Ма?саты: О?ушыларды? ?з ана тіліне деген ??рмет сезімін арыттыру, тіл м?ртебесін к?теру, таза с?йлеуге ?йрету ?з ?лтына, еліне деген с?йіспеншілігін ояту. Ана тілімізді? т??ырыны? мы?ты болуына негіз ?ала?ан бабаларымызды? ?сиетін ?ран ету. ?аза? тіліні? м?ртебесін к?теру. ?аза?стан мемлекетінде т?ратын барлы? халы?тарды? тілдерін ??рметтеу, ?ш тілге де то?талып ?ту.
Армысыздар ??рметті ?стаздар мен о?ушылар біз б?гін тілдер мерекесіне орай « Ана тілім - дана тілім» атты т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер.
?уан ?ал?ым ?уанатын к?н б?гін
Тіл за?ыны? к?шіне енген к?н б?гін
?аза? тілі - ата?, ана?
?уат алар отанда одан
Д?ниеде ешбір асыл
Те? келмейді ?атар о?ан
?аза? тілі – ?асиетті бабамыз
?ыр – сыры ке? ке?дігіндей даламызды?
Тіл м?ртебе ?лт мерейі с?німіз
М??гі ба?и шыр?алатын ?німіз
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Ана тілім- дана тілім".»
Ана тілім- дана тілім.
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арыттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу, үш тілге де тоқталып өту.
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар біз бүгін тілдер мерекесіне орай « Ана тілім - дана тілім» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Қуан қалқым қуанатын күн бүгін
Тіл заңының күшіне енген күн бүгін
Қазақ тілі - атаң, анаң
Қуат алар отанда одан
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған
Қазақ тілі – қасиетті бабамыз
Қыр – сыры кең кеңдігіндей даламыздың
Тіл мәртебе ұлт мерейі сәніміз
Мәңгі бақи шырқалатын әніміз
Кезекті әнге береміз –
Жүргізуші: Армысың ардақты анам – қазақ тілім
Бір өзіңнен тараған өнер білім
Құтты болсын бүгінгі тіл мейрамы
Жарқын болсын әрқашан келер күнің
Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын 6 тіл бар олар ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері. Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тіл білуіміз керек
Кезекті оқушыларға береміз
Динара 1- оқушы
Родной язык
Он с детство мне знаком
На кëм в первые я сказала мама
Родной язык!
Он дорог, мне он мои
2 – оқушы.
Қазақ тілі өз тілім, ана тілім
Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым бақытым дара тілім.
3 – оқушы.
Kazakhstan is my country
Kazakhstan is my Land
I Live here with my friends
Kazakhstan is my Land
One omond many countries
Native land mother
Native land universe
Native land Kazakhstan.
4 – оқушы
Танытқан қазағымның қазақтығын
Танытқан қазағымның ғажаптығын
Танытқан қазағымның азаттығын
Айналдым құдіретіңнен , Қазақ тілім.
5 – оқушы
Сағындырғын ана тілім армысың
Сағындырған ана тілім бармысың
Осы тілде бар азамат ұғысқан
Осы тілде талай жүрек табысқан.
Келесі кезекті биші қызымызға береміз – Мөлдір қазақ биі.
Жүргізуші:
Елбасы Н. Назарбаев 1998 ж 20 қаңтар жарлығына сәйкес 22 - қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күні аталып келеді. Тілдер жөнінде шағын көріністі тамашалаңыздар.
Диолог.
Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата – бабам жерінде.
Нағыз қорлық – деп білемін, басқа тілде тілдессем.
Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер.
Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.
Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,
Жоя білген адамдар – құлдыққа да түсірер.
Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,
Басқа тілді қастерлеп, анна тілін жамандар.
Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дұрыс.
Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар!
Ана тілін сатқандар опасыз – деп білемін,
Білген жанға өз тілің – қуанышың, тірегің.
Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.
Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.
Керек емес байлығың, керек емес алтының,
Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның.
Ана тілім бар жерде сақталарын білемін
Қазақ үшін қасиетті ата- дәстүр салтымның.
Ана тілін тартқылап салып жүрген көкпарға.
Ойлаңдаршы қазағым, осы бізде бет бар ма?
Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.
Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінбе.
Бұл біздің сыныбымыздың тілдер мерекесіне қосқан өз ғана үлесіміз.