А?ылшын тілі саба?ында ?рбір о?ушыны? саба??а белсенді ?атысуыны?,ауызекі с?йлеуге ??лшындыратын,а?ылышн тілін о?ып ?йренуге талпынысы мен ?ызы?ушылы?ын арттыратын ?діс т?сілдер т?рі ерекше орын алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«А?ылшын тіліні? маныздылы?ы»
Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының,ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады.
Ойын дегеніміз –жас ерекшелікке қарамайтын,адамның көңіл-күйін көтеретін,ойландыратын үрдіс.Ойын төзімділікті,алғырлықты,тапқырлықты,ұқыптылықты,ізденімпаздықты,іскерлікті,дүниетаным өрісінің көлемділігінің,көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді элементтердің бірі.
Ол ойындар баланың тапқырлығын,байқағыштығын,зейінділігін арттырумен қатар,ерік сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері өте көп.Соның ішінде бастауыш және орта буын сыныптарда пайдаланатын: ойын – сабақ, ойын – жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар т.б Осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы ойындарды оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш – ырғақ.Сөйлеу ырғағын құру мұғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең киын іс әрекеті.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру.Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды.Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап,ой-өрісін кенейте алады,білім алудағы қызығушылығы артады.Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Қазіргі заманда да оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген.
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдануының негізгі алты мақсаты бар:
1.Белгілі бір дағдыларды қалыптастыру.
2.Белгілі бір тілдік білімдерін дамыту.
3.Қарым –қатынас жасай алуға үйрету.
4.Қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту.
5.Танымдылық.
6.Тілдік материалды есте сақтау.
Оқу үдерісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқытудың бір түрі ретінде қызықты,жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үдерісін жеңілдететінің ескеру қажет.Оқытушының сабаққа қойған мақсатына міндетіне және шартына байланысты ойын байсалды,қимыл қозғалысты немесе шектеулі қимыл қозғалысты басқа да жұмыс түрлерімен кезегімен ауыстырылып отвру керек.
Сонымен ойын – жағымды эмоционалды күй құралы ретінде дәрісханада жалықтыратындай көңіл-күйге түсіретін белгілі тапсырмаларды бірқалыпты орындауға қарағанда оқушы мен оқытушының қызығушылығын және еңбекке қабілеттілігін жоғарылатылады.