Баяндама та?ырыбы: "А?ылшын тілін о?ытуда ойын т?рлері ж?не оларды ?олдануды? ма?ызы"
Баяндама та?ырыбы: "А?ылшын тілін о?ытуда ойын т?рлері ж?не оларды ?олдануды? ма?ызы"
?ылым мен техника ?арыштап дамы?ан заманда а?ылшын тілін ?йреніп к?штен ?алмауымыз ?ажет. Соны? ішінде а?ылшын тілін балаба?шадан бастап ?йрете беруіміз керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баяндама та?ырыбы: "А?ылшын тілін о?ытуда ойын т?рлері ж?не оларды ?олдануды? ма?ызы"»
Есенаманова Жұлдыз Темірқызы
№29 «Балауса» мектепке дейінгі ұйымының ағылшын тілі
мұғалімі
Орал қаласы
Батыс Қазақстан облысы
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлері және оларды қолданудың маңызы
Шетел тілін мектептке дейінгі балаларға оқытудың шарттарын ескере отырып, балалар балабақшадан кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін балабақшада оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтыруға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек.
Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:
· Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;
· Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
· Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;
· Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
· Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал- мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;
Қазіргі балабақшадағы ойынды қолданар алдында ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Microsoft office, Paint бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпындырады. Интернет жүйесінің балаға тәрбие беру барысына қосар үлесі көп.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса, соғұрлым оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Адам уақытпен бірге адымдайды, уақытпен бірге өмір сүреді. Білім туралы заңда педагогтар бас қосуларында сапалы білім, саналы азамат өсіру туралы талай пікірлер айтылады. Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі балалар. Біз оларды қалай тәрбиелесек ертеңгі Қазақстан сол деңгейде болады. Сондыктан да педагогтарға жүктелер міндет жүгі өте ауыр.
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімділігін арттырады.
Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, ролдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көре алады. Ал ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережені сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зиінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерінде дамытады.
Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар негізінен, оқу ойындары және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді. Ойынның бір ерекшелігі, ол оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айтуға жағдай жасайды. Балабақша балдырғандарына беретін болғандықтан ағылшын тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін мынадай ойын түрлерін қолдануға болады:
· Фонетикалық ойындар;
· Сөздік ойындар;
· Оқу ережесіне байланысты ойындар;
· Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар;
· Сергіту ойындары;
· Сан есімге байланысты ойындар;
· Дидактикалық мақсаттағы ойындар.
Ағылшын тілі сабағында әрбір баланың сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Алайда, ойын әрекетін қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар әрбір педагогты толғандыратыны сөзсіз.
Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек: лексиканы меңгерту, қарым-қатынас жасай алуға үйрету, тілдік материалдарды есте сақтау, белгілі бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту, білім беру. Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.
Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде де ойналады.
Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Бұл кезеңде балалардың сабаққа қызығуын жоғалтып алсақ, олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан, сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі. Осы орайда жалпы баланың қызығушылық деңгейін арттыруға болатын бірнеше ойын түрлеріне тоқталмақпын.