kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок по казахской литературе "Абай Құнанбаев "Құлақтан кіріп бойды алар""

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні:                                   Сыныбы:     6                      пәні: әдебиет             

Сабақтың тақырыбы:  А.Құнанбаев «Құлақтан кіріп, бойды алар».

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі:Абай әндерін жан-жақты талдау жасау, өлеңдерінің құрылысына, жаңалығына оқушылардың көзін жеткізу, оқушыларды өз ойын ортаға салуға бейімдеу.

ә) Тәрбиелілігі: сырларын түсінуге, эстетикалық талғам қалыптастыруға,өнердің қадір –қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу.

б) Дамытушылығы: Абай әндерін,өлеңдерін талдау арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту, әннің тылсым сырларын ұға беруге талаптандыру.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтау т.б

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту

Күтілетін нәтиже: оқушылар Абай әндерінің  ерекшеліктерін біледі, өмірде  жүйелі қолдана алады.

Көрнекілігі: сызба, интерактивті тақта, компьютер, электронды оқулық т.б

Пәнаралық байланыс:музыка, ағылшын, орыс тілі т.б

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

(Оқушылармен амандасу, түгендеу)

Ал, балалар, балалар,

Бәрің бері қараңдар

Жаңа білім алуға

Дайынсың ба,ұландар?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

(3-4 оқушыдан сабақ сұралады. 1-слайд «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңін бір оқушы оқиды, бір оқушы жылқы малының бейнесі бейнеленген суреттен көрсетіп тұрады).

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

Үйге берілген тапсырманы сұрау арқылы жаңа тақырыптың атын шығару.

2-слайд. Жылқы малының пірі не? (Қамбар)

3-слайд. Құлақтан

4-слайд. Жылқыға қатысты қандай мақал-мәтел білесің?

5-слайд. Кіріп

6-слайд. Қазақта жылқы малының қатысуы мен ойналатын қандай ұлттық ойындар бар?

7-слайд. Бойды

8-слайд. Батырлардың сенімді серігі не?

9-слайд. Алар

ІV. Жаңа сабақ.

-          Балалар, мінекей алдарыңда берілген сұрақтарға жауап бергенде бірнеше сөздер шықты, сөздерді бір-бірімен байланыстырып жаңа тақырыпты шығарып алып тұрмыз.

Ақын жоқ қой Абайға табынбаған,

Өлең арнап жүрегі жалындаған,

Қай қиырда жүрмесін, туған елі.

Болса екен деп тілейді дауыл да аман.

-          Мінекей, балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз Абай атамыздың «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңімен танысамыз.

10-слайд. Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күннің жадын жазыңдар.

а) Мағынаны тану.

— Балалар, құлақтан кіріп, бойды алатұғын не нәрсе деп ойлайсыңдар?

— Ән-күй

-иа, дұрыс айтасыңдар, Абай атамыз музыка өнеріне көп көңіл бөлген. Сондай өлеңдердің бірі «Қөзімнің қарасы» өлеңін электронды оқулықтан тыңдаймыз.

(Электронды оқулықтан ән тыңдалады).

     Дәстүрлі халық сазы Абай әндеріне негіз болса, сонымен қатар Семейде орыстың ән-сазын, романстарын естіп жүрді. Орыс достары, Петербургте оқыған баласы Әбіштің орыс халық сазымен жақсы таныс болуы Абайға әсер етті. Өз өлеңдерінде және аударма өлеңдерінде ән шығарды. Ол өлеңдердің тізімін интерактивті тақтадан көреміз.

Абай әндерінің тізімі:

1.      «Сегіз аяқ».

2.      «Бойы бұлғаң».

3.      «Қор болды жаным».

4.      «Көзімнің қарасы»

5.      «Желсіз түнде жарық -ай».

6.      «Жарқ етпес көңілім, не қылса да».

7.      «Ата-анаға көз қуаныш».

8.      «Біреуден біреу артылса».

9.      «Әсемпаз болма әр неге».

10.  «Сұрғылт тұман, дым бүркіп» (М.И.Глинкадан)

11.  «Татянаның хаты»

12.  «Қараңғы түнде тау қалқып»

13.  «Мен көрдім ұзын қайың құлағынан». (И.А.Криловтан, романс) т.б

«Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін оқып, түсіндіремін. 5-6 оқушыға мәнерлеп оқытқызамын,

талдап, әдеби теориялық ұғымдарды тапқызамын.

V.Топпен жұмыс.

Екі топқа сынып бөлінеді.

1-топ. Абай өлеңдерін жасыру, өлеңдерінің атын, жалғасын табу.

2-топ. Абай өлеңдері беріледі, соның ішіндегі сөздерді алып мақал –мәтел тапқызу.

VІ. Оқулықпен жұмыс.

«Кім жылдам» ойыны

«Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңіндегі сөздерді алып орысша, ағылшынша аудармаларын табу.

ә) Топтастыру

  ақыл-ойдың данасы                                                                          сазгер

          ақын                                          АБАЙ                                                   аудармашы

                                                   табиғат жаршысы

VІІ. Үйге тапсырма.

1.      «Құлақтан кіріп, бойды алар »өлеңін оқып келу.

2.      «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар»тақырыбына ойтолғау жазып келу.

VІІІ. Бағалау.

Әр топтың топ басшысымен бірге отырып бағалау.

 Ұлы Абай- қазағымның беделі,

Ұлы Абай -кең дүниенің есігі,

Өлең-жырдың,қарасөздің бесігі,

Заманының дарасы ол данасы,

Абайды білсін қазақтың байтақ даласы,

Абайды оқы, қазақтың барлық баласы! –деп сабағымызды аяқтаймыз

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок по казахской литературе "Абай Құнанбаев "Құлақтан кіріп бойды алар""»

1- сабақ


Сабақтың тақырыбы Бердібек Соқпақбаев «Менің атым-Қожа»

I, IV, XVII тараулар бойынша


Түрі Жаңа сабақ


Мақсаты: а) Жазушы өмірінен қысқаша мәлімет бере отырып,

повестен алынған үзінді мазмұнымен таныстыру;

ә) Оқушы қабылдауы мен ойлауы аралығын зерттей

отырып, ой қорытқызу;

б) Шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, жаңа ұғымды

өзі іздеп табуға бағыттау;


Әдістер Тренинг, ой-қозғау, ізденіс, топтастыру, мәнерлеп

оқу, талдау, пікірлесу.


Көрнекілік Жазушы портреті, шығармалар

жинағы, кесте-сызбалар, фильмнің фрагменттері.


Пәнаралық байланыс Кино өнері


Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық тренинг «Таңғалдыра таныстыру»

Әрбір оқушы өз есімін айта отырып, соған қоса өзін ерекше таныстыруы шарт.(Таңғалдыратын мәлімет айту, тосын сырымен бөлісу, мәселен, өзінің атының қойылу себебін айту)


II. Жаңа сабақ.

1.Ой қозғау. «Менің атым...». I тараудан үзінді оқу.

«Қандай шығармадағы қай кейіпкердің сөзі? Саған таныс па?»

2.Оқушы рефераты «Б.Соқпақбаев-балалар жазушысы»

3. Топтастыру.

киностудия

жазушы редакторы мұғалім

Б.Соқпақбаев

Б.Соқпақбаев




журналист Хикаяттары: романшы

«Он алты жасар чемпион»

«Балалық шаққа саяхат»

«Қайдасың, Гауһар»

4.Компьютерде «Менің атым-Қожа» фильмінің фрагменттерін көрсете отырып, рейтинг жүйесіндегі жоспарды тізбелеу.

1.Атының Қожа аталуы немесе өзін таныстыруы

2.Лагерьге жолдама алған Жантасқа кездесуі.

3.Майқанованың келіспеуі.

4.Өткенді еске түсіруі.

5.Орыс әдебиеті сабағы.

6.Бақаның әлегі.

7.Педкеңестегі талқы.

8. «Түбі адам болатын бала».

9.Өзіне берген уәдесі.

10.Құпия кеңес.


III. Жаңа сабақты бекіту.

1.Әдебиет теориясы. Реалистік образ.

2.Қожа-реалистік бейне.

3.Дәптермен жұмыс.

Оқушыларға қандай кейіпкерлермен таныс болғандарын жаздырту.

4.Кестені толтыр.


Р/с

Белсенді кейіпкерлер

Тасадағы кейіпкерлер

1.

Қожаберген

Жанар

2.

Жантас

Жақанов

3.

Майқанова

Анфиса Михайловна

4.

Әжесі

Сүттібайдың Қожасы

5.

Мамасы

Нұри кемпір

6.

Сәйбек қарт


7.

Оспанов



5.Топтық жұмыс.

1-топ. Қожаның сотқар болуының себептері

1.Әжесінің еркелетуі;

2.Әкесін сағынуы;

3.Зеректігі;

4.Жантас сияқтыларды жек көруі;

5.Мамасының жұмысбастылығы;

6.Өзінің менмендігі;

2-топ. Қожаның әдепті жолға түсуінің себептері

1.Мамасын аяуы;

2.Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер;

3.Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі;

6. «Еркін жауап» әдісі

«Менің атым-Қожа» фильмін көрген оқушылардың пікірлерін тыңдау.


IV.Қорытынды. Қожа- реалистік бейне.


V.Үй тасырмасы:

IV, XVII тараулардың мазмұнын меңгеру.


VI.Оқушылардың білімін бағалау.








































2 - сабақ


Сабақтың тақырыбы «Менің атым-Қожа» повесі

XXIII, XXIV тараулар бойынша


Түрі Аралас


Мақсаты: а) Повестің мазмұнын меңгерту;

ә) Оқушылардың тіл мәдениетін дамыту, мәнерлеп,

мақамдап оқу дағдыларын жетілдіру;

б) Өзіндік ойын қорытып, пікірін дәлелдеп, қорғай

білуге баулу;


Әдістер Баяндау, мінездеу,мәнерлеп оқу, мақамдап оқу,

пікіралмасу, ой-толғам.


Көрнекілік Компьютер, жазушы портреті, деңгейлік

тапсырмалар, кесте-сызбалар, үлестірмелі кәр-

тішкелер, Венн диаграммасы, повесть мәтіні .


Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, орыс тілі.


Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сабақтың тақырыбы, түрі және мақсатымен таныстыру.

2.Сынып оқушыларын 2-топқа бөлу.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

Үлестірмелі кәртішкелер бойынша тексеру.

1-топқа


1-кәртішке

1. Мәтіннен Қожаның сөздерін белгіле, оқып бер.

2. Мәтіннен Майқанованың сөздерін тауып оқып бер.

3. Саған қандай есімдер ұнайды? Ат қою туралы қандай озық дәстүрлерді білесіңдер?

2-топқа


2-кәртішке

1.Мәтіннен Жантастың сөздерін табыңдар, оқып беріңдер.

2.Мәтіннен әжесі мен мамасының сөздерін тауып оқы.

3.Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін мәнерлеп оқып бер. (Орыс тілінде)



III. Жаңа сабақты өту.

1.«Ағаттықтың азабы»

2.«Түбі адам болатын бала» тарауларына қысқаша шолу.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар мәтінге сүйене отырып интерактивті тақтада ілінген сызбаны толтырады.

1-топ 2-топ


Қожа- жақсы бала

Қожа- тентек бала

Қожа- алғыр бала

Қожа- өтірікші бала

Қожа- пысық бала

Қожа- қызғаншақ бала

Қожа- әділетті бала

Қожа- тиянақсыз бала

Қожа- ақылды бала

Қожа- бұзық бала

Қожа- мейірімді бала

Қожа- шыдамсыз бала


Осы баламаларға анықтаманы мәтіннен табады.

Мысалы: Қожа- алғыр бала. Дәлел: Мәтіннің басындағы өзін таныстыруы.


2. «Мынау кім?» әдеби ойыны.

1.Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбыр-

лап-сыпсыңдағыш. (Жантас)

2.-Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз?

(Қожа)

3.- Біз екеуіміз таныс шығармыз деймін? Отыр. (Майқанова)

4.- Қожатай, мына атаңа тамырыңды ұстатшы, шыбыным. (Әжесі)


3. Деңгейлік тапсырмалар

1-топқа.

Қожаның қай сәті бейнеленген? Өз пікіріңді қосып, әңгімелеп жаз, мінездеме бер.

«Төбемнен шатыр етіп, жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп, суық терім шықты. Ох, шіркін-ай!»

2- топқа


Қожаның қай сәтін бейнелеген? Өз пікіріңді қосып, әңгіме құрастыр.

«Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы мүлде тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін...»




4. Венн диаграммасы бойынша Қожа мен Жантасқа салыстырмалы мінездеме беру.



V. Қорытынды

Ой-толғам «Түбі адам болатын бала»


VI. Үй тапсырмасы:

«Құпия кеңес» бөлімі бойынша Қожа әрекетін анализдеу


VII. Оқушылардың білімін бағалау.





















3 - сабақ


Сабақтың тақырыбы «Түбі адам болатын бала»

Түрі Қорытынды


Мақсаты: а) Повестің идеясын ұғындыру,тіл қарапайымды-

лығына назар аударту;

ә) Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық

қабілеттерін арттыру;

б) Адамгершілікке, ізгі қасиеттерге баулу;


Әдістер Баяндау, мінездеу,мәнерлеп оқу, пікірлесу, эссе,

академиялық дау-дамай, топтық ізденіс жұмыстары.


Көрнекілік Интерактивті тақта, жазушы портреті, түсіндірме

сөздік, тірек-сызбалар, повесть мәтіні, тест сұрақ-

тары.


Пәнаралық байланыс Қазақ тілі


Сабақтың барысы

I.Кіріспе

1.Сабақтың тақырыбы, түрі және мақсатымен таныстыру.

2. «Құпия кеңес» бөлімінің мазмұнын еске түсіру.

3. Қожаның алған міндеттемелерін термелеу.


II.Негізгі бөлім

1.Академиялық дау-дамай.

«Қожаның әрекетін, яғни өзін-өзі сынауын қалай бағалайсың?

Қожа сөзінде тұра ала ма? Қожаның орнында болсаң, қайтер едің?»


2.Шағын шығармашылық топтар жұмысы.

Интерактивті тақтада алдын-ала ілінген жиналыс өткізу ережесіне сүйене отырып, шағын топтар өз қалаулары бойынша белгілі бір тақырыпта мектеп немесе сыныпішілік жиналыс өткізуді ұйымдастырады.


Жиналыс өткізу ережесі:

1.Мекеме басшысы жиналыс төрағасын сайлауды ұсынады.

2.Жиналыс төрағасы күн тәртібін хабарлайды.

3.Регламент уақыт белгілейді.

4.Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жарыссөзге шығады.

5.Күн тәртібі бойынша қаулы қабылданады.


3. Сөздік жұмысы.

Түсіндірмелі сөздікті пайдалана отырып, берілген сөздерге анықтама беру.Синоним сөздер тауып жазу

Шілдехана- Турник-

Секемшіл- Даңғаза-

Аруақ- Күнәһар-

Галифе- Шідер-

Оппа- Әмәнда-

Кесапат- Құпия-

Қаулы-


4.Тест сұрақтары

Барлығы-10 сұрақ.

1. «Менің атым-Қожа» повесінің авторы кім?

А) Б.Соқпақбаев С) М.Әуезов

В) Ғ.Мүсірепов Д) Абай


2. «Қожа, сен көшедегі иттерді тәртіпке салу үшін ауылда қалатын болдың». Кімнің сөзі?

А) Майқанова С) Жанар

В) Жантас Д) Оспанов


3. Қожа Майқанованы ең алғаш қайда кездестірді?

А) Мектепте С) Дүкенде

В) Көшеде Д) Жиналыста


4. А.С.Пушкиннің «Қысқы кешін» өте жақсы жаттап айтқан оқушы кім?

А) Ешкім С) Жантас

В) Жанар Д) Қадыров


5. Майқанованың сумкасына бақа салып қойған кім?

А) Жантас С) Жанар

В) Қожа Д) Жақанов


6. Қожаға әкесі туралы айтқан қария кім?

А) Әжесі С) Директор

В) Сәйбек Д) Дәуірбаев


7. «Қадыров түбінде адам болатын бала». Кімнің сөзі?

А) Директор С) Майқанова

В) Оспанов Д) Ахметов


8. Галифе шалбардағы адам кім?

А) Оспанов С) Ахметов

В) Сәйбек Д) Дәуірбаев

9. Жеке бас құпиясын өткізген мезгіл .

А) Кешке С) Түнде

В) Таңертең Д) Түсте


10. Қатты қорыққан әжесі кімді ертіп келді?

А) Майқанованы С) Әубәкір шалды

В) Мамасын Д) Директорды


III Қорытынды

«Сэккуэй»( 5 жолдан тұратын қорытындылау өлеңі)


1. Бір зат есім (сөз) «Менің атым-Қожа» повесі

2. Екі сын есім Оқиғалы, көркем

3. Үш етістік Қызықтырады, толғандырады, тәрбиелейді.

4. Мағыналы сөйлем «Менің атым-Қожа» повесінің оқиғалары бізді қызық-

тырады, толғандырады, адамгершілікке тәрбиелейді.

5. Синоним сөздер Прозалық шығарма, туынды, хикаят.



IV.Үй тапсырмасы:

Эссе « Бақытты балалық шақ»


V.Оқушылардың білімін бағалау.





















1 - сабақ


Сабақтың тақырыбы Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»

«Бастау» бөлімі бойынша

Түрі Аралас


Мақсаты: а) Оқушыларға үзіндінің мазмұнын меңгерте отырып,

шығармадағы негізгі идеяны анықтату;

ә) Оқушылардың танымын кеңейту, сын тұрғысынан

ойлау қабілетін арттыра отырып, ой тұжырымдауға

үйрету;

б) Адамгершілікке: қайырымдылық пен мейірбандық-

қа баулу;


Әдістер Ой-қозғау, топтастыру, «Кубизм» әдісі, зерттеу, су-

реттеу, салыстыру, ой-толғам.

Көрнекілік Интерактивті тақта, жазушы портреті, Ұлы Отан со-

жайлы фильмдер фрагменті, семантикалық карта.

Пәнаралық байланыс Тарих


Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды 2- топқа бөлу.

1-топ. «Тарихшылар»

2- топ. «Әдебиетшілер»

2. Топты қорғау.

1-топ. «Тарих- іргетасы халықтың»

2-топ. «Әдебиет- өмір айнасы»

(Мағынасын ашып, түсініктеме беру)


II. Қызығушылықты ояту сатысы.

1.Ой қозғау.

Интерактивті тақтада Екінші дүниежүзілік соғысына байланысты түсірілген фильмдер фрагменті көрсетіліп жатады.

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

Сұрақ: « Өткен тарих деп санамыздан алып тастау мүмкін емес,

жүрегімізде өшпестей із қалдырған бұл сұрапыл, отты жылдар

оқиғасы жайлы естігенде, не көргенде қандай сезімде боласың?»

2. Топтастыру әдісі.

Екі топқа да сызбаларды толтыру тапсырылады.

1-топ. Тарихшыларға мынадай сызбаны аяқтап түсіндіру тапсырылады.

Қашан?

Кім? Кімге?



Ұлы Отан соғысы

Қандай?



2-топ. Әдебиетшілерге мынадай сызба бойынша тапсырма беріледі.

Жамбыл Жабаев М.Мағауин Ә.Сәрсенбаев

Соғыс тақырыбы әдебиетте


С. Мәуленов Ғ. Мүсірепов



Б.Момышұлы Ә.Тәжібаев Қ.Аманжолов

(Шығармаларын ата).


3.Оқушы хабарламасы.

«Мұхтар Мағауин- бүгінгі ұрпақтың да, келешек ұрпақтың да алдында айрықша еңбегі бар айтулы қаламгер».


III. Мағынаны тану


1.Кубизм әдісі. (Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы)

Кубиктің алты қыры бар.

1)Суреттеңіз.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында балаларынан айырылған ата-аналар, мен жетім қалған балалар, тылдағы ауыл тірлігін суреттеңіз.

2) Зерттеңіз.

Ахмет пен Дәуренбек арасындағы түсінбеушіліктің неден басталғанын анықтаңыз.


3) Салыстырыңыз.

Дәуренбек пен Ахметтің қайшы мінезді қаһарман екендігін мәтінге сүйене отырып салыстырыңыз.

4) Не елестейді? Нені сезінесіз?

Ата-анасыз жетім алты бала тағдыры туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді?

5) Қолдаңыз не қарсы шығыңыз.

Ахметтің неміс баласын таңдауында қандай сыр бар, оған қалай қарайсыз?

6) Қолданыңыз.

Мәтіндегі «Жауды аяған жаралы» , «Қасқырдың күшігін қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды», «Сыртқы түр- перде, ішін айт» деген мақал-мәтел-дерді кімдерге,яғни қай кейіпкерге қолданар едіңіз?


2. Семантикалық карта.

Интерактивті тақтамен жұмыс.


Кейіпкер


Үзінді


Дәуренбек


Ахмет


Бригадир


Басқарма


Тоқажан


Бәкең

Менің әкелгенім алты-ақ бала...



+



Үкіметтің кеңшілігі көп...

+






Ертең-ақ ет-бауы-рымыз боп кетеді...



+




Құдай басқаның заузатынан опа бермес...






+

Аруақты атадан қалған қара шаңырақ еді...





+


Жұрттың сөзін ұрғаның бар ма...



+






IV. Ой-толғаныс

« Зекеннің болашақ тағдыры туралы ой-болжамым»


V. Қорытынды.

1. Тарихшылар «Үлкендерге де, панасыз жетімдерге де сын болған фашизм

мен соғыс, оның зардабы- шығарманың арқауы».

2.Әдебиетшілер «Панасыз жетім қалған балаларды бауырына басып, тәрбие-

леген абзал жандар- шығарманың арқауы».


VI. Үй тапсырмасы: « Зигфрид Ахметұлы» бөлімін оқу.


VII. Оқушылардың білімін бағалау.

2 - сабақ


Сабақтың тақырыбы «Зигфрид Ахметұлы» бөлімі

Түрі Аралас


Мақсаты: а) Ахмет бойындағы адамгершілік қасиеттерді,Зиг-

фридтің Зекен болып қалыптасу эволюциясын

ұғынып, оларға әділ баға беру;

ә) Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін

арттыра отырып, кейіпкерлерге салыстырмалы

мінездеме беруге, ой қорытуға дағдыландыру,

тіл мәдениетін дамыту;

б) Ахмет қарттың ақыл-ой, адамгершілік параса-

тынан үлгі-өнеге алу;


Әдістер Ой-қозғау, салыстырмалы мінездеме, суреттеу,

топтастыру,ой-толғам.

Көрнекілік Интерактивті тақта, кесте, концептуалдық карта,

Венн диаграммасы, түсініктеме күнделігі.

Пәнаралық байланыс Тарих



Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.


II. Қызығушылықты ояту сатысы.

1.Ой шақыру.

Сұрақ: « Зигфрид Вольфганг Вагнер неліктен Зекен Ахметұлы Бегімбетов атанды? Оған кімдер себеп болды?»

2. Топтастыру.

Апасы Ахмет




Сейітбек қожа Ауыл балалары


Қонақ бала

III.Мағынаны тану.

1.Ахмет отбасында Зигфридтің бауыр басып кетуіне кімдердің қандай әрекеттері мен қарым-қатынастары себеп болғандығын көрсет.

1)Кестені толтыр.


Кейіпкерлер

Ахмет


Апасы

Сейітбек қожа

Қонақ бала

Ауыл балалары


Іс-әрекеттері

мен

қарым-қатынастары








2)Кестеде жазғандарыңды мәтіндегі сөздермен дәлелдеңдер.


2. Венн диаграммасы бойынша Ахмет қарт пен Дәуренбекке салыстырмалы мінездеме жазу.


Дәуренбек



3. Концептуалдық карта.

Шығармадағы басты кейіпкерлер Ахмет пен Зекен бейнесі бойынша.


Кейіпкердің аты-жөні

Портреті

Мінездемесі

Өмірлік ұстанымы

Авторлық көзқарас

Жеке ойым немесе менің кейіпкерге көзқарасым

Бүгінгі күні осындай адам-дар бар ма?

Ахмет







Зекен








IV. Ой-толғаныс.

1. Үш бөлімді түсініктеме күнделігін толтыру.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мысалы:

1.Соғыстың зардабын: балаларынан айырылған ата-аналар мен жетім қалған балалар тағдырын тарихтан, басқа да шығар-малардан, кинодан білемін.


Бізге берілген бөлімдерде Зекеннің мектепке барған кезеңі ғана суреттелген.

Кейінгі тағдыры туралы және қалған алты баланың тағдыры туралы, әсіресе, ағайынды қазақ балалары Ертай мен Нартай туралы білгім келеді.

Шығарманы оқи отырып, жазушы бедерлеген образ-дарға тереңдеп, кейіпкер-

лердің ішкі сезім- сырларын ұғындым.Әсіресе,Ахметтей адамдардың адагершілігіне, ақыл-ой ,парасатына қайран қалдым.


V. Қорытынды.

Ахмет- адамгершілік пен парасаттылықтың, бауырмалдықтың үлгісі.

Зекен- ата үмітін ақтаған ұл.


VI Үй тапсырмасы:

Қосымша «Нартай мен Ертай» тарауын оқып келу.


VII. Оқушылардың білімін бағалау.























3 - сабақ


Сабақтың тақырыбы « Бейбіт күн жасасын әлемде...»

Түрі Ой-толғау


Мақсаты: а) Оқушылардың повестен алған білім-біліктерін

бағалау, ой-танымын түйсігін тереңдету;

ә) Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілет-

терін дамыта отырып, тіл мәдениеті деңгейін же-

тілдіру;

б) Ынтымақ пен бірлікті, адал достықты, ізгі адам-

гершілік қасиеттерді бағалай білуге үйрету;


Әдістер Ой-қозғау, салыстырмалы мінездеме, проблема-,

лық сұрақ, топтастыру, хат түріндегі эссе;

Көрнекілік «Жетімдер» фильмі, тест сұ-

рақтары, тірек-сызбалар, «Балалар құқығы туралы

Конвенция, Венн диаграммасы, Н.Шәкенов, Ә.Ес-

паев «Бейбітшілік сақталады» әні.

Пәнаралық байланыс Тарих, құқық, музыка, кино.



Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.


II.Үй тасырмасын тексеру.

Тест арқылы тексеру.

Барлығы – 10 сұрақ.

1.Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал. Кімнің сөзі?

А) Есепші С) Дәуренбек

В) Басқарма Д) Ахмет


2. «Жауды аяған жаралы». Кімге айтылған сөз?

А) Елге С) Дәуренбекке

В) Басқармаға Д) Ахметке


3. Ертай мен Нартай неге ажырағысы келмеді?

А) Үйренісіп қалғандықтан С) Еш себепсіз

В) Жай Д) Бір үйдің балалары


4. Нартайды кім алды?

А) Бригадир Берден С) Ахмет

В) Орақшы Тілеубай Д) Жақан молда


5. Зигфрид Вагнердің жаңа фамилиясы.

А) Ахметов С) Тілеубаев

В) Бегімбетов Д) Берденов


6. Зигфридтің қасиеттері.

А) Кекшіл С) Жайдары, пысық

В) Қорқақ Д) Бұзық


7. Зигфрид қай дыбыстарды дұрыс айта алмады?

А) а, б, в С) т, д

В) ғ, ұ, ә Д) р, ш


8. Ауылдағы дөкейлердің бірі Ахметтің қай баласымен бірге оқыпты?

А) Келімбет С) Жолымбет

В) Нарымбет Д) Дәулетбек


9.Ахмет қай ауылға көшті?

А) «Қызыл ту» С) «Ауыл тұрмысы»

В) «Балдырған» Д) «Қайрат»


10. Ахмет пен Зекен бойындағы ұқсас қасиеттер.

А) Адал С) Ширақ

В) Пысық Д) Бұзық



III.Қызығушылықты ояту сатысы.

1.Ой қозғау.

«Жетімдер» фильмінен үзінді көрсету.

Сұрақ: « Балалардың бақытты өмірі үшін не қажет деп ойлайсыңдар?»

2. Топтастыру.

Қайырымдылық


Қамқорлық Пана


Жетімдер


Ата-ана Мейірім



Бейбіт өмір Келешегіне сенім

IV. Мағынаны тану

1.Венн диаграммасы.

Повестегі балаларға салыстырмалы мінездеме бер.

Зекен Нартай мен Ертай



2. «Автор орындығы».

Кейіпкерлер образына ене отырып, сұрақтарға жауап беру.


1-топ. Ахмет бейнесіндегі оқушыға сұрақтар:

1.Қазақ балалары Нартай мен Ертайды таңдамай, неміс баласы Зиг-

фридті таңдауыңызға не себеп болды?

2. Туып-өскен ауылыңыздан неге қоныс аудруға мәжбүр болдыңыз?


2-топ. Автор М.Мағауин бейнесіндегі оқушыға сұрақтар:

1. Шығарманы не себепті «Бір атаның балалары» деп атадыңыз? Мүм-

кіншілік болса, қайта қалай атар едіңіз?

2. Нартай мен Ертай тағдырларын неге аянышты аяқтадыңыз?


3. Проблемалық сұрақ.

« Бүгінгі бейбіт өмірімізде де жетім балалар саны күннен күнге көбейе түсуде. Оның себептері қандай?»


1-топ 2-топ

Шын жетімдер Тірідей жетімдер


Кімдер?

Себептері

Дәлелдер мен дәйектер:

(Көрген фильмдерінен, ақпарат көздерінен)


Қорытынды: «Балалар құқығы туралы Конвенция» баптары бойынша.


IV. Ой-толғаныс.

1-топ.

Эссе « Ей, адамзат, соғыссыз өмір сүрейік!» (Хат түрінде)

2-топ.

Ой-толғау «Ей, адамдар, жылатпаңдар баланы...»


V. Қорытынды.

1. Достық, бірлік, ынтымақ – ұранымыз.

2. Н.Шәкенов, Ә. Еспаев «Бейбітшілік сақталады» әнін орындау.

Әлем сүйген салтымыз бар,

Бейбітшілік – ел ұраны.

Өмір сүйген халқымыз бар

Бейбіт елдің біз ұланы.

Қайырмасы:

Халықтар өмірді қорғайды,

Әділет ұранын қолдайды.

Шырқаңдар, кел, достар әр елде,

Бейбіт күн жасасын әлемде!


VI.Үй тапсырмасы:

Сыныптан тыс Ұлы Отан соғысы жайлы көрген кинолары, оқыған кітаптары бойынша пікірталасқа дайындық.


VII. Оқушылардың білімін бағалау.
























Қазақ әдебиеті 6-сынып


XX ғасыр әдебиеті үлгілері ( 6 сағат)



Реті

Сабақтың тақырыбы

Түрі

Сағат саны

1.

Б.Соқпақбаев

«Менің атым- Қожа»

I, IV, XVII тараулар бойынша



Жаңа сабақ


1 сағат

2.

«Менің атым-Қожа» повесі

XXIII XXIV тараулар бойынша



Аралас


1 сағат

3.

« Түбі адам болатын бала»


Қорытынды

1 сағат

4.

М.Мағауин

«Бір атаның балалары»



Аралас


1 сағат

5.

«Зигфрид Ахметұлы» бөлімі


Аралас

1 сағат

6.

«Бейбіт күн жасасын әлемде...»

Ой-толғау

1 сағат



















Алғысөз


6-сыныптың қазақ әдебиетінде ХХ ғасыр әдебиеті үлгілерінен Б.Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» және М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасына 6 сағат берілген

Осы сағаттарда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын тиімді пайдалана отырып, оқушылардың өзіндік іс-әрекеті арқылы білім алуына мүмкіншілік жасап, шығармашылыққа бағыттауға болады. Әсіресе, әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау балаларды маңызды мәселелерді танып, талдау жасауға және ой елегінен өткізіп, ой жүгіртіп, тұжырым жасауға, проблеманы шеше білуге дағдыландырады. Алынған ақпаратты ұғыну,бағалау, талдау және жинақтау әрекет жасауға негіз болады. Ол әрекет сын тұрғысынан ойлау дағдыларының дамуына зор ықпалын тигізеді.

Сондықтан СТО-ға негізделген төмендегі сабақ жоспарларын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынамын.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Урок по казахской литературе "Абай Құнанбаев "Құлақтан кіріп бойды алар""

Автор: Кусаинов Серик Жолдасович

Дата: 20.01.2017

Номер свидетельства: 381765


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства