kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Бәйтерек" атты отбасылық зияткерлік сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын пайдаланып квадрат теңдеуді шешу, қысқаша көбейту теңбе-теңдіктерін пайдаланып рационал теңдеулер шешу және теңдеу құру тақырыбынан алған білімдерін жүйелеу, логикалық есептер шығару.

ә) Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін, ойлау қабілетін дамыту, іздендіруді жүзеге асыру

б) Тәрбиелік мақсаты:

  Атадан - балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлерiмен сабақты байланыстыра отырып, еліміздің қысқаша тарихымен таныстыру, Отанды сүюге, ана-тілін сүюге тәрбиелеу, еңбекке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Бәйтерек" атты отбасылық зияткерлік сайыс»


«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН» директордың тәрбие ісі жөніндегі «№5 орта мектеп» КММ

орынбасары директоры

__________Ж. Есимова ___________ Э. Иманбердиева

« » ______ 2016 жыл « » ______ 2016 жыл














«Бәйтерек»

(ата – аналармен оқушыларға арналған зияткерлік ойыны)




Сынып: 10 «Б»

Сынып жетекшісі: Махабат Л.











«Бәйтерек» атты ата – аналармен оқушыларға арналған

зияткерлік ойынының жоспары

1 – жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!

Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні,

Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы,

Шаңырағы биік болып қазақтың,

Қисаймасын берік болсын уығы!

2 – жүргізуші: Байлығы мол байтақ жерім кең,

Дүниедегі 50 елмен керегең тең,

Осы күнге жеткен ұрпақ еңселі,

Құтты болсын тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекең! - дей отырып құттықтау сөз мектебіміздің үздік көшбасшысы, Эльмира Сейдахметқызына беріледі!

1 – жүргізуші: «Қазақ валсі» ортада тәуелсіздіктің бақытты балалары. Қарсы алыңыздар!!!

2 – жүргізуші: Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
1 – жүргізуші: Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Биылғы оқу жылында Ұлттық Бірыңғай тестке де маңызды өзгерістер енгізіліп жатыр. Мектептегі түлектер жаңа форматтағы Ұлттық Бірыңғай тестке дайындықтарын бастап кеткен. Келесі жылғы түлектер сіздер, яғни 10 сынып оқушылары. Ұлттық Бірыңғай тестің жаңа форматымен таныстырып өтуге біліктіде, білімді ұстаз, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Гаухар Төлегеновнаны ортаға шақырамыз.
2 – жүргізуші: «Бәйтерек» атты 10 - сыныптар арасындағы отбасылық зияткерлік сайысына қош келдіңіздер. Отбасылар өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, біздің салт - дәстүрімізді, шеберліктерін, онымен қоса білімділіктерін көрсетеді. Олай болса отбасыларға сәт - сапар тілей отырып, сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
1 – жүргізуші: Олай болса, ортаға сайысқа қатысатын топтарды шақырайық.
2 – жүргізуші: 1.Сәкеновтар әулеті.

2. Тұрғанбаевтар әулеті

3. Асқаровтар әулеті.

4. Рабхандар әулеті.

5. Исаевтар әулеті.

6. Тоқтаровалар әулеті.



1 – жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сізге құрметпен қол соғылады. Ендігі кезекте бүгінгі ойыншыларымыздың әр кезеңде жинаған ұпай сандарын есептеп беретін әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. ______________________________________________________________

  2. ______________________________________________________________

  3. ______________________________________________________________

  4. ______________________________________________________________

2 – жүргізуші: Адамға ақыл –ой керек,

Зияткерлікті танытар,

Эфирде бүгін «Бәйтерек»

1 – жүргізуші: Ұпай берілер сөзіне,

Сенімді отбасылар өзіне,

Ортаға шықса бастайық,

Алғашқы кезең шежіре! Ойынның ережесімен таныс болыңыздар, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай 25 сұрақ қойылады, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

2 – жүргізуші: Жауап беру үшін, қолдарыңыздағы белгіні көтерулеріңіз керек. Ойын шарты түсінікті болса, басталық.

1 – жүргізуші: «Шежіре» кезеңінің сұрақтары. Сұрақтар экраннан көрсетіледі.

  1. Текелі қаласы қай жылы құрылды? 1952 жыл

  2. Аты шулы айқас сызық Өзі толған мағына қызық. Координаталар осі

  3. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қай жерде, қай жылыдүниеге келді? Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы 1940жыл 6 - шілде

  4. Заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын орган қалай аталады? Парламент

  5. Н. Назарбаевтың«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды? 2003

  6. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? 1989 ж. 22 - қыркүйек

  7. Абайдың әжесі ? Зере

  8. . «Президент» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? алдында отырған

  9. Алтын киімді адам қай жерден табылды? Есік обасынан 1969жыл

  10. Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты? топырақ

  11. Ақ алтын? Мақта

  12. Қазақстанның «Швейцариясы» аталатын қала? Көкшетау

  13. Галстук қай жерден шықты? Англия

  14. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? Әміре Қашаубаев

  15. Нөл температурада су неге айналады? мұзға

  16. Экватордың жалпы ұзындығы? 40000 км

  17. Үш биді атаңыз? Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би

  18. Ағаш өңдейтін токарь станогының маркасы? СТД 120 - М

  19. «Енші» деген не? Ер жеткен балаларын дүние - мүлкін беріп ата - анасының бөлек шығаруы

  20. «Қонақасы» дегенді қалай түсінесің? Үйге келген қонаққа арнайы мал сойып, сый - сияпат көрсету

  21. Бөле деген кім? Бір үйдің қыздарының балалары бір – біріне бөле болады

  22. Тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков

  23. Менің атым Қожа повесінің авторы Б. Соқпақбаев

  24. Елбасы Н. Ә. Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен
    шың Талғар шыңы

  25. Баланы тәй – тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең тұсаукесер

2 – жүргізуші: Топтардан келген шыңдала,

Ойыншы келсе шыңдала,

Кім мықты соны көрелік,

Екінші кезең Нұрдала.

1 – жүргізуші: Бұл ойын соңында ұпайы аз екі топ ойыннан шығарылады. Ойын ережесімен таныс болайық. Мұнда сіздерге берілген сұрақтың жауабын қазақша, орысша, ағылшынша тілде дұрыс аударып бере білулеріңіз керек. Әр дұрыс жауап, яғни үш тілде 30 ұпай, екі дұрыс жауап 20 ұпай, бір дұрыс жауап 10 ұпай. Түсінікті болса, бастайық.

  1. Көкке  шаншып  құйрығын,

Келеді  шауып жүйрігім.

(жылқы- лошадь- horse)

  1. Ащыдан  басқа жемейтін

ыстықшөлде отаны

Шөлдесе су деймейтін.

(түйе-верблюд-camel)

  1. Әр адамның шағын отаны
    ( Жанұя - семья - family)
    4. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.
    (Көктем - весна - spring)

  1. Жылт – жылт еткен,

Жылғадан өткен Су, вода, Water

  1. Дәу қара көрінді,

Көзінің жасы төгілді Бұлт, Облако, Cloud

2 – жүргізуші: Әділ – қазылар алқасы ұпайы төмен екі ойыншыны шығарып салсақ.

1 – жүргізуші: Әділ – қазылар алқасы өз шешімдерін шығарып болғанша, көрермендерге кезек берелік. Қазір біздің оқушылар шар лақытырады, ұстап алған көрермен шарды жарып, сұраққа жауап береді. Дұрыс жауақа сыйлық беріледі.

2 – жүргізуші: Тамаша ойын көрсеткен _______________________отбасыларына сәттілік тілеп, қошеметпен шығарып салайық.

1 – жүргізуші: Біліммен шықсаң танылып,

Сайыстың терең мәнін ұқ,

Төрт топта түгел қатысар,

Үшінші кезең «Самұрық»

2 – жүргізуші: Ойын ережесімен таныс болыңыздар. Әр топ, берілген салалар бойынша ұяшық таңдайды, ұяшықта сұрақтар немесе бейне сұрақтар, шығармашылық сұрақтар болады. Әр дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі. Ұпайы жоғары топ бастайды.


ТАРИХ

1. Бәйтерек монументінің геометриялық өлшемі 97м қандай символдық мәні бар? Елорда Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифріне сәйкес келеді

2. БЕЙНЕ СҰРАҚ 22 - қараша 2012жыл Қазақстан халқы үшін қандай жақсы хабар мен ерекшеленді? (ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесі Қазақстанда. Оның жас елордасы Астанада өтетіндігі )
ТҰЛҒА

1. Еліміздегі жетім балаларды қорғау үшін құрылған «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті болған тұлға? С. А. Назарбаева

2. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР - ның Халық Қаһарманы

Т. О. Әубәкіров

САЛТ - ДӘСТҮР

1. Қырқынан шығару салты. 

2. БЕЙНЕ СҰРАҚ Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.

СПОРТ

1. Азиада – 2011 дің нышаны ретінде қандай жануардың бейнесі таңдалды? Ібіліс

2. Н. Ә. Назарбаевтың сүйікті спорт түрі? тенис

ШАРАЙНА

  1. БЕЙНЕ СҰРАҚ 1999 жылы Астана қаласы ЮНЕСКО - ң қандай сыйлығымен марапатталды?
    ( «Әлем қаласы» )
    2. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы?

ГЕОГРАФИЯ

  1. БЕЙНЕ СҰРАҚ Ақсу Жабағлы қорығы қай жылы құрылды? 1926 жыл

  2. 2. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?

1 – жүргізуші: Әділ – қазылар алқасы ұпайы төмен екі отбасын шығарып салсақ.

2 – жүргізуші: Тамаша ойын көрсеткен _________________________отбасыларына сәттілік тілеп, қошеметпен шығарып салайық.

1 – жүргізуші: Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста - деп қалған екі отбасының соңғы сайысын бастаймыз.

2 – жүргізуші: Бұл кезең «Балаңызды қаншалықты жақсы білесіз?» деп аталады. Ойын шарты, әкесі (анасы) алдыға шығып тұрасыз, балаңыз берілген сұрақтың жауабын үнсіз интербелсенді тақтаға жазады. Сіз одан соң дауыстап жауап бересіз, бірақ тақтаға қарамауыңыз керек. Ойын шарты түсінікті болса, ұпайы жоғары отбасы бірінші болып бастайды.

1 – жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

2 – жүргізуші: Осымен «Бәйтерек» атты отбасылық сайыс өз мәресіне жетті.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнер мен шеберліктің сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – деп сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.
Әділқазы алқасы жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.

1 – жүргізуші: Осымен бүгінгі сайсымыз аяқталды! Қош сау болыңыздыр!!!

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Бәйтерек" атты отбасылық зияткерлік сайыс

Автор: Махабат Лариса

Дата: 16.01.2017

Номер свидетельства: 380020


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства