А?ылшын тілін о?ытуда о?ушыларды ты?дап т?сінуге ?йретуді? жолдары
А?ылшын тілін о?ытуда о?ушыларды ты?дап т?сінуге ?йретуді? жолдары
?аза?стан Республикасыны? т?уелсіз елге айналып, ?лемдік ?ркениетті? даму жолына т?суі, а?ылшын тілін ме?гертуді басты ма?саттарды? біріне айналдырып отыр.
Мектеп о?ушыларына о?у да?дысын ?алыптастыруда ты?дап т?сінуді ?йрету ?те ма?ызды. О?ушыларды шы?армашылы?пен ойлау?а т?рбиелеу м??алімні? міндеті. Сонды?тан б?л ж?мыс т?ріне ерекше талап ?ою керек.
Ты?дау – есітіп жат?ан с?йлеушіні? с?зін т?сіну. Ты?дау ?арым-?атынасты? негізін ??райды. Ол ?з ішінде айтылып жат?ан с?зді ты?дап — т?сіну, о?ан логикалы? жауап беруді ?амтиды.
Ты?дау шет тілін о?ытуда ?те жа?сы ??рал болып табылады. Ол о?ылып жат?ан шет тіліні? дыбысталу жа?ын ?йренуге, я?ни ?уен, екпінді д?рыс ?оюды ?йренуге м?мкіндік береді. Ты?далым ар?ылы тілді? лексикалы? ??рамы мен грамматикалы? ??рылымы ?йреніледі. Ж?не де ты?далым о?у мен жазуды ме?геруді же?ілдетеді.
Ты?дау ?абілетінсіз адам о?ып жат?ан тілде ?арым — ?атынас жасай алмайды. Ты?далым о?ушыларды? айтылып жат?ан с?зді назар сала ты?дау?а ?йретеді. Ты?далыммен бірге балада есте са?тау ?абілетін дамытады. О?ушы шет тіліндегі с?зді ты?дай отырып, с?здерді? д?рыс о?ылуына жатты?ады, ж?не кейінгі кезде ?зі сол с?зді айт?ан кезде д?рыс айтатын болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«А?ылшын тілін о?ытуда о?ушыларды ты?дап т?сінуге ?йретуді? жолдары »
№ 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Ағылшын тілін оқытуда оқушыларды тыңдап түсінуге үйретудің жолдары
Баяндамашы: Ж.А.Тұрғанбаева
Қызылорда, 2015 жыл
Ағылшын тілін оқытуда оқушыларды тыңдап түсінуге
үйретудің жолдары
Ж.А.Тұрғанбаева
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді басты мақсаттардың біріне айналдырып отыр.
Мектеп оқушыларына оқу дағдысын қалыптастыруда тыңдап түсінуді үйрету өте маңызды. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек.
Тыңдау – есітіп жатқан сөйлеушінің сөзін түсіну. Тыңдау қарым-қатынастың негізін құрайды. Ол өз ішінде айтылып жатқан сөзді тыңдап — түсіну, оған логикалық жауап беруді қамтиды.
Тыңдау шет тілін оқытуда өте жақсы құрал болып табылады. Ол оқылып жатқан шет тілінің дыбысталу жағын үйренуге, яғни әуен, екпінді дұрыс қоюды үйренуге мүмкіндік береді. Тыңдалым арқылы тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымы үйреніледі. Және де тыңдалым оқу мен жазуды меңгеруді жеңілдетеді.
Тыңдау қабілетінсіз адам оқып жатқан тілде қарым — қатынас жасай алмайды. Тыңдалым оқушылардың айтылып жатқан сөзді назар сала тыңдауға үйретеді. Тыңдалыммен бірге балада есте сақтау қабілетін дамытады. Оқушы шет тіліндегі сөзді тыңдай отырып, сөздердің дұрыс оқылуына жаттығады, және кейінгі кезде өзі сол сөзді айтқан кезде дұрыс айтатын болады.
Ағылшын тілін оқытудың алғашқы кезеңдерінде тыңдалымдар өте маңызды роль атқарады. Тыңдалымдар ағылшын тілінде сөйлеушілердің шынайы сөзін есітуге мүмкіндік береді.
Тыңдап – түсінуге берілетін аудиомәтіннің тақырыбын таңдау өте маңызды. Ол оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктері сай таңдалуы тиіс. Төменгі сынып оқушыларына қызықты болатын тақырыптар түрлері: ертегі сюжеттеріне негізделген тақырыптар, жан – жануарлар туралы қызықты әңгімелер т.б. Ал жоғары сынып оқушыларына саясатпен, техникалармен, бүгінгі таңда ойлап табылып жатқан жоғарғы технология жаңалықтарымен(роботтар,ұялысымтетіктер,компьютерлер)және детективтермен байланысты мәтіндер өте жоғары қызығушылықтарын тудырады. Сонымен қатар махаббат, достық туралы, өзге елдің өмірі мен халқы туралы және табиғат жайлы мәтіндер қызығушылықпен тыңдалады. Мектеп бітірушы сынып оқушыларына болашақ мамандық таңдау туралы мәтіндер беру өте дұрыс шешім.
Баяндаманың өзектілігі. Қазіргі кезде оқушылардың тыңдап-түсіну қабілетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі таңда тыңдап-түсінуді жақсарту әдістемесі әлі толық зерттелген жоқ. Тыңдап-түсінумен жұмыс жасауды жеңілдететін мұғалімдерге арналған ғылыми әдістемелердің аздығы зерттелу керек маңызды мәселе. Сол себепті де шет тілін оқытудағы тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын табу және практикада оның әдістемесін ұсыну бүгінде өзекті мәселе болып отыр. Сонымен бірге шет тілін үйретудің мазмұнын жаңарту және тыңдау үрдісін жаңаша ұйымдастырудың ғылыми негіздерін терең зерделеу қажет.
Баяндаманың мақсаты:
Оқушылардың тыңдау қабілетін жетілдіру, шет тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
Шет елдік қоғам ортасында түрлі ситуациялардан шыға білуді үйрету;
Шет тілін оқытудағы тыңдауда кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын практика жүзінде көрсету;
Тыңдап-түсінуді ұйымдастырғанда дәстүрлі түрдегі мәтіндермен қоса, заман талабына сай жаңа, қызықты,оқушыларда шет тілін оқуға деген мотивациясын қалыптастыратын аудиоматериалдар түрлері қарастыру.
Тыңдап түсінудің негізгі топтарына мыналар жатады:
Ә) сөздерді және сөз тіркестерін түсіне білу қабілеті;
Б) дыбыстарды, дауыс интонациясын ажырата білу;
Тыңдау процесі есту қабілеті механизмімен тығыз байланысты. Есту, тыңдау қабілетін техникалық құралдар көмегімен жаттығулар жасау арқылы дамытуға болады. Логикалық түсіну механизмі талдау процесінде күрделі болып саналады.
Аударма сөзді түсіну үшін бір материалды бірнеше рет тыңдаудың қажеті жоқ. Сөзді толық түсіну бірден (толық) және толықтай бір рет айтқанда қабылданады. Қазіргі кезде шетел тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау және т.б. мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспалар, видео-фильмдер көптеп саналады. Тыңдау қабілетін ұнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы видео жаттығулар мен аудио мәтіндер қажет. Осы орайда мәтінді тыңдау, оқып отырудың мәні зор.
Тыңдауға үйренуді сөйлеумімен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, видеофильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады.
Шетел тілін тыңдап түсінудің өзіме тән ұғындыруға тырысып, тілдік материалдарды көп беру қабылдауды қиындатады, сонымен бірге дағдыны қалыптастыруға кері әсер етеді. Осының әсерінен оқушы тез тыңдап түсіліп, жауап дайындау үшін ойланып отырады.
Ауызша сөйлеуге үйрету – шетел тілін оқытудың ең қиын аспектісі болып салалатындықтан, ең негізгі мақсат – естігенін түсіне білуге үйрету.
Түсінуге тексерудің ең басты бөліктерін – сурет арқылы, екіншіден – жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады.
Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау – алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады.
Шетел тілін аудармасыз түсінудің тағы бір жолы үнтаспа арқылы әртүрлі бұйрықтар беріп, орындату. Оқытушы дұрыс,не бұрыс екенін қадағалайды. Бұйрықтарды тек бұйрық рай түрінде берумен қатар әртүрлі нұсқаулар түрінде де беруге болады.
Мысалы: “When Tom walks to the window, John will write Kate’s name on the blackboard“ Мұндай бұйрықтар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырады және сөздерді, шетел тілінің грамматикалық формаларын есте сақтауға көмектеседі.
Фонетикалық және грамматикалық құрылымдарды тыңдау арқылы салыстыра және ажыраты білуге арналған тапсырмалардың мұндай түрлерін бірте-бірте күрделендіруге болады.
Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдау шетел тілін түсініп үйрене білудің ең қажетт бөлігі болып табылады. Тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалдар негізінде құрылады. Оның ішіне 3-4% таныс емес лексикалық материлдар қосуға болады. Алғашқы рет тыңдауға арналған мәтінге жіберілген уақыт 1-1,5 минут көлемінде болуға тиіс. Төмендегі мәтінді мысал ретінде алуға болады:
My friend Bill is a geologist. He does not stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother in low the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife in his opinion spends too much time on cooking. So he does not let her stay in the kitchen.
Neither his wife nor his mother in low contradicts him, for he never stays long at home.
When he lives his children are sorry to part with him but they are glad that grandmother will cook their meals again.
Жазбаша жоспар құру, мәтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.
Ауызша мәтінннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру. Жұмыстың мұндай түрі шетел тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Шетел тілін тыңдап түсіне білуге үйрену үшін тек ұнтаспа ғана емес, сонымен бірге видео-фильм және диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Шетел тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдармаларды тыңдауға немесе көркем және деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады.
Түсініп тыңдау жұмысы кезінде естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Онда шағын мәтін немесе сөйлемдер оқылып, тыңдату, мәтінді қайталап тыңдау арқылы екі-үш сөйлемнен мәтіннің мазмұнын айту, сипаттама беру, жаңа сөйлемдер құрастыра білу сынды жұмыстарды жан – жақты жүргізген туста істің нәтижелі болатынына көз жеткізе аламыз. Түсініп тыңдау деңгейде жан-жақты жүргізіліп, естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Шағын әңгіме, үзінді, мақала мазмұндары оқылып, түсініп тыңдау мәтінді екі рет тыңдау арқылы екі – үш сөйлеммен мәтіннің мазмұнын айту жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс барысында сипаттама беру, мәтін бойынша жоспар құру, сұрақ қол білу сынды жұмыстар тіл дамыту жұмыстарына негіз бола алады.
Оқушылар өздері оқығандары мен тыңдағандарының ішінен оқиғаларды және фактілерді тауып, соған өздерінің қөзқарасын қысқаша айтып берулері тиіс. Олар өз пікірін айту үшін мәтінді жоспар жазбаларын пайдалануына болады.
Шетел тілінде тыңдағанын, естігенін түсіну біліктілігі басқа кісілермен сөйлесуге, тілдік қарым-қатынас жасауға қажетті жағдайлар тудырады. Шәкірттер тыңдап түсінуге арналған аутентті мәтіндермен түрлендіре жұмыс істеуге, сөйлеуге одан ары қарай жаттығады, баяндамалар жасайды.
Ағылшын тілінде мектеп бағдарламасы ауқымында шәкірттерді сөйлеуге үйрету, ауызекі тілде сойлету күні бүгін шетел тілін оқытудың ең басты міндеті болып отырғаны белгілі. Әр мұғалім өзі еңбек етіп жүрген мектебінің қарай оқыту тәсілдерін тиімді етіп, түрлендіре отырып жоспарлауы тиіс.
Мектеп жағдайында оқушыны ауызша сөйлеуге үйрету үшін жүргізілетін жұмысты дифференциялап жүргізуді екіге болуге болады: іштей және сырттай.
Іштейдифференциялау барысында оқушыларды қабілетіне қарай шағын топтарға бөліп, олармен тіл үйретуде ерекше әдістемелік тәсілдерді қолдану қажет. Бұндай топтарды әрине оқушылардың деңгейлеріне және мүмкіндіктеріне қарай жұмыстар атқарылады. Әр мұғалім сынып оқушыларын әр түрлі бөлуі мұмкін, мысалы бір топта тілге қабілеті бар оқушылар, екінші топта тілді нашарлық білетін оқушылар, үшінші топта қабілеті, білімі жоғары да, нашарлау да оқушылар аралас болады.
Ал сырттай дифференциялау бойынша әрбір топ пен топтардағы оқушылардың коммуникативтік икемдігін, олардың шеьел тілін оқуға деген психологиялық жағынан дайындығын, елтануға байланысты материалдарды оқып және де оларды өз еліндегі және басқа елдердегі реалиялармен салыстыра отырып меңгеруге қабілеті, мүмкіндіг ескеріледі. Іштей дифференциялау сырттай дифференциялаумен өзара біріге келе оқушылардың тіл үйренуге деген мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Бұл орайда, әрине, оқушылардың жеке бас ерекшелігіне баса назар аудару керек. Сыныпта бала саны неғұрлым көп болса соғырлым мұғалім оқушының өзіне тән ерекшелігіне көңіл бөліп, дефференциялауға неғұрлым көп мүмкіндік жасауға тырысу қажет.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым – қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тыңдап түсіну – сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формаға жатса, тыңдау импрессивті формаға жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, санаға, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тыңдап түсіну барысында оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялық есту қабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процесс болғандықтан жалпыға ортақ қиындықтарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет. Олар:
Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін, бұл жағдай оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы – оқушылардың пассивтік және потенциальдық сөздік қорын байыту;
Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Оқушы өз мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінуі мүмкін. Бұл қиындықты жеңудің жолы – сабақта техникалық құралдарды жиі қолдану керек;
Мұғалім әдетте сабақта өте баяу ырғақпен сөйлейді, мұндағы мақсат оқушылар оның айтқан сөзін түсінсін дегендік. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, дұрыс ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді. Міне бұл қиындықты сабақта тек техникалық құралды қолдану арқылы жеңуге болады;
Мұғалім сабақта шетел тілінде сөйлегенде, айтқан сөзін оқушылар түгел түсінсін деп бірнеше рет қайталап айтады. Оқушылар осы қайталауға үйренеді. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды, сондықтан мұғалімнің мақсаты оқушылардың тыңдаған мәтіннің мазмұнын бір – ақ рет тыңдағанда түсінуге үйрету. Ал кей жағдайларда оқушылар мәтіннің мазмұнын бір рет тыңдағанда түсінбесе, оны екінші рет тыңдатуға болады, бірақта бұл жолы мұғалім тыңдайтын мәтінге қосымша бір тапсырма беруіне болады. Мысалы, мәтінді екінші рет тыңдаңдар да, бұл оқиғаның басты кейіпкеріне / оқиға уақытына / оқиға жеріне және т.б. назар аударыңдар деген сияқты тапсырмалар;
Келесі бір қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің бет -әлпетіне көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл – қозғалысын байқап отырса, онда ол өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді, бірақта мұндай жағдай ылғида бола бермеуі мүмкін (телефон арқылы сөйлесу, радиодан хабар тыңдау, т.с.c.). Жоғарыда айтылған қиындықтарды жеңудің алғы шарты – мұғалімнің сабақта техникалық құралдарды кеңінен пайдалануы және тыңдау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларды дұрыс ұйымдастыра алуы.
Оқушылардың түсініп тыңдау қабілеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын ұсынуға болады.
Бірінші топ жаттығуларының мақсаты – мәтінді тыңдаудың алдында лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды алдын ала жою.
Екінші топ жаттығудың мақсаты – мәтінді тыңдауға арналған жаттығулар. Мұнда оқушылар мәтінді тыңдап, оның тақырыбын, идеясын анықтай, берілген кестені/сызбаны және т.б., толтыру, сұрақтарға берілген жауаптардың мәтін мазмұнына сәйкес келетінін анықтау және т.б.
Үшінші топ жаттығудың мақсаты – мәтін мазмұнын толық түсініп, оқушылардың бойында төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий және талдау жасай алу. Мысалы, тыңдаған мәтіннің тақырыбын талдау, мәтін мазмұнына берілген ассоциограмманы толтыру, уақиғаны бағалау, басты кейіпкерді сипаттау, мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу және т.б. Үшінші топ жаттығуларын орындау барысында оқушыларға тірек, таяныш сөздер, жоспар, суреттер, сызбалар және т.б. ұсынуға болады.
Төртінші топ жаттығудың мақсаты – оқушыларды мәтін мазмұнының басты идеясына байланысты ойларын айтқызу, пікір – талас ұйымдастыру, “дөңгелек үстел” ұйымдастыру, сахналау, сценарий жазу және т.б.
Енді тыңдауға арналған мәтіндерге қойылатын талаптарға тоқтала кетсек. Олар:
тыңдауға арналған мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
мәтіннің берік логикасы болуы шарт;
мәтіннің мазмұнында тыңдаушылар үшін қызықты жаңа мәселе болуы керек;
мәтіннің аутенсивті, яғни шындыққа негізделген, жасанды мәтін емес болуы тиіс.
Жоғарыда айтылған ойларды қорытындылай келе, оқушылардың тыңдап түсіну іскерліктерін қалыптастырып, дамыту қажет. Егерде тыңдап түсіну іскерліктерін дамытпасақ, оқушылардың шетел тілінде сөйлеу алуға да үйрете алмаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Шетел тілін оқыту әдістемесі №3/17 2007ж 21 бет
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. «Хабаршы» журналы. Филология сериясы. Алматы 2010ж №4 – 5 (128-129). 317 – 319 беттер.
Нұрланбекова Е. «Шетел тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану», Шетел тілін оқыту методикасы, №2, 2005 ж. 17-18 беттер.
Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. Ғылыми-әдістемелік журнал. 2011ж, № 59, 4-6 б.
Т.В.Рогова, Т.Е.Сахарова «Методика обчения инастранного языка в средней школе» Москва 1998г 162 бет