Просмотр содержимого документа
«Соғыстан кейінгі уақыттағы еуропалық интеграцияның себептері қандай?»
Алғашқы адамдардың пайда болуы
Ғылыми жоба
Кіріспе
Адамзат тарихы – өте көне және қызықты ғылым саласы. Бүгінгі таңда адамдар түрлі техника мен технологияларды пайдалана отырып, жайлы өмір сүріп жатыр. Бірақ бұл жағдайға жету үшін мыңдаған, тіпті миллиондаған жылдар қажет болды.
Неге?
Мен бұл тақырыпты таңдадым, себебі адамзаттың қайдан шыққанын, ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін білгім келді. Бұл – мені тарихқа қызықтыратын маңызды сұрақтардың бірі.
Зерттеудің
Өзектілігі
Маңыздылығы
Мақсаты
Адамзат тарихының бастауын зерттеу — өте маңызды мәселе. Себебі қазіргі замандағы адам өмірінің, қоғамның және мәдениеттің дамуының түп тамыры ежелгі адамдардың тіршілігімен тікелей байланысты.
Бұл зерттеу жұмысы оқушыларға тарихқа қызығушылық тудырып қана қоймай, олардың ойлау, талдау және салыстыру қабілеттерін дамытады.Сонымен қатар адам мен табиғаттың байланысын, өмір сүру үшін күрестің маңызын көрсетеді.
адамзаттың тарихтағы бастауын танып-білу және алғашқы адамдардың өмірінен үлгі алу.
Негізгі бөлім
Жер бетінде алғашқы адамдар шамамен 3–4 миллион жыл бұрын пайда болған.Ғалымдар адамның арғы тегін зерттеу үшін археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, ежелгі сүйектер мен құралдарды тапқан.
Алғашқы адамдардың өмір сүру тәсілі
Алғашқы адамдар табиғаттың дайын сыйын пайдаланды. Олар аң аулап, жеміс-жидек теріп, су ішіп, үңгірлер мен шатқалдарда тұрған.
Қатты суық пен жыртқыш аңдардан қорғану үшін адамдар отты пайдалануды үйренді. Бұл адам өміріндегі ең үлкен жаңалықтардың бірі болды.
Алғашқы адамдардың бірігуі және
қоғамның қалыптасуы
Адамдар бірлесе өмір сүріп, бір-біріне көмектесуді үйренді. Олар бірге аң аулап, тамақ бөлісті, от жақты. Уақыт өте келе адамдар рулар мен тайпаларға біріге бастады.Бір рудың адамдары туыстық қатынаста болып, ортақ мақсатпен өмір сүрді.
Эсперименттік бөлім
Менің зерттеуімнің мақсаты – алғашқы адамдардың өмірін жақсырақ түсіну және олардың қалай өмір сүргенін тәжірибе арқылы көрсету болды.
Мен тарих оқулығындағы суреттерді және интернеттегі археологиялық деректерді қарап, алғашқы адамдардың өмір сүру ортасымен таныстым.
Салыстырмалы түрде қазіргі заманмен айырмашылықтарын байқадым:
• Алғашқы адамдар үңгірлерде өмір сүрген;
• Отты үйренгеннен кейін өмірі жеңілдеген;
• Тастарды соғу арқылы құрал жасаған;
• Жануарлар терісінен киім тіккен.
1.
2.
Осы бақылау арқылы мен алғашқы адамдардың тіршілігі өте қиын болғанын және олардың ақыл-ойы еңбектің арқасында дамығанын түсіндім.
3.
Қорытынды
Қорытындылай келе:
1. Адам баласы табиғатқа бейімделе отырып дамыды;
2. Еңбек пен ой – адамды адам етті;
3. Алғашқы адамдардың еңбегі адамзат өркениетінің бастамасы болды.
Бүгінгі біз қолданып жүрген технологиялар, білім мен мәдениет — сол алғашқы адамдардың еңбегінің жалғасы.