kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үлкен білім ошағы. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері және оның тыныс белгілері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жоғары оқу орындары, білім жүйесі туралы мағлұматтар бере отырып, Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті туралы білімдерін кеңейту, тақырып бойынша алған білімдерін жан-жақты жетілдіру;

 Ауызекі сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын  мәтін, сұрақ-жауаптар  арқылы дамыту.

 Оқушыларға мамандық таңдау барысында бағыт-бағдар сілтей отырып, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы туралы әңгімелеу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үлкен білім ошағы. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері және оның тыныс белгілері.»

Сервис және жаңа технологиялар колледжі

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің

оқытушысы Нурмукашева С.С.

Сабақтың тақырыбы: Үлкен білім ошағы.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері және оның тыныс

белгілері.

Сабақтың мақсаты:

а) Жоғары оқу орындары, білім жүйесі туралы мағлұматтар бере отырып, Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті туралы білімдерін кеңейту, тақырып бойынша алған білімдерін жан-жақты жетілдіру;

ә) Ауызекі сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын мәтін, сұрақ-жауаптар арқылы дамыту.

б) Оқушыларға мамандық таңдау барысында бағыт-бағдар сілтей отырып, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы туралы әңгімелеу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелесу т.б.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, подиум, презентация, бейне көріністер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, география

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Адам мақсатқа, ең алдымен,

өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді”

( Әл- Фараби )

ІІ. Ой шақыру

Жасырылған сөзді табу (блиц-сұрақтар арқылы)

Кіріспе. Бүгінгі күнде сіздердің негізгі мақсатыңыз - оқып білім алу. Әрі қарай білімдеріңізді жетілдіріп, белгілі маман иесі атанып, өмірден өз орындарыңызды табу. Қазіргі заман талабы - жоғары білім алу. Олай болса дұрыс мамандық таңдай білудің де маңызы зор. Ендеше, бүгінгі сабағымызда жоғары оқу орындары туралы, білім жүйесі туралы әңгімелейтін боламыз.

  • Кім айтады, Қазақстанның қандай үлкен білім ошақтарын білеміз?

  • Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Гумилев атындағы Ұлттық университеті

  • Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университеті

  • Өтемісов атындағы мемлекеттік университеті

Біз бүгін Қазақстандағы үлкен білім ошақтарының бірі Алматы қаласында орналасқан Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті туралы оқып танысамыз. Бұл үлкен білім ошағына Әл Фарабидің есімі тектен-тек берілмесе керек.

  • Әл Фараби кім еді?

  • Ғалым, данышпан, оқымысты т.б.

Немістің ұлы философы Гегель Әл Фараби жайлы: «Әл Фараби Аристотельдің «Физикасын»-қырық рет, «Риторикасын»-екі жүз, «Жан туралы» атты кітабын –жүз рет оқыған екен. Неткен таңғаларлық еңбек!» - десе, көрнекті Шығыс зерттеушісі Е.Э.Бертельс «Әл Фараби көптеген сындарлы шығармалар туғызды. Фараби мұрасы ұшаң теңіз және сан алуан. Ол сол тұстағы бүкіл білім салаларын, этиканы, саясатты, психологияны, жаратылыстануды, музыканы оқып зерттеді» - деп оның еңбегіне, оқымыстығына бас иген екен. Міне, осындай оқымысты, ғұлама жан-жақты энциклопедиялық білімі жоғары ғалымның есімінің берілуі де сондықтан болса керек.

Тарихы

1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін құру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев университет кешенінің құрылыс жоспарымен танысып, қол қойғаннан кейін. 1934 жылдың 15 қаңтарында университеттің ресми ашылу салтанаты өтіп, 19 қаңтарда бұрынғы Верней гимназиясының ғимаратында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытыла бастады. Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау - көзі болды. 1939 жылы республиканың мәдени өмірінде маңызды оқиға болды. Университеттің биология, химия, физика, математика факультеттерінің ең алғаш түлектері дайындалып шығарылды. 87 жоғары білікті маман КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесіне, ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша республиканың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары мен мектептеріне жіберілді.

Бүгінгі жағдайы

Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен 50 философия докторы бар.

Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интернет жүйесі жолға қойылды.

Мәтінмен жұмыс Казахский Национальный университет имени Абу- Насыра аль-Фараби - самое крупное учебное заведение республики Университет основан в 1934 году. С января 1993 года начал называться Национальный университет. В этом университете обучают свыше 20-ти специальностям. Здесь имеются такие факультеты как: филология, журналистика, правоведение, история, философия и политика, биология, география, востоковедение, экономика, математика, механика и прикладная математика, химия, физика, физиология. Место где находится учебного заведения называется «городком Университета». В городке имеется: административное здание, учебное здание, дворец студентов, общежитие. В национальном университете учатся студенты и аспиранты со всех концов Казахстана и зарубежных стран. Тут есть агробиологическая станция, музей зоологии и биологии, спортивный комплекс. Библиотека Университета очень богата. Общий фонд составляет свыше 1,2млн томов. В университете введена двухступенчатая система обучения: это бакалавриат и магистратура.

Это высшее учебное заведение-наша гордость.

  1. Қазақ Ұлттық университеті кімнің атында?

  2. Университет қай жылы ашылды? 1934 ж

  3. Қай жылдан бастан Ұлттық Университет деп аталды? 1993ж.

  4. Университетте қанша мамандық бар? 20-дан астам.

  5. Оқу орыны қай жерде орналасқан? «Университет қалашығында»

  6. Университетте студенттер мен аспираттар қайдан келіп оқиды?

  7. Кітапхана қоры қандай? 1,2 млн.

  8. Қандай станциялар бар? Агробиологиялық, зоологиялық

  9. Екі сатылы білім беру жүйесі дегеніміз не?. Бакалавриат және магистратура

 Жаңа сөздермен жұмыс

Ең ірі- самый крупный

Қолданбалы матем – прикладная матем

Қалашық – городок

Түкпір-түкпірінен – со всех концов

Екі сатылы – двухступенчатый

1.2.-тапсырма. Мәтіннен дұрыс нұсқасын тауып оқыңдар. (Слайд)

Грамматикалық тақырып: сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сөйлемдегі қызметі бірдей, бір ғана сұраққа жауап беретін мүшелерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейді.

Мысалы: Ол дәптерін, қаламын, кітабын алып мектепке келді.

Бірыңғай мүшелер сөйлемнің барлық мүшелері бола алады.

Бірыңғай бастауыш-Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға үлкен ой салды.

Бірыңғай баяндауыш- Әңгіме біресе қызып, біресе бәсеңдеді

Бірыңғай анықтауыш-Жүрісіміз кейде бүлкіл, кейде бөкен жүріс

Бірыңғай толықтауыш-Түн не қойыңды, не өзіңді жұтып қоятын сияқты

Бірыңғай пысықтауыш-Әбіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады.

Тыныс белгілері

1. Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз (при отсутствии союзов) байланысқанда. Мысалы, Қажымұқан алтын, күміс, қола медальдардың иегері.

2. Жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелердің арасында қайталап (при повторяющихся союзов) келсе. Мысалы, Рахима әрі әнші, әрі биші.

3. Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылықты жалғаулық арқылы (противительными союзами) байланысса. Мысалы, Ол орта бойлы, бірақ

толықша келген сұр жігіт еді.

Мынадай жағдайларда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды:

  1. Бірыңғай мүшелердің арасына мен, және, пен, бен, жалғаулықтары бір-ақ рет келсе. Мыс. Ауыл мен қаланың арасы алыс екен.

  2. Да, әрі, не, немесе жалғаулықтары қайталанбай бір-ақ рет келсе.Мыс. Төрт бөлмелі үй салқын да жайлы.

1.3-тапсырма.

Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерін қойыңдар.



Әл-Фараби – энциклопедист ғалым музыкант ақын ойшыл. Ол Платтонның Аристотельдің еңбектерін араб тіліне аударған. Жүзден астам ғылыми еңбек жазған. Оның еңбектері Мәскеу Петербор Ташкент Баку Қазан Дамскі Стамбул Берлин Лондон Париж Нью-Йорк мемлекеттік қорларында сақталған.

1.5-тапсырма (Ауызша)

Сұрақтарға жақша ішіндегі сөздерді қолданып, бірыңғай мүшелі сөйлем тұлғасында жауап беріңдер.



1. Жоғары табыстарға жету неге байланысты? (от квалификации, мастерства, трудолюбия).

2. Мақсатыңа жету үшін қандай қасиеттер керек? (сильный характер, трудолюбие, терпение).

3. Білімді болу үшін не істеу керек? (Много читать, уметь анализировать, нужно трудолюбие)

Өз бетімен жұмыс тапсырмалары:

1-тапсырма

Көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойып жазу қажет а) Университет .............. жылы құрылды. ә) Университетте мынадай факультеттер бар: ..................., ...................., .................. б) Оқу орны орналасқан жер-” ..............................................“деп аталады.в) Қалашықта ...................................................., .................. ..............................., ....................................................., .................................. бар.г) Университетте ................................................. білім беру жүйесі енгізілген. д) Қазақ Ұлттық университеті ............................... атында.

2-тапсырма

Бірыңғай мүшелер қай сөйлем мүшесінен болып тұрғанын анықта.

Ал тыңдамай, өз бетіңмен кетсең, ана ағаш сияқты қисық, жаман болып өсесің.

(Ы.Алтынсарин)







ІІІ. Сабақты бекіту.

  • Тест жұмысы

  •  1. Әл-Фараби кім?

  • а) әнші б) ғалым

  • ә) Президент в) күйші 

  •   2. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері

  • а) Нүкте б) Үтір

  • ә) Қос нүкте в) Сызықша 

  •  3. Қазақ Ұлттық университеті қай қалада орналасқан?

  • а) Алматы б) Астана

  • ә) Семей в) Ақтөбе

  •  4. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қай жылы ашылды ?

  • а) 1934 ж б) 1931 ж

  • ә) 1933 ж в) 1935ж.

  • 5. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры кім?

  • а) Қ.Қ. Бозымов

  • ә)  Б. Т. Жұмағұлов

  • б) Ғ. М. Мұтанов

ІҮ. Бағалау

Ү. Үйге тапсырма: 1.4.

ҮІ. Сабақты қорытындылау

Жүсіп Баласағұнидің “Біле бер, қанша білсең, тағы тіле, жетерсің мұратыңа біле-біле” деген сөзін әрқашан естеріңізге сақтап, білмекке құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізден көрініс тауып, күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Үлкен білім ошағы. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері және оның тыныс белгілері.

Автор: Нурмукашева Сайра Сагингалиевна

Дата: 31.12.2016

Номер свидетельства: 374808

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ""Біры??ай м?шелерді? тыныс белгілері""
    ["seo_title"] => string(43) "biryn-g-ai-mushielierdin-tynys-bielghilieri"
    ["file_id"] => string(6) "264353"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449685912"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "о?шау с?здер: ?аратпа, ?ыстырма, ода?ай с?здер"
    ["seo_title"] => string(41) "okshausozdierkaratpakystyrmaodagaisozdier"
    ["file_id"] => string(6) "263824"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449596387"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства