kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа форматтағы мұғалім ұстанымы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімді тек дайын күйінде алуға негізделген дәстүрлі білім беру жүйесінен бас тартып, жаңа білім беру жүйесіне педагогтармен қатар, ата-аналарды, қоғамды дайындап, ауқымды жұмысты жандандыру қажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа форматтағы мұғалім ұстанымы»

Жаңа форматтағы мұғалім ұстанымы

Біздің елімізде білім саласы бүгінде жаңа белеске шығып, оқытудың жаңа жүйесіне көшуде. Ол жүйе әдеттегідей дайын білім беру тәсілі – оқушының көргенін, естігенін қайталауға негізделген емес, ол жүйе – оқушыны өз бетімен білім алуға дағдыландыру, оқып-үйреніп жатқан білімінің терең сіңіп, жан-жақты түсінуін қамтамассыз етуі тиіс. Сондықтан бүгінде еліміз бойынша 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау жайындағы педагог мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі бойынша үш айлық курстар ұйымдастырылған. Курстың негізгі мақсаты педагогтардың қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайларында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына, білім берудегі инновациялық үдерістерді қолдануға көмектесу, өз әріптестерінің тәжірибесін жетілдіруге ықпал ете алатын, кәсіби құзыреттілігі терең мұғалімдерді даярлау. Кембридж университеті Білім факультеті ғалымдарымен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ мамандары бірлесіп дайындаған Қазақ Елі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының басты бағыты бойынша оқушыларымызыдың білім алуы өз бетімен білім алуымен негізделіп, өзіндің пікірі мен ойы қалыптасып, қорытынды жасай алу арқылы есте сақтау деңгейін дамыту қажеттігі тұр.

Педагогикалық және психологиялық зерттеулер бойынша оқушыда оқығанның 10%-ы, аудио-видео құралдарды қолданған жағдайда 20%-ы, көрнекіліктер арқылы 30%-ы, пікір-таласта 50%-ы, тәжірибе жасауда 75%-ы, үйренген білімді қолданып, басқаларды үйреткенде 90%-ы есте қалады екен. Сондықтан еліміздің болашағы – жеткіншек ұрпақты қалай және қандай тәсілде оқытқан тиімді? Міне, сол себепті жаңа технологиямен жұмыс істеуге көшу қажеттілігі туындайды, яғни оқу процесінің негізін интербелсенді әдістемелер құрауы керек, әрбір педагог интербелсенді құралдар мен тәсілдерді өзінің әдістемесінің іргетасы ретінде қалауы қажет.

Ұстаз – ұлы ұғым. Ұстаз «білім көзі», «білім беруші», «үйретуші» ғана емес, білім игеру барысын «ұйымдастырушы», «басқарушы», білімге «бағыт-бағдар сілтеуші». Педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында іріктелген жеті модульді (оқытудағы жаңа технология, сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін және оқуды бағалау, АКТ-ны пайдалану, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру, талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, білім беруді басқару және көшбасшылық) пайдалану арқылы оқушының оқуға ынтасын, қызығушылығын оятып, тапсырманы өз бетімен орындауға, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, өзара бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелейтіні мәлім. Әр оқушы өз ойын ашық, еркін, жүйелі дәлелдей алады әрі сенімділікпен пікірін білдіре алады. Нәтижесінде оқушы шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзінің де өзгенің де жұмысын бағалайтын, қатесін түзетіп, бір-біріне көмектесетін, ортақ шешімді сыни көзқараспен қабылдай алатын тұлға қалыптасатыны анық. Шығыс даналығы «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалады, ал өзім істесем үйреніп алам» деген сөзін басшылыққа ала отыра, өздігінен білім алатын, талпынысы жоғары, жауапкершілік сезімі қалыптасқан, алдағы өмірін болжай алатын, кез-келген нәрсеге салыстыра талдау жасап, сыни көзқараспен қарайтын азамат, тұлға дайындау біздің, яғни ұстаздар қауымының басты міндеті болуы тиіс. Питер Клайнның «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік берген сайын одан әрі жақсы оқи түседі» деген сөзі осы айтылғанның дәлелі іспеттес.

Мен ұстаз ретінде осы «жаңа білім көшіне» ілескеніме қуаныштымын. Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша курсты аяқтап, кейіннен мектеп тренерлерінің «Тәжірибелік рефлексия» курсын оқыған соң, бұл бағдарламаның негізгі идеяларын өз әріптестеріме ұсынып, түрлі тренингтер мен үлгі-сабақтар өткізіп, оқушыларыма өз пікірін ашық айтуға мүмкіндік беру, екі бағыттағы қарым-қатынас, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, ойлауға үйрету, сыни тұрғыдан пайымдау жасау, т.б. идеяларын жүзеге асыра білуге тәрбиелеудемін. Әсіресе, облыс орталығынан шалғайда орналасқан шағын жинақталған мектепте нәтижелерге негізделген білім беру моделін қалыптастырып, білім берудің құндылықтары «Мектепте не үшін оқу керек?» сұрағы аясында қаралып, күтілетін нәтижелер, кең ауқымды дағдыларын дамытуды жүзеге асыру бағытында жұмыс атқарудамын.

Қай ұлттың, қай халықтың дамуына, мәдени өркендеуіне, өсуіне ықпал жасайтын тірегі – мектеп қой. Қазақта «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» деген сөз бар, сондықтан білімді тек дайын күйінде алуға негізделген дәстүрлі білім беру жүйесінен жылдамырақ бас тартып, жаңа білім беру жүйесіне педагогтармен қатар ата-аналарды, тіпті қоғамды дайындап, ауқымды жұмысты жандандыру қажет.

Гүлжан Құрманғалиева

«Бурабай орта мектебі» КММ-нің математика пәні мұғалімі


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жаңа форматтағы мұғалім ұстанымы

Автор: Курмангалиева Гулжан Кенесбековна

Дата: 24.02.2017

Номер свидетельства: 395333

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Баяндама "Жа?а технология математика саба?ында""
    ["seo_title"] => string(48) "baiandamazhanatiekhnologhiiamatiematikasabagynda"
    ["file_id"] => string(6) "283616"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1453862476"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Қазақстандағы білім жүйесіне өзгерістің қажеттілігі туралы ойлар"
    ["seo_title"] => string(76) "k_azak_standag_y_bilim_zhuiiesinie_ozghieristin_k_azhiettilighi_turaly_oilar"
    ["file_id"] => string(6) "372838"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482514336"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Педогогті? к?сіби ??зіреттілігі "
    ["seo_title"] => string(38) "piedoghoghtin-k-sibi-k-u-ziriettilighi"
    ["file_id"] => string(6) "148226"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1419613061"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства