kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

10 орыс сыныптары үшін қазақ тілінен “Компьютердің пайдасы мен зияны” таұырыбына ашық сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

10 орыс сыныптары үшін қазақ тілі пәнінен “Компьютердің пайдасы мен зияны” тақырыбына ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«багалау парагы»

Багалау парагы

Оқушының есімі

Үй жұмысы

Детальдарын қосу” стратегиясы

Мәтінмен жұмыс

Ойлан, Бірік, Бөліс” стратегиясы

Стикердегі сұрақ” стратегиялары

Пайдалы кеңес айдары”

Қорытынды баға
































Просмотр содержимого документа
«жоспар комп пайд зияны»

Ямышев жалпы орта білім беретін мектептің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сыздыкова Назира Махметовна

10Б сыныбында өткізілген ашық сабақ жоспары

Өткізілген күні: 13 қаңтар 2017 жыл

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің пайдасы мен зияны

Сабақтың мақсаты:

  1. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы кең ақпарат алу, ойларын тиянақтау бір жүйеге  келтіріп, қорытындылау. Лексика тақырыбын қайталау

  2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, көпшілік алдында өздерін сабырлы әрі мәдениетті ұстауды ескеріп, өзін тыңдата білу мен өзгені тыңдай білуге тәрбиелеу

  3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: “Детальдарын қосу” стратегиясы, “Стикердегі сұрақ” стратегиялары, “Ойлан, Бірік, Бөліс” стратегиясы, Пайдалы кеңес айдары

Сабақтың көрнекілігі: постер, презентация, сабақтың эпиграфы.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру

Амандасу

Оқушыларды түгендеу

Топқа бөлу (кәмпит тарату бойынша) (4мин)

Амандасады

Кампит ішіне топ атауы жасырынған

Үй жұмысын тексеру

Детальдарын қосу” стратегиясы

Ең алғашқы компьютерлер...

Компьютерлер мәліметтер базасы үшін...

Әр түрлі құрылғылармен қолданылады...

Кеңседе, үйде ... пайдаланыды

(4+2мин)




Сөйлемдерді толықтырады

Жаңа сабақ

Компьютердің пайдасы мен зияны


МАҚСАТЫ:

Сабақтың эпиграфы

Ақылды компьютерді уақытты үнемдеу үшін пайдаланса, қалғандары уақытын өткізу үшін пайдаланады”


А/Б нұсқадағы Мәтінмен жұмыс “Ойлан, Бірік, Бөліс” стратегиясы бойынша (12+3минут)





Мақсатын айтады







Топ өздері оқиды, бір-бірлеріне түсіндіреді, Постерге түсіріп басқа топпен бөліседі

Сергіту сәті


Апта күндері” 4-5 минут


Практикалық тапсырма

2 тапсырма бір топ компьютермен жұмыс жасайды, екінші топ қағазға орындайды. (орындалу уақыты мен сапасына назар ауд.)5 минут

  1. Сөздерді дұрыс қолдану

  2. Сөздердің антонимін анықтау

Бекіту

Стикердегі сұрақ”

(4-5 минут)

Әр топ стикердегі сұрақты бір-бірлеріне қояды, екінші топ жауап береді

Қорытындылау

Мақсатқа оралу


Пайдалы кеңестер” айдары (4-5 минут)

Әр оқушы қосымша берілген үй тапсырмасы бойынша копьютермен жұмыс істеу бойынша кеңестер береді.

Бағалау


Топ басшысы бағалайды (1мин)

Үй тапсырмасын беру


Тақырып бойынша жұр болып диалог құру (1 мин)

Қиылған суреттердің бөліктері бойынша жұп құрылады.







Просмотр содержимого документа
«зияны»

Компьютердің зияны



Компьютермен жұмыс жасаудың зиянды жақтарына тоқталып көрелік. Компьютерде жұмыс істейтін адамдардың денсаулық жағдайына теріс ықпал ететін негізгі факторлар: монитордың электромагнитті сәулеленуінің әсері; көзге, жүйкеге салмақ түсуі, шаршау; білезіктердің буындарына шамадан тыс салмақ түсуі; мәлімет жоғалтуына орай стресс жағдайы.

Адам компьютерде босаң қалыпта отырады, ол денесінің қандай тұрғыда қисайғанына мән бере бермейді. Бұл ағзаға кері әсер етеді; омыртқа, мойын, бастың бұлшық етi, қол және иықтарға артық салмақ түскендіктен балаларда-сколиоз, остехондроз аурулары пайда болады.

Көздер мәтiн немесе суреттiң майда дiрiлдеулерiн, перденiң жылтырауын тез тiркейдi. Көз шамадан тыс салмақ әсерінен көру қабілетін жоғалтады. Кiлегейленген түстi сәтсiз таңдап алу, шрифттер, терезелердiң құрастырылымы, перденiң терiс орналастырылуы көзге теріс әсерін тигізеді.

Микрожарақаттану – бұл күн сайынғы салмақ түсу нәтижесінде организмнің бiртiндеп тозуы. Организмде көп жиналған микрожарақаттанулар болады. Ол қол немесе аяқтың сынуы сияқты кенеттен пайда болмайды. Сiз ауруды сезінбес бұрын, бiрнеше айлар өтеді. Ауру әртүрлi сезiледі : ішкі ағзаның қыжылдауы, шаншу түрінде сезіледі.

Барлық компьютер қолданушылар өз мәлiметiнiң резервтiк көшiрмелерiн сақтап отырады. Кейде компьютерлік вирустардың кесірінен сақталған мәліметтер жойылып та кетеді. Мұндай жағдай көп адамдарға қатты соққы болып тиеді. Қатты соққының әсерінен адамдар инфаркт алып қалатын жағдай да болады.

Шаң және компьютердегi кiр уақыт өте келе бiраз шоғырланады және де олар күрделi болады. Кiр болған жерде бактерия, шаң, микроб, шаң-тозаң кенелерi болады . Бұның барлығы әртүрлi ауруларды қоздырады.

1. Дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады;

2. Көздің көру, құлақтың есту қабілеттері төмендейді;

3. Саусақ ұштарына пернетақтадан электрленген сәулелер әсер етіп, қолдың буындары ауыра бастайды.

4. Компьютер алдында ұзақ отырудан бел омыртқаға көп күш түседі де, омыртқа дискілері қалыптасқан үлгіден өзгеріске ұшырайды.

5. Жүйке жүйесінің бұзылуына да әсер етеді.

Бұған қоса адам еркінен тыс компьютерге тәуелді болып “байланады”. Мінезі өзгеріп, айналасына немқұрайлы қарайды, өзіне ғана тән “жабық әлем” қалыптасады.

Осының бәрі біздің денсаулығымызға зиян. Біз өз денсаулығымызды сақтасақ, болашағымыдза жарқын – жақсы болады. Ең бастысы байлық денсаулық демекші денсаулығымызды сақтайық.

Просмотр содержимого документа
«пайдасы»

Компьютердің пайдасы өте зор.

Компьютердің маңызын, оның пайдасы туралы толық мағлұмат алу үшін ең алдымен «компьютер» сөзіне толық мағына беріп алайық. Ақпаратты  автоматты түрде өңдеуге арналған  ақпараттық және бағдарламалық құралдар кешенін компьютер деп атайды.  Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал- компьютер. Ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады.  Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады.  Есеп -қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару  істеріне пайдалансаңыз,  сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60-80 сөз, 6-8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни,  жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Сақтансаң құдай сақтайда деген мақал бар ол өзіңе байланысты. Әрине барлық нәрсе шегінен асса зиян келтіреді. Ал күнделікті пайдананып отыру зиян емес. Қазақстанда компьютер адам денсаулығына зиянды деген қате ұғым бар, осыны мен ойлаймын, әдейі Қазақтарға таратқан көпдеген теріс ағымдардың бірі ма деп. Компьютерден қашпау керек, бүкіл дүниені жүргізіп жатқан компьютер, біз Қазақтарда осы саланы меңгеруіміз керек, бала кезіннен компьютедір үйрету  керек, ақшаң жетпесе де нашар болса да алу керек, бала кезіннен үйренсе нағыз маман болып шығады деп ойлаймын. Бізге компьютер коп болса сонгы 10-15 жылда келді? ал Жапонияда ол бурыннан бар. Солар да жур гой?? Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде- осыған байланысты  компьютерде  еркін жұмыс істеу,  одан информацияны ала білу, оны өңдеу  және күнделікті  істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады.



Просмотр содержимого презентации
«аш сабак»

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің пайдасы мен зияны

Сабақтың тақырыбы:

Компьютердің пайдасы мен зияны

Сабақтың мақсаты: Компьютердің пайдасы мен зияны туралы кең ақпарат алу. Тақырып көлемінде пікір алмасу, ойларын тиянақтау, бір жүйеге  келтіріп қорытындылау

Сабақтың мақсаты:

Компьютердің пайдасы мен зияны туралы кең ақпарат алу. Тақырып көлемінде пікір алмасу, ойларын тиянақтау, бір жүйеге  келтіріп қорытындылау

ЭПИГРАФ: Ақылды компьютерді уақытты үнемдеу үшін пайдаланса, қалғандары уақытын өткізу үшін пайдаланады.

ЭПИГРАФ:

Ақылды компьютерді уақытты үнемдеу үшін пайдаланса, қалғандары уақытын өткізу үшін пайдаланады.

Просмотр содержимого презентации
«задание 2»

1. Берілген сөйлемді жақшаның ішіндегі тиісті сөздермен толықтыр 1990 жылдардың соңында ... (дүниеге, өмірге,жалғанға) енген компьютердің зиянды жақтары қазірдің өзінде әр жерден анық байқалып отыр. 2. Қарамен жазылған сөздің антонимін жаз

1. Берілген сөйлемді жақшаның ішіндегі тиісті сөздермен толықтыр

1990 жылдардың соңында ... (дүниеге, өмірге,жалғанға) енген компьютердің зиянды жақтары қазірдің өзінде әр жерден анық байқалып отыр.

2. Қарамен жазылған сөздің антонимін жаз

1. Берілген сөйлемді жақшаның ішіндегі тиісті сөздермен толықтыр Компьютер . . . (пенделердің, адамдардың, кісілердің) ақыл-саналарына тигізетін кесапатты әсерлері өмірімізге терең деп еніп барады. 2. Қарамен жазылған сөздің антонимін жаз

1. Берілген сөйлемді жақшаның ішіндегі тиісті сөздермен толықтыр

Компьютер . . . (пенделердің, адамдардың, кісілердің) ақыл-саналарына тигізетін кесапатты әсерлері өмірімізге терең деп еніп барады.

2. Қарамен жазылған сөздің антонимін жаз

Просмотр содержимого презентации
«сергыту саты»

сенбі Сейсенбі Бейсенбі Сәрсенбі Жұма Дүйсенбі Жексенбі

сенбі

Сейсенбі

Бейсенбі

Сәрсенбі

Жұма

Дүйсенбі

Жексенбі

Дүйсенбі – жымию (улыбнуться) Сейсенбі – амандасу (поздороваться) Сәрсенбі – құттықтау (поздравить) Бейсенбі – көз қысу (подмигнуть) Жұма – жақсы тілек айту (пожелать хорошего) Сенбі – қол бұлғау (помахать) Жексенбі - мақтау (похвалить)

Дүйсенбі – жымию (улыбнуться)

Сейсенбі – амандасу (поздороваться)

Сәрсенбі – құттықтау (поздравить)

Бейсенбі – көз қысу (подмигнуть)

Жұма – жақсы тілек айту (пожелать хорошего)

Сенбі – қол бұлғау (помахать)

Жексенбі - мақтау (похвалить)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Автор: Сыздыкова Назира Махметовна

Дата: 14.01.2017

Номер свидетельства: 379086


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства