Мен Аханова Алма 11"А" сынып жетекшісі,а?ылшын тілі п?ніні? м??алімі. Мені? сыныбымда 10 ?ыз, 1 ?л бар. Олар Арай, Сымбат,Альмира, Анар,А?ерке, Жансая, Айдана, К?нс?лу, Шамшыра?, Назира ж?не Жанболат. Мен ?з сыныбымда?ы ?л-?ыздарды ?те жа?сы к?ремін. Олар да ?те жа?сы о?иды, мені? айт?анымды екі етпей орындап отырады. ?азіргі та?да ЕНТ дайынды?тарынан жа?сы балдар алып ж?р. ??дай ?аласа ерте? жылды? ая?ындада осындай жо?ар?ы баллдар алады деп айта аламын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Коучинг мақсаты: Сабақ үрдісіндегі диалогтық оқытудың маңызын ажырату. Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау. Әңгімелесу факторы бойынша мағлұмат беру БЖӘ. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер туралы қысқаша жадынама тарату.
3. Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады.
4. Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.
Уақы
ты:
Іс-шараның түрі:
Мазмұны
Коучтің іс-әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеті
ресурстар
2 мин
Топтық жұмыс
Топқа бөліну
(жыл. мезг)
Топтық жұмыс туралы қысқаша нұсқау береді.
Екі топқа бөлінеді, топ мүшелері міндеттері бөліседі.
Жыл мезгілдерінің суреттері
10 мин
Ұжымдық жұмыс.
Диалогтық оқыту дегеніміз не?
Диалогтық оқыту модулі бойынша бағыт беріп, бақылайды.
Өз түсініктері бойынша тұжырымдамалық карта жасайды, қорғайды.
Постер
7 мин
Пікір алмасу
Мерсер зерттеген әгіменің үш түрі:
әңгіме;
кумулятивтік;
зерттеушілік;
Бейне таспа арқылы диалогтық оқыту модулін таныстырады.
Бейне таспаны көреді, ой түйіндейді.
Презентация
5 мин
Сергіту сәті
Кім? Кіммен? Қашан?
Қалай? Қайда? Неліктен?
Не істеді? Мен көрдім де… – дедім.
Сергіту сәтінің мазмұнын түсіндіреді.
Сұраққа нақты жауап береді.
Екі топқа жазылған сұрақтар тізбесі, постер, маркер.
8 мин
Өздік жұмыс
Выготский оқытудың негізгі құралы ЖАДА.
Бағыт береді.
Өздері оқу арқылы игереді. Бір-біріне сұрақтар дайындайды, сұраққа жауап береді.
«Жұмыс істеу» қабырғасы
екі түрлі стикер
Нұсқаулықтан үзінді 96 бет
10 мин
Жұптық жұмыс
Сыныпта сұрақ қою үлгісі бойынша (БЖӘ) мағлұмат.
Харгривс және Гэлтонның оқушыларды тыңдай және оларға жауап беруі туралы мағлұмат.
Презентация арқылы таныстырылым
Төмен (жабық), жоғары (ашық) сұрақтар дайындайды.
Талдайды.
Презентация
Нұсқаулықтан үзінді.
ІІ-деңгей, 98-103 бб.
2 мин
Жаднама қағазы
Сабақ үрдісінде қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдер
Бағыт беріп, мағынасын қысқаша түсіндіреді.
Мұғалімдер оқып, танысады, сабақ үрдісінде қолданады.
Дайындалған кітапша түріндегі жадынама.
5 мин
Кері байланыс
2 жұлдыз, 1 тілек
Стикер тарату
Мұғалімдер өз көзқарастарын стикерге жазады.
Стикер,
Ағаш суреті.
Қостанай облысы, Арқалық қаласы
А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия
Балова.Б.У.
1.Сіз үшін өткізген коучинг маңыздылығы қандай болды? А) Өте маңызды В) Орташа 2.Өткізілген коучинг қаншалықты дәрежеде сіздің кәсіби дамуыңыздың сұраныстарына сәйкес келеді? .А) Ия В) Жоқ 3.Қатысушы ретінде коучинг сізге жаңа серпін бере алды ма? А) Ия В) Жоқ 4.Сіздің ойыңызша осы коучингтің сізге пайдасы болды ма? А) Ия В) Жоқ 5. Жаңа оқу жылында осы модульді өз сабақтарыңызда пайдаланасыз ба?
А) Ия В) Жоқ
1.Сіз үшін өткізген коучинг маңыздылығы қандай болды? А) Өте маңызды В) Орташа 2.Өткізілген коучинг қаншалықты дәрежеде сіздің кәсіби дамуыңыздың сұраныстарына сәйкес келеді? .А) Ия В) Жоқ 3.Қатысушы ретінде коучинг сізге жаңа серпін бере алды ма? А) Ия В) Жоқ 4.Сіздің ойыңызша осы коучингтің сізге пайдасы болды ма? А) Ия В) Жоқ 5. Жаңа оқу жылында осы модульді өз сабақтарыңызда пайдаланасыз ба?
А) Ия В) Жоқ
1.Сіз үшін өткізген коучинг маңыздылығы қандай болды? А) Өте маңызды В) Орташа 2.Өткізілген коучинг қаншалықты дәрежеде сіздің кәсіби дамуыңыздың сұраныстарына сәйкес келеді? .А) Ия В) Жоқ 3.Қатысушы ретінде коучинг сізге жаңа серпін бере алды ма? А) Ия В) Жоқ 4.Сіздің ойыңызша осы коучингтің сізге пайдасы болды ма? А) Ия В) Жоқ 5. Жаңа оқу жылында осы модульді өз сабақтарыңызда пайдаланасыз ба?
А) Ия В) Жоқ
1.Сіз үшін өткізген коучинг маңыздылығы қандай болды? А) Өте маңызды В) Орташа 2.Өткізілген коучинг қаншалықты дәрежеде сіздің кәсіби дамуыңыздың сұраныстарына сәйкес келеді? .А) Ия В) Жоқ 3.Қатысушы ретінде коучинг сізге жаңа серпін бере алды ма? А) Ия В) Жоқ 4.Сіздің ойыңызша осы коучингтің сізге пайдасы болды ма? А) Ия В) Жоқ 5. Жаңа оқу жылында осы модульді өз сабақтарыңызда пайдаланасыз ба?
А) Ия В) Жоқ
25.04.2015
4- апта
6-күн
Коучингтің тақырыбы:
«Талантты және дарынды балаларды оқыту: Диалогтық оқыту»
Жалпы мақсат:
Топта тапсырмалар беру арқылы диалог түрінде оқыту дағдысын қалыптастыру, сабақта тиімді пайдалануына ықпал жасау.
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Үлестірмелі материалдар.
Оқу нәтижесі
Оқу үрдісінде диалогтық оқытуды қолданудың маңызын түсінеді;
Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады;
Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.
Түйінді идеялар:
Диалогтық оқыту жолдары арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.
Мәтін бойынша негізгі идеяларды флипчартқа түсіруге, постер қорғауға шақыру. («Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау)
Мәтіндегі негізгі идеяларды флипчартқа түсіреді, постер қорғайды. Сағат бойы бағытымен топтар бір-бірінің жұмысын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
Сергіту сәті
(5 минут)
V тапсырма
(10+10 минут)
Әңгіме түрін қорғауға әр топқа
2-2,5 минут уақыт
Жасырын берілген әңгіме түрілеріне диалогтық әңгіме
(рөлдік ойын) құрастыруға шақыру.
Әңгімелесудің үш түрінің белгіленген түріне сәйкес диалогтық әңгіме немесе рөлдік ойын құрастыру
VІ тапсырма
(10 минут)
Топтастыру. Қаздар сабағы
Ашық сұраққа топпен жауап іздейді, ортақ ой түйіндейді, ортақ пікірге келеді.
VІІ.Көңіл-күйін бағалау
(3 мин)
Сабақтың бастапқа кезеңінде өз көңіл күйлерін бейнелеген стикердің артына сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін смайлик арқылы бейнелеу тапсырылады.
Сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін смайлик арқылы бейнелеп, тапсырады.
VІІІ. Рефлексия
(7 мин)
Кері байланыс парағы
«Талантты және дарынды балаларды оқыту: Диалогтық оқыту»
тақырыбында өткізілген коучинг сессия бойынша
рефлексивтік есеп
Коучингқа қатысушыларды әдеттегідей жылы қарсы алып, әр ісіміз қуанышқа толы болсын деген ниетпен шашу шашып, әріптестерде көтеріңкі көңіл күймен шашудан конфет ала отырып, конфет түстеріне түстеріне қарай төрт топқа бөлінді. Топ ішінен бөлінген көшбасшылықты тағайындап алғаннан кейін коучинг сессия басындағы көңіл-күйлерін алдарындағы стикер қағаздарға смайлик арқылы белгілеулерін және өзі отырған үстелдің астына жапсыруларын өтіндім. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызумақсатында «Бос ыдысты» толтыру тренингін ұйымдастырдым. Ол үшін мұғалімдердің алдына бос ыдыс, тас, ұсақ тастар, су, құм қойдым да, ыдысты бұл заттармен толтыру үшін қай ретімен салар едіңіздер және бұл тренингтің мәнін қалай түсінесіздер деп сұрағанымда топтар топ болып ақылдасып, шағын диалогқа түсіп, ой тұжырымдарын білдірді.
Әсіресе А, Қ, С есімді әріптестердің берген жауаптары мағыналы да ұтымды жауап болып дараланды. Топтар бір-бірін қол шапалақтау арқылы бағалады.
«Миға шабуыл» кезеңінде «Егіздер» бейнефильмін тамашалауға шақырдым, қатысушылар сәбилердің де диалогқа түсіп, бір-бірінің ойын жалғастыра алатындықтарына мәз болысып ойларын білдірді.
Ары қарай «Мәтінмен жұмыс» кезеңінде топ-топқа мәтіндер төмендегі ретпен таратылды.
1-топ. Диалогтық оқыту.
2-топ. Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесудің түрлері.
Барлық топ берілген мәтінмен танысып, топта талқылау жүргізді. Топтарда талқылау сәтінде бақылағаным мұғалімдер бағдарламаны меңгеруде бастапқыдай емес жақсы талпыныс танытып, түсініктері қалыптасып, ой еркіндіктерін шарықтатып, негізгі идеясын табуға ұмтылыстарының артқандығын байқап, қуанып қалдым. Ары қарай мәтіндегі негізгі идеяларды флипчартқа түсіріп, постер қорғады.
\
Постер қорғауда Ж, Қ есімді әріптестер тақырыпты еркін аша білсе, С есімді әріптес сөздік қорының төмендігінен ойын еркін жеткізе алмай сәл қиналыңқырап жатқандығын байқап, қолдау білдіріп жібергенімде ия, деп ойын ары қарай жеткізіп отырды. Топтар бір-бірінің жұмысын сағат бойы бағытымен «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалады. Әріптестерді сергіту мақсатында «Жан досым» әнін караокемен шеңбер бойымен орындарынан тұрып, қол ұстасып тұрып орындауға шақыруым өте сәтті шықты. Әріптестер бір шаңырақтың астындағы ұжым екендіктерін тағы бір сезінгендей көтеріңкі көңіл күймен орындады. Келесі ретте әңгімелесудің үш түрінің белгіленген түріне сәйкес диалогтық әңгіме немесе рөлдік ойын құрастыруға шақырғанымда белсене қатыспаған топ болмады, диалогқа түсудегі рөлдік ойынның маңыздылығын түсініп, сабақта пайдаланатындықтарын айтып ойларын білдіріп жатуы менің еңбегімнің нәтижелігінің куәсіндей болды. Келесі бүгінгі ойды топтастыру мақсатында «Диалогтық оқыту арқылы неге қол жеткізуге болады?» деп ашық сұрақ жолдағанымда топпен жауап іздеп, ортақ ой түйіндеп, ортақ пікірге келулері диалогтық оқытудың маңыздылығын дәріптеп топтастырулары сәтті шықты. Сабақтың бастапқа кезеңінде өз көңіл күйлерін бейнелеген стикердің артына сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін смайлик арқылы бейнелеуге шақырғанымда барлығы жоғары көңіл күйде екендіктерін білдірді. Коучинг соңында «Өз жұлдызыңды тап!» кезеңінде ерекше мәтінді музыка ырғағында көздерін жұмып отырып тыңдауға, демалуға шақыруым және сол сәтте алдарына жұлдыз белгілерін таратып, «Сіздер өз жұлдыздарыңызды таптыңыздар!» деген сәтім өте сәтті шықты.
Әр қатысушы өзінің бақытты жұлдызын тапты!
Коучинг соңында әріптестер сабақ жайлы пікірлерін ауызша және жазбаша стикер қағаздарына білдірді. Бүгінгі сабақта үйренген әдіс-тәсілдерді сабақта қолданатындарын, сабақтың ұнағанын, жақсы көңіл-күйде екендіктерін және болашақта коучтік қызметіме шығармашылық табыс тіледі.
Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті. Олар:
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
• басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне ықпал етеді;
• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында бола- ды. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы. Мәселен, мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтуға көптеген оқушылардың дәттері бар- майды. Зерттеу көрсетіп отырғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп шыққан. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табыла- тын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдер келтіріп, қадағаланатын оқиғаларға сипаттама беруде түрлі мүмкіндіктерге ие болады. Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «саламатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады. Александер (2004) оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін бірлесіп жұмсайды және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында олар тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады.
Ғалым әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттама берген:
• Әңгіме-дебат;
• Кумулятивтік әңгіме;
• Зерттеушілік әңгіме.
әңгіме-дебат барысында: 1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге аса- ды;
4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар:
1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе береді;
2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылар өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды;
3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2) әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»;
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).
Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуын ша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. зерттеушілік әңгіме Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс бар екені анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет бо- лып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастары- мен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, олар бұл мәселе бой- ынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын да- уыстап айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер»,«бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Алайда, бұл әңгіме олар үшін қалыпты дүние емес, сол себепті мұғалімдер оқушыларға бірігіп істеген жұмыстың құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.