Саба?ты? та?ырыбы: Раб?узи «Л??ман Хакім» Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: Раб?узи ?иссаларыны? мазм?ны ж?не негізгі та?ырыбы мен идеясы туралы ??ым ?алыптастыру, адамгершілік туралы т?сініктерін ке?ейту. Дамытушылы?: Ислам д?уірі ?дебиеті ?кілдеріні? ?мірі мен шы?армашылы?ы ж?не шы?армаларыны? идеясы туралы ?зіндік ?орытынды жасай білу да?дысын жетілрдіру. Т?рбиелік: ?лы а?ынны? е?бектерін о?и отырып, адамгершілікке, адалды??а, ізгілікке, е?бек?орлы??а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Раб?узи «Л??ман Хакім»»
Пәні: әдебиет
Сыныбы:8
Мұғалімі: Давлетканова Алмагуль Ануарбековна
Сабақтың тақырыбы: Рабғузи «Лұқман Хакім» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рабғузи қиссаларының мазмұны және негізгі тақырыбы мен идеясы туралы ұғым қалыптастыру, адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту. Дамытушылық: Ислам дәуірі әдебиеті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы және шығармаларының идеясы туралы өзіндік қорытынды жасай білу дағдысын жетілрдіру. Тәрбиелік: Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақтың әдісі тақырып бойынша қорытындылау, қиссаларды топтастыру, өзара сұрақ-жауап, қиссаларды рөлде ойнау Көрнекілігі: А.Қыраубайқызы «Ежелгі дәуір әдебиеті», энциклопедия, слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 1. М.Қашқари өмірі, шығармашылығы туралы 2. М.Қашқари мақал-мәтелдерін жатқа оқу
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту 1. «Алтын Орда әдебиеті» деп аталу себебі. Бұл дәуірден жеткен он шақты ескерткіш болғанымен, Біздер Рабғузи және Сәйф Сараи шығармаларымен танысамыз.
2. Алтын Орда мемлекеті туралы. Қазақстан аумағында ХІҮ ғасырда Алтын Орда мемлекеті құрылды. ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Шыңғыс хан құрған мемлекеттің қол астына қазіргі Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Иран, Кавказ, Қырым қарады. Қазақ жері ол кезде Дешті Қыпшақ аталатын, оған Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы иелік етті. Ол Алтын Орда аталды. Алтын Орданың астаналары Сарай және Сарайшық қаласы болды. Алтын Орда ХІҮ ғасырда Көк Орда, Ақ Орда болып екіге бөлінді. ХҮ ғасырда Көк Ордадан Қазақ Ордасы бөлініп шықты, сөйтіп дербес қазақ хандығы құрылды.
3. Әдебиеттегі нәзирагөйлік бағыт. Алтын Орда жұрты – түркілер, тілі – түркі, діні – ислам еді. Әдебиет негізінен нәзирашылдық, нәзирагөйлік бағытта дамыды. «Нәзира» - араб тілінде «Жауап» деген мағынаны білдіреді, яғни бір ақынның екінші ақынға жауабы.ортақ тақырыпқа жазған ақындардың бір-бірімен шеберлік жарысы. Ол кездегі ортақ тақырыптар – Құран хикаялары. Мысалы, бір «Жүсіп-Зылиханы» ондаған ақындар қайталап жаза берген.
4. Алтын Орда ескерткіштерінің ішіндегі «Қисас-ул әнбиа» кітабына тоқталу. Алтын Орда ескерткіштерінің ішіндегі қызықтыларының бірі - «Қисас-ул әнбиа» (1310 ж.жазылған). Бұл кітап ежелгі шығыс ертегі-аңыздарының, мифтік сюжеттердің, шағын әңгіме-хикая, өлеңдер жинағы. Кітапта көне Вавилон мифологиясымен тамырласып жатқан көптеген қалыпты сюжеттер бар: дүниенің жаралуы, жерді топан су қаптауы, Адам ата мен Хауа ана оқиғалары.
5. Миф ұғымы Алғашқы қауымдық қоғам адамдарының дүние, жаратылыс жайындағы түсінігін білдіретін, қалыптасқан әңгімелер. Мифтерде көптеген халықтарға ортақ сюжеттер бола береді. Мысалы: жер-дүниенің алты күнде жаралуы, Адам ата мен Хауа ана оқиғалары, топан су жайлы, т.б. әңгімелер. Мифте бір замандарда болып өткен оқиғаның шындық дәні сақталуы мүмкін.
6. Мифтердің түркіше ең көне нұсқасы Рабғузиде екендігі туралы. Рабғузи – Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» (1310ж)- табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы, халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана, Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан мен періште т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар, өлең-жырлар жинағы. Кітапта қоғамдық өмір, тарихи оқиғалар, ізгілік пен зұлымдық, адамгершілік пен жауыздық, достық пен қастық, т.б жайындағы қисса-хикаялар, аңыз-әңгімелер бар. «Рабғузи қиссаларына» енген «Нух алайка с-салам хикаялары» , »Лұқпан Хаким хикаялары», «Харут пен Марут хикаясы, т.б. Мұнда барлығы 79 хикая бар. Солардың барлығын идеялық мазмұны жағынан үш топқа бөліп қарастыруға болады: 1. Аллаһ Тағаланың Жер мен Көкті, адамзатты, хайуанаттар мен тау тасты, бүкіл әлемді жаратқаны туралы хикаялар; 2. Пайғамбарлар, әулие-әнбиелер, сахабалар, тағы басқалардың өмірі мен іс-әрекеттері жайындағы аңыздар; 3. Һижраның (мұсылман жыл санауы) алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғаларды бейне бір шежіре түрінде баяндайтын хикаялар болып келеді. Мәселен, «Нұх ғалейхиссалам» деп аталатын хикаяда бүкіл жер бетін топан су басып кеткені, сонда Нұх Пайғамбар кеме жасап, әртүрлі жан-жануарларды сақтап қалу үшін олардың әрқайсысынан бір-бір жұптан кемеге салып жүргені, кеменің түбін тышқан тескені, оны жылан бекіткені, т.б. әңгіме болады. Сондай-ақ, «Қиссаси Рабғузийде» Нұх, Ыдырыс, Ибраһим, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Жүсіп, Жақып, Мұхаммед Пайғамбарлар (с.а.у.) туралы да қызықты хикаялар бар.
7. «Рабғузи қиссаларының» зерттелуі, қазақ тіліне аударғандар: Б.Кенжебаев, А.Қыраубаева, Н.Сағындықов.
ІҮ. Білімді бекіту. Мәтінмен жұмыс. ♦ Рабғузи әңгімелерін оқу, рөлге бөлу, ойнау, негізгі идеяны анықтау. ♦ Рабғузи әңгімелерінде адамгершілік идеясы қалай көрінеді? ♦ «Лұқман Хакім» хикаяттарын оқыған кезде әр әңгіменің ұсынып отырған ой-мұратын, тәрбиелік мәнін қалай түсіндің? Айтпақ ойы не? ♦ «Жақсы болмақ та тіл мен жүректен, жаман болмақ та тіл мен жүректен» деген ойдың кілтін тап. ♦ Рабғузи әңгімелерінің қайсысы қазіргі қазақ ертегілерінде кездеседі? «Қазақ ертегілері» кітабы бойынша салыстыр.
Ой қорыту. • Рабғузи әңгімелерін оқи отырып қандай шешімге келдің? • Өз алдыңа қандай мақсат қойдың? • «Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену» деген ойды жинақтай келе өз шешіміңді, алған әсеріңді ортаға сал.
Ү. Сабақты қорытындылау. Түркілік ортағасырлық ойшыл Рабғузи өзінің терең ойлы мысалға толы шығармаларында өнегелі, тәлімдік үлгілерді оқырмандарына ұсынады. Рабғузи білдіретін даналықтың үлгілері өз замандастарына ғана емес, өзінен кейінгі талай ұрпаққа нағыз адамгершіліктің сипаты іспетті болды. Өйткені, талай даналықтың үлгісі түркілік тарихымыздың ашылмаған беттерінде жатыр.
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
1. Рабғузи қиссаларын мазмұндау 2. Әдебиет теориясы «Миф» жаттау 3. «Адамгершілік – ізгі қасиет» ой-толғау