А?ЫЛШЫН ТІЛІ САБА?ЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ?ОЛДАНУДЫ?
А?ЫЛШЫН ТІЛІ САБА?ЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ?ОЛДАНУДЫ?
Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты мектепті? балаларыны? е? жо?ар?ы де?гейдегі шет тілін о?ып ?йренуіне жа?дай жасайтындай д?режеге ?ол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде ?азіргі та?да шет тілін ме?гертуге аса м?н беріліп отыр. ?аза?стан Республикасында?ы е? бірінші кезекте т?р?ан тіл саясаты туралы басты м?селе мемлекеттік тілді еркін ме?герту, шет тілін ме?гертудегі басты ма?сат – білім алушыларды? сапасын халы?аралы? стандарт?а сай к?теру. Б?л ?шін жетілдірілген ?діс шетел ?алымдарыны? іс-т?жірибелерімен танысу ?ажет екендігі ешбір дау ту?ызбайтыны белгілі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«А?ЫЛШЫН ТІЛІ САБА?ЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ?ОЛДАНУДЫ? »
Рысбаева Рая Бинарбековна
ағылшын тілі пән мұғалімі
Мақаланың тақырыбы: АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі. 12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, білімді, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал ету болып табылады. Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу қызу пікірталас туғызуда, оқытудың жаңа жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады.Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын , ынтасын арттыруында болып табылады. Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады.Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіру дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау. Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында - көңіл күйін сергітеді, ерік жігерін дамытады, сабақта ынтасын арттырады. Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта – ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім сабағын баланың қабілет - қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды. Ойынның түрлері: лексикалық, орфографиялық, дидактикалық және грамматикалық, рөлдік болып табылады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сөйлеуге және жазуға үйрететін арнайы ойындар да болады. Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Жарыс түрінде өткізсеңіз (Кім өлеңді бірінші жаттайды?), оқушылар өлеңді жарыса отырып қалай жаттап алғандарын байқамай қалады. Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындар: «Let’s draw a Rainbow!»ойыны. Мақсаты: түстерді үйрету. Ойынға қажет құралдар:түрлі –түсті қарандаштар, кемпірқосақ салынған сурет. Ойын барысы: біріншіден мұғалім кемпірқосақ салынған суретті тақтаға іледі. Оқушылар 7 түрлі қарандашты партаның үстіне қояды. Мұғалім: This is a rainbow. I can see red colour(суретті көрсетеді, балалар сол түсті қарандашты көтереді), orange colour, yellow colour, green colour, blue colour, dark blue colour, violet colour. The rainbow is colourful. It’s beautiful. Let’s draw a rainbow! Сосын мұғалім балаларға кемпірқосақтағы түстерді реттілігімен есте сақтап алуларына уақыт береді де, суретті тақтадан алып тастайды. Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін, мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан кейін, мұғалім кемпірқосақтың түстерін көрсете отырып сұрайды. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді. Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут. 2. «At the Zoo» ойыны. Мақсаты:can модальді етістігінің қолданылуын үйрету. Ойынға қажет құралдар: әр түрлі партаға қойылған ойыншық аңдар. Ойын барысы: оқушылардың біреуі – экскурсовод, қалғандары жануарлар саябағына келушілер. Мысалы, балалар аюдың қасына барады. Экскурсовод: This is a bear. It can run and jump. It can swim and climb trees but it can’t fly. Келушілер: Can it hop? Экскурсовод:No, it can’t. Cосын басқа оқушы экскурсовод болады да, ойын ары қарай жалғасады. Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут. 3. Жазуға үйрету ойыны. Мұғалім тақтаға қандай да бір сөзді жазады, мысалы:schoolchildren. Осы сөздегі әріптерден сөз құрастыруы керек. Мәселен: schoolchildren: he, she, side, shoe, nose, ill, red, doll, line, child, school және т.б. Қай топ көп сөз құраса, сол топ жеңіске жетеді. 4. «Whose birthday is today?» ойыны.Мұғалім оқушыларға “One of you has a birthday today. Guess who she is”. Оқушылар: What colour is her hair? What colour are her eyes? What is her nose like? What is she wearing? What is her hobby? – деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл ойын оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді. . Бастауыш буынға келетін болсақ, шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Мысалы, 4 сыныптағы «Тамақ» тақырыбына жаңа материалды бекіту кезінде «Артық сөзді тап» ойынын қолдануға болады. Cheese rain Hamburger bread Pizza butter Milk meat
Мұндай тапсырмалар оқушылардың өз ойын дәлелдеуге, абстрактілі ойлауға көмектеседі. 2-4 сыныптарда «Қай әріпті жоғалттым?», «Іздеп тап», «Түстерді айыр» ойындары тілдік, лексикалық, грамматикалық, фонетикалық ойындар ұйымдастыруға болады. 2 сыныпта фонетикалық ойындар қолданылады. Мысалы, «Естимін- Естімеймін» ойынын алатын болсақ ойын барысында оқушылар топқа бөлінеді. Мұғалім сөздерді айтып отырады, оқушылар сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың кездесуіне орай шарт бойынша қолдарын немесе екі қолымен бірдей көрсетеді, мұғалім тақтаға ойнап тұрған балалардың қателерін жазып тұрады. Қатесі аз болған топ жеңімпаз атанады. Бұл ойын оқушылардың есту дағдысын қалыптастырады. Сонымен бірге алфавитпен жұмыс істеуге арналған ойын. Мысалы, «Әріп қайда?» ойыны. Мұғалім тақтаға бірнеше сөз жазып, солардың ішінен берілген әріп басқаша оқылатындай үш сөз табуды тапсырады. Кім бұрын тапса сол жеңімпаз. Лексикалық ойындар. Мысалы, 3 сыныпта сан есімдерді өткен кезде «Сандар» ойыны ойналады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақтаның оң және сол жағына бірдей сандар жазылады. Мұғалім сандарды бірінен кейін бірін айтып отырады, ойыншылар сол сандарды тез тауып, сызып тастап отырады. Тапсырманы бірінші орындаған топ жеңіске жетеді. Ойын нәтижесінде балалардың сан есім туралы білімі қаншалықты меңгергені тексеріледі. Грамматикалық ойындар. Мысалы, «Қимылдарды көрсету» ойынын қарастырайық. Ойыншылар жұп болып бірнеше топқа бөлінеді. Бір ойыншы мимикамен немесе понтомимамен бір қимылды көрсетеді, ал екіншісі етістіктерді қолдана отырып, бұл қимылды түсіндіруі керек. Мұндай ойындар нәтижесінде көбінесе, етістіктерді ауызша сөйлеуде тез қолдануға дағдыланады. Ал дайындық тобында «Parts of the body» тақырыбын өткенде оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту үшін «Let’s fly» ойынын ойнатуға болады. Бұл ойында оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын екі жаққа көтеріп құс тәрізді ұшады, бірге let's fly, fly, fly деп айтады. Мұғалім «nose» деген сөзді естігенде мұрындарын ұстау керек. Қателескен немесе сөзді білмеген оқушы ойыннан шығады. Сол сияқты «face, head, hand…». Ойын нәтижесінде оқушылар жаңа сөздерді тез меңгереді. Бұл ойын арқылы оқушылардың білім сапасын қалыптастыруда: 1. Грамматиканы жақсы меңгереді; 2. Оқу мен жазу дағдыларын қалыптасырады; 3. Бала бойында тілді үйренуге деген талпыныс пайда болады; 4. Басқа елдің мәдениетіне, өміріне деген қызығушылығы туады; 5. Сөздерді дұрыс айтуға ұмтылады.
Қорыта келгенде, оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Бастауыш сынып пен орта буын сабақтастығы барысында оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушлығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқытудың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет.