«А?ылшын театры» факультативтік ба?дарламасы о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту?а ба?ыттыл?ан. А?ылшын тіліндегі театр – о?у-т?рбие процесіні? ??рамдас бір б?лігі ?ана емес, сонымен ?атар о?ушыларды? шы?армашылы? іс-?ректтеріні? ?айнарк?зі болып табылады.
Атал?ан ба?дарламаны? ?зектілігі - ?азіргі кезде а?ылшын тілін ?йрету жеке ?арым-?атынастарды ескере отырып топты? коммуникацияда болу идеясында. О?ушы т?л?асына топты? ж?мыс жа?ымды ?сер етеді. Шетел тілдерін білу, ?сіресе а?ылшын тілін ?азіргі заманда барлы? жерде де талап етіледі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"А?ылшын театры" факультативтік ба?дарламасы»
ТҮСІНІК ХАТ
«Ағылшын театры» факультативтік бағдарламасы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағыттылған. Ағылшын тіліндегі театр – оқу-тәрбие процесінің құрамдас бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық іс-әректтерінің қайнаркөзі болып табылады.
Аталған бағдарламаның өзектілігі - қазіргі кезде ағылшын тілін үйрету жеке қарым-қатынастарды ескере отырып топтық коммуникацияда болу идеясында. Оқушы тұлғасына топтық жұмыс жағымды әсер етеді. Шетел тілдерін білу, әсіресе ағылшын тілін қазіргі заманда барлық жерде де талап етіледі.
Факультативтік сабақтар кезінде оқушылар қосымша лексикалық бірліктермен танысып, оларды сөйлеу кезінде қолданудың дағдыларын меңгереді. Театралдық қойылымды дайындау мен ойнау оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, үйреніп жатқан тілге деген қызығушылын арттырып, сөйлеу дағдыларының дамуына, бұрын үйренген лексиканы қайталау мен бекітуге және де сөз қорының көбеюіне ықпал тигізеді.
Бұл бағдарламаның педагогикалық мақсаттылығы – ұйымшыл да тату ұжымды қалыптастыру. Ағылшын тіліндегі театралдық шығармашылық ұйым оқушыларда көркемдік қабілеттерді дамытып, ұжымшылдыққа, өзара көмек беруге үйретіп, еңбекке деген сүйіспеншілік сезімін дамытып, ағылшын тіліндегі жаңашылдықты тануға деген қызығушылығын оятады.
Бағдарламаның мақсаты: ұжымдық шығармашылық іс-әрекет арқылы оқушыларда шетел тілдік коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттеріннің дамуына жағдай жасау;
шетел тілін үйренуге оқушылардың мақсаттылығын арттыру, білім, дағды мен қабілеттерін белсендіру;
оқушылардың психологиялық күйзеліс пен комплекстерін жоюға әсер ететін жағдай жасау;
оқушылардың көркемдік қабілеттерінің ашылуына жағдай жасау.
«Ағылшын театры» бағдарламасының осыған ұқсас басқа бағдарламалардан ерекшелігі - үйреніп жатқан тілдің мемлекетінің салт-дәстүрлерімен таныстырып, Ұлыбритания мерекелерінің театрландырылған қойылымдарын ұйымдастыру жоспарланған.
Ұсынылып жатқан бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына – 34 сағатқа есептелінген.
Сабақтың формалары:
лекция
ойын
дайындық
әңгіме
декорация жасау
Күтілетін нәтиже:
оқушылардың жалпы мәдени деңгейінің жоғарылауы;
оқушылардың көркемдік қиялдау қабілеттерін дамыту;
өз күші мен мүмкіндіктеріне сенімін арттыру;
ағылшын тілінен білім мен дағдыларын одан әрі дамыту;
ағылшын тілінде қойылымдарды қою мен көрсету.
Бағдарламаның мазмұны
1. Кіріспе (2 сағат).
Ағылшын театры туралы сөйлесу.
2. Ұлыбританияның мерекелері (10 сағат).
Хэллоуин. Мерекенің пайда болу тарихы.
Ұлыбританияда Рождество мерекесі. Дәстүрлі рождестволық тағамдар. Рождестволық құттықтаулар.
Санта Клаус. Ағылшын Санта Клаусы мен орыстың Аяз Атасы.
Ризашылық Күні. Мерекенің шығу тарихы.
Аналар Күні. Мереке туралы қысқаша мәлімет. Аналарға арнап өлеңдер жаттау.
3. «Үш аю» қойылымы (10 сағат).
Костюмдер мен декорацияны жасау.
Сахна 1. Аюлар тамақ үстінде.
Сахна 2. Аюлар қызды қуып жатыр.
4. «Қызыл телпек» қойылымы (10 сағат).
Жаңа лексиканы енгізу, сөздерді жаттау.
Костюмдер мен декорацияны жасау.
Қойылымды дайындау мен қою.
Сахна 1. Қызыл телпек әжесіне бара жатыр.
Сахна 2. Қызыл телпек пен қасқыр.
Сахна 3. Ағаш кесушілер.
ТАҚЫРЫПТЫҚ- КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР
№
Тақырыбы
Сағат саны
Күні
1
Кіріспе. Театр туралы әңгіме.
2
2
Ұлыбританияның салт-дәстүрлері.
2
Ұлыбританияның мерекелер (10 сағат)
3
Хэллоуин мерекесі
2
4
Рождество мерекесі
2
5
Санта Клаус.
2
6
Ризашылық Күні
2
7
Аналар Күні.
2
«Үш аю» қойылымы (10 сағат)
8
Жаңа лексиканы енгізу.
2
9
Дайындық.
6
10
Декорация жасау.
2
«Қызыл телпек» қойылымы(10 сағат)
11
Жаңа лексиканы енгізу.
2
12
Дайындық.
6
13
Декорация жасау.
2
Барлығы 34 сағат
Әдебиеттер тізімі:
1.Багрова Е.О. Примерная прог
рамма дисциплины «Сценическая речь». М., 2004.
2. Димент А.Л. Тематические вечера на английском языке. М.: Просвещение,1988.
3. Родкина К.А., Соловьева Т.А. Стихи и пьесы для детей: Сборник на английском языке для учащихся 7-9 кл. сред. Шк. М.: Просвещение, 1989.
4. Брюсова Н.Г. English for fan-1. 7-11 кл. М.: Дрофа, 2001.