А?ылшын тілінде к?ркем фильм к?рсетілімін ?йымдастыруды? жоба-жоспары
А?ылшын тілінде к?ркем фильм к?рсетілімін ?йымдастыруды? жоба-жоспары
Данный план просмотра художественного фильма на английском языке предполагает участие в мероприятии учащихся, уже владеющих языком на надлежащем уровне, так как при подготовке к мероприятию должны быть приняты во внимание все условия работы с данным материалом в конкретной учебной группе.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«А?ылшын тілінде к?ркем фильм к?рсетілімін ?йымдастыруды? жоба-жоспары »
Ағылшын тілінде көркем фильм көрсетілімін ұйымдастырудың
жоба-жоспары
Көрсетілімге ұсынылған көркем фильм атауы: "Curly Sue" (Бұйра шашты Сью) отбасылық драмасы
Мақсатты топ: Intermediate не одан жоғары деңгейді меңгерген білімгерлер
Жанры: романтикалық драма-комедия
Қысқаша сипаттамасы: 1990 жылы түсірілген, алайда прокатқа 1991 жылы жол тартқан Warner Brothers кинокомпаниясының туындысы. Режиссёр Джон Хьюздың соңғы еңбегі.
Сюжеті: Үй-жайы жоқ ер адам мен оның Сью есімді жеткіншек досы адамдарды алдаумен күн көреді. Бірде олар алаяқтық жасамақ болып, бір жалғыз басты әйелді жолықтырады. Кейін ол өздеріне қамқор, пана болып кетеді.
Көрсетілім әдеттегідей үш кезеңнен тұрады:
Pre-watching activities - көрсетілімге дейінгі кезең
Бұл кезеңде алдын-ала фильмнің жалпы контентіне байланысты сұрақтар қойылады. Мәселен: Бұл фильмді көргендерің бар ма? Фильмнің атауына қарап, ол жалпы не туралы деп ойлайсыңдар? Фильм неге осылай аталды деп ойлайсыңдар? Фильмнің жанры жайлы не айта аласыңдар? Сью деген қыз туралы болса, ол кім болуы мүмкін? және басқалары.
While- watching activities - көрсетілім барысындағы кезең
Фильмге қатысты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Бұл кезеңде әр кейіпкердің рөлін, маңызды репликаларын, айтқан сөздерін талдау керек. Таныс емес сөздерді жазып алу тапсырмасы беріледі. Мазмұны қиындық тудырса, фильмді арасында тоқтатып отыру керек. Көрсетілімнен кейінгі сұрақтарға дайындық жасалады. Ол үшін мұқият болу қажет.
Post- watching activities - көрсетілімнен кейінгі кезең
Фильм жайлы айтылған болжамдар расталды ма, жоқ па? Фильмнен алған әсер қандай? - деген сипаттағы сауалдар көтеріледі. Шығарманың композициясына талдау жасалады: оқиғаның (тартыстың) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы айқындалады.