік сынды талаптармен байланысып жатады. Сондай-ақ, аудармашы екі тілді жете меңгеруі тиіс.

  3. Аударманың теориялық мәселелері екі бағытта: аударманың көркемдік-эстетикалық жақтарына, бейнеліліктің, айқындықтың бір тілден екінші тілге берілу тәсілдеріне баса көңіл бөлетін бағытта және аударма мәселелерін лингвистикалық тұрғыдан қарастыратын бағытта зерттеледі.

  4. Ағылшын және қазақ тілдері екі түрлі тілдік топқа жататындықтан, ондағы біріккен сөздердің сыртқы формаларында да, компоненттік ерекшеліктерінде де елеулі айырмашылықтар болады.

  5. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі баламаларын қарастыруда тілдің мазмұн мен мазмұнды жеткізу өрістері, синонимдес баламаларды өзара салыстыра отыру, басқа да синонимдік құралдарды кеңінен пайдаланудың маңызы зор.

  6. Аударманы лингвистикалық тұрғыдан қарастыру бағыты аударма жасалатын екі тілді жүйелі түрде салыстыруды-салғастыруды көздейді. Аударма барысында салыстырылған тілдердің бірінде грамматикалық тұрғыдан бейнеленген мағыналар басқа тілде лексикалық және басқа құралдардың көмегімен бейнеленуі мүмкін.

  7. Қазақ тілінде әрбір сөз табының күрделі түрлері біріккен, қосарланған, тіркескен немесе қысқартылып алынған формалары арнайы тексерілсе, ағылшын тілінде күрделі сөздер (compound words немсе compounds) деген атаумен сыңарлары бірге жазылатын күрделі сөздер де, бөлек жазылатын күрделі сөздер де, дефис арқылы жазылатын күрделі сөздер де, and, to, in және т.б. жалғаулықтар арқылы жасалған күрделі сөздер де атала береді.

  8. Ағылшын және қазақ тіліндегі күрделі сөздерді сөзжасамдық тәсілдерге, сыртқы тұлғасына, белгілі бір сөз табына қатысы, мағыналық сипаты мен олардың біртұтас мағыналарына, құрамдас сыңарларының тұлғалық, формалық сипатына, жазылу сипатына, екпіннің рөліне, белгілі бір сөйлем құрамындағы синтаксистік қызметіне байланысты қарастырған дұрыс.

  9. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздің құрылымдық бірігуі екпіннің бір болуына; бірге немесе дефис арқылы жазылуына; семантикалық тұтастығына; морфологиялық және синтаксистік функцияларының бір болуына байланысты болады.

10 Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді арнайы зерттеудің арқауы етудің маңыздылығы олардың трансформациялық модельдерін жасаудың маңыздылығымен де шарттасады.

11 Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің трансформациялық модельдерін жасағанда, олардың бойындағы ерекшеліктері барынша толық ескеріледі.

12 Біріккен сөздердің компоненттерінің белгілі бір сөз таптарына қатысты болуы да олардың аударылатын тілдегі баламасын табу үшін көмек бере алады.

13 Ағылшын тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма негіздерін анықтау  өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп келеді.

14 Қазіргі уақытта аударма теориясында бірнеше үлгі (модель) жасалған. Соның ішінде жағдаяттылық, трансформациялық және семантикалық трансформациялар кеңінен таралған.

15 Ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де біріккен сөздердің мағынасы үнемі компоненттерінің мағыналарына қарай анықтала бермейді.

16 Аударма трансформациясында орын алмастыру, сөз қосу, ауыстыру, түсіріп тастау (опущения), яғни бір компонентін түсіру және т.б. әдістері бар. Белгілі бір шығарманы аударуда бірнеше тәсіл қатар қолданыла береді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелері. – Алматы: Арыс, 1999. – 215 б.

2 Бархударов Л.С. Уровни языковой иерархий и перевод. Тетради переводчика. – М., 1969. – 112 c.

3 Федоров А.В. Основы общей теории перевода. – М.: Высшая школа, 1983. – 303 с.

4 Бреус Е.В. Основы теорий и практики перевода с русского на английский язык: учеб. пос. – М.: Изд УРАО, 2006. – 208 с.

5 Комиссаров В.Н. Слово о переводе: очерки лингвистических учений о переводе. – М.: Международные отношения, 1973. – 214 с.

6 Гарбовский И.Н. Теория перевода. – М.: Изд. МУ, 2004. – 544 с.

7 Федоров А.В. Введение в теорию перевода. – М., 1953. – 336 с.

8 Попович А. Проблемы художественного перевода. – М.: Высшая школа, 1980. – 199 с.

9 Мешков О.Д. Словообразование современного английского языка. – М.: Наука, 1976. – 245 с.

10 Смирницкий А.И. Лексикология английского языка / Изд. Литературы на иностранных языках. Второе издание. – М., 1956. – 260 с.

11 Agatha Christie Selected stories. – M.: Progress Publishers, 1976. –

334 p.

12 Ахметов Ә. Ғайып болған миллион / Кристи Агата. Әңгімелер. – Алматы: Жалын, 2003. – 160 б.

13 Миньяр-Белоручев Р.К. Общая теория перевода и устный перевод – М.: Воениздательство, 1980. – 237 с.

14 Швейцер А.Д. Перевод и лингвистика. – М.: Воениздательство, 1973.

– 280 c.

15 Ермагамбетова А.С. Сущность и значения национальных слов-реалий в языке художественного произведения и способы их перевода: дисс. ... канд. фил. наук. – Алматы, 1972. – 185 c.

16 Бархударов Л.С. Язык и перевод. – М.: Международные отношения, 1975. – 240 с.


Ғылыми жоба тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:


1. Ағылшын тіліндегі біріккен зат есімдердің сөз түрлендіру тәсілімен трансформациялануы // “Оқыту үдерісіндегі инновациялық технологияларды қолдану мәселелері” атты халықаралық ғылыми-практикалық конф. матер. – Шымкент, 2009. – Т. 2. – Б. 140-144.

2. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің түсіндірме түріндегі аударма тәсілімен трансформациялануы // ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Хабарлары. Филология сериясы, 2010. – №1(79). – Б. 94-97.

3. Қазіргі ағылшын тіліндегі күрделі зат есімдер туралы // А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Хабаршысы. – 2009. – №2. – Б. 102-105.

4. Ағылшын тіліндегі мәтіндерді қазақ тіліне аударудың кейбір трансформациялық модельдері // “Қазақ мемлекеттілігі және түркі әлемінің тарихи-мәдени құндылықтары” халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. матер. – 2009. – Т. 3. – Б. 133-137.

5. Ағылшын тіліндегі біріккен зат есімдерді қазақ тіліне аудару барысында сөзбе-сөз аударма тәсілін қолдану туралы // Қазақстанның ғылыми әлемі. – 2009. – №3(27). – Б.16-19.

6. Қазақ-ағылшын тілдеріндегі біріккен сөздер құрамының мағыналық сипаты туралы // “М.О. Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. матер. – Шымкент. – №1. – 77-79 бб.

7. Қазақ-ағылшын тілдерін салғастыра зерттеу мәселесіне // Қазақстанның ғылыми әлемі. – 2009. – №1. – Б. 96-99.

8. Ағылшын тіліндегі кейбір біріккен сөздердің трансформациялық моделі туралы // Түркологиялық жинақ. – Бішкек, 2008. – №1. – Б. 207-211.

9. Қазақ-ағылшын тілдеріндегі күрделі сөздер компоненттерінің өзара байланысу жайы туралы // Тілтаным. Алматы, 2009. – №1. – Б. 72-76.


.



РЕЗЮМЕ



Трансформационные модели перевода сложных слов английского языка

на казахский язык


Актуальность исследования. Продуктивность сложных слов в английском языке требует исследования способов их передачи на казахский язык как язык совсем иной типологии. Трудность перевода сложных слов английского языка на казахский язык определяется типологической разнородностью структурных, морфологических, семантических, а также лингвокультурологических особенностей образования сложных слов, их функционированием в различных стилях данных языков.

Объект исследования – сложные слова английского языка и их переводы на казахский язык.

Предмет исследования – способы образования сложных слов, словообразовательные модели, типы структурно-семантических отношений между компонентами сложных слов английского языка, а также их соответствий в казахском языке.

Цель исследования - описание словообразовательной структуры и семантики сложных слов английского языкa, анализ их соответствий в казахском языке, а также установление моделей перевода этих слов и определение факторов, которые влияют на процесс и результат перевода.

Задачи исследования:

- определить основные структурно- семантические модели сложных слов английского языка;

- выявить типологические особенности словообразовательных моделей сложных слов в английском и казахском языках;

- проанализировать семантику сложных слов, образованных по разным моделям в английском и казахском языках ;

- выявить типы соответствий сложных слов в сопоставляемых языках с позиции их адекватности;

- исследовать факторы, влияющие на выбор того или иного способа перевода в конкретных случаях и выявить общие тенденции процесса перевода;

- разработать трансформационные модели перевода сложных слов английского языка на казахский язык.

Методы исследования сравнительно-сопоставительный, трансформационый, описательный сопоставительно-типологический метод, метод семного анализа, дистрибутивный метод

Научная новизна работы. В работе впервые проведен сопоставительно-типологический анализ структуры и семантики сложных слов в английском и казахском языках; дан анализ факторов выбора того или иного способа перевода английских сложных слов на казахский язык; подтверждена возможность внутренней трансформации сложных слов английского языка на казахский язык с позиций когнитивной лингвистики; произведена семантическая классификация сложных слов, изучены в лингвоэтнокультурологическом аспекте английские и казахские соответствия сложных слов, представляющих модель «имя существительное+имя существительное»; определены сходство и различие в принципах изучения сложных слов в английском и казахском языках; на основе сопоставления сложных слов в английском и казахском языках выявлены типологические особенности их смысловой структуры и механизм функционирования, которые оставались невыявленными при изучении каждого из этих языков в отдельности.

Результаты исследования

- выявлены сходство и различие структурной организации сложных слов в сопоставляемых языках;

- разработаны модели трансформации сложных слов английского языка на казахский язык;

- установлена взаимозависимость семантики первого и второго компонентов сложных слов в английском и казахском языках;

- определены типы семантических соответствий сложных слов в английском и казахском языках;

- установлены факторы, влияющие на выбор того или иного способа перевода в конкретных случаях и выявлены общие тенденции процесса перевода;

- составлен список сложных слов английского языка с переводом на казахский язык.

Научно-теоретическая значимость исследования. Работа вносит определенный вклад в разработку основных положений теории перевода, указывает не только на структурно-семантические особенности сложных слов, но также предлагает варианты достижения переводческой эквивалентности. Научные результаты и выводы, полученные в работе, способствуют развитию переводоведения, этнолингвокультурологии, теории казахского и английского языкознания.

Практическая значимость исследования заключается в возможности использования его результатов в учебном процессе: разработке курсов лекций и практических занятий по лексикологии, словообразованию, сопоставительной типологии германских языков и теории перевода, в составлении англо-казахского словаря сложных слов.

Перспективы исследования. Исследование проблем словообразования в английском и казахском языках в типологическом аспекте в связи с развитием теории переводоведения в казахской лингвистике.

Структура диссертации. Работа состоит из введения, двух разделов, приложения, заключения и списка использованной литературы.


SUMMARY

Transformational models in translating English compound words into Kazakh

The topicality of the research. Typology of English and Kazakh word-formation systems differs greatly. It reveals first of all in word-formation as one of the leading ways in English word-formation.

Productivity of English compound words demands investigating the ways of their translation into Kazakh as that of other typology. The difficulty in rendering English compound words into Kazakh is defined by typological heterogeneity in structural, morphological, semantic, also lingua-cultural peculiarities of building compound words, their functioning in various styles of the given languages.

The issue on the nature of correlation between components of compound words remains open: sensual relations, semantic relations, structural-semantic relations, syntactic relations.

The object of the research is English compound words and their translations into Kazakh.

The subject of the research is ways of building compound words, word-formation models, types of structural-semantic relations between components in English compound words, also their correspondences in Kazakh.

The aim of the research is to describe word-formation structure and semantics of English compounds, analysis of their correspondences in Kazakh, also to establish translation models of these words and to define factors influencing the process and the result of translation.

The objectives of the research:

  1. To define main structural-semantic models of English compound words;

  2. To reveal typological peculiarities of word-formation models in English and Kazakh compound words;

  3. To analyze semantics of compounds that are built according to different models in English and Kazakh;

  4. To reveal correspondences types of compound words in the contrasting languages from the viewpoint of their adequacy;

  5. To investigate factors influencing the choice of translation device in concrete cases and to define common tendencies in the translation process;

  6. To work out transformational models of translating English compounds words into Kazakh.

The methods applied during the course of research are comparative-contrastive method, transformational, descriptive, contrastive-typological methods, method of seme analysis, distributive method.

The scientific novelty of the thesis. The thesis for the first time:

  • conducts contrastive-typological analysis of structure and semantics of compound words in English and Kazakh languages;

  • gives the analysis of factors influencing the choice translation device of English compounds into Kazakh;

  • confirms the possibility of inner transformation from English compounds into Kazakh from the cognitive linguistics` angle;

  • presents semantic classification of compound words according to the model “noun+noun”;

  • investigates English and Kazakh correspondences of compound words built according to the model “noun+noun” from lingua-ethno-cultural aspect;

  • defines similarities and differences in principles of investigating compounds in English and Kazakh languages;

  • on the basis of contrasting compounds in English and Kazakh languages reveals typological peculiarities of their meaningful structure and functioning mechanism, which remain unexposed during researching every of the given languages separately.

The results of the research are:

  • there have been found similarities and differences in structural organization of compounds in the given contrasting languages;

  • there have been collaborated models of transforming English compound words into Kazakh;

  • there has been established semantic interdependence of the first and second components in English and Kazakh compounds;

  • there have been defined types of semantic correspondences in English and Kazakh compounds;

  • there have been established factors influencing the choice of the translation device in concrete cases and revealed common tendencies in the translation process;

  • there has been compiled a list of English compounds with their translation into Kazakh.

The theoretical importance of the research. The thesis contributes to collaborating main provisions of translation theory, points out structural-semantic peculiarities of compound words, also proposes variants for achieving translation adequacy. Scientific results and conclusions, promotes to the development of translatology, ethnolinguaculturology, theory of Kazakh and English linguistics.

The practical value of the research is concluded in the possibility to use its results during teaching/learning process: collaboration of lectures and tutorials in lexicology, word-formation, contrastive typology of Germanic languages and translation theory, in compiling English-Kazakh dictionary of compounds.

Perspectives of the research. The investigation of word-formation problems in English and Kazakh languages from typological viewpoint in connection with the development of translation theory in Kazakh linguistics.

The structure of the thesis. The thesis consists of introduction, two chapters, appendix, conclusion and bibliography.

32




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Малдыбаева Жамал Таланткызы

Дата: 24.02.2016

Номер свидетельства: 298034


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства