kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сызықтық функцияның графиктерінің өзара орналасуы ҚМЖ

Нажмите, чтобы узнать подробности

КТП на тему "Сызықтық функцияның графиктерінің өзара орналасуы"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сызықтық функцияның графиктерінің өзара орналасуы ҚМЖ»

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

7.2А Функция. Функцияның графигі.

Мектеп: Х.Мустафина атындағы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Садыкова Арайлым Жунисбековна

Сынып:

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: -

Сабақтың тақырыбы

Cызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты оқып білу

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.8сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың коэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздеу

7.4.1.9графигі берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын сызықтық функцияның формуласын табу;

Сабақтың мақсаты

Оқушылар сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуын зерттей алады

Бағалау критерийі

Оқушы:

Білу және түсіну

k мен b-ға байланысты сызықтық функциялардың графиктері қалай орналасатынын біледі (параллель, қиылысады, қиылыспайды)

Жоғары деңгейдегі дағдылар

Координаталық жазықтықта екі түзудің салыстырмалық орналасуын зерттейді


Тілдік мақсаттар


Тілдік оқыту мақсаттары:

Оқушылар:

  • сызықтық функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды;

  • сызықтық функциялардың коэффициенттердің арасындағы тәуелділікке және олардың графиктерінің өзара орналасуының ерекшеліктеріне түсінік береді;

Пәндік лексика және терминология:

– функция графигі;

– сызықтық функция;

– сызықтық функцияның бұрыштық коэффициенті;

– түзулер параллель;

– түзулер қиылысады

– түзулер қиылыспайды.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

– функцияның графигі... (координаталар басы нүктесі және т.б) арқылы өтеді;

– функциялар графиктерінің қиылысу нүктесі(лері);

– график абсциссалар осін ... нүктесінде қияды;

– график ординаталар осін... нүктесінде қияды;

Құндылықтарды дарыту


Оқуға ептілігін, өзбетінше ақпаратты жинау дағдыларын арттыру, жағдайды талдау және жаңа ситуацияға бейімделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, өз және топтың жұмысының сапасына жауапты болу, өз уақытын тиімді ұйымдастыру, сабақтарда көпмәдениеттілікті және басқалардың пікірін сыйлау білу.

Құндылықтарды дарыту сабақта барлық жоспарлаған іс- әрекеттердің кезеңдері арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

геометрия, информатика

АКТ қолдану дағдылары

АКТ тиімді қолдану үшін оқуға қажет пайдаланушылардың дағдылары. «GeoGebra», «Математический конструктор» немесе «Рисование графиков онлайн» бағдарламалық жасақтамаларды қолдану.Zip Grade бағдарламасын тестті тексеруде қолдану.

Бастапқы білім

Шамалар арасындағы тәуелділіктерді білу; тура және кері пропорционалдық ұғымдарын білу; тура пропорционалдық тәуелділіктің графигін сала алу. Айнымалылары бар өрнектерді түрлендірулерді орындай алу. Формулалармен жұмыс істей алу.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурс

тар

Сабақтың басы

3 мин


Сабақтың басында мұғалім ерекше көңіл аударады:

- оқушылардың зейін қоюына

- оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтайды

- оқушылардың «жақын даму аймағын» анықтайды - деңгейлер бойынша (А, В және С) өзіндік және үй жұмысын орындау

- сабақтың аяғындағы күтілетін нәтижелер


Сабақтың ортасы

40 мин

Сабақта оқушылар білетін ұғымдар қолданылады және жаңа ұғымдар енгізіледі. Сондықтан материалмен танысу барысында сөздікке жаңа терминдер енгізіледі.

Әртүрлі іс-әрекеттер жасау барысында оқушылар бағалау парағын толтырады. Сабақтың соңында қорытынды жасалады және мұғалімнің жұрналында белгіленеді.


  1. Сөйлемді аяқта – 4 мин.

Бұл кезеңде оқушыларда өмір бойы білім алуға бейімделу және сабақтарда көпмәдениеттілікті және басқалардың пікірін сыйлау білу құндылықтар дамиды.

Презентация бойынша жазбаша жұмыс:

  1. Функциялардың графигі параллель болады егер...

  2. Функциялардың графигі перпендикуляр болады егер...

  3. Функциялардың графигі қиылысады егер болады егер...

1. Сызықтық функциялардың графиктері параллель болады егер бұрвштық коэффициенттері тең болса – 1 б;

2. Сызықтық функциялардың графиктері перпендикуляр болады егер бұрвштық коэффициенттерінің көбейтіндісі -1 тең болса 1 б;

3. Сызықтық функциялардың графиктері қиылысады егер бұрвштық коэффициенттері әр түрлі болса - 1б.

3 балл – 100%

2 балл – 67 %

1 балл – 33%

0 балл – 0%

ә)Қатені тап:

Тақтадағы үш функцияның бірінің графигі қате. Қате графикті сызықтық функцияның қасиетін пайдалана отырып ауызша табу.

  1. Есептер шығару:

Бұл кезеңде оқушылар есептер шығарады.

а)Сызықтық функцияның графиктерін салып, орналасуын баянда.

1 Нұсқа 2 нұсқа

А) у=2х-2 және у=2х+1 А) у=0,5х және у=2х+1

Б) у=-0,25х және у=4х-2 Б) у=3х-3 және у=3х+1


Бағалау: Geogebra бағдарламалық жабдығымен көршісінің есептерін тексереді 5 баллдық жүйемен егер екеуі де дұрыс болса 5, біреуі дұрыс болса 4 бағасы қойылады.

ә) Сызықтық функциялар жұптарын тиесілі фигураларға орналастыр:

параллель

қиылысады

  1. у=3х+5 және у=3х+6

  2. у=0,5х+11 және у=-2х+8

  3. у=0,4х+7 және у=0,4х+65

  4. у=-0,25х+0,2 және у=4х+6

  5. у=6х+2,1 және у=5х+7,2

  6. у=0,2х+4,5 және у=-5х+0,4

  7. у=7х+5,3 және у=10х+4,3

  8. у=2,3х+7 және у=2,3х+12

  9. у=0,8х+5 және у=-1,25х+6

  10. у=6х+3 және у=6х+4,5

  11. у=1,2х+7,4 және у=0,5х+9

  12. у=5х+8 және у=0,5х+6

перпендикуляр

Бағалау: Дұрыс жауабы тағтаға шығады оқушы өзін-өзі бағалайды.

б) Тақтамен жұмыс ә)-бөлімінде тұрған кез келген 3 есепті 3 оқушы тақтаға шығарады.

Бағалау: Бас бармақ әдісімен

  1. Бекіту -15 мин

Топтық жұмыс әр топқа 10 сұрақтық Тест тапсырмалары беріледі. Оқушылар топтасып, ақылдасып тестті шешеді.

Бағалау : ZipGrade бағдарламасын қолдану арқылы

  1. Қорытынды – 5 мин

Оқушыларда келесі құндылықтар дамиды - жағдайды талдау, жүйеге келтіру, орындаған жұмыс бойынша қорытынды жасау.

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Қандай функцияны сызықтық функция деп атайды?

  2. Сызықтық функцияның графигі не болады?

  3. Сызықтық функциялардың өзара орналасуы неге тәуелді?

  4. k коэффициенттің қандай мәндерінде сызықтық функцияның графиктері қиылысады және параллель түзулер болады?

  5. Графиктері параллель түзулер болып келетін функцияларға мысалдар келтіріңіз.

  6. Графиктері қиылысатын түзулер болып келетін функцияларға мысалдар келтіріңіз.

Сабақтың әрбір өткен кезеңінде оқушылардың жауаптары бағаланады (Оқушының сабақта орындаған әрбір қызметтің кезеңдеріне қойылған пайыздардың орта пайызы шығарылады)

IV. Үй жүмысы – 1 мин. (Оқушылардың назарын тапсырмаға аудару және сұрақтар болса жауап беру).

  1. 2 мысал параллель түзулердің фунцияларын жазып, графиктерін сызу.

  2. 2 мысал перпендикуляр түзулердің фунцияларын жазып, графиктерін сызу.

  3. 2 мысал перпендикуляр емес, бірақ қиылысатын түзулердің фунцияларын жазып, графиктерін сызу.



Презента

ция







































































Ұсыныла

тын оқыту іс-әрекет

тері (Оқу жоспары 7-сынып)







Поурочные разработки по алгебре к учебникам Ю.Н. Макарычева, Ш.А. Алимова. Авторы: А.Н.Руру

кин, Г.В. Лупенко, И.А.Мас

ленникова, Москва, «ВАКО», 2009




















Рефлекция

2 мин

Гулдерге көбелектерді қондыру

  • Жасыл түсті барлық есептерді, тапсырмаларды орындай алдым, барлығы оңай

  • Сары есептерді түсіндім, шығардым кейбірі қиындық туғызды

  • Қызыл мүлдем есептерді шығара алмадым, түкте түсінбедім





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Алгебра

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сызықтық функцияның графиктерінің өзара орналасуы ҚМЖ

Автор: Садыкова Арайлым Жунисбековна

Дата: 14.01.2020

Номер свидетельства: 535663


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства