kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Talgat,Tokhtar, Aidyn are cosmonauts

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данный материал содержит с ознокомлением с астронавтами Казахстана

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Talgat,Tokhtar, Aidyn are cosmonauts»

Жалпы білім беретін Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешені

Күні:

Тексерілді:

Балабақша әдіскері: Назарова С.Е.


Тақырыбы: Cosmonaut

Білім беру саласы

«Коммуникация»

Бөлімі

Ағылшын тілі

Тақырыбы

Cosmonaut

Мақсаты

Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Қажеті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер

қазақтың тұңғыш ғарышкерлерінің, ғарыш кемесінің суреттері, слайд, пішіндер.

Лексикалық бірлік

Ғарышкер-сosmonaut

Жер- Земля-Earth

Аспан-Небо-Sky

Ғарыш-космоc-Spacе

Ай-Луна-Moon

Жұлдыз-Звезда-Star

Күн-солнце-Sun


Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Hello kids!

- How are you?


Мұғаліммен амандасады, өздерінің көңіл күйлерін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Келіңдер балалар, шаттық шеңберіне тұрайық,

“Five little astronauts jumping on the moon,
One fell off and bumped his head,
Momma called the doctor and the doctor said
No more astronauts jumping on the bed!

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Себебі барлығымыз ғарыш әлеміне сапарға аттанамыз.

Ғарыш әлемін және аспан денелерін ағылшын тілінде айтып үйренейік:

Жер- Земля-Earth

Аспан-Небо-Sky

Ғарыш-космоc-Spacе

Ай-Луна-Moon

Жұлдыз-Звезда-Star

Күн-солнце-Sun

Айтыңдаршы біз қайда өмір сүреміз? Біз нені басып жүрміз?

Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар?

Балалар жұмбақты шешіп,шешімін ағылшын тілінде атайық.

Балалар, мына жұмбақтарды мұқият тыңдап, шешуін айтайық:

Жұмбақ: Бірде орақ, бірде доп,

Бірде бар да бірде жоқ.


Қараңғыда жымыңдайды жанады

Жарық түссе, бірден сөніп қалады.



Балалар адамдар ең алған ғарышқа Лайка деген итті ұшырып көрген. Бірақ ол ит қайта оралған жоқ.


Күн,ай, жұлдыздар аспан денелері деп аталады.

Ай алғаш жарты ай болып көрінеді, содан бірте-бірте ай толады.

Жұлдыздар өте көп және олар бізге кішкене болып көрінеді.

Балалар күн жерден де үлкен. Ол жерден өте ұзақ, сондықтан күн бізге кішкене болып көрінеді. Егер күнді жерге жақындатсақ, ол жердегі барлық тіршілікті өртеп жіберер еді.

Балалар адамдар ғарышқа не үшін ұшады деп ойлайсыңдар?

Ал ғарышқа кімдер ұшады?


Ең бірінші болып ғарышқа зерттеуге ұшқан ресейлік ғарышкер екен. Ол кім екен?.

Ал әйел адамдардан В. Терешкова, кейін Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты Олар: Т. Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетов

Презентация көрсетіледі

- Балалар қалай ойлайсыңдар ғарышкерлер қандай болулары керек?

Ал айтыңдаршы, зымырандар қайдан ұшады?

Ал ғарышқа немен ұшуға болады екен?

- Балалар, кәне, тексерейікші сендер ғарышқа ұшу үшін дайынсыңдар ма? Жарайсыңдар балалар, енді біз қазір шынығып алайық.

Сергіту сәті

- Орнымызда тұрамыз, қолдарымызды созамыз. Мен санаған кезде алдымен оң жаққа қарай бұрылып, айналамыз, сосын сол жаққа қарай. Жарайсыңдар!

Ойын: «Суретті құрастыр»

- Балалар алдымыздағы пішіндерді пайдалана отырып ойын ойнайық.Қиындыларды құрастырып, ненің суреті шыққанын айтады.

- Ал енді біз қазір сендермен ғарышқа ұшамыз. Ол үшін біз ғарышкерлер киетін киім киіп алуымыз керек: комбинизон, қолғап, ал басымызға скафандр. Скафандрды не үшін киеміз? Дұрыс демалу үшін, тоңбау үшін, қауіпсіздікті сақтау үшін. Ал енді әркім өз орнында орналасыңдар, белбеуімізді тағамыз. Дайынбыз ба?

Қане кері санайық

5, 4, 3, 2, 1 ұшты

Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрынмызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Балалар біз ғарышқа да жеттік.

Жарайсыңдар, ал енді орнымыздан тұрып, дүрбілерімізбен жан - жағымызға қарайықшы. Не көріп тұрмыз?

- Қандай планета көріп тұрсын? Ол қандай екен?

Ғарышта сегіз планета бар: Жер, Шолпан, Меркурий, Нептун, Юпитер, Сатурн, Уран, Марс.

- Ал, жарайсыңдар, енді неге тұрмыз? Кәне тағы дүрбілерімізбен қарайық.

- Мен де роботтарды көріп тұрмын. Кәне «Роботтар» ойынын ойнайық.

- Менің командам бойынша қимыл - қозғалыс жасайсыздар:

Солға қадам, оңға қадам

Алға қадам

Артқа қадам

Секіреміз бір рет

Отырамыз

Түзу тұрамыз

Роботтар сынды. (денелерін босатады)

Ал енді орнымызға отырып жерге қайтайық. Белбеуімізді тағайық, ал кеттік!

Кері санаймыз 5, 4, 3, 2, 1

Балалар әңгімені түсініп тыңдайды.

Ғарышқа ұшу арқылы адамдар ай мен күннің жерге берер әсерін, зиянын пайдасын зерттейді.

Рефлексті қозғаушы

Жақсы, балалар, міне жерге де келіп жеттік. Ой, балалар бізді мына жерде қонақтарымыз қарсы алып жатыр. Кәне, қолымызды бұлғайық.

«Достық космодромы»

-Well done!

Балалар дөңгеленіп, шеңбер құрады.


Мұғаліммен бірге қайталайды.










Жаңа сөздерді қайталайды



Сұрақтарға жауап береді, мұқият тыңдайды.

-Жерде

-Аспан






Ай



Жұлдыз







Балалар зер салып тыңдайды.












Өз ойларын айтады

-Ғарышкерлер.




-Ю. Гагарин



Презентацияны тамашалайды


-Мықты болу керек

-Байқоңыр ғарыш алаңынан


-Зымыранмен


-Иәәә





Балалар белгі бойынша сергіту жаттығуларын орындайды.




Зымыранның суретін құрастырып шығады.










-иәә


-балалар кері санайды

Мұрынмен дем алып ауызбен шығарады.




Жан-жақтарына қарайды

-планеталар

-планеталардың суреттерін қарастырып, атауларын қайталайды




-Дүрбімен қарайды





Мұғалімнің айтуымен қимылдар жасайды




Балалар қуанады!

Алақай












-Қолдарын бұлғайық

Балалар бірге өлең жолдарын айтады.


Рефлексивті-түзетушілік

- Балалар, бүгін біз ағылшынша қандай сөздер үйрендік? Олар нені білдіреді? Good for you!

Good bye!


Сұрақтарға ойланып, жауап береді.





Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр, зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің киімі туралы.

Нені игереді

Ғарыштағы планеталарды

Нені біледі

«Ғарыш әлемі» туралы түсініктерді меңгереді.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Talgat,Tokhtar, Aidyn are cosmonauts

Автор: Умбетова Айнур Нурболатовна

Дата: 24.05.2019

Номер свидетельства: 512118


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства