kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Нажмите, чтобы узнать подробности

В данном уроке есть паная работаю. и использованы другие методики  к ним прилагаються дескрипторы на каждое задание

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өрнектерді тепе-тең түрлендіру»

Тексерілді: Смагулова А.М.

Күні: 9.11.17

Мұғалімніңаты-жөні: Сулейменова А.Ж.

Сынып:7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өрнектерді тепе-теңтүрлендіру

Сабақтың типі

Жаңа тақырыпты меңгерту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.13

көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау

Сабақ мақсаты

-Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру туралы түсінік беру

- Көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындай алу

-Оқушылардың математикалық сөйлеу мәдениеттерін дамыту, есептер шығару барысында ұқыптылыққа, еңбектенуге тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

- Жақшаны ашу, ұқсас қосылғыштарды біріктіру ережелерін қолдану арқылы тепе-теңдіктерді анықтайды;

-Көпмүшелерге және бірмүшелерге амалдар қолдану арқылы тепе-тең түрлендірулерді орындайды;

-Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді қолдану арқылы тепе-тең түрлендірулерді орындайды;

-Тепе-тең түрлендірудің нәтижесін терминдерді қолдана отырып ауызша түсіндірмесін айтып дәлелдей алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнгетән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу..

Ұқсас мүшелерді біріктіру үшін...

Жақшаны ашу ережесі...

Теңбе-тең өрнектер деп...

Тепе-тең түрлендіру деп...

Құндылықтарды дарыту



Құрмет, ашықтық құндылықтары топта және жұпта жұмыс жасау ережелерін орындау арқылы және өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады; серіктестік – топта жұмыс жасау; еңбексүйгіштік және шығармашылық жаңа материалды өз бетімен үйрену арқылы, есептер шығару және өзара талқылау арқылы

Пәнаралық байланыстар

География пәні: Қазақстан экономикасы мен ЭКСПО туралы мәлімет беру

Бастапқы білім


Жақшаны ашу ережесі, қосудың және көбейтудің терімділік қасиеті мен көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік заңын білу. Көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшені көбейткіштерге жіктей алу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақ басы


Өткен сабақтағы білімдерін қайта жаңғырту.

4 мин







3 мин


І) Ұйымдастыру

1.Оқушылармен амандасу

2.Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ) Ұ.Ойын «ұста,жалықпа, дұрыс жауапты анықта!».

Оқушылар шеңбер құрай отырып қатарға тұрады.

Мұғалім допты оқушылардың біріне лақтырады және сұрақты қояды «Көпмүшені бірмүшеге қалай көбейтеді?» Оқушы сұраққа жауап береді және допты қайтадан жүргізушіге лақтырады. Одан кейін келесі сұрақ басқа оқушыға қойылады: «Көпмүшені стандартты түрге қалай келтіреді?» және т.с.с.

Бағалау:

Қ. Оқушылардың жауаптарын бақылау.

ІІІ) М. Оқушыларға алгебралық бүтін өрнектер жазылған карточкаларды тарату және теңбе-тең өрнектерді сәйкестендіріп жұптарға бірігіп отыруын сұрау және жұптық тапсырма ұсыну.

Ж.Табылған дұрыс теңбе-тең өрнектердің теңдігін ауызша түсіндірмесін бере отырып өзара жұпта талқылау.





доп






карточка



Сабақ ортасы

2 мин



3 мин














2мин



3 мин















2 мин










3 мин


















3 мин





























2 мин










5 мин


1.Білімін өзектендіру.

Сабақты келесі сұрақты қоюдан бастау:

өрнегі мен өрнектерінің

болғанда мәндері тең бола ма?Бұл өрнектер теңбе-тең деп айтуға бола ма?

Қ. Оқушылардың пікірін тыңдау.

М.Олай болса, бүгінгі сабақта теңбе-тең өрнектердің анықтамасымен танысайық және тепе-тең өрнектерді алу үшін қандай түрлендіру жасауға болатынын үйренейік.

Дәптерлеріңізге сабақтың тақырыбын жазып қойыңыздар:

Сабақ тақырыбы: Өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Сабақ мақсаты: алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау;Сабаққа қатысты лексика мен терминология слайд 4

Жетістік критерийлері:

Көпмүшелерге және бірмүшелерге амалдар қолдану арқылы тепе-тең түрлендірулерді орындау;

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді қолдану арқылы тепе-тең түрлендірулерді орындау;

Тепе-тең түрлендірудің нәтижесін терминдерді қолдана отырып ауызша түсіндірмесін айтып дәлелдей алу.

Ұ. оқушылар мысалдарды шешу арқылы және бағыттауыш сұрақтарға жауап беру арқылы «тепе-тең өрнек», «тепе-тең түрлендіру» ұғымына келеді.

Олай болса, «теңбе-тең өрнектер»анықтамасымен таныс болайық:

Анықтама: Әріптердің мүмкін мәндерінде бірдей мәнге ие болатын екі өрнек тепе-тең өрнектер деп аталады.

Проблеманы қою.

Ұ. Тапсырма: а=2,1; b=11,3; c=4,2 және d=5,5 болғандағы, ab + ac - ad өрнегінің мәнін тиімді тәсілмен есептеңіз.

М.Ол үшін не істейміз? Берілген әріптердің мәндерін бірден қойып есептемей, өрнекті түрлендіріп есептеген тиімді.

Шешуі:ab + ac – ad = a(b + c – d)= 2,1∙(11,3+4,2 – 5,5)=2,1∙10=21

Қандай тепе-тең түрлендіру жасалды?Тепе-тең түрлендіру дегеніміз не?

М. Олай болса, теңбе-тең түрлендірудің анықтамасын жазайық.

Анықтама. Айнымалының кез келген мәнінде мағынасы болатын бір өрнекті оған тепе-тең өрнекпен алмастыруды тепе-тең түрлендіру деп атайды.

Өрнектерді тепе-тең түрлендіру амалдар заңына сүйене отырып жасалады.Қосудың және көбейтудің терімділік қасиеті мен көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік заңы: a + b = b + a
ab = ba
(a + b) + c = a + (b + c)
(ab)c = a(bc)
a(b + c) = ab + ac

Қандай тепе-тең түрлендірудің түрлерін білесіңдер?

Бағалау:

Қ. Мұғалімнің бақылауы және оқушыға кері байланысы. Оқушылардың пікірін тыңдау және түрлі пікірлерді сыныппен талқылау.

Ж.Жұптық жұмыс. Мына теңбе-теңдіктер дұрыс па:

1) 3а(5b) = 15аb;

2) 1+(x – y) = 1 – (y – x ) ;

3) 2a+(3 b – 4 ) = 2a – (3b+4)?

4) а – (4b – с) = a – 4b + c;

5) (-1) • b+а = а – b;

6) 5а – 17 = 5(а – 17)?

Қ. Оқушылар дәптерлерімен алмасады, терминдерді қолдана отырып, бір-біріне өз мысалдарын түсіндіреді .

Қ. Бағалау парақшасы:

Дескриптор

Өзінің бағасы

Жұбының бағасы

Толық дұрыс жауап -1балл, жартылай дұрыс немесе қате жауап -0балл

Жақшаны ашу, ұқсас қосылғыштарды біріктіру ережелерін қолдану арқылы тепе-теңдіктерді анықтау;



Тепе-тең түрлендірудің нәтижесін терминдерді қолдана отырып ауызша түсіндірмесін айтып дәлелдей алу.




Ұ.Өрнектерді көбейткіштерге жіктеңіз және сәйкесінше жауаптарын тауып, әріптерден жасырылған сөзді табыңыз :

М.Бағалау: Мұғалімнің бақылауы

Дескриптор:

-Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді қолдану арқылы тепе-тең түрлендірулерді орындау;

-Тепе-тең түрлендірудің нәтижесін терминдерді қолдана отырып ауызша түсіндірмесін айтып дәлелдей алу.

Ж. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды және болғаннан кейін үлгі бойынша өзара жұбымен тексереді.

- Енді көпмүшеге амалдар қолдану арқылы тепе-тең түрлендірулерді орындау үшін карточкалардағы өрнектерді сәйкес әріптерімен сәйкестендіріп жасырын сөзді табу керек. Ол үшін бес адамнан келесі тәсіл бойынша топтарға бірігіп жұмыс жасаймыз: «Атомдар мен молекулалар»:

Өздеріңізді кездейсоқ қозғалыста болатын атомдар ретінде елестетіп көріңіздер. Атомдар қозғалыста болып соқтығысқан кезде молекулалар пайда болады. Мен қолымды соққан кезде соққы санына байланысты молекулалар құраймыз.

Алдымен топта жұмыс жасау ережесін (еске түсірейік) құрастырайық:

1. Ойлан, тыңда, пікіріңмен бөліс.

2. Басқалардың пікірін сыйла.

3. Идеяларыңды жаз.

4. Мұғалімнен сұрама, тобыңнан сұра.

5. Міндеттерді бөліп ал.

Т.«Сәйкестендіру»

Алдарыңызда өрнектер жазылған екі түрлі карточкалар бар . Бірінші топтағы карточкада ықшамдалатын өрнегі бар карточка, ал екінші топтағы карточкада оған сәйкесінше ықшамдалған өрнек жазылған. Карточкалар алмастырылып өрнек жазылған беті төмен қарай жауылып орналастырылған. Оқушылар әр топтан үш карточкадан алады және ондағы өрнекті ықшамдайды. Егер екінші топтағы алған карточкасында жауабы болмаса оның жауабын топтың басқа мүшелерінен іздейді. Табылған өрнектерді «қорытынды» таблицаны толтырып өзара топта бірін-бірі тексереді

Оқушылар топта жұмыс жасайды, тапсырманы орындайды, қорытынды жасайды– қосымша 1

Қ. Бағалау парақшасы:

Дескриптор

Өзінің бағасы

Топтың бағасы

Толық дұрыс жауап -1балл, жартылай дұрыс немесе қате жауап -0балл

Көпмүшелерге және бірмүшелерге амалдар қолдану арқылы тепе-тең түрлендірулерді орындау;



Олардың теңдігін негізді түрде дәлелдеп түсіндіреді







Слайд 1

http://www.cleverstudents.ru/expressions/identity_transformations_of_expressions.html

слайд 2

слайд 3

слайд 4


слайд 5






Слайд 6



Слайд 7


Слайд 8




Слайд 9






Слайд 10




Слайд 11



















слайд 12









http://sabaqtar.kz/tarbie/3943-ekspo-2017-azastanny-bolashay.html


Слайд 13








Ережелері бар плакат













Сабақ соңы

(3 мин)

Рефлексия:Оқушылар кезекпен тақтадағы сөздерді қолданып бір сөйлемнен сабақ туралы өз ойларын айтады

Мен білдім…

Мағанқызықболды…

Мағанқиынболды…

Мен орындайалдым…

Мен түсіндім…





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Алгебра

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Автор: Сулейменова Асель Жумагазыновна

Дата: 28.02.2018

Номер свидетельства: 460220


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства