kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары. Тақырыбы : "Сабырлық пен ұстамдылық " 5 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

- Оқушыларға  сабырлық және ұстамдылықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы кішіпейілділік қасиеті туралы түсінік беру.

- Оқушыларды ұстамды болуға үйрете отырып,сабырлылық қасиетіне  баулу;

- Оқушыларды шыдамдылыққа, кішіпейілділікке, сабырлыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзiн-өзi тану сабағының жоспары. Тақырыбы : "Сабырлық пен ұстамдылық " 5 класс»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: № 36қазақ орта мектебі Мерзiмі № 11

Тақырып : Сабырлық пен ұстамдылық

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттері:кішіпейілділік, шыдамдылық, сабырлылық.

Мұғалiм :А. Дошниязова Класс 5 А Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: Оқушыларға «сабырлылық» және «ұстамдылық» ұғымдарын түсіндіру арықылы қиянат жасамау құндылығы мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушыларға сабырлық және ұстамдылықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы кішіпейілділік қасиеті туралы түсінік беру.

- Оқушыларды ұстамды болуға үйрете отырып,сабырлылық қасиетіне баулу;

- Оқушыларды шыдамдылыққа, кішіпейілділікке, сабырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi

Сабақтың басында оқушылар жасырылған қағаздардан біреуін таңдап алып топқа бөлінеді. Оның ішінде 5 «Т» ережесіндегі сөздер жазылған. Осылай 5 бірдей сөздерді таңдаған балалар бір топ құрады.

1 топ- «Талап» тобы

2топ- «Тәртіп» тобы

3топ- «Тазалық» тобы

4топ «Тыныштық» тоыбы

Топқа бөлініп болған соң бірге хормен 5 «Т» ережесін қайталаймыз

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Балалар қандай әсерде болдыңыз? Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтағы 22- сабақта берілген «Жан жарасы жазылмайды» атты аңыз әңгімені оқып, өз түйгендерін ортаға салып талдау.

-Баласы не үшін бағагнға шегелерді қақты??

-Әкесі баласының ұстамдылыққа қалай үйретті?

-Бала өзінің кемшілігін қай іс-әркетінен байқады және өзіне не түйді?

-Басқа адамға зиян тимеуі үшін алдымен өзіңде қандай қасиеттер болу қажет?

-Өзің айналаңдағыларға қандай қарым-қатынас жасайсың?

Дәйексөз.

Сабырлық-ақыл парасаттың белгісі,

Ж. Баласағуни


2 рет бірге қайталап оқытамыз. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Дәптерге жазу.


Әңгiмелеу.

«Асыл шөп»

Ы.Алтынсарин

Зылиқа мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға сатуға келе жатыпты-мыс. Зылиқа аһлап-уһлеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатыпты. Сонда Зылиқа айтыпты:

-Сен неге мәз болып қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес. Өзің де менен күшті емессің.

-Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір асыл шөп салдым, -депті Батима-Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де жүгімді жеңілдетейін,-депті Зылиқа.

-Ол шөп сенің қолыңа төспей ме деп қорқамын, ал іздегің келсе, аты «сабыр» деген,-депті Бәтима.

Сұрақтары:

Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсың?

Сенің ойыңша сабырлы адам қандай болады?

Зылиқаның «сабыр» атты шөпті таба алуы мүмкін бе?

Өзіңнің сабырлық танытқан кезің болды ма?

Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. (15 минут)

Әр топқа «Сабырлық» және «Ұстамдылық» туралы өлең шумақтары таратылыда.

1 топтың тапсырмапарсы

1. Сабыр –ақыл парасаттың белгісі ,

Сабырсыздық сені ұятқа қалдырар.

Шағын қойылым


2. Сабыр деген әр іске шыдамдылық,
Өте керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талай жан ізденеді,
Осыдан кеп шығады адамшылық.

Шағын эссе жазу

3. Ұстамдылық – әдептің ұстазы,
Ұстамсыздық – әлектің нұсқасы.

Жағдаят құрастыру

4 .Алтыншы қымбат нәрсе сабыр деген,
Сабырлы адам мұратын табар деген.
Әр істе сабырсыздық түбі – қорлық,
Сабырсыздық басқа бәле салар деген...

Өлең құрастыру

5.Ұстамдылық — адамның бойындағы жағымды қасиет

Ой толғамын айтсын

Топпен ән айту.

Жүрегім әні . М.Бесбаевтың орындауында.


Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы «Сабыр түбі сары алтын» аңыз әңгімесін оқып, түсініктерін айту. Дәптердегі 33-беттегі №2 тапсырма орындап келу.

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

Балалар бүгінгі сабақтан алған қасиеттерді жүрегімізге сақтап аламыз. Сау болыңдар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары. Тақырыбы : "Сабырлық пен ұстамдылық " 5 класс

Автор: Дошниязова Акмарал Алдангаровна

Дата: 26.01.2017

Номер свидетельства: 384230


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства