А?ылшын тілі саба?ында дарынды о?ушылармен ж?мыс т?рлері
А?ылшын тілі саба?ында дарынды о?ушылармен ж?мыс т?рлері
Баяндама а?ылшын тілі саба?ында дарынды о?ушыларды аны?тап, олармен ж?ргізілетін ?рт?рлі ?діс-т?сілдер жайлы баяндайды.
Саба? – ?стазды? к?п ізденуінен, к?п е?бектенуінен туатын педагогикалы? шы?арма. Ал осы «шы?арманы» алда отыр?ан о?ушылар?а игерту о?ай емес. Ол ?шін м??алімні? біліктілігі, к?птеген ?д?с-т?сілдерді ?олдана білуі, айт?анын о?ушы ж?регіне жеткізе алатындай шешендігі шебер ой ?рнегі болу керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«А?ылшын тілі саба?ында дарынды о?ушылармен ж?мыс т?рлері »
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Күршім ауылы
Н.Островский атындағы
№4 Күршім орта мектебі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Кабанбаева Гульназ Кабиолдановна
Ағылшын тілі сабағында дарынды оқушылармен жұмыс түрлері
Дарындылық – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет.
Шетел ғалымдары дарындылықтың келесі түрлерін бөледі: • интеллектуалды, оның түрі - академиялық • көркемдік, шығармашылық (креативтілік) • модерлік немесе әлеуметтік психомоторлы немесе спорттық.
Дарынды оқушымен жұмыстың мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін:
Дарынды оқушыны таңдаған кезде оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін сынып журналын зерттеу;
Оқушының сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасап, талдау жүргізу;
Әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушы білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтау керек;
Дарындылық – табиғи және тәрбиелеу барысындағы дарындылық болуы мүмкін, сондықтан да оның қалай пайда болғанына қарамастан диагностикасы болуы керек. Дарындылық қабілеттен шығады. Дарынды баланың ақыл-ойы, дербестігі, шығармашылық ой – әрекеті жоғары болады. Ол болып жатқан жұмысқа қанағаттанбайды, өздігінен ізденіп, жаңа әрекет жасайды. Сондықтан мұндай баланы танып, бағыт-бағдар беріп, көмек көрсету – әр ұстаздың міндеті.
Дарынды балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын таңдап алуға болады:
Ғылыми практикалық конференция ( рефераттар, зерттеу жұмысы, жоба қорғау);
Пәндік үйірмелер;
Пәндік олимпиадалар, интернет- олимпиадалар;
Интеллектуалдық ойындар; Үйреншікті дайын әдіс –тәсілдер балаларды қызықтырмайды. Сондықтан қайткен де баланың ойына, сезіміне серпіліс енгізуді мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл –ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сезімін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын қарастыру керек.
Сабақ – ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы «шығарманы» алда отырған оқушыларға игерту оңай емес. Ол үшін мұғалімнің біліктілігі, көптеген әдәс-тәсілдерді қолдана білуі, айтқанын оқушы жүрегіне жеткізе алатындай шешендігі шебер ой өрнегі болу керек.
Сабақта дарынды оқушылардың білімге деген ынтасы мынандай жағдайда төмендеуі мүмкін: тапсырмалардың жеңілділігі және олармен жұмыс жасауға уақыттың аздығы. Осы кемшіліктерді болдырмау мақсатында баланың білімге деген қызығушылығын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Ол жүйе мына төмендегідей:
Тақырыпқа байланысты хабарламалар;
Деңгейлік тапсымалар;
Оқушылардың тақырыпқа, жаңа сөздерге, мәтіндерге байланысты қысқа әңгімелері;
Шығармашылықпен жұмыс істеуге бағытталған тапсырмалар
Жарыстар, сайыстар ұйымдастыру;
Әртүрлі танымдық ойындар ұйымдастыру;
Сабақтың әртүрлі формада өтуін қамту.
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.