3. Жаңа тақырыпқа кіріспе. Мақсаты: Жаңа тақырыпты жеңіл қабылау үшін және жаңа тақырып пен өткен тақырыптың байланысын анықтау үшін мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп және тапсырмаларды орындау. Оқушының іс-әрекеті: *Қойылған сұрақтарға жауап береді/топшамадағы берілген тапсырманың негізінде/: - Көпмүшенің биномдық жіктелуіндегі қосылғыштар саны қанша? - Көпмүшенің биномдық жіктелуіндегі коэффициенттері қандай заңдылыққа бағынып тұр? - Көпмүшенің биномдық жіктелуіндегі коэффициенттерінің қосындысының мәнін табыңыз; - Қандай қорытынды жасауға болады? - Көпмүшенің биномдық жіктелуіндегі кез-келген мүшесінің коэффициент анықтауға бола ма? -Комбинаториканың негізгі формулаларын жазыңыздар; Мұғалімнің іс-әрекеті: бағыттаушы сұрақтар қояды, жаңа материалды толық түсінуге қажетті ақпаратты жинақтау. Нәтижені бағалау: ынталандыру 4. Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау. Мақсаты:Сабақ бойы оқушының зейінін шоғырландыру үшін сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау. Оқушының іс-әрекеті: тақырыпқа кіріспе бөлімінде қойылған сұрақтарға берілген жауаптарға талдау жасай отырып, сабақтың мақсатын анықтау. 5. Жаңа тақырып. жұптық жұмыс Мақсаты: жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеріп көруге мүмкіндік туғызу, мұғалімнің көмегімен жаңа тақырып тапсырмаларын талқылап, формуланы оқушылардың өзі қорытып шығаратындай мүмкіндік туғызу. Сипаты: Жұптарға тапсырма беріледі. Оқушыларға биномдық коэффициенттердің қасиеттерін өздігінен тұжырымдау ұсынылады. 1-жұп. Симметрия қасиеті. Осы қасиетті тікелей формуланы пайдалана отырып дәлелдеуді ұсынылады. Оқушылар мысал келтіреді. 2-жұп. Паскаль қасиеті. Осы қасиеттің негізінде Паскаль үшбұрышы құрылды, оның n-ші жолында биномдық жіктелудің коэффициенттері тұрады. 3-жұп. Қосындының қасиеті. Ньютон биномы формуласына мәні қоюды ұсынылып бағыт беріледі: Бұдан 4-жұп. Айырманың қасиеті. Ньютон биномы формуласына а=1, b=-1 қоюды ұсынылып бағыт беріледі. Сол жақ бөлігінен , ал оң жақ бөлігінен таңбасы ауысып отыратын биномдық коэффициенттерді аламыз, бұл қасиеттің дәлелдеуі болады. Барлық теріс таңбалы коэффициенттерді формуланың сол жағына шығару арқылы жазу ыңғайлы болады: сонда қасиеттің ауызша тұжырымдауы есте оңай сақталады: “тақ номерлі биномдық коэффициенттердің қосындысы жұп номерлі биномдық коэффициенттердің қосындысына тең болады”. 5-жұп. Ньютон биномының жіктелуіндегі кез-келген мүшесінің формуласын анықтау. Оқушының іс-әрекеті: мұғалімнің басшылығымен жаңа тақырып мазмұнын меңгеруге берілген тапсырмаларды талдайды, қасиеттерді дәлелдейді. Мұғалімнің іс-әрекеті: жаңа материалды меңгерту, қосымша сұрақтар беру арқылы оқушыға бағыт-бағдар береді. Бағалау: Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар ауызша марапаттау, ынталандыру. 6. Жеке жұмыс. Бекіту тапсырмаларын орындау. Мақсаты: Ньютон биномы формуласынның қасиеттерін есеп шығаруда қолдану; биномдық жіктелудегі белгісіз мүшесін табу үшін ақпаратты талдау және өңдеу, тапсырманы орындау барысында пайда болған проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың бойында білім мен дағдылар қалыптастыру. Сипаты: №№9.007, 9.008, / дәптерлеріне орындайды. Оқушының іс-әрекеті: берілген тапсырманы орындайды, көмек қажет болған жағдайда сыныптастарынан не мұғалімнен көмек сұрайды. Мұғалімнің іс-әрекеті: бағыттаушы, жетелеуші, қажетті жағдайда көмек беруші жұмысын атқарады. Бағалау: Критерий бойынша бірін-бірі бағаланады. 7. Деңгейлік тест тапсырмасы. Жеке жұмыс Мақсаты: оқушылардың бүгінгі сабақтың мақсатын қаншалықты және қандай деңгейде меңгергендігін бақылау. Сипаты: Деңгейлік тапсырмасы екі жабық, бір ашық тест тапсырмасынан тұрады. Оқушылар өздерінің қалаған деңгейлеріне таңдап, тапсырмаларын орындайды. Оқушының әрекеті: Өз қабілетін шынайы бағалап, сәйкес деңгейдің тапсырмасын орындайды. Мұғалімнің әрекеті: Мұғалім бақылаушы, бағыттаушы қызметін атқарады. Бағалау: Жауап экранға крсетіледі, оқушы өзін-өзін бағалайды. |