kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Құқық қорғау қызметкерін бағалаудағы қарама-қарсылық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Газет материалдарында құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлерін бағалауда қарама-қарсылық бар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Құқық қорғау қызметкерін бағалаудағы қарама-қарсылық»

А. Жаскенова, «Баянауыл №2 жалпы білім беру мектебі» КММ

Құқық қорғау қызметкерін бағалаудағы қарама-қарсылық

Қоғамдық өмірдің саяси-идеологиялық, экономика-қаржылық, мәдени-әлеуметтік салаларындағы әр алуан қатынастарды, жаңалықтарды, мақсат-міндеттерді, өзгерістерді халыққа, яғни адресатқа дер кезінде жедел жеткізіп отыратын бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі бес қызметі бар екені белгілі. Осы ақпараттық, әсер ету, бағалауыштық, ағартушылық-танымдық, гедоникалық функцияларының арасында алғашқы қызметіне баса назар аударған газет-журналдарда қазіргі кездегі құқық қорғау органдарының қызметкерлерін теріс бағалау жиі кездеседі, ал мұның өзі қылмыскермен бетпе-бет келетін, құқық бұзушылықтың сан алуан түрін ашып, зардап шеккен адамдардың әділеттілікке қол жеткізуіне ықпал ететін қызметкерлердің жағымсыз бейнесін қалыптастырады. Алайда басына күн туған, іс түскен адам сол қызметкерлерден көмек күтетіні және дер кезінде алатыны да ақиқат. Бұл жағдайда аталған қызметкерлердің басым көпшілігі жалпыадамзаттық құндылықтарды қашанда жоғары қойып, азаматтық ұстанымдарға сай кесек мінез танытып, қылмыскерді ұстауға жан аямай кірісетіні қалың жұртшылық, қоғам, мемлекет, БАҚ тарапынан оң бағаланып отырады. Сол себепті мақалада Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметкерлерін бағалауда қолданылған екі жақты, яғни бинарлық оппозитивті тілдік құралдар қарастырылады.

Қазақстан Республикасының Құқық қорғау қызметі туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы №380-IV Заңының   3-бабына сәйкес «Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі жатады». Осы заңда құқық қорғау қызметкерлерінің функционалдық міндетері мен кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптар көрсетілген, сонымен қатар олардың моральдік-этикалық бейнесі Қазақстан Республикасы  Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы  N 1567 Жарлығымен    бекiтілген       Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексімен (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) анықталатыны нақтыланған. Осы кодексте көрсетілген талаптар «азамат» сөзінің лексикографиялық деректерде көрсетілген үшінші анықтамасына сәйкес келетіні байқалады: «1. Белгілі бір мемлекеттің тең құқықты адамы. 2. Кәмелетке толып, ер жеткен адам; жігіт. 3. Кісілігі бар, парасатты адам» [1].. Алайда құқық қорғау органдарында қызмет ететіндердің арасында бұл талаптарға сәйкес келмейтіндері бар екені рас.

Оппозитивтілік заттар табиғатындағы және адамның қарама-қарсылықтармен ойлау үрдісіндегі іргелі ұғымдардың бірі, өйткені адам өзі әлемді физиологиялық және интеллектуалдық тұрғыда танып-түсінуде бинарлық оппозицияны қолданады, себебі тіршілік деп аталатын үдерістің өзі жақсылық пен жамандықтан, қуаныш пен реніштен, күлкі мен көз жасынан, мейірім мен қаталдықтан тұрады.

Алғашқыда Н.С. Трубецкойдың фонологиялық әдіснамасында орыс тілінің дыбыстар жүйесіне қатысты «бинарлық оппозиция» терминінің компоненті ретінде қолданылды. «Вinarius» - латын тілінде екі жақты, екі ұшты, екі жартыдан тұратын (двойной, двойственный, состоящий из двух частей) деген мағынаны беретін термин, о баста таза физиологиялық себептермен шарттас болып, дүниені қабылдаудың екі жақтылығын және оның әмбебаптығын көрсеткен еді. Ал терминнің өзі кейіннен гуманитарлық ғылымдардың біраз саласына енді.

«…Роман Осипович Якобсон уже в 1950-е годы вывел аксиоматически стройную систему всех фонологических систем всех языков мира, построенную на 12 универсальных бинарных оппозициях. Это была чрезвычайно красивая модель. Потом, в 1960-е годы, бинарные оппозиции стали применять при анализе семантики. Семантических бинарных оппозиций чрезвычайно много, их неограниченное количество: жизнь - смерть, природа - культура, женское - мужское, верх - низ, задний -  передний, внутреннее - внешнее и т. д. Монтажный эффект строится на бинарных оппозиционных противопоставлениях» [2].

Медиадискурс мәтіндері, негізінен, бұқара халық ойында қандай да бір құбылысқа, оқиғаға, тұлғаға қатысты қоғамдық пікір тудыруды көздейтіндіктен, семантикалық оппозиттерге құрылатыны байқалады.

«Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылы жарық көрген «Адам боп қалу көп қиын» мақаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагері Ілияс Дәркенбайұлы Қындыбайдың құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылдарғы жұмысы жас мамандарға үлгі етіледі. Осы медиадискурс мәтінінің лингвистикалық ерекшеліктерін талдап көрелік.

Мәтіннің күшті позициясы саналатын тақырыптың өзі претекске негізделген, яғни бұл ақын Қадыр Мырза Әлінің өлеңінен алынған контекстік афоризмнің трансформацияланған түрі. Сентенцияның толық нұсқасы қарама-қарсылыққа құрылған – «Адам боп оңай туғанмен, Адам боп қалу көп қиын». Автор өзіне жақсы таныс сентенциямен мәтіннің мазмұндық-концептуалды ақпаратын интерпретациялауға бағыт береді, яғни өз кейіпкерінің адами, азаматтық келбетін танытатын детальдарды сентенцияның екінші бөлігіне шоғырлап, жалпылап береді және бұл мәтіннің соңғы абзацындағы түйінде «өршіл рухпен елі үшін адал еңбек сіңірген азамат» деп нақтыланады.

Мәтіннің вербалды қабатында кейіпкерді сипаттайтын тілдік құралдардың қатарында эмоционалды бояуы оң бағалауға негізделген лексикамен қатар, жағымсыз бояуы айқын сөздер де кездеседі. Автор өз кейіпкерін сипаттауда қолданылған тілдік бірліктер қатарында турашыл, шын сөйлеп, ақ жүру, темірдей берік ұстамдылық, дес бермеу, талапшылдық, әділ шешім қабылдау, өз ісін аса сақтықпен, біліктілікпен атқаратын, келісуге илікпейтін, жастарға жанашыр болған, ұлтының намысын ұлықтаған, қас батырдай, шалқар шабытпен, адал ниетпен сияқты сөз, еркін және тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Бұл лексемалармен оның жеке тұлғалық ерекшеліктері, сол тұлғалық ұстанымдарына сәйкес іс-әрекеттері, басқаларға қарым-қатынасы бағаланған.

Мақалада кейіпкер іс-әрекетінің субъектісі теріс бағалауға негізделген: мемлекеттік меншікке қол сұғушылар, майлы ішектей айналдырғысы келетіндер, айтқанына көндіріп, айдауына жүргізе алмаған олар, ниеті дұрыс еместер, жала жапты, ашық арыз ұйымдастырды, ықтырғысы келу, шамына тию. Бұл тілдік бірліктер де құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, яғни кейіпкер оппоненттеріне қатысты қолданылып тұр, тек олардың семантикасында билікке ие, билікке иек сүйеу семалары жағымсыз бағалауға негіз болып тұр. Мәтін авторы өз кейіпкерінің бейнесін толық ашу үшін оны өз қарсыластарымен шендестіре сипаттаған.

«Браконьерге «қамқоршы» кім?» деп аталатын мақалада (ЕҚ, 14.04.2014) ішкі істер қызметінің парақорлығы жайлы жазылған. Мұнда жалпы халықтық қолданыста жағымды бояулы деп саналатын тілдік құралдар кері мағынасында қолданылып, полиция қызметкерін теріс бағалауға жұмсалған. ««Бақсақ бақа екен» дегендей, браконьерлерге қамқор қолын созатындар полицейлер арасында екен, онда да кім дейсің ғой; Сөйтсек, су маржанына суық қолын батыра созған браконьерлерді желеп, жебеп жүргендердің бірі Исатай аудандық ішкі істер аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы көрінеді» сөйлемдерінде құқық бұзушыларды эмоционалды жағымсыз бояуы қанық сөздермен сипаттаған автор құқық қорғау қызметкерінің жағдаятпен қабыспайтын іс-әрекетін шенеу мақсатында оң бағалаушы сөздерді қолданған. Контексте туындаған энантиосемия оқырмандарға айрықша әсер етері сөзсіз.

Байқалып отырғанындай, газет материалдарында құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлерін бағалауда қарама-қарсылық бар. Мәтін авторлары, негізінен, ақпарат беру, сондай-ақ адамдыққа, әділдікке үндеу мақсатын, сол арқылы жаман қылықтардан жирендіруді көздегенмен, оқырмандар қабылдауында екіұдай пікір тудыратыны сөзсіз, ал мұның өзі халық арасында заң, құқық қорғау саласына, қызметкерлеріне сенімсіздік тудырып, адамды үмітсіздікке, шарасыздыққа бастайтыны, соның нәтижесінде адамгершілікке, әділдікке негізделген қоғам туралы да түсінігі өзгеретіні сөзсіз. Сондықтан құқық қорғау қызметкерлерін үнемі теріс бағалау автор көздеген мақсатқа жеткізе бермейтінін есте ұстау керек.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008.- 968 б.

2. Руднев В.П., Энциклопедический словарь культуры XX века. Ключевые понятия и  тексты. – М.: «Аграф», 2009 г. – с. 240.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Құқық қорғау қызметкерін бағалаудағы қарама-қарсылық

Автор: Жаскенова Айгерим Каировна

Дата: 25.01.2018

Номер свидетельства: 452467


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства