kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

The friendliest country in the world

Нажмите, чтобы узнать подробности

The West African country of Burkina Faso is one of the poorest in the world in terms of GDP and receives only a small number of visitors each year. However, the tourism industry in the country is growing, perhaps encouraged by the geniality of its people. The scenery of Burkina Faso is breath-taking, ranging from natural waterfalls to wildlife parks. It also boasts a thriving artistic and musical community and is full of historical sites, making it one of the most appealing destinations on the continent for those who want to soak up some African culture.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«The friendliest country in the world»

Қазақстан Республикасының орман аймақтарының алуантурлілігі

Қазақстан биологиялық алуан түрлілігі мен ландшафтардың байлығы жөнінен көршілес Орталық Азия рес­публикаларынан едәуір алда тұр. Солай бола тұра, Қа­зақстан орманы аз мемлекеттер қа­тарына жатады. Ормандар республи­ка аума­ғының төрт пайыздан жоғары ғана бөлі­гін көмкерген және де бұл көрсеткішке сек­сеуіл екпелерінің арқасында ғана қол жетіп, олар орман алқаптарының тең жартысына жуығын алып жатыр. Орман белдемдеріэкваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде таралған.Орман белдемдерінде табиғи күйінде ағаш-бұта өсімдігі басым орын алады; ылғал артық немесе жеткіліктіжағдайда қалыптасады.Республика аумағының ауқымды бөлігіндегі кли­ма­тының күрт құбылмалығы қалың орман өсуіне кедергі болып, бұл ормандарды молықтыруды қиындата түседі. Бүгінгі таңда орман секторын дамыту басымдықтарының бірі болып табылатын – ормандарды қалпына келтіру жұ­мыстары бәсеңсіп, саланың дәйекті дамуы­на кедергі болып отырғанын атап өту керек. Елдің орман ресурстарын сақ­тау және ұтымды пайдалану мәселелері бо­йынша ұзақ мерзімді бағдарламаның болмауы – орман саласының проблемаларын шешу жөніндегі мемлекеттік орган­дардың күш-жігерін жүйесіз және бере­кесіз сипат­қа алып келіп отыр. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан да жасыл аймақтарды дамытуға тиісті дәрежеде көңіл бөлінбейді. Мемлекеттік «Қалалардың жасыл аймақ­тарының құрамы және мөлшері» атты стан­дартына сәйкес, жасыл аймақтар көлемі – 326 мың га болуы тиіс. Алайда, респуб­ли­калық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының жасыл аймақтары­ның көлемі – 111 мың гектардан аспайды.Одан әрі депутаттар ормандарды сақтау, ағаш кесу жұмыстарын шектемеу және т.б. орман қорының азып-тозуына соқтырып отырғанын бірнеше мысалдармен айтады. Сондай-ақ, орман қорғау қызметкерлері жалақысының төмендігін, әлеуметтік жағынан қорғалмауын да тілге тиек етеді. Осының бәрін айта келіп депутаттар «орман шаруашылығы эко­номикасының орнықты дамуы үшін және салада қордаланып қалған проблемалық мәселелерді шешу үшін стратегиялық құжат қабылдау» қажеттігін жазады.Депутаттардың мәселені ұзақ зерттеп, жан-жақты толғанып жазған сауалдарына Үкіметтен қысқаша ғана жауап келді. Онда орманды сақтау және оны ұтымды пайдалану мәселелері бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық құжат, яғни бағдарлама қабылдау мүмкін емес делінген. Өйткені, делініпті жауапта: «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 92-қадамында мемлекеттік бағдарламалар санын қысқарту және салалық бағдарламаларды жабу көзделген. Осыған байланысты мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды оңтайландыру барысында орман шаруашылығын дамыту мәселелері Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарына және жергілікті атқарушы органдардың аумақтарды дамыту бағдарламасына біріктірілген. Сөйтіп, артық бағдарлама қабылдан­бай­тындықтан, депутаттар орман шаруа­шылығын дамыту мәселесін Ауыл шаруа­шылығы министрлігі мен жергілікті атқа­рушы органдардан ғана сұрайтын болыпты. Әрине, қоғам мен орманның қатар дамуы қашанда біркелкі болды деуге болмайды. Мы­са­лы, адамның дәрменсіз (қарусыз, отсыз) кезіндегі аса зиянсыз орман пайдалануы кейін ағаш дайындау, өрт салу сияқты әрекеттермен алмасып, қайшылықтар көбейді, ормандар жыл­дам азая бастады. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы тарихи мәлі­меттерге сүйене отырып, дүние жүзінде 8 млрд. гектар орман болғанын, олардың өткен ғасырдың сексенінші жылдарына қарай 3,6 млрд. гектары, ал қазіргі кезеңде тек 3,2 млрд. гектары ғана қалғанын анықтаған. Әсіресе, соң­ғы екі ғасырда орман өртінің және оны жаппай кесудің салдарынан жер жүзі ормандарының 40%-ы жоқ болып кеткен. Бұрын адам аяғы баспаған тропикалық ормандардың соңғы 35 жыл ішінде бестен бірі жойылған. Ал қазір дү­ние жүзіндегі орман қоры жылына шамамен 17 млн. гектарға азайып отыратыны ащы шындық. Дегенмен, бұл мәліметтерден жер бетіндегі орман қорының жанашырлары мен қорғау­шы­лары болмады деген ой тумауы керек. Шынына келгенде дүние жүзінде орман қорғау мен орман шаруашылығы ертеден ұйымдас­тырыл­ған істердің бірі. Кейбір мемлекеттерде орман шаруашылығын жүргізу жүйесі бұдан 4-5 ғасыр бұрын қалыптаса бастаған. Мысалы, Фран­ция, Германия, Австрия және Скандинавия елдерінде орман шаруашылығын ұйым­дастыру негіздері 15-16 ғасырларға барып тіреледі. Кейін ол мемлекеттердегі жүйелі орман ісі Ре­сейге тарап, онда классикалық орыс орман­шы­лығы қалыптасты. Оған бұдан 13 жыл бұ­рын Ресей Федерациясы бойынша бірінші рет Орман департаментінің (1798 ж.) құрылғанына 200 жыл толуы кеңінен аталып өткені айғақ. Қазақстан жерінде орман басқару ісі Ресей үлгісімен ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде бас­талды. Ол алдымен жақын орналасуына байла­нысты еліміздің батыс аймағына, одан соң оңтүстігі мен солтүстігіне тарап, кейін жан-жақ­ты дамыған орман шаруашылығына ай­налды. Республикамыз биыл 20 жыл толатын тәуел­сіздік дәуірін де қарқынды даму жолына түсірді. Ол бүкіл экономикасын нарықтық қа­тынастарға көшіруде үлкен табысқа жетіп, тек Орталық Азия емес, бүкіл ТМД елдерінің алдына шықты. Бірінші дүниежүзілік орман конгресі 1926 жылы Римде (Италия) өтті. Одан кейін 1936 ж. Будапеште (Венгрия), 1949 ж. Хельсинкиде (Финляндия), 1954 ж. Дехрадунда (Индия), 1960 ж. Сиэтлде (АҚШ), 1966 ж. Мадридте (Испания), 1972 ж. Буэнос-Айресте (Аргентина), 1978 ж. Джакартада (Индонезия), 1984 ж. Мехикода (Мексика), 1991 ж. Парижде (Франция), 1997 ж. Анталияда (Түркия), 2003 ж. Квебекте (Канада), ал 2009 жылы екінші рет Буэнос-Айресте (Аргентина) өткізілді.

Экваторлық және субэкваторлық белдеулер Экваторлық белдеудің көп жерін: Экваторлық Африканы, Оңтүстік Америкадағы Амазона өзенінің алабын, Малайя топаралдарын және Мұхиттық аралдарды экваторлық ылғалды, мәңгі жасыл ормандар белдемі (гилея белдемі) қамтиды. Күлгінденген ферраллит топырақта сан алуан өсімдік түрлері өседі(пальмалар, эпифиттер және лианалар). Мұхит және теңіз жағалауларындамангр тоғайлары кездеседі. Табиғат жағдайлары маусымға байланысты өзгермейді. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы субэкваторлық белдеулерде экватордан алыстаған сайын ұдайы ылғалды ормандар ауыспалы ылғалды ормандар белдеміне өтеді. Мұндағы ағаштардың біразы құрғақшылық маусымда суды аз буландыру үшін жапырағын тастайды. Тропиктік және субтропиктік белдеулері Тропиктік және субтропиктік белдеулердегі орманды белдемдеріне жазы ыстық, қысы жылы климат тән. Өсімдік вегетациясы жыл бойы тоқтамай жүреді. Бұл белдемдердегі өсімдік вегетациясының қарқыны жылу мөлшерінің маусымдық өзгерістерінен гөрі ылғалдану сипатының өзгерісімен байланысты. Орман тропиктік белдеудің шығыс аймақтарында, Солтүстік Американың оңтүстік-шығысында, Орталық және Оңтүстік Америкада, Африканың және Австралияның шығысында таралған. Ұдайы ылғалды ормандарда қызыл-сары латериттік топырақта мәңгі жасыл ағаштар өседі. Маусымдық ылғалды ормандарда қызыл ферралит топырақта мәңгі жасыл ағаш түрлерімен қатар құрғақшылық кезеңде жапырақ тастайтын ағаштар өседі. Субтропиктік белдеудегі орман белдемі – гемигилей муссондық аралас орман' және жерорта теңіздік құрғақ ормандар мен бұталар белдемшелерінен тұрады. Гемигилей бүкіл жыл бойы ылғал өте мол түсетін аудандарға тән (Солтүстік Американың оңтүстік-шығысы, Бразилия таулы үстіртінің оңтүстігі, Оңтүстік-шығыс Африка, Жаңа Зеландияның солтүстігі). Мұнда қызыл-қоңыр, сары және қызыл топырақта мәңгі жасыл ормандар өседі. Азияның, Солтүстік және Оңтүстік Американың, Австралияның климаты муссондық шығыс шеткі аудандарында лианалар шырмаған, орман асты шілігі қалың, көп қабатты аралас ормандар өседі. Климаты жерортатеңіздік аймақтарда (негізінен Жерорта теңізі төңірегі) орманның қызыл қоңыр топырағында қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар (маквис, гаррига, фригана, т.б.) таралған.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
The friendliest country in the world

Автор: Сулеймен Айжан Сулейменқызы

Дата: 16.05.2017

Номер свидетельства: 416057


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства