kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Би-ырғақ сабақтарында көпмәдениетті қағидатты жүзеге асыру жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Би-ырғақ сабақтарында көпмәдениетті қағидатты жүзеге асыру жолдары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Би-ырғақ сабақтарында көпмәдениетті қағидатты жүзеге асыру жолдары»

Би-ырғақ сабақтарында көпмәдениетті

қағидатты жүзеге асыру жолдары


Азаматтық татулық  пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған

ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың,

Қазақстан халқына Жолдауынан

    

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің  бірегей еуразиялық үлгісі болғандығын, Қазақстанның жаһандық конфессияаралық үнқатысу  орталығына айналып отырғандығын» атап  көрсетеді. Олай болса, этникалық, мәдени, жас ұрпақты көпмәдениеттілікке тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Осыған байланысты, көпмәдениеттілікке қатысты білім беру мәселесі өзекті бола түсуде.

Біріншіден, қазіргі қоғамның ерекшелігі болып табылатын елдер мен халықтардың жақындасуы, олардың өзара ықпалдастығының күшеюі, әлемде жүріп жатқан жаһандану.

Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қызмет адамның бойында адамгершілік-рухани құндылықтарды дамытуға, мәдениетті қоғамға бейімделуге, өзін-өзі жетілдіруге көмектесуі қажет.

Көпмәдениетті тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда мынадай мақсат қойылады:

  • жан-жақты, үйлесімді дамыған, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақы құндылықтар мен әлемдік мәдениеттің негізінде шығармашылықпен өзін-өзі дамытуға қабілетті және этномәдениеттілік пен азаматтық позициясын анықтап, оны іске асыра алатын тұлғаны қалыптастыру;

Көпмәдениетті тұлға – бұл индивид, өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерді игеруге бағытталады. Туған тілін, жалпы мәдениетін терең білу – бұл өзге мәдениеттерге қызығушылық қатынастың негізі, көптеген ұлттық, көркем мәдениеттермен танысу рухани баюға және дамуға негіз болады.

Бұл аталған мәселенің өзегінде мұғалім тұрады. Мұғалім өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге дайындау ісінде басты рөлге ие болады. Оқушылардың бойында төл тарихына, туған өлкесіне, бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын қалыптастыруда мұғалім дайындығының рөлі зор.

Осы бағытта өзім беретін ырғақты сабақтар әсемдік пен қатар баланың бұлшық еттерінің дамуы мен дене сымбатының дұрыс өсуіне тигізер әсері мол.

Дені сау баланың көңіл-күйі де жақсы болатыны анық яғни, баланың өз-өзіне сенімділігі мен ерекшелігін сезіну жеке тұлға ретінде қалыптасуына маңызды рөл атқарады. Дәлірек айтар болсақ, бала өсіп дамиды сонымен қатар әуенге сай ырғақты би қозғалыстарына деген қажеттіліктері ұлғаяды.

Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік , шығармашылық мүсін ғана емес, баланы жігерлендіреді. Хореография сабағында тек қана би үйретіліп қана қоймай денсаулықтары нығайып, ой-өрістері дамиды және көпмәдениеттілікке тәрбиелеуде үлкен роль атқарады. Бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді. Мысалы ішкі рухани жағдайы өзгеріп, мазасыздықты басып, қандағы кортизоль деңгейін жақсартып, жалпақтабандылық, омыртқа қисаю ауруларының алдын алады сонымен қоса балалардың зияткерлік деңгейінің артуына, оның ойлау жылдамдығына ықпалын тигізе отыра есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Ырғақты би балаларды эстетикалық құндылыққа тәрбиелейді, эмоцияналдық көңіл-күйін жақсартады.

Бидің жаттығулары адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді.

Мен сабақты жақсы оқитын, музыканы тыңдап, ритм ұстап, биге деген қабілеті  бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар, туғызып қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластырып отырамын. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіріп отырамын.

Ұстаздың шығармашылық есебі

Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейне көтеруді талап етіп отыр. «Би – сұлулық нәрі, биік талғамнан туындайтын әсемдік» қағидасына сай , өзім жүргізетін ритмика сабағында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, факультатив жоспары құрылды. Оқушыларға музыкалық тәрбие беруде би жанрының ерекшелігін түсіндіріп, музыка мен би байланысы арқылы би ырғағын сезінуді қалыптастырудамын. Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру, оқушылардың құзыреттілік қабілетін, танымдық-шығармашылық ізденісін, биге деген құштарлығын ояту, ізденуші, зерттеуші, кеңесші, өзін-өзі тануға дағдыландыру мақсатында «Би арқылы бала бойына ұлттық нақыш қалыптастыру » атты әдістемелік тақырыбында жұмыстанып келемін. Нәтижесінде әр сабақта баланың ерекше қасиетін ашу, баланың ықыласын, қызығушылығын, шығармашылық қасиетін ояту, би өнерінің құдіретін бағалауға үйретемін. Біздің репертуарымызда көбінесе ұлттық билер, сонымен қоса спорттық-балдық, балалар тақырыбындағы билер. Әр бидің мінезіне сәйкес және оның орындалу ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі костюм эскиздерін дайындап, тіктіріп отырамын. Тәрбиеленушілерім мектепішілік, аудандық, облыстық іс-шараларға, концерттерге қатысып, аудан халқының ризашылығына бөленіп жүр. Жыл сайын сәуірдің 29-да Халықаралық би күніне арналған шығармашылық есеп беру концертіміз дәстүрге айналды.

Үздіксіз еңбегімнің нәтижесінде:

1. Аудандық «Балдәурен» байқауы І орын (2006 ж)

2. Облыстық «Балдәурен» байқауы ІІІ орын (2006 ж)

3. Қазақстанның III Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық кезеңі «Халық биі» кіші топ ІІ орын (2007 ж)

4. Қазақстанның III Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық кезеңі «Қазіргі заман биі» кіші топ ІІ орын (2007 ж)

5. Қазақстанның IV Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық кезеңі «Қазіргі заман биі» кіші топ ІІІ орын (2008 ж)

6. Қазақстанның V Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық кезеңі «Халық биі» үлкен топ ІІІ орын (2009 ж)

7. VI Республикалық «Ақ көгершін» байқауы дипломант (2009 ж)

8. Аудандық «Балдәурен» байқауы ІІорын (2010 ж)

9. Облыстық «Балдәурен» байқауы лауреат (2010 ж)

10. Қазақстанның VI Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық кезеңі «Қазіргі заман биі» кіші топ ІІ орын (2010 ж)

11. Қазақстанның VI Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық кезеңі «Халық биі» үлкен топ ІІІ орын (2010 ж)

12. Облыстық аудан күндеріне арналған «Жайнай бер, Тасқала!» концертінде өнер көрсетті.

13. Б.С.Ізмұхамбетов бастаған делегация құрамында Астана қаласында өткен Батыс Қазақстан күндеріне арналған Конгресхолда өткен концертте өнер көрсетті. (2010 ж)

14. Ресей Федерациясы Саратов қаласында халықаралық наурыз тойында өнер көрсетті. (2011 ж)

15. Аудандық «Балдәурен» байқауы І орын (2011 ж)

16. Облыстық «Балдәурен» байқауы лауреат (2011 ж)

17. Аудандық «Балдәурен» байқауы І орын (2013 ж)

18. Облыстық «Балдәурен» байқауы ІІІ орын (2013 ж)

19. Қазақстанның IX Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық кезеңі «Халық биі» кіші топ ІІІ орын (2013 ж)

20. Қазақстанның IX Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық кезеңі «Халық биі» үлкен топ ІІІ орын (2013 ж)

21. X Республикалық «Ақ көгершін» байқауы І орын (2013 ж)

22. Халықаралық «Тұлға» бас жүлде (2014ж)

23. Халықаралық «Күншуақ» бас жүлде (2015ж)

24. Республикалық «Сәлем Астана» бас жүлде (2016ж)

25. Республикалық «Балауса жұлдыздар» бас жүлде (2016ж)

26. Республикалық «Балауса жұлдыздар» І орын (2016ж)

 Осындай нәтижеге жете отырып, мынадай ұсыныс бергім келеді:

 Ұсыныс:

Мектебімізде балалардың би өнеріне деген қызығушылығын ескере отырып, би бөлмесі немесе залы ашылса.

Ырғақ биіне керек құрал-жабдықтармен жабдықталса.

Ырғақ биі мектептерде пән ретінде жүргізілсе.

 Мен осы баяндамамды шығыс данасы  Әл-Фараби бабамыздың сөзімен аяқтаймын.

« Адам денесінің жетілуі — оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек»-дегендей  балалардың денсаулығы мықты болу үшін  бимен айналысу керек. Сондықтан мектеп жасындағы балаларға ырғақ биін үйрету мен баулу маңызды.




Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебі















Би-ырғақ сабақтарында көпмәдениетті қағидатты жүзеге асыру жолдары

(педагогикалық кеңесте оқылған баяндама)











Мектептің педагог-хореографы

М.Н.Сариева











Тасқала ауылы, 2017 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Би-ырғақ сабақтарында көпмәдениетті қағидатты жүзеге асыру жолдары

Автор: Сариева Маягуль Нурлановна

Дата: 09.01.2017

Номер свидетельства: 376788


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства