Білімділік: Семей ядролық сынақ полигоны және оның халық денсаулығына тигізген әсері, сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы түсінік ала отырып, пікір алмасып, ойларын ортаға салу.
Дамытушылық:Оқушылардың көпшілік ортада ашық, жүйелі сөйлей білу,ой-пікірінбілдіре отырып, қосымша деректер мен құжаттарды пайдаланып,ізденушілікке, шығармашылық жұмысқа баулу;
Тәрбиелік: Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Семей полигоны және оның зардаптары"»
Сабақжоспары № 10
Пәні: Аймақтық экология
Сыныбы: 5 «А» «Ә» «Б» «В» «Г» «Д»
Күні:
Тақырыбы: Семей полигоны және оның зардаптары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Семей ядролық сынақ полигоны және оның халық денсаулығына тигізген әсері, сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы түсінік ала отырып, пікір алмасып, ойларын ортаға салу.
Дамытушылық:Оқушылардың көпшілік ортада ашық, жүйелі сөйлей білу,ой-пікірінбілдіре отырып, қосымша деректер мен құжаттарды пайдаланып,ізденушілікке, шығармашылық жұмысқа баулу;
Тәрбиелік: Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жаңа сабақты үйретуге дайындық.
1.Жаңа тақырыпты тақтаға жазу.
2.Сабақ мақсатын түсіндіру.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
«Полигонның табиғатқа, тіршілікке әсері төмендеуі үшін әлі кемінде үш ғасырдай уақыт керек» дейді ғалымдар. Мәселен, «плутоний-240», толық ыдырап кетуі үшін 6500 жыл қажет, ал «плутоний-239»-ға 2100 жыл, ал «плутоний-241» ыдыраған кезде жаңадан альфа-сәуле пайда болатындығын Курчатовтағылар елемей отыр. Ядролық полигон зардаптарына 1,5 млн. тұрғын ұшыраған.Радионуклеидтер жерасты суларымен полигон маңындағы өзендер мен бұлақтарға құйылып, қоршаған ортаға зиян әкелуде. Мысалы, Шаған өзеніне тәжірибе алаңынан (опытное поле) бірнеше бұлақтар құяды екен. Ядролық орталықтың ғалымдары Шаған өзеніне суға түспеуді, мал апарып суармауды айтып, дабыл көтерді. Себебі өзен суында көп мөлшерде тритий бар боп шықты.
IV. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру.
Ғалымдар зерттеуі бойынша, Шаған суындағы тритий табиғаттық деңгейінен жүздеген есе асып кетіпті. Ал тритий адам ағзасында сумен барып 10 тәулікке дейін сақталса, радиацияға ұшыратып, айықпас дертке соқтырады.
V. Оқушылар білімін бекіту.
Полигон аумағында қанша жарылыстар болды және оның зардабын немен салыстырар едіңіз?
Жауап: 42 жылда 470 атом жарылыс жасалған, орта есеппен жылына 11,5 рет бомба жарылған. Онымен қоса 1963 жылға дейін жер үстінде және әуеде 118 ядролық бомба жарылды. Мұндағы жер үстіндегі және жер астындағы жарылыстың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 1000 есе асып түседі екен.