kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Еңбекті қорғау пәнінен ашық сабақ тақырыбы: "Еңбек шарты"

Нажмите, чтобы узнать подробности

білімділік: оқушыларға еңбек шартын жасау қажеттілігін, оның мазмұны, жасауға қажетті құжаттар,  жасау және өзгерту тәртібі туралы түсіндіру;

дамытушылық: жұмыс беруші мен қызметкердің құқықтар мен міндеттерін айыра білу, кәсіби санасын дамыту;

тәрбиелік:  білім алушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті және еңбексүйгіш тұлға тәрбиелеу.тәрбиелік:  білім алушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті және еңбексүйгіш тұлға тәрбиелеу.тәрбиелік:  білім алушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті және еңбексүйгіш тұлға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Еңбекті қорғау пәнінен ашық сабақ тақырыбы: "Еңбек шарты"»


Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Еңбек шарты

Сабақ мақсаты:

білімділік: оқушыларға еңбек шартын жасау қажеттілігін, оның мазмұны, жасауға қажетті құжаттар, жасау және өзгерту тәртібі туралы түсіндіру;

дамытушылық: жұмыс беруші мен қызметкердің құқықтар мен міндеттерін айыра білу, кәсіби санасын дамыту;

тәрбиелік: білім алушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті және еңбексүйгіш тұлға тәрбиелеу.

Сабақ типі: білім, білік дағдыны қалыптастыру.

Сабақ өткізу әдісі: әңгімелеу, талдау, топпен жұмыс, көрнекілікпен жұмыс.

Көрнекіліктер: Заңды құжат (ҚР Еңбек Кодексі), слайдтар, кесте, құжат үлгісі (еңбек шарты)

Пәнаралық байланыс: құқық негіздері, өндірістік оқыту сабағы.

Барысы

I. Үйымдастыру кезеңі:

-оқу кабинетінің дайындығы;

-оқушылардың сабаққа қатысы;

-оқу-құралдар дайындығы.

II.Үй тапсырмасын тексеру

«Ой қозғау» стратегиясын қолданып өткен тақырып бойынша оқушыларға ҚР еңбек қорғау заңнамаларымен жұмыс жасауға жағдай жасау (слайдтармен жұмыс)

1. Қандай жағдайда еңбек қатынастары пайда болады?

2. ҚР Конституциясының 24 бабында не туралы айтылған?

3. ҚР Еңбек Кодексі қабылданған жыл?

4. Жаңа Еңбек Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар еңгізу мақсаты.

5. Жұмыс берушінің міндеті мен құқықтары қандай?

6. Қызметкердің міндеті мен құқықтары қандай?


III Жаңа тақырыпты меңгерту.

Тақтаға тақырыпты жазу, оқушылар назарын аудару, анықтама беру.

Еңбек шарты дегеніміз- қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім, бұл құқықтық сипат беретін нормативті құжат. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын уақтылы әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.

Осы тақырыпты меңгеруге оқушыларға :

  • алдымен оқушылар өздері меңгеріп көруіне мүмкіндік беру. Әр оқушыға Еңбек шартының үлгісі беріледі, ол бойынша мазмұнымен танысады;

  • оқытушының көмегімен барлық оқушылар керекті мәліметті таба білуге ҚР Еңбек Кодексінің баптары экранға көрсетіледі және талдау жасалады:

28 бап «Еңбек шартының мазмұны»;

26 бап «Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер»;

30 бап «Еңбек шартының мерзімі»;

32 бап «Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар» т. б.

  • 3-4 оқушының ойларын тыңдап, талдап болғаннан кейін әр оқушы алдындағы еңбек шартын өз қалауы бойынша толтырады.

Сөйтіп, оқушыларды ізденімпаздыққа үйрету және өз ойларын еркін айтуға жағдай жасалады.

«Түйінді сөздер» стратегиясы

Ой- толғаныс сатысында оқушыларға сабақтың негізгі түйіні болған сөздерді атаңдар деп, содан кейін бүгінгі сабақтан алған материалды ала отырып, салыстырмалы түрде жазу, ойларын және білімдерін түйіндеу.

Жұмыс беруші Еңбек шарты Қызметкер
















Мұндай салыстырмалы түрде оқытылған әдістер оқушылардың білімін біліктілікке ұштастырады. Білгендерін, ізденіп тапқандарын естерінде сақтауға мүмкіндік береді.

IV. Бекіту кезеңі

1. Қарапайым мысалдармен ситуациялардан шығу жолдарын түсіндіру арқылы оқушыларды әңгімеге тарту.

2. Сәйкестендіру тестін орындау


Сұрақ

Жауап

1. Еңбек шартының жасасу мерзімі

екі

2. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері

белгіленген және бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге

3. Еңбек шарты жасалатын саны(дана)

16 жасқа толған азаматтармен

4. Жұмыскердіңбіліктілігіне сәйкестігін тексеру мақсатында 3 айдан аспауға тиіс мерзім атауы

еңбек қатынастары

5. Жұмыскер мен жұмыс беруші арасында еңбек шарты негізінде туындайтын не?

сынақ


V. Қорытындылау

Оқушылардың жауабын бағалау.

Үйге тапсырма: тарау бойынша тест-сұрақтарымен жұмыс, еңбек шарты жасасу бойынша жұмыстану.























23.11.2015 ж ҚР Еңбек кодексін қолданысқа ала отырып, «___» ________20___ж.

________________________________________________________________ЖЕШ жасалды.

№_____ЕҢБЕК ШАРТЫ

Жәнібек ауылы «____»___________20___жыл.

Осы еңбек шарты (әрі қарай – ЕШ немесе шарт)

2012 жылғы 24 тамыздағы № 105 – 1926 – 04 МК заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі негізінде әрекет ететін СТН: 270400000417 Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы 090500 Жәнібек ауылы, Абай көшесі 1Г, мекен жайында орналасқан Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Жәнібек колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры _____________________(бұдан әрі Жұмыс беруші) және одан әрі «Қызметкер» болып аталатын

ЖСН_______________________________________________________________,

ҚР ІІМ_______________________ж. берілген жеке куәлігі № ________________Қазақстан

Республикасының азаматы______________________________________________________

______________________________________________________осы Еңбек шарты жасалды.


Жоғарыда аталған тұлғалар бірге «Тараптар» деп аталады

1.ШАРТТЫҢ НЕГІЗІ

1.1. Қызметкер Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Білім басқармасы «Жәнібек колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына__________________________________________________

______________________________________________ретінде қабылданды.

_________________________________________________________________

(еңбек жағдайының сипаттамасы

_________________________________________________________________

оның ауырлығы, зияндылығы мен қауіптілігі көрсетіледі)

1.2. Осы шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданыс

мерізіміне __________________дейін.

1.3. Қызметкерге _____________________________________сынақ мерізімі белгіленеді.

1.4. Еңбек міндеттерінің атқарылуы «_____» ____________20____ж. басталады.

2. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Жұмыс берушінің:

2.1.1. Қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

2.1.2. Өз өкілеттілігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;

2.1.3. Осы Еңбек шартында және еңбек кодексінде көзделген тәртіп бойынша қызметкерді ынталандыруға, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға;

2.1.4. Еңбек міндеттерін атқару кезінде қыметкердің келтірген зиянын өтетуге;

2.1.5. Қызметкерлерді оқытумен байланысты жұмсалған өзінің шығынын өтеуге, шығындарды өтеу тәртібі мен шарттары Қызметкер және Жұмыс беруші арасында жасалған оқу шартымен анықталады;

2.1.6. Қызметкерді басқа жұмыс орнына ауыстыруға немесе басқа қызметке тағайындауға;

2.1.7. ҚР Еңбек кодексінде көзделгендей қызметкердің еңбек жағдайын ауыстыруға, ҚР Еңбек кодексінде көрсетілген жағдайларға байланысты қызметкерді жұмыстан босатуға құқылы.

2.2. Жұмыс беруші:

2.2.1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес қызметкердің еңбек жағдайын қамтамасыз етуге;

2.2.2. Қызметкерге штат кестесіне сәйкес салықтар мен міндетті төлемдер ұсталмас бұрын (әрі қарай мәтін бойынша жалақы) ___________________________________________________

__________________________________________________ мөлшерінде лауазымдық айлық ақы

белгіленеді;

2.2.3. Қызметкерге айына бір реттен кем емес және келесі әр айдың _______күнінен кешікпей

еңбек ақы төлеуге;

2.2.4. Қызметтерді қоса атқару немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқарғаны үшін қосымша ақы төлеуге;

2.2.5. Жұмыс және тынығу уақыты Қызметкерге осы Шарт жағдайларымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасымен регламенттеледі, осыған орай Қызметкерге:

* келесі жұмыс уақыты белгіленеді: _________________ бастап______________________

дейін, ___________дан______________дейін түскі ас үзілісі бар, ұзақтылығы____ сағат құрайтын___________ жұмыс күні және ____________ демалыс күні.

*белгіленген оңтайлы кесте бойынша;

2.2.6. Қызметкерге жұмыс орны, лауазымы және орташа жалақысы сақталып, Ұжым шартына сәйкес ұзақтылығы_______________________күнтізбелік күн құрайтын ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы және қосымша демалыс________________күнтізбелік күн (Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мейрамдарды есепке алмай беріледі).

2.2.7. Қалыпты еңбек жағдайларын жасау және қыметкерді қажетті жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;

2.2.8. Егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;

2.2.9. Қызметкердің еңбек қызметін дәлелдейтін құжаты және зейнетақымен қамтамасыз етуге ақша аудару туралы мәліметті мемлекеттік мұрағатқа тапсыруға;

2.2.10 Ерекше жағдайлары:

(жұмыс берушінің қосымша міндеттерін көрсету немесе сызықша қою)

2.2.11. Жұмысқа қабылдау кезінде осы еңбек шартын жасау үшін қажетті құжаттарды ( жеке басының куәлігі немесе төлқұжаты, шетел азаматтары үшін қоныстануға арналған ықтиярхатын, тиісті білімі туралы құжатты, еңбек қызметін растайтын құжатты, әскери есеп құжатын, алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжатты СТН және ӘЖК көшірмелерін) талап етуге міндетті.

3. ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1. Қызметкер:

3.1.1. ҚР Еңбек туралы Кодексінде көзделген тәртіппен және жағдайларда осы еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

3.1.2. Бірдей еңбегі үшін қандай да болмасын кемсітусіз бірдей ақы алуға;

3.1.3. Қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай еңбек жағдайына;

3.1.4. Кепілдіктер мен өтемақыларға;

3.1.5. Тараптар келісімімен еңбек дауларын шешуге;

3.1.6. Өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқылы.

3.2. Қызметкер:

3.2.1. Еңбек міндеттерін осы еңбек шартына, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

3.2.2. Еңбек тәртібін сақтауға;

3.2.3. Жұмыс кезінде жұмыс берушіге мүліктік зиян келтірмеуге;

3.2.4. Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;

3.2.5. Өз еңбек міндеттерін сақтауға;

3.2.6. Адамдардың өмірі мен денсаулығына, Жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны туралы Жұмыс берушіге хабарлауға;

3.2.7. Жұмыс берушіге келтірілген зиянды осы Еңбек шартында және Еңбек Кодексінде белгіленген шектерде өтеуге мінде

4. ЕҢБЕК ШАРТЫНЫҢ ӨЗГЕРТІЛУІ, ТОҚТАТЫЛУЫ ЖӘНЕ БҰЗЫЛУЫ

Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша немесе бір жақтың бастамасымен немесе ҚР заңнамалық актілерімен қарастырылған басқа да негіздер бойынша бұзылуы мүмкін.

Шарт ҚР Еңбек кодексінің 50,52,56 баптарына сәйкес бұзылуы мүмкін;

Еңбек шарты ҚР Еңбек кодексінің 51 бабына сәйкес тоқтатылуы мүмкін;

Осы шарт әр тарап үшін заңды күші бар_________данада жасалған

5. ШАРТТЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ

5.1. Жұмыс берушінің қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы

_______________________№____________________бұйрығы шығарылды; (мөрдің орны)

5.2. Әкімшілік бір ай бұрын қызметкерді шарттың бұзылуы туралы хабардар етеді.

5.3. Жұмыс берушінің _______________жылғы № __________ Шарттың бұзылуы және тоқтатылуы туралы бұйрығы шығарылды.

5.4.Осы шартпен көзделген міндеттерді атқармағаны және тиісінше атқармағаны үшін Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес тараптар жауап береді..

ҚЫЗМЕТКЕР ЖҰМЫС БЕРУШІ

_____________________________ ___________________________

(аты – жөні) ( аты-жөні )

( қолы ) ( қолы )

20___ж. «______»_______________ 20___ж. «______»________




























Жәнібек колледжі




Бекітемін______________________

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Сарбалина « »_____________










Еңбек шарты

(бекіту сабағы)





Дайындаған: М.Ашекенова







2016-2017













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Еңбекті қорғау пәнінен ашық сабақ тақырыбы: "Еңбек шарты"

Автор: Ашекенова Магрипа Джамаловна

Дата: 23.05.2017

Номер свидетельства: 417863

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ашы? саба? "Бисермен ж?мыс""
    ["seo_title"] => string(26) "ashyksabakbisiermienzhumys"
    ["file_id"] => string(6) "321503"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461308160"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Ашық сабақ "Салақтық" әдебиеттік оқу пәні"
    ["seo_title"] => string(43) "ashyk_sabak_salak_tyk_diebiiettik_ok_u_p_ni"
    ["file_id"] => string(6) "388299"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486357595"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Ашық сабақ "Төлдер айтысы" сауат ашу даярлық сынып"
    ["seo_title"] => string(52) "ashyk_sabak_toldier_aitysy_sauat_ashu_daiarlyk_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "387744"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486224690"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Ашық сабақ: "Кішкентай бағбаншы""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk_sabak_kishkientai_bag_banshy"
    ["file_id"] => string(6) "438745"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510646010"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Т?йы? етістікті? емлесі"
    ["seo_title"] => string(27) "tu-iyk-ietistiktin-iemliesi"
    ["file_id"] => string(6) "294259"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455627680"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства