1-2 сынып о?ушыларын а?ылшын тілін ?йретуді? н?тижелігі
1-2 сынып о?ушыларын а?ылшын тілін ?йретуді? н?тижелігі
Та?ырыбы:1-2 сынып о?ушыларын а?ылшын тілін ?йретуді? н?тижелігі
Ма?саты:Ерте жастан а?ылшын тілін о?ыту о?ушыларды? коммуникативті даму біліктілігін арттыру.
?ай заманда болмасын адамзат алдында т?ратын ?лы ма?сат – саналы ?рпа? т?рбиелеу. ?азіргі ?аза?станды? ?о?ам к?п?лтты?, к?птілділік ж?не к?пм?дениеттілік жа?дайда. Сонды?тан осы ?о?ам?а бейімделген к?п тілді ме?герген м?дениетті т?л?а ?алыптастыру- ?зекті м?селелерді? бірі. Сонымен ?атар осы ма?сат?а жету жолында тіл м?селесін с?зге тиек ете отырып, жа?а ?рпа? е? кем дегенде ?ш тілді біліп, ?аза?, орыс ж?не а?ылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Бастауыш сынып барлы? білімні? ?алануыны? негізі. Бастауыш сынып о?ушыларына нені ?йретсе? соны санасына сі?іретін на?ыз ?абылдау жасында бол?анды?тан, мейлі ?андай тіл болмасын ?те тез игеріп алу?а болады. Балдыр?андарымыз тіл жа?ын ны? басса, алда?ы болаша?та н?рлы жол?а ?адам тастауына негізі ?аланар
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«1-2 сынып о?ушыларын а?ылшын тілін ?йретуді? н?тижелігі»
Тақырыбы:1-2 сынып оқушыларын ағылшын тілін үйретудің нәтижелігі
Мақсаты:Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттыру.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру- өзекті мәселелердің бірі. Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолында тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, жаңа ұрпақ ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады. Балдырғандарымыз тіл жағын нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам тастауына негізі қаланар.
Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезілгенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша үйрету тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Мектебімізде былтырғы жылдан бастап бірінші сыныптан ағылшын тілі оқытыла бастады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты-оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу-уақыт талабы. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы-дұрыс талап. Бастауыш жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ.
Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім. Осы мақсатпен Балтасап негізгі мектебінде қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолданудамын. Орта буын оқушыларына қарағанда бастауыш сынып оқушылардың, яғни 1-2 сынып оқушыларда еліктегіш қасиеті жақсы дамыған, сондықтан олар ағылшын тілін үйренгенде азырақ қиналады. Сонымен қатар, олар ағылшын дыбыстарын, сөздерін, сөйлемдерін қайталағанды ұнатады. Аудиоматериалдарға еліктеу арқылы үйренеді, бірақ бұл балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу үшін сөйлеу мүшелерінің жұмыстарын түсіндіруге болады.1 және 2 сынып оқушыларының айырмашылығы, 1 сынып оқушыларының негізгі іс-әрекеті ойнау іс-әрекеті болып табылады, сондықтан ағылшын тілін үйрету үшін мен осы факторды ескере отырып әртүрлі ойындарды пайдаландым. Ойынды 2 сынып оқушылары да ойнағанды ұнатады, бірақ оларды ағылшын тіліне оқыту үшін тек ойындарды ғана емес, әртүрлі тапсырмалар, жаттығуларды да орындатқызу керек. Ойын арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді. 1 сынып оқушылары бірінші жартыжылдықта тек стикерлер арқылы мадақталып,оқушының уәжіне қарай жұмыс жасалса, екінші жартыжылдықта жаттаған жаттауларымен қатар дара орындаған тапсырмалары үшін бағаланады. 2 сынып оқушылары екі жартылдықта да бағаланады.
Балтасап негізгі мектебінің 2014-2015 оқу жылындағы 1-2 сынып оқушыларының ағылшын тілі пәнінен білім мониторингісі (Сурет 1)
Сурет 1
Оқушыларды тек үйреншікті 4 және 5 деген бағамен бағаламай, өзін-өзі және басқаны да бағалауға үйретуіміз қажет. Cоның бірде-бір тиімді әдісі ол-ойын. Егер мұғалім ойынды тек балаларды көңілдендіруге, дем алдыру үшін ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп, ойналған кезде ғана нәтижелі болады.
Ойын дегеніміз:
іс-әрекет (тілдік)
қызықтыра отырып үйрету
баланың психикасын, ой- өрісін дамыту
Ойындар арқылы мұғалім балаларға жаңа сөздерді,сөз тіркестерін үйрете алады. Шет тілінде лото, карта, домино, жұмбақтар, кроссвордтар, байқаулар түрінде де, лингвистикалық ойындар, қолғап ойыншықтар, жануарлар, көкөністер т.б. түрінде де ойналады. Шетел тілін үйрету ойынының мынадай түрлері бар:
Грамматикалық ойындар
Фонетикалық ойындар
Лексикалық ойындар
Орфографиялық ойындар
Рольдік ойындар
Ағылшын тілі сабағының әр кезеңінде ойын элементтерін пайдаландым. Мысалы: сабақтың басында ұйымдастыру бөлімі кезінде алынатын фонетикалық рифмовка алған кезде, ал кәне кім мына өлеңді бірінші жаттап алып, маған айтып берер екен деп жарыс ойынын ұйымдастырса және эстафета таяқшасын дайындап алып барып, оны алда отырған оқушыға берсе, ал оқушы өлеңді айтып болып, келесі оқушыға берсе, балалар жарыса отырып өлеңді қалай жаттап алғандарын байқамай да қалады.
Сабақ процесінде ойын пайдаланылған кезде баланың миында Не істеймін? Қалай айтам? Қалай жеңем? деген сұрақтар тұрады. Ағылшын тілін нашар білетін бала ойын басқалармен бірдей үйретіліп жатқан тілде сөйлеп, мен де басқалармен бірдей екенмін ғой, мен де біледі екем деген ойда болады. Психологтардың айтуы бойынша бастауыш сыныптардың балалары ойын іс-әрекетінен оқу іс-әрекетіне көшеді. Дегенмен, ойынның маңызы бұл жаста мол. 6-7 жастағы балалардың қызығушылығы мол, жаңа тақырыпты қабылдағанда әдемі, қызықты заттарға назар аударады, бірақ олардың назары тұрақсыз болып келеді. Балалар 2-3 минуттан астам әңгімесін тыңдай алмайды, сондықтан сабақ түсіндіргенде сұрақ-жауап тәсілін қолданған жөн деп есептедім. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ отыра алмайды,тез шаршағыш болады, сондықтан 10-15 минут сайын ойындар, қимыл іс-әрекет жаттығулар өткізген жөн. Мысалы: сабақты әдеттегі дәстүрлі түрмен бастамай, алдымен оқушыларға сабақтың тақырыбын және мақсатын өздері табуына жағдай жасау,яғни қажеттіліктерін өтеу.Сергіту сәттерін тек сабақ ортасында ғана емес, сабақтың басында да жасау.Ол сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастырады.
Әдетте 6-7 жастағы балалар жалпы жасалған нұсқауларды қабылдамайды, сондықтан тапсырма беру үшін әр балаға жеке ескерту жасаған жөн.Оқушылардың қажеттілігіне сай, жас ерекшелігіне сай жеке тапсырма беру, жұппен және топпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тіліне үйретуге арналған бағдарлама бар. Осы бағдарлама бойынша шетел тіліне оқытудың мақсаттары: белгілі бір шетел тілі бойынша оңай біліктіліктерге үйрету, яғни қарапайым әңгімені түсінуге үйрету және шет тілінде сөйлеуге үйрету болып табылады. Бағдарламада Отан, отбасы, сандар, түстер, көкөністер, тағамдар, жануарлар тақырыбында материалдар енгізілген. Қойылған мақсаттарға жету үшін мұғалім 6-7 жасар балалардың психологиялық ерекшеліктерін білуі . Бұл жастағы балалар шет тілін үйренуге икемделген: олар қысқа тіл материалын оңай жаттап алып, оны айтып бере алады, бірақ бала өскен сайын бұл қабілеттерді жоғалта бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйреткенде басты төрт дағдыны үйретеміз. Олар: тыңдау, оқу, сөйлеужәнежазу. Бірінші сыныпта осы төрт дағдыны қалыптастыру сақталған, олар қайталап, жаттап, ойыншықтарды бейнелеп, әртүрлі ойындар меңгереді. Оқытуда жаңа технологияларды қолданып, мысалы әндерді бірге орындауға, тексттерді тыңдатуға т.б. қолданылса, көзбен көріп үйренген есте көп сақтайды.
Қорыта келгенде, оқушылардың білім,білік шеберліктерінің жан – жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді.Ойын арқылы оқушылар түрлі дағдыларды меңгеру барысынды оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауғы дағдыланады. Бастауыш сынып пен орта буын сабақтастығы барысында оқу үдерісінде «ойын» түрлерін пайдалану,біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Орындаған: Балтасап негізгі мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Малгаждарова Жадыра Муртовна