Просмотр содержимого документа
«Баяндама Та?ырыбы: "А?ылшын тілінен сергіту с?тінде ойналатын ойындар"»
Ағылшын тілінен сертігусәтіндеойналатынойындар
Бір баланы ортаға шығарамызда, қалған балалар одан ағылшын ша сұрайды:
1. How are you?
- I am fine.
2. How are you?
- I am good.
3. How are you?
- I am hungry.
Одан 3 рет сұрағанда оның қарны аш екенін білдіріп, балаларды қуалайды.
2. Балаларға айтқанда бірінші (педагог) өзіміз қолымызбен түсіндіріп көрсетіп аламыз, содан кейін, оларға команда бергенде балалар іс-әрекетімен көрсетеді:
One, two, three, four. Look at the window, look at the door, Look at the ceiling, look at the floor. One, two, three, four.
«Кірпі» саусақойыны
Ойынның барысы: Бірінші ойыншық кірпіні көрсетіп: «It’s a hedgehog ... hedgehog ... hedgehog» деп айтамыз. Кірпінің тікенектерінен ұстаймызда: «these are prickles, these are prickles» деп қолымызға кірпінің тікенектері кіргені туралы айтамыз. Балалардың да осы сәтті бірге қайталауына мүмкіндік береміз: «these are prickles, these are prickles». Ойынды бастаймыз: «It’s a hedgehog ... hedgehog ... hedgehog». (қолымызға кірпінің тікендері кіргендей сезінеміз). Roll yourself into a ball! (қолымызды кірпі сияқты етіп бүгіп ойнаймыз.)
«Өрмекші» саусақойыны
Ойынды сергіту сәтінде қолдануға болады.
Ойынның барысы: Бірінші ойыншық өрмекшіні көрсетіп: «It’s a spider ... spider... spider. It has got many legs. These are legs ... legs» деп айтамыз. Балалардың да осы сәтті бірге қайталауына мүмкіндік береміз: «Legs, spider». Show me your hand. This is a spider. Spider is climbing,climbing, climbing (өрмекшінің қолдары өрмелеп жоғары шығады деп көрсетеміз) and falling down! (төменге қарай құлайды!) Ойын кезінде өрмекшінің жақсы өрмелейтінін, және оқыста құлап кеткенде ол өлмейтінін айта кету керек.
«Кімжоқ?» ойыны
Ойынның барысы: Балалардың қолымен көздерін жауып-ашу арқылы топта кімнің жоғы туралы анықтаймыз, ол үшін көзді жұмып-ашу үшін команданы ағылшынша береміз: «Close your eyes! Open your eyes!». Баланы жасырып болғанша, яғни көздерін ашпас үшін ағылшынша 5-ке дейін санайтындығын ескерту керек:: «One, two, three, four, five». Ойынды бір-екі рет қайталауға болады.
«Rain, rain, go away» - ойыны
Тақпақты саусақтарымызбен, мимка арқылы көрсе отырып, айтамыз, балалар қайталап отырады:
Windy, windy,
Rainy, rainy,
Sunny, sunny,
Cloudy.
Қолымызға балаларды қызықтыру үшін сиқырлы таяқшаны алып сиқырлы сөз айтамыз:
Rain, rain, go away.
Come again another day.
Little Kate wants to play.
In a lovely, sunny day!
Аққаласалуойыны
Сабақтықортындылаукезіндеқолдануғаболады: Аққала саламыз: Snowman: ойынкубикарқылыжүргізіледі. Балалар кезекпе-кезек ортаға шығып, кубикті лақтырады, кубиктің түскен бетіндегі сандар бойынша аққаланы жасаймыз.
“Magic sack” ойыны
Өткен және жаңа сабақты қортындылауда сиқырлы қаптағы заттарды оқыту үшін бәрін стол үстіне жинап қойып, оларды қайталату керек. Содан соң бір-бірден тығып, өздеріне таптыру керек. Мысалы: Close your eyes! Open your eyes! What“s missing?.
“Magic glass” ойыны
I see... лексикалық сөзін қайталау үшін «Сыйқырлы көзілдірік» ойынын ойнаймыз. Ол үшін көзілдірікті киіп, балаға қараймыз да, айтамыз: "I see Marat" (баланың атын атаймыз), немесе ойыншыққа қарап “I see Micky Mouse”. Көзілдірікті балаларға беріп, олардан сұрау керек: «Marat, who do you see?»
Тақпақты қайталаймыз: One, two three, Who do I see?
I see Marat (н/е Micky Mouse) One, two, three.
«Лото»
Қажетті суреттерді тауып, оларды картон қағазға жапсыру: жемістер, көкөністер, киім, ыдыс-аяқ, жануарлар, гүлдер, жиһаздар және т.б. суреттер. Ойынға арналған белгілі бір сюжет бейнеленген үлкен карта жасау керек, картаға қажет кішкене карточкалар әзірлеу қажет(әрбіреуінде сюжеттің бір бөлігі бейнеленуі тиіс).
Балалар кішкене кеарточкаларды алып үлкен картадағы бос торкөзге толтырулары тиіс. Балалар карточкаларды кезекпен кезек алады. Егерде қажетті карточка болмаса, оны мұғалімнің қолындағы қорапқа қайтарады. Бұл жарыс – кім бірінші торкөзді жабады деген.
Бұл ойын үшін белгілі бір тақырыпқа(көкөністер, жемістер, киім, жануарлар....) байланысты келесі лексиканы және сөз тіркестерін қолдануға болады:
- What is it?
- It is a crocodile.
- Have you a crocodile?
- Yes, I have a crocodile. (No, I have no crocodile.)
«Суретқұрастыр»
Ойын мына жолмен дайындалады: қалың қағазға немесе картонға сурет жапыстырылады. Шыққан қалың картаны бірнеше бөлікке қиып тастайды(6,8,10). Балаларға осы бөліктерден толық сурет шығарып, оны ағылшынша атауға ұсыныс жасалады.
Бұл ойын үшін белгілі бір тақырыпқа(көкөністер, жемістер, киім, жануарлар....) байланысты келесі лексиканы және сөз тіркестерін қолдануға болады:
- What is it?
- It is a peach.
«Бұлненіңиісі?»
Бұл ойын туған күнді тойлауға арналған ең жақсы ойын болып есептеледі. Бұл үшін әртүрлі тамақ түрін, көкөністер мен жемістер, гүлдер жинау қажет. Ойынға қатысатын адамның көзі орамалмен байланып, берілген тамақ түрлерін оған иісін көруге беріледі. Ал ойыншы сезген иісінің неге тән екенін табуы тиіс.
- It’s an orange.
«Кейіпкерқайелден?»
Американ, ағылшын және қазақ ертегілерінің, мульфильмдернің кейіпкерлерінің суреттерін, және керекті елдердің туларын салу қажет.
Ойынға қатысушылар екі командаға бөлінеді: бір командадағылар екінші командадағыларға сұрақ қояды, ал олар өз ретінде жауап беріп өз елінің туын көрсетеді. Кезекпен әртүрлі елдердің кейіпкерлері шығады және мынадай диалог шығады: