Мерзімі: 1 сабақ 8 сынып
Тақырыбы: Visiting museums
Сілтеме: Оқулық, интернет желісі.
Жалпы мақсаты: Мұражай туралы білімдерін тереңдету. Ұқыптылыққа , отансүйгіштікке тәрбиелеу, баулу, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау қабілеттерін,зейіндерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Оқыту нәтижелері: Жаңа сөздерді жатқа біледі, өз тәжірибелерінде қолдана алады.
Сабақтың негізгі идеясы: мұражай туралы білім беру
Сабақ түрі: зерттеу
Қолданылатын модульдер:
1. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.
2.Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (диалог),
3. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
4.Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
5.Көшбасшылық және оқытуды басқару.
6. талантты және дарынды балаларды оқыту
Әдіс тәсілдер: Топтық, жұптық, ойын.бос микрафон.ВЕНН диараммасы, Жигсо
Сабақ ресурстары: оқулық, таратпа материалдар, ватман, суреттер, стикерлер.
Сабақ жүру барысы
кезең | Әдіс-тәсілдер | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар уақыт |
ұйымдастыру | Топқа бөлу | Балалар біз сабағымызды бастамас бұрын барлығыңды мен ортаға шаттық шеңберін құруға шақырамын. Қазір бәріміз бір-бірімізге жылы тілектер айтудан бастайық. Балалар қараңдаршы менің қолымда суреттер бар қазір әрқайсымыз өзімізге ұнаған суретті алайық. Суреттің түрі бойынша 3 топқа бөлінейік. Олай болса 1 топ өз орнымызға, 2 -3 топ өз орнымызға жайғасайық. | Балалар шеңберге тұрып бір бірлеріне тілектер айтады.
Балалар суретті алады.
Балалар сурет бойынша 3 топқа бөлінеді. | 1 слайд Күннің суреті 2мин
2мин |
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ | Топтық
жигсо әдісі | Балалар үйге қандай тапсырма берілді. Үйге берілген аяқталмаған созылыңқы осы шақ және аяқталмаған созылыңқы өткен шақ тақырыбына ВЕНН диаграмасына салайық 1 топ аяқталмаған созылыңқы осы шақ.2 топ аяқталмаған созылыңқы өткен шақ, ал 3 топ ортақ қасиеттерін жазады. Балалар енді қолдарыңдағы суреттерде нелер бейнеленген? Олай болса балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз да мұражайлар тақырыбында болмақ.. Бүгінгі сабақта біз мұражай тақырыбына қатысты сөздермен танысатын боламыз. Ал сабақ барысында мен сендерге таратып беретін бағалау парақтары бойынша әрқайсыларың өздеріңді бағалайсыңдар, қорытынды бағаны шығырып мен сендерге қорытынды формативті бағасын қоямын келістік пе? Балалар қазір барлықтарың оқулықтың 89 бетін ашыңдар. 1 топ 3 сөз 2 топ 3 сөз 3-топ 3 сөзден алып аудармасын топта жаттап қалған топтарға ауысып қалған топпен жаттау тиіссіңдер. бірінші өз бетімізбен талдаймыз содан соң жұпта, топта талдаймыз. Топтан 1 спикер келесі топқа ауысып түсіндіреді, жаттатады. Сергіту сәті | Балалар үйге берілген тапсырма бойынша қорғайды.
Балалар жигсо әдісі бойынша оқулықтағы жаңа сөздерді талдайды. | 5мин
2 слайд мұражайларр 5мин
3 слайд 5мин
сергіту сәті5 мин |
Негізгі идея | топтық | Балалар енді түсінгендерімізді мен таратқан таратпа материалдан Инсерт әдісі арқылы белгілейсіңдер. Бос микрафон ойыны арқылы жаттаған сөздеріміз бойынша жауап береміз, жеткіземіз. Тапсырма: жаттаған сөздер бойынша және ойыннан түген ойларыңды жинақтау үшін зымыран сұрақтар ойынын ойнайық. Сабақты қорыту үшін 2,3 жаттығу 90 бет. жаттығуды топтан бір спикер шығып қорғайды. | Балалар Инсерт әдісі арқылы белгілеп бос микрафон ойынын ойнайды.
Зымыран сұрақтар ойынын ойнайды.
Қорғайды. | 5мин
10мин |
рефлексия | Жеке жұмыс Инсерт әдісі | Балалар алдарыңдағы суреттің артқы жағына не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? Сұрақтары бойынша жауап жазыңдар. Тақтадағы бақша суретіне жабыстырады. | Балалар алдарындағы мұражай суреттерінің артына инсерт әдісі бойынша өз ойларын жазады.
Сурет бетіне іледі | 4 слайд Сұрақтар жазылып тұрады. 2мин |
бағалау | Жеке жұмыс | Бағалау парақтары бойынша өздеріңе берген бағаларыңды атап шығыңдар | Өз бағаларын айтады | Бағалау критерийлері жазылған парақ 5мин |
Кері байланыс
Үйге тапсырма | Жеке жұмыс | Алдарыңда жатқан смайликтер арқылы сабақтан алған әсерлеріңді көрсетіңдер оны тақтаға апарып жабыстырыңдар
2 топқа бөліп 1 топ «Алматыдағы мұражайлар» туралы 2 топ «Астанадағы мұражайлар» туралы мағұлмат жинақтайды. | Смайликтерді іледі
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады | смайликтер 3 мин
2 мин
|
Мерзімі : 2 сабақ 8 сынып
Тақырыбы: The British museum
Сілтеме: оқулық, слайд.
Жалпы мақсаттар: Британия мұражайлары туралы білімді оқулықтарға сүйене отырып өздігінен ЖИГСО әдісі арқылы біліп тануға жетелеу.Тіл туралы білімдерін жетілдіру.Ой өрістерін дамыту. Тазалыққа баулу. Сөздік қорларын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқыту нәтижелері: Британия мұражайы туралы біледі, жңа сөздерді тәжірибеде қолдана алады
Сабақтың негізгі идеясы: Британия мұражайы туралы мәлімет беру
Сабақ түрі:
Зерттеу
Қолданылатын модульдер:
1. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.
2.Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (диалог),
3. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
4.Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
5.Көшбасшылық және оқытуды басқару.
6. талантты және дарынды балаларды оқыту
7. оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
Әдіс – тәсілдер: Топтық, жұптық, пікірталас жигсо
Сабақ ресурстары: Оқулық,Таратпа материалдар,Ватман,Суреттер,Стикерлер,
слайд
Сабақ барысы
Кезең | Әдіс-тәсілдер | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар уақыт |
Ұйымдастыру | Топқа бөлу | Балалар біз сабағымызды бастамас бұрын барлығыңды мен ортаға шаттық шеңберін құруға шақырамын. Қазір бәріміз бір-бірімізбен құшақтасудан бастағым келеді Балалар қазір менің қолымдағы суреттердің әрқайсымыз өзімізге ұнаған суретті алайық. 2 топқа бөлініп отырады | Балалар шеңберге тұрып бір бірімен құшақтасады.
Балалар суретті алады.
Балалар сурет бойынша топтасып отырады. | 1 слайд Құшақ жайған бала суреті 2мин
2мин |
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ |
топта
| Балалар мен сентерге бағалау критерийлерін таратамын, ал сендер жандарыңдағы жұпты сабақ барысында бағалап бағасын жазып отырасыңдар. Балалар мен сендердің үйге берілген тапсырма бойыншажазып келген ойтолғауларыңмен.ортаға шығып қорғайсыңдар. Оқып өз бағаларыңды критерий бойынша бағалаңдар. . Балалар бүгінгі сабақ тақырыбы The British museum Сабақтың мақсаты: Британия мұражайлары туралы білімді оқулықтарға сүйене отырып өздігінен ЖИГСО әдісі арқылы біліп тануға жетелеу.Тіл туралы білімдерін жетілдіру.Ой өрістерін дамыту. Тазалыққа баулу. Сөздік қорларын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, яғни Британия мұражайлары туралы білімді өздеріңнің күштерің мен білімдеріңнің арқасында танысатын боласыңдар. Яғни Жигсо әдісі арқылы. Олай болса мәтінді 2 топқа бөлемін. Өте жақсы жұмыс атқарып жатырсыңдар балалар ал енді қазір жаңа тақырыбымыздың мазмұнын ашу үшін мен әр топқа тапсырма бергім келіп отыр. Қалай ойлайсыңдар қандай тапсырма болуы мүмкін? Өте дұрыс қандай ақылды балалар мен сендерге әр жұпқа мысалы: Әр топ менің қолымдағы парақшаларды алады жазылған сұраққа мәтінге сүйене отырып жауап береді. Сергіту сәті |
Балалар үйге берілген тапсырма бойынша жазғандарын жұпта алмасып оқиды. Бағалайды. Тексеру үшін топта алмасып бірін-бірі тексереді.
Балалар топқа берілген тапсырмаларды Жигсо әдісі арқылы орындайды
Қара жорға биін билейді. | 2 слайд 5мин
3 слайд Британия мұражайыныңсуреті 1мин
10 мин
4 слайд сергіту сіті 3мин |
Негізгі идея | Жұптық | Енді келесі тапсырма жұпта 4 жаттығуды орындайды. Балалар енді әр жұптан бір спикер ыстық микрафонмен қорытындысын айтады. | .
Тапсырмада толықтырулар енгізеді.
| 5 слайд 5мин 10 мин |
Бағалау | Жеке жұмыс | Бағалау парақтары бойынша жұптарыңа берген бағаларыңды атап шығыңдар (Соңында жиынтық бағаны өзім жариялаймын) | Өз бағаларын айтады | Бағалау критерийлері жазылған парақ 5мин |
Кері байланыс
Үйге тапсырма | Жеке жұмыс | Бүгінгі сабақта өте жақсы жұмыс атқардыңдар енді сендердің алдарыңда жатқан жануарлар, құстар, балықтар, жәндіктердің суреттерінің артына бүгінгі сабақта не уйрендің не білдіңдер соны маған жазып беріңдер. Жазып болсақ тақтаға апарып әр жануардың өз мекендейтін жерлері бейнеленген суреттің бетіне апарып жабыстырыңдар. Әр топ өздерінің бүгінгі тақырыптары бойынша 5 жаттығу 91 бет .
| Іздерді тақтаға іледі.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады | смайликтер 3 мин
2 мин
|
Мерзімі: 3 сабақ 8 сынып
Тақырыбы: Art galleries
Сілтеме: оқулық
Жалпы мақсаты: Сурет галереясы туралы білімдерін өздігінен жетілдіруге жетелеу.Қосымша мағұлмат беру.Ой өрістерін кеңейту. Дұрыс отыруға жетелеу. Мәдениеттілікке,отансүйгіштікке, тәртіптілікке тәрбиелеу.
.
Оқыту нәтижелері: Сурет галереясы тралы біледі, жаңа сөздерді жатқа біледі, қолдана алады.
Сабақтың негізгі идеясы Сурет галереясы туралы мағұлмат беру.
Сабақ түрі: зерттеу.
Қолданылатын модульдер:
1. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.
2.Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (диалог),
3. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
4.Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
5.Көшбасшылық және оқытуды басқару.
6. талантты және дарынды балаларды оқыту
7. оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
Әдіс тәсілдер: Топтық, жұптық, жеке, инсерт әдісі, .Жигсо әдісі, ыстық мінбе
Сабақ ресурстары. : Оқулық.Таратпа материалдар.Ватман.Суреттер..стикерлер
Сабақ барысы
Кезең | Әдіс-тәсілдер | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар уақыт |
Ұйымдастыру | Топқа бөлу | Балалар ортаға шаттық шеңберін құрайық қазір бәріміз бір-бірімізбен қол алмасып амандасудан бастағым келеді Балалар қазір менің қолымдағы ашықхаттың суретін әрқайсымыз өзімізге ұнаған түсін алайық.енді ашық хаттың түсіне байланысты 2 топқа бөлінейік. Бағалау парақтарына сабақ барысында қасыңдағы досыңды бағалап отырасыңдар | Балалар шеңберге тұрып бір бірімен амандасады.
Балалар ашық хатқа байланысты 2 топқа бөлінеді | 1 слайд 2мин
2мин |
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Негізгі идея
Сергіту сәті
Бағалау
Кері байланыс
Үйге тапсырма |
Жеке-жеке
топтық
Жұппен
| Балалар қазір үйге берілген жаттығу бойынша 2 топ өздеріңнің жазуларыңды оқисыңдар
Оқулықтың 92 бетінде берілген диологты 2 топ жигсо әдісі арқылы талдайсыңдар, яғни Т: 1- топ, Г: 2-топ 1-топ Should бойынша түсіндіруге дайындалады 2 топ shouldn`t бойынша түсіндіруге дайындалады. Балалар қане сергіп алайық Бүгінгі сабақты қорыту үшін Балалар ыстық мінбе ойыны арқылы түсіндіреді. Барлығы 92 беттегі 1 жаттығуды орындайды. Балалар қазір бағалау парақтары бойынша бағалайсыңдар Сабақтан қандай әсер алдыңдар соны стикерге екі жұлдыз, бір тілектеріңді білдірідер. Ережені жаттау, 92 бет 2 жаттығу. | Балалар үйге берілген тапсырма жаттығуларын оқиды.Ойын ойнау арқылы жауап береді.
Балалар оқулықтағы жаттығуды оқып Жигсо әдісі бойынша топта талдайды.
Бинго биін билейді Ыстық мінбе ойыны
Балалар достарын бағалайды.
5 тілек жазып тақтаға іледі.
Күнделікке жазады | 2 слайд Ойын 5мин
3 слайд Тақырып аты 4 слайд мақсаты 5 слайд 15 мин 6-7слайд сергіту сіті3мин 8 слайд 5мин
1 мин
5 мин 1 мин
2 мин |
Мерзімі: 4 сабақ 8 сынып
Тақырыбы: Scientific Museums
Сілтеме: оқулық
Жалпы мақсаты: Ғылыми мұражайлар туралы білімдерін жетілдіру. Ырықсы етіс туралы білімдерін ары қарай дамыта отырып сөздік қорларын молайту, есте сақтау, ой өрістерін, ойлау қабілеттері мен білім білік дағдыларын дамыту. Отансүйгіштікке,тәртіптілікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: Ғылыми мұражайлар туралы біледі, ырықсыз етіс туралы білімдерін толықтырып қолдана алады. Жаңа сөздерді жатқа біледі.
Сабақтың негізгі идеясы: Ғылыми мұражайлар туралы мағұлмат беру
Сабақ түрі: зерттеу.
Қолданылатын модульдер:
1.АКТ,
2.Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (диалог),
3.СТО,
4.Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
5.Көшбасшылық және оқытуды басқару.
6. талантты және дарынды балаларды оқыту
7. оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
Әдіс тәсілдер:
Топтық, жұптық, пікірталас, жигсо әдісі.
Сабақ ресурстары: Оқулық Таратпа материалдар.Ватман.Суреттер. стикер
Сабақ барысы
Кезең | Әдіс-тәсілдер | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар уақыт |
ұйымдастыру | Топқа бөлу | Балалар қазір менің қолымдағы кәмпиттерді әрқайсымыз өзімізге ұнағанын алайық.кәмпиттің түріне байланысты байланысты шоколадттар бір топ,мармеладттар бір топ. | Балалар шеңберге тұрып бір бірімен амандасады. Балалар кәмпиттің түріне байланысты 2 топқа бөлінеді | 1 слайд 2мин
1мин |
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Негізгі идея
Бағалау Кері байланыс
Үйге тапсырма |
Жеке-жеке
| Балалар мен сендерді бағалау үшін әр орындаған тапсырмаларыңа байланысты ұпай жинау арқылы сабақ барысында жинайсыңдар сабақ соңында ұпайларыңды санап бағалайтын боламыз. Балалар мен сендердің үйге берілген тапсырма бойынша және өткен тақырып бойынша жаттығуды орындауға берген болатынмын , жаттығуды оқысақ. Сұрақтар жазылған кеспе парақтар бойынша жауап беру. Балалар бүгінгі сабақ тақырыбы Scientific Museums Сабақтың мақсаты: : : Ғылыми мұражайлар туралы білімдерін жетілдіру. Ырықсы етіс туралы білімдерін ары қарай дамыта отырып сөздік қорларын молайту, есте сақтау, ой өрістерін, ойлау қабілеттері мен білім білік дағдыларын дамыту. Отансүйгіштікке,тәртіптілікке тәрбиелеу.
Балалар қазір туған күнге байланысты 2 топқа бөлінеміз яғни тақ сандар 1топ, жұп сандар 2 топ Бөлінсек 1 топ оқулықтың 95 бетіндегі 1-ші мәтін бойынша жигсо әдісін қолданып талдайды. 2 топ 2-ші мәтін бойынша. Сергіту сәті Топтар алмасады
Балалар сабақты қорыту үшін бір бірлеріңе мен таратқан парақтардағы сұрақтар қойып кім блгір ойынын ойнайық. Ұпай сандарын бағалайық Балалар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар смайликке бейнелеңдер
93-94 бет (А,В) жаттығу орында. |
Балалар үйге берілген тапсырма бойынша баяндама оқиды, бір бірлеріне сұрақтар қояды.
Балалар Топтарға бөледі топтарда Балалар топта жұмыс істейді.
Балаларсергіту сәтін жасайды Топтармен ауысып жұмыс істейді. Сұрақ қою арқылы мәтін бойынша түсінгендерін анықтайды. Балалар өздерін бағалайды. Смайликтерін шарға жабыстырады. Күнделікке жазады |
5мин
2мин
10мин
2 мин 5мин
5мин
2 мин
1мин
|