kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің білім алушылардың рухани жаңғыруындағы маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Рухани жаңғыру қазіргі таңдағы Қазақстандықтардың басты мақсаты болып табылады. Осыған орай білімді де осыған аудару қажеттілігі туындауп отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің білім алушылардың рухани жаңғыруындағы маңызы»

Сейдагалиева Гулмира Касымхановна

Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ

Федоров ауданы

ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Түйін сөздер: рухани жаңғыру, құзырет, дағды, жеті модуль, көшбасшы.

Он жыл ішінде білім алушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеруі үшін, өз Отанының шынайы патриоты болуы үшін, рухани жаңғырудағы бастамасы – ол білім алу арқылы өмірге бейімделу екендігін бойына сіңіріп, жеке тұлға тәрбиелеуде жасалған жұмыстар мен нәтижесіне талдау.



Білімді, көзі ашық,

көкірегі ояу болуға ұмтылу –

біздің қанымызда бар қасиет.
Н.Ә. Назарбаев

Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының да түп мақсаты отыз дамыған ел қатарына ену деп түсіндім. Ия, бұл қатарда елімізде Тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше ауқымды жұмыстар атқарылғаны сөзсіз. Сонымен қатар, біздің мектебіміздің де тарихы мемлекетіміздің дамуымен тетелес келді. Федоров ауданында мектебіміз 2007 жылы М.Мәметова атындағы №4 орта мектебінің базасында өз қызметін атқарып жатты. Еліміздің президентінің білгір саясаты арқылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында мектебіміздің алғашқы іргетасы қаланып, 2012 жылы ғимараты қолданысқа енгізілді. Міне, осылайша, бірнеше жылдар өтіп, биылғы оқу жылы, яғни 2017 жылғы 3 қараша күні мектебіміз 10 жылдығын тойлау қарсаңында. Білім ордасы – білім ошағы. Осы сөзге лайық болу үшін, әрдайым алдыңғы қатардан көріну үшін мектебіміздің ұжымы өз алдына «Бәсекелестікке қабілетті ХХІ ғасыр тұлғасын қалыптастыру» мақсатын жүзеге асыруда.

Қазақстан өмірін түбегейлі өзгерткен, Республикамыз Тәуелсіздік алып, шарықтаған тоқсаныншы жылдардың еліміздің тарихына айналғанына да көп жылдар өте қойған жоқ. Бірақ бұл жылдар еліміздің тарихына мәңгілікке із қалдырғаны күмән тудырмайды. Шынымен де біздің республикамыз сол жылдары ешбір сынды көтере алмайтын жағдайда болғаны мәлім. Басқа елдердің көзқарасы бойынша еліміздің экономикасы әлсіз, саяси жүйесінің нақтылығы жоқ, қазынасы бос деп саналды. 

           Cонымен қатар, Қазақстан елінің білім саласына да, заман талабымен сай, көп өзгерістер қажет болды. Жетілдіру үдерісі ХХІ ғасыр оқушыларын қалай оқыту керек? деген сұраққа бағытталған оқыту мен оқу тәжірибесіне енген өзгерістерге байланысты басқару проблемалары терең ойластыруды қажет ететін білім саласындағы көшбасшылар жұмыстарына маңызды деп анықталған өзгерістерді енгізумен байланысты.

Заман ағымына қарай, қадамды бірге басу және оқушыларды жеке тұлға ретінде тәрбиелеу үшін функционалдық сауаттылығын арттыру да маңызды орын алды. Сабақ барысында алған білімін оқушы өмірде пайдалана алу үшін дағдыларын арттыру қажеттілігі басты мәселе болды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. [2] Практик, инициатор, көшбасшы – барлығы да бір тұлға бойында болуы тиіс. Сондықтан да мен мұғалім ретінде өзгеруім тиіс.

Мұғалімнің сипаттамасын құрастыратын жүйе болып табылатын табысты оқыту нақты жағдай құру барысында ғана мүмкін болады. Сапалы оқыту мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. [3].

Менің ойымша, 21 ғасырда әлемдік экономикадағы өзгерістер арқылы экономикалық ортада бәсекелестікке бейімдеу қажеттілігі, білім сапасының проблемалары туындады. Себебі тұрғындардың «Білімділік интеллектісі» мемлекеттің басты стратегиялық ресурс ретінде қарастырылады, ал қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістер және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде өзгерістер енгізілген соң мақсаттарды, білім нәтижелерін, дәстүрлі оқыту тәсілдерін, жетістіктерді бағалау жүйелерін толығымен қайта қарастыру талап етілді.

Мектебіміз шағын жинақты мектеп деп аталса да, мектептің жүйесі нақты құрылған. Білім деген кемеде мектеп ұжымы – ата-аналар, оқушылар және ұстаздар – бірге жүзуде. Жыл сайын үздік оқушылар саны артуда, пән олимпиадаларының және оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарының жеңімпаздарының сандары артуда. Мектебіміздің ұлғатты ұстаздары А.Е. Тасболатова және С.К. Оспанова ізін басқан тәлім алушыларына аянбастан еңбек етіп, өз тәжірибелерін бойларына сіңіруде. Оқушының бойында барлық қасиеттерді сіңіру үшін, алған білімдерін өмірде пайдалана алатындай етіп білім, білік, дағдысын жетілдіру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Соның бірі, ең алдымен, мектеп ұстаздарының ХХІ ғасыр білім алушыларын оқыту тәсілдерін жаңарту болып табылды. «Тәжірибедегі рефлексия», коучингтер, конференциялар, семинарлар толығымен іске қосылды. Әр түрлі тәсілдер, құралдар, формалар, әдістерді қолдана отырып, сабақ барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы мұғалімнің дағдыларын қалыптастырамыз деген ойдамыз. Білім алушылардың танымдық белсенділік динамикасын бақылау үшін мұғалімдерге рефлексивті дағдыларын дамыту қажет. Фокус топ мүшелерімен бірге әріптестерімізбен жұмыс жүргізуде коллаборативті орта құру үшін жағдай жасауға талпынамыз: шығармашылық пен қызметтестік, серікестік, кәсіби қолдаушылық жағдайы (үздіксіз ғылыми-әдістемелік көмек, кәсіби даму, жеке жұмыс), оқу үдерісіне оңтайлы әсер ету.

Мектебімізде зерттеушілік әңгімені қолдану әдісін ұжымның, басым бөлігі жас мамандар болғандықтан жетік білмейді, біз ұстаздарды қажетті біліммен, құралдармен және оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту, қалыптастыру және табысты оқыту үшін бағытталған тәжірибе дағдыларымен қамтамасыз етеміз. Бұл жұмысты «Ізденіс» фокус тобымен бірлесе отырып жүзеге асырамыз. Алынған нәтижені мұғалімдердің оқу үдерісіне білім алушылардың белсене қатысуларына көмегін тигізетін әдістер мен тәсілдерді пайдалану үшін сабақты құрастыруды қайта қарастыруды қажет ететіндей және оқытудағы көзқарастарын өзгертетіндей етіп жоспарлауымыз керек.

Қазақстан мектептерінде білім беру жүйесі 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білімін дамыту Мемлекеттік бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады. Отандық білім саласындағы негізгі ұйымдастырушылық мемлекеттік саясат болып табылатын мемлекеттік бағдарлама оқыту және тәрбиелеу мазмұны мен технологияларындағы, мектеп құрылымындағы, басқару жүйесіндегі, білім қызметінің ұйымдастырушылық құқықтық формаларындағы, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің қаржылық механизмдеріндегі өзгерістерді анықтайды. [3]

Қазақстан әр елдің білімдік платформасын меңгеру арқылы еліміздің білім саласы үшін ең үздігін тауып, білім саласындағы жұмыс тәжірибесіне енгізуді көздеп отыр. Қазіргі таңда Қазақстан мұғалімдерді 3 деңгейде оқытуды, яғни оқушылар үшін жаңа оқыту әдістерін де қарастыратын Кембридж университетінің тәжірибесін енгізуде.

Уақыттың ағымымен бірге білім саласына да көптеген өзгерістер енді. Біз ілгері басып келеміз. «Ғасыр бойы өмір сүр – ғасыр бойы білім ал» деген халық нақыл сөзі бар. Бұл сөзге сүйенсек біз бір орында тұрмай, алға жылжы беруіміз қажет, әлемдік білім платформасын алуға болатын білім жүйесіндегі жаңа әдістерді алып, оқыту мен оқуда мүмкіндігінше пайдалана білуіміз керек. Мұғалім өз өзгерістерін енгізер алдында білім стандарты тұтастай өзгеріске ұшырайды. Яғни оқу бағдарламасының құрылымы мен жұмысы өзгереді, себебі мектеп оқушылардың оқу үдерісіне және білім сапасына жетекшілік ететін білімнің ажырамас бөлігі.

Қазіргі таңда оқушыларды өмір мен еңбекке дайындау білімнің негізгі басымдылығы ретінде білім нәтижесін қайта қарастыруды талап етеді.

Жаңа мектеп мұғалімі – бұл жаңаға деген талпынысымен, педагогикалық әдебімен өз педагогикалық дағдысын үнемі дамыта отырып, рефлексияға қабілеті бар, рухани дамыған, шығармашыл, белсенді тұлға. Мұғалім оқыту мен оқу құндылығын түсінетін, өз пәнін, педагогиканы, психологияны жетік білетін, заманауи педагогикалық әдістерді қолдану арқылы өздігінен білімін арта білетін, өз тұлғасы мен кәсібінің өсуіне уәжі бар тұлға болуы тиіс. Біздің мектептің мұғалімдерінің өзгеруіне көмектесу үшін оқытудың әлемдік тәжірибесін насихаттау қажеттілігі туындайды. Өйткені оқытудың әлемдік тәжірибесін меңгеру, талдау, зерттеу өз білімін синтездеуге әкеледі де мұғалім бүгінгі күні қазақстандық оқыту жүйесі қандай болуы тиіс екендігіне көзқарасы өзгереді. Және де біздің еліміздегі білім турлы негізгі құжаттарды талдаудан бастау керек деген тұжырымды дұрыс деп ойлаймын. Негізге алушы құжат болып Н.Ә. Назарбаевтың ҚР халқына Жолдауы болып табылады. Бұл құжатта еліміздің дамуының басты бағыттары, сонымен қатар басымдық бағыттары – білім көрсетілген. Президент лайықты зияткерлік әлеует болған жағдайда ғана біздің мемлекетіміз нағыз бәсекеге қабілетті болады деп белгіледі. Осы мақсаттарға жету үшін «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспары», «Ұлттық 100 қадам жоспары», «Қазақстан - 2050» бағдарламалары және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Ал мемлекеттік бағдарлама 10 жыл барысында жүзеге асырылатын мектептік білім жүйесін жаңартуды қарастырады. Басты назар білімді жекешелендіруге, әлеуметтенуге және өздігінен даму мен кәсіби бағдарлауға бөлінеді. Сондықтанда мұғалім табысты оқытудың маңызды факторы оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы екенін жетік түсінуі тиіс. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Сондықтан да мұғалімде Шульман «Үш көмекші» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болмақ. [2] Осыған орай мұғалім оқушыны тыңдай білуі тиіс, ол үшін мұғалімді кері байланыс жүргізуге, оқушылармен кеңес ұйымдастыру мәдениетіне тәсілдену қажет. Маңыздысы мұғалім ағымда өзі де болуы тиіс және оқушыларды да сол ағымға енгізе алуы керек. Барлық жоғарыда айтылған мәселелер педагогқа өз қызметін түзетуге көмектеседі.

Біздің білім алушыларымыз танымдық қызығушылықты таныту үшін, біз модульдік оқытуды пайдалануды насихаттаумен қатар, пайдалану жолдарын меңгертеміз деген ойдамын. Биылғы оқу жылының басында ұжым жас мамандармен толығайын деп отыр, осыған орай СТО стратегияларын да меңгеруді жалғастырамыз, бұл стратегия танымдық қызығушылық пен сын тұрғысынан ойлауды дамытуға көмектеседі. Мектеп тәжірибесінде өзгеріс енгізу әкімшіліктің, желілік қоғамдастықтың, 2,3 деңгей мұғалімдерінің, ата-аналар қоғамдастығының және барлық мұғалімдер мен оқушылардың қатысуынсыз жүзеге аспайды. Оларды ниеттес қыла, теорияны, жаңа технологияларды пайдалана отырып, ҚР педагогтарының желілік қоғамдастығымен үнемі қарым-қатынаста болып, білімнің нәтижелілігіне қол жеткіземіз.

Біздің білім стратегиясы бойынша педагогикалық үдерісте оқушы субъекті болып табылады, яғни оқыту жеке тұлғаға бағытталған болады.

Ұстаз мемлекетіміздің болашағының іргетасын қалаушы тұлға, ал оқушы – ел болашағы кілтінің иесі болып табылады. Осылайша, болашақтың нұрлы да гүлді болуының негізгі тұлғасы – ұстаз. Елбасы атап көрсеткеніндей “Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі патриот мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”. [1]

Еліміздің өркениетті мемлекет болуы, тікелей ұрпаққа байланысты. Ал ұрпақтың білімді, тәрбиелі, саналы болуы – мектепке, ал мектептің жүрегі – мұғалім. Қазақстанның елу ел қатарына ену мақсатында білімінің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Еліміздің өркениетті мемлекет болуы, тікелей ұрпаққа байланысты. Қазақстанның елу ел қатарына ену мақсатында білімінің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру, жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасайтын мектеп қана мүлтіксіз атқара алады. Осыған орай қазіргі кезеңде жеке тұлғаға бағдарланған білім мәселесі 12 жылдық білім беруге көшу мен жаңа тұрпатты педагог қалыптастыру міндетін қойып отыр. Әрине, бұл жауапкершілікті жүзеге асыру оңайлықпен келмейді. Бірақ біздің алдымыздағы осы міндетті мектеп ұжымымен бірге ынтымақтастықпен жұмыс істей отырып, жүзеге асырып келеміз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. И.Г.Песталоцидің гуманистикалық педагогикасы. http://socialpeded.ru/istoriya-obrazovaniya-i-pedagogicheskoj-mysli/326-gumanisticheskaya-pedagogika-i-g-pestalocci-znanie.html

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы, 2015 ж.

3. «Назарбаев зияткерлер мектебі» АҚ мұғалімдерге арналған нұсқаулығы, www.cpm.kz, 2017 ж.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің білім алушылардың рухани жаңғыруындағы маңызы

Автор: Сейдагалиева Гулмира Касымхановна

Дата: 18.04.2018

Номер свидетельства: 466638


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства