kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің Қазақстаным-менің болашағым 7-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отанын сүюге, елін,ата салтын қадірлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің Қазақстаным-менің болашағым 7-сынып»

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Менің Қазақстаным-менің болашағым



Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген 
сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету
Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке, 
саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:
Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы
Бүгін саған әлем түгел қарайды
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы 
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы 

«Менің Қазақстаным – менің болашағым»
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды. 
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ жері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай
Елі текті, киелі, қасиетті.

Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім
Азап жүгін ел жауын қуған ері
Әділет пен бірлікке жанын қиып
Әділ өткен билердің туған жері

Қазақ жері – қонақжай төрлер жері
Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі
Елі кедей болмаған, жері байтақ
Едігедей, Бабырдай шерлер елі

Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы

Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына ма
Сүй, Отанды
Шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал, ойына, қырына да

Ел болдың ерік алдың астаналы
Енді кімнен қазағым, жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Сөзжұмбақ «Отан»

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы Достық
2. Елордамыз қай қала Астана
3. Біз қай ұлтпыз? Қазақ 
4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі Әнұран

Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып дауыстап айт.

Отаным, туған жерім, Атамекенім, туған өлкем, туған елім.
Менің - Қазақстан

Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы.



Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз. 
Еліміздің рәміздерін атайық. 
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. 
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді. 
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков 
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған. 
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. 


Біздің еліміз
Қазақстан Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты
Еліміздің рәміздері туралы не білесіз?
Әнұраным, жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады 
Республикам – Әнұраным

Шексіз көк аспанды жамылады
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі
Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын
Әнұран – Мемлекеттің халық әні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
- Еліміздің Туы. Елтаңбасы туралы не айтамыз?

Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы, 
Оны халық қашанда. Биікке іліп қояды.
Көк аспанда алтын күн. Көк аспанда жас қыран,
Естілгендей біздің үн. Сол ғарыштың астынан.

Туымызға жас туған,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында,
Көгереміз көктейміз.

Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй

Бұл - таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Мұнда да бір ерлігім
Мұнда да бар жер күші

Қара –шаңырақ – ел күні. Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы – елдігім. Елдің тыныш тірлігі

Ән. Елтаңбасы елімнің
Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі. 
Ақын – жазушыларымыз 
Қандай сұлу, қандай көркем, 
Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған. 

Әйнегі күн – шатыры аспан
Кең дала, төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан
Қазақстан – Республикам менің!

Айқаста жаудың алқымын сыққан
Ажалға қимай намысты елін
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан
Қазақстан – Республикам менің 

Абай туған, Сәкен Туған
Құрметте досттым қазақтың жерін
Қамбаға жылда мол астық құйған
Қазақстан – Республикам менің!

Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем

Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің, туған өлкем!

Ер еңбегі шалқып тасқан
Ел еркіндей бақыт тапқан
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!

Ән. Отаным Қазақстан!
- Мен. Қазақпын мың өліп, мың тірілген 
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген.

Біз, қазақ – мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз
Басымыздан құт-береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзамызға үкі таққан елміз
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат
«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей біз өз ұлтымызды мақтаныш етеміз. 

Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске 
Айта бергім келеді, айта бергім.


Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен 
Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген

Көк байрағын көтеріп
Желбіреткен қазақпыз

Түбі бірге бауырды
Елжіреткен қазақпыз

Бостандықты сағынып 
Қолына алған қазақпыз 

Жұлдызымыз жарқырап
Жолы болған қазақпыз

Би «Қара жорға»

Туған тілім – тірлігімнің тірегі

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдыретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақ тілі – атадан балаға мирас болып қалған қасиетті мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға тиіс. 


Қымбат маған анам тілі, бал тілім
Қымбат маған дана тілім, ар тілім
Ақ сүтімен бірге сеңген бойыма
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар
Жырлап өткен Ыбырай мен абайлар
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Ана тілім бәрін сөйлер шежірем
Тілсіз нені білдіре алам не білем
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем

Өлең жырмен арайланса таң күліп
Ардақтымды жырлап өтем мәңгілік 
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын
Жалғастырып жаза берем мәңгілік
Ән «Айналдым ана тілімнен»

Өткен тарихымыздан аздаған түсінік
ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық Алайда Қазақ елі бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан –байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. Жұрт қасиетті Қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Оларды Төле би бірлікке шақырады. 

Көрініс Үш бидің даналығы. 
Жерімді гүлдендірген аңыз өлкен 
Данышпан даналары аңыз еткен 
Үш жүздің басын қосып біріктірген 
Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер



Қазақ биі (Әмірбекова Ақерке)
Отанымыздың жүрегі
Тәуелсіздік тірегі
Жеріміздің кіндігі
Халқымыздың бірлігі – Астана
Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті
Астана – 1997 жылы 10 желтоқсанда Тәуелсіз еліміздің астанасы болып бекітілді. Бүгінгі Астана – азат елдің бас қаласы. 
Астана кеше ғана басқа қала 
Айналды бәйтеректі Астанаға

Астана туралы өлең шумақтары

Осынау елде бақ табам. 
Осынау елде шат балам 
Мерейін елдің артырған 
Астанам – менің Астанам

Байтақ дала – жерім менің
Арта берсін кенің сенің
Көк байрағың желбіресін 
Егеменді елім менің
Ән «Бала тілегі» (Әбдіхалықова Лиза)

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз. 

Жаса Қазақстаным,
Жаса, менің ұлы елім!

Көрініс

Астана кеше ғана басқа қала
Айналды бәйтеректі Астанаға
Астана қаласы – Біздің Отанымыздың жүрегі:
Жаса Қазақстан,
Жаса, менің ұлы елім!

Жаса Қазақстан, жаса менің қазағым
Артта қалды қиындық пен азабың 


Жаса Қазақстан, жаса менің ұлы елім
Атқан таңдай ашық болсын ажарың

Жаса Қазақстан, алаш жұртым ардағым
Алтын бесік байтақ дала – арманым

Жаса Қазақстан, атамекен тұрағым
Көк аспанда желбіресін байрағың

Жарқын көңіл, жайсаң елім қазағым
Өз ұраның айтылсын өз әнің

Ана тілдің айбыны асқақтап
Болсын таза дін

Батыр ұлың ел көшіп бастаған
Жасымасын жас ұрпақ, жаса балаң

Ашық аспан астында 
Мәртебең ассын басқадан

Байтақ дала – жерім менің
Арта берсін жерің сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
Ән «Атамекен»
Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Ана тілің асыл қазынаң!

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Түрі: Дәстүрлі
Әдісі: Екі топ арасындағы сайыс
Көрнекілігі: Слайдтар, тақырып бойынша плакаттар

Кіріспе бөлім:
Мұғалім сөзі:
Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде. Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілін меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында екі топтың жарысы түрінде өтеді. Әр топ 4 оқушыдан құралған. Жарыс алты сайыстан тұрады:
1. Мақал сөздің – мәйегі.
2. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
3. Өлең – сөздің патшасы.
4. Сахналық көрініс.
5. Ана тілім – асыл қазынам.
6. Тіл болашағы – жастар қолында.
Жарысқа төрелік ететін әділ қазыны сайлап алу.

Ана тілім, дана тілім бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.

Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде.

Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам.
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.
Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес,– демекші Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі өте бай әрі көркем. Ана тілін құрметтеген адам Отанын да сүйеді.

Бірінші сайыс «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады. Екі топтан бір оқушыдан шығып мақалдың басын бастаса екінші топтың ойыншысы мақалды аяқтауы тиісті. Мақалдар тақырыбы тіл, сөз қадірі жайлы болмақ.

Екінші сайыста өлең шумағының алғашқы екі жолы беріледі. Екі топ өлеңді аяқтайды.
1. Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін, әндерін
.................................
2. Жауды жаңбыр топ-топ
Шелек - шелек көп-көп!
......................................
3. Ана тілді сүйіп өтем,
Барлық тілден биік екен.
..................................
4. Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
.........................................
Өлең – сөздің патшасы деп аталатын сайыста әр топтан бір оқушыдан шығып Ана тілі жайында жазылған бір өлеңді мәнерлеп жатқа айтып шығуы тиіс.

Төртінші сайыста әр топ тілдің бүгінгі жағдайын бейнелейтін көрініс көрсетеді.
Бесінші сайыс сұрақ-жауап сайысы. Екі топтың білімі сыналады.

1-топқа:
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Абайдың әжесі? (Зере).
4. Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады? (Кел, балалар, оқылық)
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
6. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
7. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
8. Қазақ халқының тұрмыс салтында қандай жырлар кездеседі?

2-топқа:
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
2. Абайдың туған жылы? (1845).
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).
6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).
7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
8. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).

Соңғы сайыс сурет сайысы. Әр топ болашақтағы Қазақ тілінің мәртебесі қандай болатыны жайлы суретке қарап әңгімелейді.

Мақал-мәтелдер:
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).
2-топ 
1. Бал тамған тілден ... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан ... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).
9. Тілден артық ... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).
Жарыстың қорытындысы шығарылады. Оқушылар мақтау қағазы мен сыйлықтарға ие болады.







































Қарты бардың қазынасы бар
Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош келдіңіздер.

Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Мәмбетов Әлішер ағайға береміз.
Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.
Олай болса бүгінгі кешімізді орындауындағы «Туған жер» әнімен ашамыз. Орындайтындар Қаракөз және Теңел
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат
Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер ұстазымыз Мақсат ағайға сөз береміз.
Жадыраймын жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.
Ән: «Қарттар азайып бара жатыр» орындайтын Бақнұр

Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.
Тақпақтар:
1-Жансая:
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.

2-Айбек:
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

3-Бекнұр:
Атам менің әманда
кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.

4-Расул:
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.

5-Фариза:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

6-Жадыра:
Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

Жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
Көркем сөз: М. Мақатаев «Әкеге арнау» орындайтын Қожахмет Малика.

Бүгінгі кешке ауылымыздағы асыл аналарымыздың бірі, қарт ұстазымыз қазір зейнеткер Мұратова Набиға апай келіп отыр. Анамызға рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік.
Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған бақыт неге керек ақ әже – ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығың

Анамызға арнап 10 сынып оқушысы Нағыметова Қаракөздің орындауында «Анама хат» әнін қабыл алыңыздар.
Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата – анасын жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым – қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
Көрініс: «тоқта балам, атаң келер артыңда»
Көркем сөз: М. Мұқатаев «Реніш» орындайтын 10 сынып оқушысы Сүйеуова Жібек

Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Қазақ биі» бір топ бишілер

Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
Ән: «Әкелер» орындайтын Ғарифулла

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал әкелер өздеріңе арналмақ
Бұл айтатын асқақ ән.
Ән: «Ауылым сенің іргелі» орындайтын Аида

Көкке өрмелеп көңілің
Нұрға толсын өмірің
Бақытты бол жан әке
Ұзақ болсын өмірің
Ән: «Әке туралы жыр» орындайтын Дархан

Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазы жүрекпен
Сыр арнаймын өзіңе

Ән: «Неге сені сүйдім-ай» орындайтын Дәуірхан

Арманым едің аңсаған
Әке сен бақыт мен саған
Ұрпағым болып жалғадым
Қуаныш әке сен маған
Ән: «Ақерке жайық» орындайтын Нұртуған

Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.










































Жол сақшысы .

Мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау.
Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: 
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сынып сағаты.
-Балалар біз бүгін « Жол тәртібін жадыңда ұста » тақырыбында сынып сағаты өткіземіз.

Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
Нұршат: Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.

Ленмар: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Қуаныш: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Ербол: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
Ескерту белгі:
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Тыйым салу:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемеймін, барма тағы сұрағың?

Анықтама: Белгімен көрсетер жылдамдық пен бағытты
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. 
Барлығын да анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

Нұршат: Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн-түнсіз жол сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Төрт топтан құрылған белгілер туыстай,
Жөн сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.


Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса , қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.

1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)

2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.
3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн

Көрнекіліктермен жұмыс.
А) жолда жүру ережесінің сақталуы
Ә) көлік түрлері 
Б) жол белгілері 
Қорытынды. Ән.«Әрқашан күн сөбесін» аяқтау.
Көшеде тек жүрелік,
Өзінше бұл да бір ерлік.
Ата-ана қынжылмасын, 
Түсіріп ұнжырғасын.










«Өкпеті» орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым»

Мақсаты:

Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік:

Мультимедиада дайындалған слайдтар: Ата Заң туралы мәліметтер,

Видеофильм «Қазақстанның гүлденуі»

Тақтада сынып сағатының тақырыбы, мақал-мәтелдер мен дана адамдардың сөздері жазылған слайдттар.

Түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, жұппен, топпен жұмыс, әдеби монтаж.

Барысы:

Экранда слайдпен сабақтың тақырыбы көрсетіледі. ( Слайд)

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Қазақстаным – менің болашағым!».

Әнұран (мультимедиялық көрініс – Менің Қазақстаным!)

Мақсатымыз: туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, Отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.

Экранда «Отан деген не?» сұрақ көрсетіледі. (Слайд)

Мұғалім: Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың айтып өтіңдер (2мин.). Енді көрші отырған балалар бір-біріңмен ойларыңмен алмасыңдар.(1мин.). Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді. (Оқушылар өз ойларын айтады).

Мұғалім «Отан деген не» екенін түсінік ағашының көмегімен оқушылардың ойын қорытындылайды.

Отан-менің ата-анам

Отан-досым бауырым /жатттау/

Экранда Қазақстанның картасы көрсетіледі.(Слайд)

Мұғалім: Ендеше балалар мына сұрақтарға жауап берейікші.

Еліміздің тұңғыш Президенті кім?

Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?

Рәміздерді атап беріңдерші.

Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы кім әңгімелеп береді?

Экранда мультимедиялық бейнефильм «Қазақ елі туралы» көрсетіліп тұрады. Мұғалім Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат беріп өтеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

ҚРК-ның кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеол. тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демокр., зайырлы, құқықтық және әлеум. мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемл. бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демокр. негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экон. даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демокр. әдiстермен, оның iшiнде респ. референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).

Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемл. нысандар жөнiнде, мемл. буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемл. басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде ҚРК-ның жоғары тұрғандығын арнайы мемл. орган — ҚР Конституциялық Кеңесi қамтамасыз етедi. ҚРК-ның 74-бабына сәйкес, КРК-на кереғар деп танылған заңдар мен халықар. шарттар қол қойылуға жатпайды немесе тиiсiнше бекiтiлуге және күшiне енгiзiлуге тиiс емес. Заңдарды Конституцияға сай келедi деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң басталғандығын бiлдiредi. Конституцияда баянды етiлген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейдi деп танылған заңдар немесе өзге нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жояды және қолданыстан шығарылады. Сондай-ақ соттар мен өзге де құқық қорғаушы органдардың осындай заңға немесе өзге нормалық құқықтық актiге негiзделген шешiмдерi де орындалуға жатпайды.

Мұғалім: Енді әр топ оқушыларына «Менің Қазақстаным – менің болашағым» тақырыбында дайындаған жобаларын қорғау ұсынылады.

Мұғалім: Ал енді сынып сағатының қорытындысы ретінде мына бір шумақты назарларыңа ұсынамын:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен-

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..

Қорытынды: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салды
































































 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Алгебра

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Менің Қазақстаным-менің болашағым 7-сынып

Автор: Жирентаева Гулзат Сайлаубековна

Дата: 31.03.2019

Номер свидетельства: 505426


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства