kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Болашаққа тұратын нұр себелеп, Бастауышым балғын шағым сен керемет"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Cыныптан тыс іс-шара 4сыныпқа арналған.

Тақырыбы:  "Болашаққа тұратын нұр себелеп,

                       Бастауышым балғын шағым сен керемет"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Болашаққа тұратын нұр себелеп, Бастауышым балғын шағым сен керемет"»

Қызылорда обылысы

Қармақшы ауданы

Қармақшы ауылы

113 Қаракөл орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Базарбаева Лаззат Саябекқызы

Тақырыбы: "Болашаққа тұратын нұр себелеп,

Бастауышым балғын шағым сен керемет"


Сабақтың мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын ерекше мән беру.

Бастауыш сыныпта алған білімнің адам өмірінің мән-мағынасы

үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу. Білімді болуға шақыру,

мектепте ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, бүктемелер,

шарлар.

Сабақтың барысы:

Құрметті ата-аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар. Бүгін міне 4 сынып оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн деп айта аламын. Өйткені олар бастауыш сыныптың түлектері. Міне бойлары да, ойлары да өсіп бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап жоғары сыныпқа өткелі отыр. Енді ортаға 4 сынып түлектерін шақырайық.

( музыка әуенімен ортаға бастауыш сынып түлектері шығады)

Алдарыңызда туған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді міне бастауыш сынып білімін аяқтап, ортаңғы буынға қадам басқалы отыр. Ортаңғы буын білімнің, ғылымның есігі ашылар кезең, осы кезеңде балаларымыз бастауышта алған білімдерін жалғастырып алып кететініне сенім білдіремін.

- Бүгін менің көгершіндерім, болашақтарың білімінен ғана нұрлы болатынын естен шығармаңдар, армандарыңа тек біліммен жетесіңдер, көгеріп көктеп, биіктерге самғаңдар деген тілекпен.

"Болашаққа тұратын нұр себелеп,

Бастауыш балғын шағым сен керемет" атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Қымбат:

Бастауыш бала үшін өмір мәні

Бастауыш бала үшін өмір сәні.

Төрт жыл оқып балаларың тәмамдап

Бүгін жайлы отырып, ән тыңдайық

Саламатпа екенсің жайсаң елім,

Көк майсалы Құтарыс тұрғындары

Нұрдәлі

Ар намысым әрқашан сақтаған ел

Тыныштықты әрдайым жақтаған ел

Ассалаумағалейкум барлығыңа,

Бүлдіршінін мәпелеп баптаған ел.

1-жүргізуші:

Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

2-жүргізуші:

Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

Бекзат:

Қымбат бүгін біз 4 жыл оқып, әріпті танып, жазу-сызуды үйреткен бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз. Осы сен бастауыш сөзінің не мағына беретінін түсіндіре аласың ба?

Қымбат:

- Қалай сонда?

Бекзат:

- Мінекей қара Қымбат. Мен саған талдап беремін. Қанекей, балалар Қымбатқа түсіндіріп берейік.


Б - Балалық шақта

А - алдағы

С - сан

Т - түрлі

А - армандарға

У - уайымсыз адымдайтын

Ы - ынталы

Ш - шақ.


- Түсіндің бе, Сымбат?

Қымбат:

- Нұрдәлі, сен мені таң қалдырдың. Сен бастауыш сөзін қалай талдауды білесің. Ал, сен мұғалім сөзін талдай аласың ба?

Бекзат:

- Жоқ білмейді екенмін.

Қымбат:

- Ал, қанеки балалар, маған көмектесіп жіберіңдер.


М - мұнтаздай

Ұ - ұқыпты

Ғ - ғұлама

А - адал

Л - лағылдай

І - інжу

М - маржандай

кісілер екенін біле жүріңіздер.

Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.

Аружан:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.


Құралай:

Мектеп-үйім, ұстаз -менің ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

Гүлсезім:

Мектеп-кеме, білім-теңіз,

Барар жерге тезжетеміз

Төрт жыл алған білім нәрін

Азық етіп ер жетеміз.

Көрініс: "Ақылды қария"

Нұргүл:

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз, ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арналған ән жырларын айтпас бұрын ұстаз туралы не айтар едің Ақнұр?

Ақнұр:

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. "Мұғалім мектептің жүрегі" деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Нұргүл:

Дұрыс айтасың Ақнұр, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі -бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Ақнұр:

Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз "Болашақтың басшысы да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді" деген екен. Олай болса, келесі жырларымыз ұстаздарымызға арналады.

Ақнұр:

Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,

Бар асылым бізге жиып, мол береді

Қанатымен су себелеп асыл жан

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Асылжан:

Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.


Диана:

Жарық күннен жылы жүзің елестер

Құлағымда өзің берген кеңестер

Жанарымда алыс тартқан қара жол

Көз жұмсап та, көретұғын белестер.

Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе?

Жан дүниесін баланың жаулап алған.

Гүлайым:

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан

Жансыз ғой әлдилеген шуақты орман.

Жатталады жан жүректе есіміңіз,

Адамның аяулы үні сияқталған

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз.

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрініңіз

Үмітпен сеніміңіз ақталады.

Хор: "Ұстазым"

Гүлназ:

4 жыл бұрын, 6 жастағы сәбибалалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Сымбат:

Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Мейірімділік, жақсы көруді, қадірлей білуді, кішіпейіл болуды т. б адам баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін осы мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздан үйрендік.

Қымбат:

Ел билеген ханнан, қарапайым қарияға дейін бас иетін, құрметке ие ұстаздар қауымына қандай мақтау болса да жаралатыны сөзсіз.

Ақнұр: "Қымбат тоқтаңдар!"

Нұргүл:

Бүгін біз бәріміз қуанып білім нәрімен сусындатқан мектептегі анамыз ұстаздар дедіңдер. Дұрыс айтасыңдар. Бірақ соның ішінде өзіміздің сынып жетекшіміз, алғашқы ұстазымыздың атын неге айтпасқа. Толқын апайымызға арнаған жүректен шыққан арнауымызды айтайық.

(Ортаға Толқын апайымызды шақырамыз)

Қымбат:

Шуағын шашқан ақ апай,

Рахымың сенің рахат-ай!

Аяулы, асыл анасың,

Парқың аппақ парақтай.

Ажыраймыз сізден амалсыз,

Тауысып әттең тағаттай.

(гүл шоғы беріледі)

Бекзат:

Бас иіп шексіз уалғысымызды мектебіміздің директоры Байгараева Манагул апайға, оқу -тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құттыбаев Қонысбек ағайға, бастауыш сыныптар оқу-ісінің меңгерушісі Бекетова Күләш апайға алғысымызды білдіреміз.

Қымбат:

Бас иіп шексіз алғысымызды орыс тілі пәнінің мұғалімі Кароева Феруза апайға, дене шынықтыру пәні мұғалімі Битаев Мұрат ағайға, бейнелеу пәнінің мұғалімі Тұрлыбеков Анартай ағайға, еңбек пәнінің мұғалімі Шыңғысбекова Камина апайға, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Тұрлыбеков Болат ағайға алғысымызды білдіреміз.

Нұргүл:

Бас иіп шексіз алғысымызды ақ жаулықты анларға және әкелерге білдіреміз. Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,

Біздерді ойлап көңіліңіз жүреді де.

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтар тілегін де - дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз.

Ұстаз:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне

Сенімдердің айналыңдар серперіне

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін

Тек сәттілік - шәкірттерім ертеңіңе - дей отырып, бір саты жоғары сыныптың баспалдағын сүрінбей биікке шығуларыңа мен шын жүректен тілектеспін.

Қымбат:

Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы - сара жол,

Ізденіңдер талмаңдар!

- дей отырып қоштасу әнін тыңдаңыздар.

Хор: "Бастауышпен қоштасу"

Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, бүгінгі кештің қонақтарыбүгінгі ертеңгілігімізді қорытындылау үшін мектебіміздің директоры М. Байгараева апайға, оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Таңбай Нұрлыхан ағайға береміз , оқу ісінің меңгерушісі Каденова Толқын апайымызға және біздің аяулы ата-аналарымызға сөз кезегін береміз.




Асылбек:

Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, ол бір ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәтте жетті.

Нұрай:

Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ ана да, дана да, жаны шуақ та жүрегі нұрлы Сарыарқаның самалына татитын балғын бала даярлық сыныптары да бар екенін білеміз.

Асылбек:

Ендеше біз даярлық сыныптарына деген "сенім" кілтін тапсырамыз.

Біз енді бастауышпен қоштасамыз

Жолына гүлмен қоса жыр ашамыз

Білімнің бұлағына сусындауға

Көптеген кітаптармен достасамыз.

Нұрай:

Балғын бала бастауым

Сәтті қадам бастадың

Біліп көрдің оқуды

Санау менен жазуды

Қанатарың қатайды

Биікке енді самғаңдар

Білім жолы - сара жол

Ізденіңдер талмаңдар.

"Білім негізі бастауышта" - дей отырып даярлық сыныбына бастауыштың алтын кілтін тапсырамыз.

Мектебімізде өткен Мұқағали Мақатаев оқуларының І орын иегерлері Тұрдалы Нұргүл мен Әліпбек Бекзатты ортаға шақырамыз.























Орындаған: 4 сынып жетекшісі Л Базарбаева.









2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Болашаққа тұратын нұр себелеп, Бастауышым балғын шағым сен керемет"

Автор: Базарбаева Лаззат Саябекқызы

Дата: 28.12.2016

Номер свидетельства: 374074


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства