kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

7 сынып алгебра курсын оқытудың модульдік сызба жүйесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

М.Жанпеисованың Модулдік технологиясы бойынша 7 сынып алгебра курсын меңгертуде оқытудағы Кембридждік тәсілдерді кеңінен пайдалану

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«7 сынып алгебра курсын оқытудың модульдік сызба жүйесі»

7 сынып алгебра курсын оқытудың модульдік сызба жүйесі

/М.Жанпеисованың «Модульдік оқыту» технология бойынша

7 сынып алгебра курсын меңгертуде оқытудағы Кембридждік тәсілдерді кеңінен пайдалану/











Құрастырған: жоғары санатты, І деңгейдегі, математика пәнінің

мұғалімі Турсунова Айман Қайроллақызы














Алгебра курсының тарауларын оқыту 6 модульге бөлініп, сызба түрінде беріледі. Әр модуль кіріспе, диалогтік бөлім және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр тараудың мақсаты көрсетіледі. Модульдік сызбада сабақ мазмұны мен уақыттың бөлінуі нақты белгіленеді. Тарау материалдары лекция сабағында мұғалімнің өзімен түсіндіріледі де, мұғалімнің басшылығымен практикалық жұмыс атқарылады. Лекцияда әр оқушыға осы тарау бойынша глоссарий таратылады, глоссарий мазмұны түсіндіріліп, мысалдары талданады.

Келесі сабақтан бастап диалогтік бөлім басталады, яғни дәстүрлі сабақ өткізіледі де, осы тараудағы үй тапсырмалары бойынша ақпарат беріледі: тарау бойынша жалпы үй есептері толығымен беріледі, оқушылар шығарған есептерін мұғалімнің «үй жұмыстарын тексеру журналына» әр оқушы өзі орындаған есептеріне белгі қойып белгілейді. Бұл әдіс арқылы сынып оқушыларының үй тапсырмалары тексеріледі. Интерактив тақтада дұрыс жауабы көрсетіліп, дәптерде қате кеткен жерлері жөнделеді.Қатесін жөндеуге мүмкіндік беріледі. Осы диалогтік бөлімде оқытудағы Кембридждік тәсілдер кеңінен қолданылады. Жұптық жұмыстарда: оқушылар мұғалімнің алдын – ала дайындаған сұрақтары бойынша бірін – бірі тексереді, әрі бірін- бірі берілген критериалды бағалау парағы арқылы бағалайды, одан кейін «Ыстық орындық» ойыны жүргізіледі, сәйкестендіру тапсырмаларына: «Фишка ойыны»,«Математикалық пазл» ойыны ойналады. Ол үшін әрбір оқушыға пазл түрінде қиылған, бір бетінде әріп, екінші бетінде есебі бар қима қағаз таратылады. Тақтаға есептердің жауабы жазылады. Оқушы есебін шығарып болғаннан соң жауаптардың ішінен дұрысын тауып пазлдың әріп жағын бері қаратып жабыстырады. Сонда бір оқушыда мысалы: көпмүше, екінші оқушыда дәрежесі сөздері шығады(басқашада сөздер де болуы мүмкін). Нәтижелі сөз дұрыс шыққан және тапсырманы бұрын орындаған жұптар сол шыққан сөздер жөнінде ереже немесе анықтамаларын айтып, ұпай жинайды. Оқушылар өздері алып барып пазлдарын дұрыстап жабыстыру керек. Пазлды жабыстыруға кеткен уақыт оқушылар үшін сергіту сәті болып табылады, әрі бағалайды; сабақ бойы тапсырмаларға байланысты оқушылар бірнеше рет әр оқушымен жұппен жұмыс жасай алады, әрі бағалауда жүргізе алады. Жұптық жұмыс соңында кері байланыс, рефлексия жүргізіліп отырылады.Топтық жұмыстарда: оқушылар топтарға әртүрлі бөліне алады( берілген фигуралар, санау, деңгейлік тапсырмалар, жыл мезгілдері, планеталар, амалдар және т.б.). Топтық жұмыстарда оқытудағы Кембридждік тәсілдердің стратегиялары «Джигсо әдісі», «Галереяны шарлау», «Автобус аялдамасы», «Қар кесегі» т.б. кеңінен қолданылады. Топтық жұмыс соңында кері байланыс, рефлексия жүргізіліп отырылады.

Ал қорытынды бөлімде өздік жұмыстар, тестік жұмыстар (оқушылар өздік және тест жұмыстарын дәптерлеріне орындайды. Орындалған жұмыстардың жауаптары көрші отырған оқушыға тексеруге беріледі. Интерактив тақтаға жұмыстардың жауаптары шығарылып, көрсетіледі де, оқушылар көршісінің жауаптарын тексеріп, нәтижесін бағалау парағына түсіреді) және бақылау жұмыстары ( бақылау дәптерлеріне )жүргізіледі. Осы қорытынды бөліміндегі бағалауды алдын – ала жасалған шкалалық балл (критериалды бағалау парағы ) арқылы мұғалім бағалайды.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Алгебра

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
7 сынып алгебра курсын оқытудың модульдік сызба жүйесі

Автор: Турсунова Айман Кайроллина

Дата: 10.06.2019

Номер свидетельства: 514169


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства