Просмотр содержимого документа
«Презентация"А?ылшын ж?не ?аза? ма?ал-м?телдеріні? ??рылымды?, ма?ыналы? ерекшеліктері ж?не ??састы?ы"»
Ғылыми жоба
Оқушы:Оспанова Диляра
Жетекші:Жанысбаева А.Б.
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҰҚСАСТЫҒЫ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
2.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев, т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.
2.2 Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 MM), 1508 жылы Венецияда "Chiliades" (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты/2/.
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім. Мысалы, зерттеу жұмыстары ғалым А.В. Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Курс английского языка", "Курс фразеологии современного английского языка" тәрізді көлемді ғылыми еңбектері мен "Англо-русский фразеологический словарь" сөздігі т.б.
2.3 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру
Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары. Тіл білімінде ММ-дерді топтастырудың бірнеше қағидасы бар, енді солардың негізгі түрлеріне тоқталайық.
1. Әріптік, әліпбилік (алфавиттік) топтастыру. Аты айтып тұрғандай, топтастырудың бұл түрінде мақал құрамындағы алғашқы сөздің басқы әрпі негізге алынады. И.С. Гварджаладзенің, Г.Л. Айшерсонның, B.C. Смиттің жинақтарында ағылшын мақал-мәтелдері әліпбилік тәсілмен түзілген, Тілдік бірліктерді осы тұрғыдан топтастырудың тиімділігін оның қарапайымдылығымен, қолдануға қолайлығымен, ал кемшілігін басқы әріп негізге алынатындықтан, мағыналас тіркестердің басқа топқа саралануымен түсіндіруге болады.
2.4Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары
Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі арқылы кезендерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай белігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақта тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады./21/
2.5 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық және мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары
Паремиология мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты-нақыл сөздерді жан-жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі. Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен қүнарлысы болып саналатын мақал-мәтеддер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін универсалдық құбылыс. Қазақ тіл білімінде барлық тілдердің екі түрлі қызметін атап көрсетеді: оның біріншісі қоғам мүшелерінің өзара түсінуіне; пікір алмасуына қажетті қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі де, екіншісі-өмір шындығын, барлық болмысты өзінде бейнелеп көрсету қызметі. Мақал-мәтелдердің табиғатына тән қасиет тілдің осы екінші қызметіне байланысты, өйткені олар белгілі бір гілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен барлық болмысының куәгері іспеттес, оның дүниетанымы мен, даналығын бойында сақтап, атадан балаға, үрпақтан-үрпақа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра, рухани қазына болып табылады.
Ағылшын баламасы
Қазақша баламасы
"It is useful to lock the stable door, when the steed is stolen"