kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бірлігі мықты елдің-болашағымыз» 9-11-кластар арасындағы Көңілді тапқырлар клубының ойыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 Мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік шара. Жоғары сынып оқушылары көңілді тапқырлар клубының ойынын ерекше қызығушылықпен қарайды. Мектеп ішінде ұйымдастырылған шараға оқушылар белсене қатысты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бірлігі мықты елдің-болашағымыз» 9-11-кластар арасындағы Көңілді тапқырлар клубының ойыны»

Есет батыр атындағы спортта дарынды

балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты

Тақырыбы: «Бірлігі мықты елдің-болашағымыз»

Көңілді тапқырлар клубының ойыны

Мақсаты:  а/Оқушылардың білім – білік дағдыларын байқау.
Өздерін емін – еркін ұстай білуге үйрету.
ә / Оқушыларды жарыстыру арқылы логикалық ойлау қабілетін , ой - өрісін дамыту , белсенділігін , шешендік өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.Тілдерін ,шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
б/ Оқушыларды әдептілікке , ұйымшылыққа , көпшілік алдында
өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Қанатты сөздер , газеттер , гүлдер , шарлар , т.б.



Барысы:

КТК музыкасы ойналады



Жүргізуші:

Армысыздар,

Бармысыздар қонақтар.

Ұлы тұлғалы ұстаздар,

Оқу қуған оқушылар!

Мектепішілік 1 мамыр халықаралық бірлік күніне орай ұйымдастырылып отырған «Бірлігі мықты елдің-болашағымыз»атты көңілді тапқырлар клубы ойынын бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші:

- Қалжыннан несіне сескендің,

Қазағым әзілмен көшкен жұрт.

Күлкіге шөліңді қандырар,

Жайдарман клубына қош келдің! -

Жүргізуші:

Біздің іс-шара басталмас алдын жеребе тасталып әр команда өз реттік номірлерін таңдап алған болатын.

Күлкі – денсаулық азығы демекші  көңілді тапқырларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. 

9а сыныбының «_ЖасStar» жайдарман командасы

9б сыныбының «Тема» жайдарман командасы

10а сыныбының «Біздің нұсқа» жайдарман командасы

10б сыныбының «Ералаш» жайдарман командасы

11а сыныбының « Біздің мектептің түлектері -Капитан» командаларын қошеметпен қарсы алыңыздар!



Әзілдің әжесін,

Қалжынның қожасын.

Көріністің көркісін,

Әртістің әр ісін.- бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

-Сонымен әділ қазылар алқасының төрайымы:

Нұрмағамбетова Сандуғаш Мұратқызы-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

Атыбаева Гүлзат Нұрланқызы-тарих пәні мұғалімі



Мінеки, ойыншылар әділ қазылармен таныс болдық. Енді дәстүр бойынша ойынның шарттарымен таныстырып кетейік.

-         Бірінші кезең – топтың сәлемдесуі

-         Екінші кезең –«Әзіл - бәйге»

-         Үшінші кезең – «Үй тапсырмасы»



Ендеше, бұл әділ де қатал, қазылар алқасына, көрермен қауымға шексіз күлкі, ұтымды әзілдер сыйлауларыңа тілектеспіз. Командалар сіздерге сәттілік!



 ( ойыншылар: «Рахмет!»-дейді хормен және музыкамен сахнадан кетеді)

Жүргізуші:

Сонымен 1- кезең – Сәлемдесу. Ортада тобы

Жүрекпенен сәлем салайық,

Қабыл ал кең жүректі халайық.

Ортаңызға келіп қалдық көрермен,

Күлдірейік көңілдерді табайық.--дей отырып, алғашқы

СӘЛЕМДЕСУ бөлімінде жеребе бойынша кезекпен ортаға шығады:

№1-9а сыныбының «_ЖасStar» жайдарман командасы

№2-10б сыныбының «Ералаш» жайдарман командасы

№3-9б сыныбының «Тема» жайдарман командасы

№4-10а сыныбының «Біздің нұсқа» жайдарман командасы

№5-11а сыныбының « Біздің мектептің түлектері -Капитан»


Жүргізуші:

Асыл тастан,
Өнер жастан-
Шығады деп дарынды
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда қонымды.
Бұл шындықты, күнделікті
Көріп жүрміз өмірден,
Сан мыңдаған жастар өсті
Өнері асқан танымды, –
  дей отырып, сіздердің көңілдеріңізді көтеріп,әдемі әзіл айтып,тамаша күлкі сыйлайтын жайдарманшыларды қошеметпен ортаға шақырайық!


Енді әділ қазылар ойыншыларға  өз бағасын берсін. Жоғарғы ұпай 5 ұпай. Бірінші болып бастаған:......................



Командалар келесі кезеңге дайындалуыңызға рұқсат.

Күлші тағы күлімде,күле берші,

Күлкіңмен жүрекке гүл егерсің.

Сыңғырлаған бұлақсың күміс үнді,

Көмейімнен төгілген жыр өлеңсің.-деп,

келесі бөліміміз «Бәйге әзіл»!


2- кезең «Бәйге –әзіл». Ортаға командалар капитандарын қарсы алайық. Бұл кезеңде әзілі өтімсіз болған капитан ойыннан шығады.

Әзіл-қалжын жасай берсін тағы да,

Өнер көрсет, күтетіндей сағына.

Көрерменді қуанышқа бөлейік,

Әзіл бөліміне кезек берейік.-демекші, келесі бөліміз «Үй тапсырмасы» !

№1-9а сыныбының «_ЖасStar» жайдарман командасы

№2-10б сыныбының «Ералаш» жайдарман командасы

№3-9б сыныбының «Тема» жайдарман командасы

№4-10а сыныбының «Біздің нұсқа» жайдарман командасы

№5-11а сыныбының « Біздің мектептің түлектері -Капитан»





Жүргізуші: -Ойын ойнаған тозар,

                       Асық ойнаған азар.

                       Бәрінен де әзіл айтып,

                       КТК ойнаған озар-деп әзілдей келе ,ортаға барлық командаларды шақырайық. Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. ( Әр әділ қазылар ойыншыларға өз пікірлерін, тілектерін айтады)



Жүргізуші: Ендеше ойыншыларымызды көп күттірмей ойынның барлық қорытынды ұпай сандарын тыңдап биылғы КТК ойындарының үздіктерін анықтауға рұқсат етіңіздер.



Жүргізуші:

Бүгінгі ойында жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз. Әркез жүздеріңізден күлкі кетпесін, көңілдеріңіз көтеріңкі, өмірлеріңіз шат күлкіге толы болсын көрермен!

Егеменді қазақтың біз ұраны,

Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,

Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың

Самғайтын биіктерге тау қыраны.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі

Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі! – деп,

осымен КТК ойынының аяқталғанын хабарлаймын!Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Автор: Балмағамбетова Айгүл Жақсыбекқызы

Дата: 10.05.2017

Номер свидетельства: 414272


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства