kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Краткосрочный план на тему "Топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Методическое пособие по алгебре 7-класс на тему "Топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктеу"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Краткосрочный план на тему "Топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктеу"»

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Алгебра


Мұғалімнің аты-жөні: Маханова Күләш

Жаңаөзен қаласы №17 орта мектеп

Сыныбы: 7

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

7.2.1.12

Оқушылар топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктей алады.


Сабақ мақсаттары

Көпмүшені көбейткіштерге топтау тәсілімен жіктеу алгоритмін меңгерту,оған сәйкес амалдарды орындау ережесін тұжырымдау.

Жетістік критерийлері

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды, көпмүшенің мүшелерін ортақ көбейткіш шығатындай етіп топтастыруды біледі.

Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерін қолданады.

Көпмүшенің мүшелерін әр топта екі мүшеден және үш мүшеден болатындай етіп топтай алады және көбейткіштерге жіктей алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат

Оқушылар математикалық тілде сөйлеу мәнерін қалыптастырады. Көпмүшені көбейткіштерге топтау тәсілімен жіктеу алгоритміне сипаттама береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Бірмүше, ұқсас мүшелер, көпмүше, бірмүшенің дәрежесі, қосу амалы, азайту амалы, қысқаша көбейту формулалары, топтау тәсілі, көбейткіштерге жіктеу, қосымша мүше.

Бірмүше-одночлен-monomial

Ұқсас мүшелер - Подобные члены - Similar members

Көпмүше – Многочлен - Polynomial

Бірмүшенің дәрежесі - Степень одночлена – Degree of monomial

Қосу амалы- Сложение- Addition

Азайту амалы- Вычитание – Subtraction

Қысқаша көбейту формулалары – Короткие формулы умножения – Short multiplication formulas

Топтау тәсілі – Способ группировки – Grouping method

Көбейткіштерге жіктеу – Факторизация – Factorization

Қосымша мүше – Дополнительный член – Additional member

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар сөз тіркестерін қолдана алады.

Топтау тәсілі арқылы көпмүшені көбейткіштерге жіктеу алгоритмі деп көпмүшенің мүшелерін ортақ көбейткіштері бірмүше немесе көпмүше түрінде болатын топтарға біріктіруді және ортақ көбейткішті жақшаның алдына шығару тәсілін екі немесе одан да көп рет қолдануды айтады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар бойына зайырлы қоғам және жоғары руханият, жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылықтарын дарытамын.

Оқушылардың математикалық білімін толықтырып, логикалық ойлауға үйретемін, бірігіп жұмыс істеуге және ұйымшылдыққа тәрбиелеп, топпен еңбек етуді бойына сіңіремін.

Пәнаралық байланыс

Алгебра, Информатика, Геометрия

АКТ қолдану дағдылары мен сабақ көрнекіліктері

Интерактивті тақта, таратпа қағаздар, слайдтар, топтың аттары, стикер, бағалау парақтары

Бастапқы білім

Көпмүшені ортақ көбейткішін жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктей алады.Қысқаша көбейту формулаларын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар

I. Сабақ басы

8 минут


Ұйымдастыру

1. Оқушылармен амандасу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару,бірге сабақ мақсаттарын және күтілетін нәтижені анықтап алу.

4.Психологиялық ахуал орнату

«Шаттық шеңбер» құру арқылы жақсы тілек білдіру.

5. Сыныпты топтарға бөлу және топ басшыларын сайлау, бағалау парақтарын тарату.

Партаға алдын ала шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш суреттерін қойып оқушыларға солардың біреуін қарамай таңдату арқылы І «Шеңбер», ІІ «Үшбұрыш», ІІІ «Төртбұрыш» IV «Бесбұрыш» топтарын құру.







Слайдтар, смайликтер, бағалау парақтары, геометриялық фигуралар салынған қағаздар.


Үй тапсырмасын сұрау:

№102 Ұқсас мүшелерді біріктіріңдер:

  1. 3m-2m+5m=6m

  2. 5n-3+n+6=6n+3

  3. 5pq+k-7pq-k=-2pq

  4. 4a-5b+5b+4a=8a

«Көршіңді тексеру» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің дәптерлерін ауыстырып слайдта көрсетілген жауаптармен салыстырып тексереді және оқушылардың бағалау парақтарына үй жұмысының дұрыс жауабына 1ұпай, бұрыс жауабына 0 ұпай қоямын.

Слайд


II. Сабақтың ортасы

27 минут


Жаңа сабақ.

Оқушыларға, яғни төрт топқа тақырыптың анықтамаларын және мысалдарын дәлелдеуге беремін. Ал, оқушылар берілген тапсырманы Джигсо әдісімен бір-біріне түсіндіреді және топтан бір оқушы шығып жауап береді. Оқушыларды «Керемет!», «Жарайсың!», «Өте жақсы!» деп мадақтап тұрамын.

Слайд



























Жаңа сабақта оқушыларға «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі бойынша төрт топқа оқулықтан төмендегіше тапсырмалар беремін.

Оқушылар жеке, жұппен,топпен бірге есеп шығарады. Оқушыларға топтық жұмыста берілген есептерге ұқсас есептердің шығарылу жолын түсіндіремін және бағыт-бағдар беремін. Әр топқа дескрипторлар мен бағалау парақшаларын таратамын. Есептер шығаруға оқушыларға 10 минут уақыт беремін. Шығарылған есептерді оқушыларға тақтаға жаздыртып, бағалау парақшаларына топ басшыларының көмегімен ұпайларын қойып шығамын.

І топқа:

1) ax+bx+ay+by=a(x+y)+b(x+y)=(x+y)(a+b).

2) t2+12t=0; t(t+12)=0; t=0; t=-12;

3) x(x+5)-x2≤15; x2+5x-x2≤15; 5x≤15; x≤3.

4) b2+3b+2=b2+2b+b+2=b(b+1)+2(b+1)=(b+1)(b+2)

ІІ топқа:

1) 12n3+n2-n-12=12(n3-1)+n(n-1)=

=12(n-1)(n2+n+1)+n(n-1) =(n-1) (12n2+12n+12+n)=

=(n-1)(12n2+13n+12).

2) -2x2+13x=0; x(-2x+13)=0; x=0; x=6,5.

3)3x(2-x)12-3x2; 6x-3x2+3x212; 6x12; x2.

4) d2-7d-8=d2-8d+d-8=d(d-8)+(d-8)=(d-8)(d+1).

ІІІ топқа:

1) (a+b)2-5a-5b=(a+b)(a+b)-5(a+b)=(a+b)(a+b-5)

2) –x2+25=0; x2-25=0; (x-5)(x+5)=0; x=5; x=-5.

3) (x-4)(x+3)-52-x-12-5-x2-16x

-17x x-1.

4) y2+2y-8=y2+4y-2y-8=y(y+4)-2(y+4)=(y+4)(y-2).

ІV топқа:

1) x4+x3-x2=x(x3+x2-x);

2) z2-3z=0; z(z-3)=0; z=0; z=3.

3) x2(6-x)+x3≥2x(3x+4)-24; 6x2-x3+x3-6x2-8x≥-24; x≤3.

4)a2-9a+20=a2-4a-5a+20=a(a-4)-5(a-4)=(a-4)(a-5).

Саралау. Тапсырманы тез орындап болған оқушыларға оқулықтағы күрделірек есептерден беремін.

Сергіту сәті.

Оқушыларға логикалық сұрақтар қоямын.

1. Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет

2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Жауабы: Жанат-ұзын

3. Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

Жауабы: Үшеу

Оқулық, слайдтар, ғаламтор желісі, бағалау парақтары, дескриптор.

























Сабақ соңы

10 минут

Кері байланыс.

Оқушыларға сұрақтар қою.

1.Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің неше тәсілі бар?

Жауабы: Екі тәсілі бар, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару, топтау тәсілдері бар.

2. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару арқылы көпмүшенің көбейткіштерге жіктеудің дұрыс болатынын қалай тексереміз?

Жауабы: Жақшаның ішіндегі көпмүшені ортақ көбейткішке көбейту керек.

3. Топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктеу алгоритмін айтып беріңдер.

Жауабы: a) Көпмүшенің мүшелерін ортақ

көбейткіштері бірмүше немесе көпмүше түрінде болатын топтарға біріктіру;

ә) Ортақ көбейткішті жақша алдына шығару тәсілін екі немесе одан да көп рет қолдану.

4. Қосымша мүшені не үшін енгізеді?

Жауабы: Қосымша мүшені топтау тәсілін қолдану үшін енгізеді.

5. Сонымен бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы қандай?

Жауабы: Топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.

Бағалау кезеңі.

Дескриптор

Ұпайы

1


Ортақ көбейткішті анықтайды


1

2



Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктейді


1

3


Топтастыру тәсілін қолданады


1

4


Ортақ көбейткішті анықтайды


1

5

Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктейді


1


Оқушының аты жөні



Үй жұмысы


1-тапс


2-тапс

3-тапс


4-тапс

Жалпы ұпай

1.







2.








Үй тапсырмасы:

Топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктеу анықтамасын оқып, тұжырымдама

жасау №136,142 есептерді шығару.

Рефлексия

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып, тақтада салынған баспалдақтардың біреуіне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы!», «Жаман емес!», «Маған көмек керек!» деп аталады.

Слайд

Бағалау парақтары



Мұғалім лебізі: Барлығыныңызға жаңа сабақты жақсы меңгеруге ат салысып, өз нәтижелеріңізді көрсеткендеріңіз үшін рахмет!!!

  1. ..., Сіздер тапсырманы өте жақсы орындап, менің сенімімнен шықтыңыздар.

  2. ..., Сіздер де тапсырманы жақсы орындағансыздар. Өз білімдеріңізді жетілдіре түсіңіздер.

  3. ..., Сіздерге өз нәтижелеріңізді әділ көрсеткендеріңіз үшін ризамын. Мүмкіндікті жіберіп алмай көмек алыңыздар менен немесе достарыңыздан.

Білім жолында алға!!!


Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау кезінде топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер туындайды, оқушыға дербес қолдау көрсету барысында оқушылардың сөйлесу дағдысы қалыптасады, оқушылардың жеке қабілеттерін ашады


Қалыптастырушы бағалау.

Өзін-өзі бағалау.




Оқушылардың топтық жұмыс кезінде тапсырмаларды орындау кезінде денсаулықтарына зақым келмес үшін орындықтар мен үстелдердің дұрыс орналастырылуына назар аударамын.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Алгебра

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Краткосрочный план на тему "Топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктеу"

Автор: Маханова Кулаш Жаксылыковна

Дата: 27.01.2018

Номер свидетельства: 452894


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства