kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Авторская программа по углубленному изучению английского языка по учебнику Messages 2 для 6 класса

Нажмите, чтобы узнать подробности

М?дениетаралы? ??зіреттілікті ?алыптастыру мен дамыту ма?сатында ме?герілген тілдік, ?леуметтік ж?не м?дени білім мен біліктілік негізінде ?азіргі заман талабына сай жан жа?ты дамы?ан т?л?аны ?алыптастыру.

А?ылшын тілі п?ні тіл материалын (фонетика, лексика, грамматика), с?з ?рекетіні? т?рлерін (ты?дап т?сіну, с?йлеу, о?у  ж?не жазу), о?ытылып отыр?ан тілді? м?дениетаралы?-коммуникативтік ?ызметін ?амтиды.

«Шетел тілі» п?ніні? мектептегі бас?а п?ндерден ерекшелігі – тілдік білім ж?йесін (фонетикалы?, лексикалы?, грамматикалы?) о?ытумен ?ана шектелмейді, е? бастысы а?ылшын тілін м?дениетаралы? ?арым-?атынас ??ралы ретінде ме?гертіп, н?тижесінде к?птілдік ж?не к?пт?рлі м?дениетті т?сінетін т?л?аны ?алыптастырады.

        П?наралы? байланыстарды ж?зеге асыру барысында о?ушылар білімдерін ке?ейтеді, шеттілдік ?арым-?атынасты? п?ндік мазм?нды? аспектісін байытады, о?у мотивациясын арттырады, жеке т?л?а ретінде оны? білім алу мен ?зін-?зі жетілдіруі ж?зеге асады.

6 сынып?а арнал?ан а?ылшын тілін тере?детіп о?ыту курсы жалпы орта білім беру де?гейінде білім алу?а дайындау?а ба?ытталады, я?ни ол а?ылшын тілін ме?геруді? жалпы европалы?  де?гейлеріне (А1), (А2) с?йкес келеді. А?ылшын тілін тере?детіп о?ыту – бас?а ?лт м?дениетін ж?не ?кілдерін танып (??ынып) ?зара ?рекет ету ??ралы ретінде, шетел тілін ?рі ?арай ме?геруін дамыту?а ба?ыттал?ан. Осы?ан с?йкес негізгі орта мектепті? 6 сыныптарына арнал?ан а?ылшын тілін тере?детіп о?ытуды? ма?саттары мен міндеттері аны?талады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Авторская программа по углубленному изучению английского языка по учебнику Messages 2 для 6 класса»

«Бекітемін» «Келесілді» Қарастырылды ӘБ-те

____________ ____________ ӘБ жетекшісі_________

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі А.С. Турумтаева

Г.Е. Ережепова Р.Н. Ташмагамбетова Хаттама № __

« _ » қыркүйек 2015 ж « _ » қыркүйек 2015 ж. « _ » қыркүйек 2015 ж.







АҒЫЛШЫН ТІЛІ

оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қазақ орта

мектебінің 6 сыныбына арналған

АВТОРЛЫҚ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(тереңдетілген сыныптар үшін)





















Ақсу қаласы

2015-2016 оқу жылы







МАЗМҰНЫ

1.Түсінік хат

2.Оқу пәнінің базалық мазмұны

3.Оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар

4.Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

5.Қолданылған әдебиет




































І. КІРІСПЕ


Мәдениетаралық құзіреттілікті қалыптастыру мен дамыту мақсатында меңгерілген тілдік, әлеуметтік және мәдени білім мен біліктілік негізінде қазіргі заман талабына сай жан жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Ағылшын тілі пәні тіл материалын (фонетика, лексика, грамматика), сөз әрекетінің түрлерін (тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу), оқытылып отырған тілдің мәдениетаралық-коммуникативтік қызметін қамтиды.

«Шетел тілі» пәнінің мектептегі басқа пәндерден ерекшелігі – тілдік білім жүйесін (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) оқытумен ғана шектелмейді, ең бастысы ағылшын тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгертіп, нәтижесінде көптілдік және көптүрлі мәдениетті түсінетін тұлғаны қалыптастырады.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында оқушылар білімдерін кеңейтеді, шеттілдік қарым-қатынастың пәндік мазмұндық аспектісін байытады, оқу мотивациясын арттырады, жеке тұлға ретінде оның білім алу мен өзін-өзі жетілдіруі жүзеге асады.

6 сыныпқа арналған ағылшын тілін тереңдетіп оқыту курсы жалпы орта білім беру деңгейінде білім алуға дайындауға бағытталады, яғни ол ағылшын тілін меңгерудің жалпы европалық деңгейлеріне (А1), (А2) сәйкес келеді. Ағылшын тілін тереңдетіп оқыту – басқа ұлт мәдениетін және өкілдерін танып (ұғынып) өзара әрекет ету құралы ретінде, шетел тілін әрі қарай меңгеруін дамытуға бағытталған. Осыған сәйкес негізгі орта мектептің 6 сыныптарына арналған ағылшын тілін тереңдетіп оқытудың мақсаттары мен міндеттері анықталады.


Оқу пәнінің жалпы мақсаттары:

6 сыныпта ағылшын тілін тереңдетіп оқытуда 2-4 сыныптарда қол жеткен оқытудың бастапқы деңгейін негізге ала отырып, негізгі орта білім беру деңгейінің үздіксіздік ұстанымына сәйкес шеттілдік біліктіліктердің ары қарай тереңінен қалыптасуы мен дамуын көздейді. Оқушылардың шетел тілі бойынша дайындығының негізгі (жалпы білім беру) деңгейінің мазмұны А1 және А2 деңгейіне сәйкес келеді.

«Ағылшын тілі» оқу пәнінің жалпы мақсаттары:

  • көптілдік тұлғаны қалыптастыру: әлемдік мәдени құндылықтарды бағалау, мәдениет диалогы арқылы өз және өзге елдердің мәдениеті туралы білімін кеңейту, дүниеге гуманистік көзқарасты тәрбиелеу;

  • мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктер мен оның құрамдық бөліктерін қалыптастыру: тілдік – тілдік құралдарды және оларды шеттілдік қарым-қатынас жасауда қолдану ережелерін меңгеру, сөздік – сөз әрекетінің 4 түрінде шетел тілінде қарым-қатынасты жүзеге асыру, әлеуметтік-мәдени, лингвомәдени, компенсаторлық –лингвистикалық құрал ретінде вербальды (синонимдер, антонимдер, парафразалар, дефиниция) және вербальды емес (ым-ишара, мимика, дене қозғалысы) жолдарын қолдана алу қабілетін қалыптастыру;

  • оқу-тілдік жағдаяттарында дұрыс лингвомәдени қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру;

  • тілді тек қана коммуникативтік мақсатта ғана емес, сонымен қатар әлемдік шеттілдік ортаны тану құралы ретінде қолдану; ағылшын тілі құралдары арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін ары қарай дамыту: ойлау, есте сақтау, назар аудару, ерік-жігер қасиеттері және шетел тілін ары қарай меңгеру мен білімін жетілдіру үшін қызығушылығын арттыру;

  • ағылшын тілін меңгеруде спецификалық іскерліктерді қалыптастыру: қостілдік, түсіндірме сөздіктермен, шеттілдік мәтіндермен, сөздік және грамматикалық минимуммен жұмыс істеу, ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеру.


6 сыныпта тереңдетіп оқытылатын ағылшын тілі оқу

пәнінің міндеттері:

  • мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктерді барлық құрамды бөліктерімен жалпы европалық деңгейлік стандартқа сәйкес (А1, А2 деңгейлері) ары қарай дамыту;

  • жеке тұлғаға бағытталған, біліктілік, жүйелілік, лингвомәдени және проблемалық тәсілдер негізінде шеттілдік білім беруді жүзеге асыру;

  • проблемалық сипаттағы тапсырмаларды шешу, оқып отырған тіл құралдарын қолдана отырып өз бетінше шешім қабылдау іскерліктерін қалыптастыру;

  • оқушыларда шетел тілін меңгеруде өзін-өзі бағалау іскерліктерін қалыптастыру: өз ісіне талдау жасау, өзін-өзі бағалау, білім алуға талпыну;

  • шетел тілін оқыту және тілін оқып отырған ел мен өз елінің мәдениет диалогы процесінде интеллектуалдық және шығармашылық қабілетерін дамыту.


Пән бойынша оқу жүктемесі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес 5-9 сыныптарда ағылшын тілін оқытуға аптасына әр сынып үшін 2 сағаттан беріледі және оқу пәні мазмұнының вариативтік бөлігі негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде қосымша 1 сағаттан беріледі. Жылына - 102 сағат, берілетін сағат санының жалпы саны ― 102 сағат.







II. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ


6 СЫНЫП

(аптасына - 3 сағат, жылына - 102 сағат)

1. Оқытудың тілдік бөлімі

Сөйлесімнің фонетикалық сипаты.

Ағылшын тілінің артикуляциялық базасының негізгі сипатын сақтай отырып сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемнің айтылуы: сөз соңындағы дауыссыз дыбыстардың артикуляциясы; дыбыстардың артикуляциялық айырмашылығы; ағылшын тілінде барлық дыбыстардың дұрыс айтылуын ажырата және айта білу; сөздер мен сөз тіркестеріндегі екпіннің дұрыс қойылуы; әр түрлі сөйлемдерде дұрыс интонацияны таңдау: (жай , сұраулы, бұйрықты сөйлемдер).

Сөйлесімнің лексикалық сипаты.

Лексика, тақырып ауқымындағы жағдаяттарға қажетті актив және пассив сөздік (460) қор. Ағылшын тіліндегі этикеттік орамдардың қарапайым түрлері, тұрақты орамдар, клишелер. Сөзжасам: - ness, -ship, -ist, -ing, -dom жұрнақтары; сын есімнің жұрнақтары: –y, -ly –ian. Лексикалық минимумның орфографиясы.

Сөйлесімнің грамматикалық сипаты

Past Continuous Tense, Present perfect Tense конструкцияларындағы –ing жалғауы бар етістіктер; to love/hate doing smth, stop talking, Present, Past Simple шақтарындағы Active voice формасындағы ең көп қолданылатын дұрыс және бұрыс етістіктер; модалдік реңкті етістіктерімен олардың эквиваленттерінің қолданылуы /must, have to, should/. Сын есімнің шырайлары, соның ішінде ережеге сай емес жасалатын сын есім шырайлары; өздік есімдіктердің абсолюттік түрі /mine/; белгісіз есімдіктер /some, any/ үстеу /early/; есептік 100-ден жоғары және реттік 20-ға дейінгі сан есімдер; сын есімнің шырайлары (comparatives and superlatives) және үстеу; предлогтар: on, in, at, into, to.


2. Оқытудың коммуникативтік бөлімі

Сөйлеу. Диалог сөз. Диалог сұрақ. Диалог әрекетке түрткі. Өтініш, өтінішті орындауға дайын болу және бас тарту (екі жақтан 4-5 репликадан). Монолог сөз. Өзі туралы ақпарат. Суретті, заттарды, аңдарды және т.б. (тақырып шеңберінде) сипаттау. Монолог сөз көлемі 7-8 фраза. Тыңдап түсіну. Күнделікті өмірдегі қарапайым және нақты жағдаяттарда мұғалімнің, сыныптастарының және сол тілде сөйлеушілердің сөзін тікелей қарым-қатынаста түсіну, жанама қарым-қатынаста жеңіл аутенттік мәтіндердің мазмұнын көрнекілікке және тілдік болжамға сүйене отырып түсіну. Оқу. Таныс тілдік материал негізінде оқу ережелерін сақтай отырып дыбыстау ритмикалық интонациялық дағдыларды көрсете отырып шағын мәтіндерді мәнерлеп оқу, мәтіннен қажетті ақпаратты алу, түсінгенін сурет, кесте, сұраққа жауап ретінде көрсету. Таныс материал негізінде іштей оқи отырып мәтін мазмұнын толық түсіну, іштей оқи отырып кейбір жаңа сөздері бар жеңіл түпнұсқалы мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну. Жазу. Жазуда орфографиялық дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру. Лексикалық минимумның барлық сөзін орфографиялық жағынан дұрыс жазу, сөздерді орнына қою, көрнекілікке сүйене отырып жаттықтырушы тапсырмаларын орындау, жазбаша сұрақ қою және жауап беру, үлгіге сүйене отырып хат жазу, жеке басына қатысты ақпарат қажет қағаздар (формуляр) толтыру.


3. Оқытудың сөйлеу тақырыптары

1.Ресторан: тағамдар мен ыдыстардың атауы. The food is great here! The restaurant.

2.Біз концерт ұйымдастырдық: музыкалық аспаптар. We had a concert: musical instruments.

3. Динозаврлар мұражайы: мұражайға саяхат, экспонаттар. The dinosaur museum: visiting the museum.

4. Бұл кімнің киімі? Whose jacket is this?

5. Бұл шынымен жүзеге асады ма? Will it really happen?

6. Біздің қанша уақытымыз бар? How much time have we got?

7.Жаңа бағдарламаларды тамашалау. Something new to watch!

8.Мен үй тапсырмасын аяқтадым. I’ve printed my homework.

9.Маған көмектесе аласыз ба? Can you help me?

10.Біз балық ауладық. We were fishing.

11.Жақсы жаңалық. Good news, bad news.




















ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

6 сынып оқушылары:

  • дыбыстардың артикуляция айырмашылығын біледі;

  • жай , сұраулы, лепті сөйлемдерінің интонациясын қолданады;

  • сөздер мен сөз тіркестердегі екпінді қолданады;

  • тақырып ауқымындағы қатысымдық жағдаяттарға қажетті актив және пассив сөздерді біледі;

  • ағылшын тіліндегі этикеттік орамдардың қарапайым түрлерін, тұрақты орамдарды; клишелерді біледі қолданады;

  • зат есімнің - ness, -ship, -ist, -ing, -dom, сын есімнің –y, -ly –ian жұрнақтарын біледі;

  • Past Continuous Tense, Present Рerfect Tense конструкцияларындағы –ing жалғауы бар етістіктерді біледі;

  • to love/hate doing smth, stop talking тіркестерін қолданады;

  • аctive voice формасындағы ең көп қолданылатын дұрыс және бұрыс етістіктерді біледі;

  • Present, Past Simple шақтарындағы модалдік реңкті етістіктерімен олардың эквиваленттерін қолданады /must, have to, should/;

  • сын есімнің шырайларын біледі: оның ішінде ережеге сай емес салалас құрмалас сөйлемдердің or сөз байланыстырушымен, салалас сабақтас сөйлемдердің сөз байланыстырушы сөздермен what, when, why, who, because, that’s why, өздік есімдіктер абсолюттік түрінде /mine/ белгісіз есімдіктер /some, any/ үстеу /early/; есептік 100-ден жоғары және реттік 20-ға дейінгі сан есімдер.

  • қысқа монолог құрайды;

  • қысқа мәтіннің мазмұнын көрнекілік негізінде жеткізеді;

  • визуальды негізде күнделікті қатынасқа тән жағдаяттар мен диалог-сұраққа қатысады;

  • сәлемдесу, қоштасу, алғыс айту, кешірім сұрау және басқа да тілдік этикеттерді қолданады, сұхбатқа қатысады (тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді);

  • диалог-түрткіні жүргізе алады;

  • белгілі бір жағдайға байланысты диалогтік сөйлесімді жалғастыра алады, ақыл-кеңес береді, өзіне айтылған ұсынысқа қалай қарайтынын (келісетінін, келіспейтінін) білдіреді;

  • өзі, досы, отбасы жайлы қысқа әңгіме айта алады, бір зат, сурет бойынша сөйлей алады (3-6 фраза);

  • қарапайым мәтіндерді есту барысында танып және оның негізгі мазмұнын ажыратады;

  • ақпаратты түсінгенін мәтіндегі негізгі мәселелерді таңдау арқылы көрсетеді;

  • шағын мәтіндерді сөздерге, сөз тіркестеріне екпінді дұрыс қойып оқиды;

  • өтілген материалдарға құрылған мәтіндерді іштей оқиды және түсінеді;

  • мәтіннің негізгі мазмұнын анықтайды;

  • мәтіннің негізгі мәселесін айқындайды;

  • оқылған мәтін бойынша өз ойын айтады;

  • мерекеге, туған күнге арналған қысқа көлемді ашық хат жазады;

  • үлгі бойынша 10-15 сөзден тұратын жеке хат жазады.





































IV. КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Тақырыбы

Сағат саны

Күні



І тоқсан

(36)


1

1

Сәлем саған, мектебім!

1




2

2

Бәріміз қайта біргеміз!

1


3

3

Грамматика «like+verb+ing»

1


4

4

«can» модаль етістігі

1


5

5

Дүкенде. Сіз нені қалайсыз?

1


6

6

Кешке мен теледидар көремін.

1


7

7

Сағат неше?

1


8

8

Сын есім. Салыстырмалы және күшейтпелі шырай.

1


9

9

Бұл жердің тамағы тамаша! Мейрамханада.

1


10

10

Грамматика. Жай осы шақ және созылыңқы осы шақ.

1


11

11

0-дік бақылау жұмысы

1


12

12

Жай осы шақ және созылыңқы осы шақта қолданылатын үстеулер?

1


13

13

Фонетика. Ұзақ дыбысталатын «а» және «е»

1


14

14

Тыңдап түсіну «Таңғы асқа не жейсіз?»

1


15

15

Сөйлеу.

1


16

16

Екпін

1


17

17

Біз ұйымдастырған концерт?

1


18

18

Грамматика «Жай өткен шақ: have және be»

1


19

19

Жай өткен шақта қолданылатын үстеулер?

1


20

20

Фонетика. Ұзақ дыбысталатын «і» және «о»

1


21

21

Фестиваль күні

1


22

22

Жазу практикасы

1


23

23

Динозавр мұражайы

1


24

24

Жай өткен шақтағы бұрыс етістіктердің болымды және болымсыз түрлері

1


25

25

Жай өткен шақтағы бұрыс етістіктердің сұраулы түрлері

1


26

26

«f» және «ph» оқылу ерекшелігі

1


27

27

Ти-Рекс динозаврлары

1


28

28

Лепті сөйлемдер

1


29

29

Тест №1

1


30

30

Оқып түсіну

1


31

31

Бұл кімнің күртешесі

1


32

32

Бақылау жұмысы

1


33

33

Грамматика. Жіктеу есімдіктері

1


34

34

Грамматика. Үстеу

1


35

35

Қайталау «Осы және өткен шақ»

1


36

36

Қайталау «have to»

1




ІІ тоқсан

(28)


37

1

Фонетика. Қоссарланған дауыссыздардың оқылу ерекшелігі

1


38

2

Баскетбол туралы не білесің?

1


39

3

Сенің сүйікті спортың

1


40

4

Көшеде айнала жүру

1


41

5

Грамматика «have to»

1


42

6

Бағдар беру

1


43

7

Олар неге адасып кетті?

1


44

8

Фонетика «к» дыбысы

1


45

9

Қуыршақ театры

1


46

10

Бұйрық рай

1


47

11

Ыңғайлы төсек орын

1


48

12

Сын есімнің салыстырмалы және күшейтпелі шырайлары

1


49

13

Ең жақсы. Бұрыс сын есімдер

1


50

14

«c» және «s»; «g» және «j» оқылу ерекшеліктері

1


51

15

Оқып түсіну «Құмырсқа мен шегіртке»

1


52

16

Көпше түрде өзгермейтін зат есімдер

1


53

17

Тест №2

1


54

18

Американ футболы

1


55

19

Келешек қандай болады?

1


56

20

Келер шақ

1


57

21

Келер шақта қолданылатын үстеулер?

1


58

22

«аu» және «aw» дыбысталуы

1


59

23

Оқып және тыңдап түсіну «100 жылда өмір өзгере ме?»

1


60

24

Бақылау жұмысы

1


61

25

Сөйлеу

1


62

26

Жазу практикасы

1


63

27

Сын есімнің салыстырмалы және күшейтпелі шырайларын қайталау

1


64

28

Келер шақты қайталау

1




ІІІ тоқсан

(40)


65

1

Сөзжасам

1


66

2

Дүкен аралауға қанаша уақытымыз бар?

1


67

3

Грамматика «How many» және «How much»

1


68

4

«lots of, much, many, any» қолданылуы

1


69

5

«Some» және «any» есімдіктері

1


70

6

«ed» жалғауының оқылу ерекшеліктері

1


71

7

Тыңдап түсіну «Ғажайып саяхат»

1


72

8

Хатты рәсімдеу

1


73

9

Жаңа бағдарламаны тамашалайық!

1


74

10

Инфинитив

1


75

11

Теледидарды жиі көресің бе? Мезгіл үстеулері

1


76

12

«er» және «or» оқылу ерекшеліктері

1


77

13

Бүгінгі телебағдарлама

1


78

14

Қандай телебағдарламаны көргенді ұнатасың? Болымсыз префикстер

1


79

15

Тест №3

1


80

16

Оқып түсіну «Саяхат»

1


81

17

Гулливердің ергежейлі еліне саяхаты

1


82

18

Мен үй тапсырмасын қағазға басып шығардым

1


83

19

Осы аяқталған шақ

1


84

20

Осы аяқталған шақ: сұраулы және болымсыз сөйлемдер

1


85

21

«ur» және «ir» оқылу ерекшеліктері

1


86

22

Электрондық пошта арқылы жіберетін хат

1


87

23

Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері

1


88

24

Тауға шығып көрдің бе?

1


89

25

Осы аяқталған шақта қолданылатын үстеулер

1


90

26

Осы аяқталған шақтағы «never» үстеуі

1


91

27

«еа» және «е» оқылу ерекшеліктері

1


92

28

Ғажайып саяхат

1


93

29

Сөйлеу

1


94

30

Өзіңді қалай сезінесің?

1


95

31

Кеңес беру

1


96

32

Грамматика. Модаль етістіктері

1


97

33

«le» және «al» оқылу ерекшеліктері

1


98

34

Денің сау болу үшін не істеу керек?

1


99

35

Бақылау жұмысы

1


100

36

Инфинитивті қайталау

1


101

37

«Some» және «any» есімдіктерін қайталау

1


102

38

Модаль етістіктерін қайталау

1


103

39

Жазу практикасы

1


104

40

Шылауды қайталау

1




ІV тоқсан

(32)


105

1

Құрмалас сөйлем. Шылаулар

1


106

2

Коста Рикадағы орманға саяхатым

1


107

3

Шөл даладағы тіршілік

1


108

4

Маған көмектесе аласыз ба?

1


109

5

Тәуелдік есімдіктері

1


110

6

Относительные местоимения

1


111

7

«еl» және «іl» оқылу ерекшеліктері

1


112

8

Ержүрек балалар

1


113

9

Құрмалас сөйлемдер

1


114

10

Біз балық аулап отырдық

1


115

11

Өткен созылыңқы шақ

1


116

12

Даталар

1


117

13

«tion» және «shion» оқылу ерекшеліктері

1


118

14

Туыстарым келе жатыр

1


119

15

Өлеңді талдау

1


120

16

Жақсы жаңалық, жаман жаңалық

1


121

17

Жай өткен және созылыңқы өткен шақ

1


122

18

Дыбысталуы ұқсас сөздер – омофондар

1


123

19

Тыңдап түсіну «Үш тілек»

1


124

20

Хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдер

1


125

21

Тест №4

1


126

22

Оқып түсіну «Алтын »

1


127

23

Мидас патша

1


128

24

Менің отбасым және жануарлар

1


129

25

Оқып түсіну және сөйлеу

1


130

26

Бақылау жұмысы

1


131

27

Шылаулар

1


132

28

Жазу практикасы

1


133

29

Тәуелдік есімдіктері

1


134

30

Құрмалас сөйлемдер

1


135

31

Жай өткен және созылыңқы өткен шақ

1


136

32

Хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдер

1









































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Пономарева Елена Ивановна

Дата: 23.01.2016

Номер свидетельства: 281454


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства