kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бір халық – бір ел – бір тағдыр»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға отанын сүйюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бір халық – бір ел – бір тағдыр»»

«Бір халық – бір ел – бір тағдыр»

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық.

Мұғалім

Абдрахман Айтқаным Кәрімкызы:

Халық – өмірдің бар кезеңін басынан бірге кешетін, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білетін ұлыс. Елдің елдігі татулықтың тәтті дәмінде. Елінің іргесі берік қалануы, әр бастаған бастамасының нәтижелі болуы әрбір перзентінің амалымен өлшенбек. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны секілді, Отансыз да ешқашан өмір сүрмек емес. Отанымыздың озық болуына баршамыз қалтқысыз қызмет етуіміз қажет.

«Кешеден келдік, бүгінге жеттік»
Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Ол солтүстігінде Ресеймен, Шығысында Қытай халық Республикасымен, ал батысында Әзірбайжан Республикасымен шектеседі. Қазақ жері кең байтақ, табиғаты да әр алуан. 
Қайран, қазақ елі. Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған жан дүниеңді дір еткізген сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама.

Мәңгілік ел баспасөз конференциясы-баспа сөз , радио, теледидар өкілдерінің жиналысы. Мұндай жиналыстарды ресми адамдар газеттердің, журналдардың, радио теледидардың (отандық,сондай-ақ шетелдік ) қызыметкерлері қабылдаған аса маңызды шешімдер мен үкіметтің түрлі қызмет дәрежесіндегі адамдардың елдің ішкі жағдайы және халықаралық жағдай жөніндегі ой пікірімен таныстыру , белгілі бір оқиғаға түсінік берубаспасөз қызыметкерлерінің түрлі сұрақтарға жауап беру мақсатында өткізіледі.

Оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бір халық –бір ел- бір тағдыр» баспасөз конференциясына қатысушылар 8-9 сынып оқушылары.

І Ұйымдастыру.

ІІ Ой толғау

  1. Біз қандай мемлекетте тұрамыз ?

  2. Қазақстан туралы не айталасыңдар ?

  3. Тудың авторы кім ?

4.Жолдауды жүзеге асыру үшін не істеу керек ?

Келесі сөзді тілшілерге береміз.

Облыстық «Қостанай таңы » газетінің тілшісі Дүйсенов Қуандық Алдабергенұлы өткен тарих туралы айтып өтеді.

«Жас Отан» жастар қанатының белсендісі Шайжан Гүлдерайым 1991жылдан бергі 2016 жылға дейінгі Қазақстан ішіндегі болған оқиғаны баяндайды.

Советханұлы Диас «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Қазақстан -2050 стратегиясы және Ассамблиясы «Бір халық-бір ел- бір тағдыр» деген атаумен аталатын ой-пікірін ортаға салды.

Крассвордқа көңіл аударайық

Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек

  1. Әлемдік сөзінің синонимі (Жиһандық)

  2. Отағасының антонимі (Отанасы)

  3. Ата-ана кімді тәрбиелейді (Бала)

  4. «...-біздің табысты болашығымыздың негізі» (ұлт денсаулығы)

  5. Тіл дамуы , сақталуы үшін қандай қарыпке көшпекпіз ? (Латын)

  6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек ?( Білім алу)

Білім туралы «Ана тілі» газетінің тілшісі Сансызбай Айшабибі

Әбдіғалымқызына сөз береміз.

«Торғай» газетінің тілшісі Алияқашова Несібелді Сәбитқызы бізге

ЭКСПО жайында баяндап береді.

Келесі сөзді тілшілерімізге береміз:



Обылыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі

Дүйсенов Қуандық Алдабергенұлына сөз береміз :

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың кең жаһан далада өмір сүрді, және сол кезеңдерде жойылып кету қауіпі тұрған еді. 
Өткен ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлкеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннан-қаперсіз жатқан еліміздің Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалық жұртты қан жалатты. 
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан-ғасыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. ХХ ғасырдың 16 жылы маусым жарлығына жігіттерді бермейміз деп қарсылық көрсеткендері оққа ұшырады. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырауынан, адамдардың ашаршылыққа душар болуына 950 млн қазақ. Яғни халқымыздың 19 пайызы апат болып, 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.  
1923-1933 ж. Болған адам айтқысыз ашаршылықта 9 млн-дай халықтың 2,2 миллионы опат болды. Тағы да аштық, тағы да жалаңаштық, тағы да өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 518 мың. 
1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, елім деп жүріп – халық жауы атанды. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды. 
1941-1945 ж. Аралығында азамат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизммен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік үлгісін көрсетті. Бұл қасіретті соғыста құрбан болған 27 млн адамның 350 мыңнан астамы қазақтар еді. 
Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды, 264 адам жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әртүрлі жазалар берілді. 
Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені Желтоқсан оқиғасы көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған. еді. 
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында. 
Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің отанымыз – егеменді, тәуелсіз, қазақ мемлекеті.

«Жас Отан» жастар қанатының белсендісі

Шайжан Гүлдерайым Қанатқызымен ой бөлісеміз.

 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан мүлде жаңа тарихын бастады. Біздер, қазақстандықтар, ұлт өрлеуінің қазақстандық дәуірінің негізін қалаушыға әрі тұңғыш ізашарына айналдық. Бұл – біздің ізгі уақытымыздың және барлық ұлы жетістіктеріміздің сипатын дәл беретін атау. Біз Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп келеміз.

«Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі!

Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүниежүзінің экономикасын туралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғарғы деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, салауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік. Толағай табыстарымен дүниежүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті. Дамуымыздың маңызды алғышарттарына айналған Қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды. Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды. Жасампаздық қуатымен дүниежүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды. Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды. Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық. Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын болады деп сенемін.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»! 
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:  
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,  
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.  
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! 
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. 
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын. 
Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі. Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі «Қазақстан –туған жерім, Отаным, алтын ордам» деп соғатын 130 ұлттан астам Халық тұрып жатыр. 130-дан аса ұл өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай- далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші арбір адам өз Отанын жаныдай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қазақстан алуан түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін тоғыстырған кең байтақ өлке. 
Сондықтан елдің болашағы да, өрлеуі де бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. «Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар» демекші ел үмітін ақтау сіздермен өлшенбек.  
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. 
Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады. 

«Ана тілі» газетінің тілшісі

Сансызбай Айшабибі Әбдіғалымқызына сөз беріледі :


Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. 
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. 
Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан - 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу . 
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді. 
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. 
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. 
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. 
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

«Егемен қазақстан» газетінің тілшісі Саветханұлы Диас баяндап береді :

 Қазақстан – көптеген ұлттар мен ұлыстардың татулықта орын тепкен қасиетті мекені. Кеше ғана өткен үлкен мереке «Білім күні» «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атпен жер-жерде өтіп жатты. Барлық ұстаз оқушыларына бұл ұғымның қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Иә, Қазақстан – этностық жанжалдардан азат аумақ. Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген атаумен аталуын былайша айтып өткен болатын. «Бір халық – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. Бір ел – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. Бір тағдыр – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!» Халық даналығында «Тар жерде табысқан кең жерде келіседі» деуші еді ғой. Халқымыздың қатпарлы тарихы сырға толы оқиғалармен жинақталған болатын. Қай кезеңді алып қарасаңыз да, еліміз іргедегі көршімізді сыйлап, қашанда көмек қолын созуға барынша тырысып, бауыр тұтатын. Ең тар заманды бірге бастан өткердік. Бүгінде сол халық өкілдері өз бауырымыз болып, бір халыққа айналды.

«Қонақжайлылық», «сыйластық» ұғымдары ертеден қанымызға сіңген қасиет емес пе? Кешеден келе жатқан татулық жібін жеңіл ойға ерік беріп үзіп алмауымыз қажет. Қазақ жері жүзден астам этносты біріктірді. Тек қана этнос емес, олардың тілдері мен қызыққа толы салт-дәстүрлері үндесе білді. Өзіне тән реңктер мен әсем сұлулыққа ие болды. Қаншалық ұлт өкілдері көптеп орын тепкенімен, барлығының бір жерде татулықта күн кешуі кемеңгер саясатпен халық салтының беріктігінен жүзеге асып отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жиырмасыншы сессиясы «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталуының астарында үлкен мән бар. Елбасымыз бір ел болып күн кешіп отырған түрлі ұлт өкілдері жайлы былайша ой қозғады. «Бүгінде олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр». Елбасымыздың осы бір салмақты ойының астарында үлкен мән жатыр. Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау қиынның қиыны. Ең алдымен, өзгеге үлгі болу үшін өз ішімізді ретке келтіруіміз қажет. Жік-жікке бөлінбей, бірлігіміздің беріктігі басқа да ұлт өкілдерін бауырымызға тартуда үлгі болмақ.

Ұлттардың араздығы атын айтуға қорқатын жағдайларға кез қылып жатады. Құдай бетін аулақ қылсын. Біз – бір мемлекетпіз. Бір ауамен тыныстап, бір жердің өнімін бөліп жеудеміз. Бәріміздің Отанымыз біреу ғана. Бір мемлекеттің азаматы болып, бір тудың астында біріккендіктен, арманымыз бен тілегіміз бір болуы тиіс. Елдігіміздің ертеңін ойлайтын әрбір азамат ұлт пен жерге бөлінбестен бірлесе қызмет етуі қажет. Қайткен күнде де жұмыла көтерген жүктің жеңіл болары баршамызға белгілі жайт. Олай болса, бір тағдырдың жолында жүрген бір ел арманымызды бірге жүзеге асырайық! Мемлекетіміздің туын биікте желбіретуге халқымыздың әр перзенті қалтқысыз қызмет атқара берсін!.

Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс.

«Торғай» газетінің тілшісі

Алияқашова Несібелді Сабитқызына сөз береміз:

"Қазақстан-2050" Стратегиясы – "Қазақстан-2030" Стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап осы. Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдіміз. Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»! 22 қарашада Қазақстанның астанада құпия дауыс беру арқылы EXPO-2017 көрмесін өткізіледі деп таңдалды. Астана әлемнің 100 елінен 4 миллион қонақты қарсы алатын болады. EXPO-2017 көрмесін Астанада өткізу республиканың инновациялық дамуына серпіліс береді, сондай-ақ Қазақстанның жасампаз әлеуетін ашуға көмектеседі.

Мұғалім

Абдрахман Айтқаным Кәрімқызы өткізген тәрбие сағатын былай қортындылаймын :

Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің — елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш. Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары — ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын.

Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! Баршаларыңызға бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін!».

Сүйікті Отанымыз – Азат Қазақстан мәңгі құлпырып жайнай берсін, жарқырай берсін! Бағы жанып, абыройы арта берсін! Босағаларыңызғы бақыт қонсын, шаңырақтарыңызға шаттық толсын! Кездескенше күн нұрлы болсын!

Сүйікті Отанымыз – Азат Қазақстан мәңгі құлпырып жайнай берсін, жарқырай берсін! Бағы жанып, абыройы арта берсін!

Бір х алық – бі р ел – бір тағдыр

Бір халық – бір ел – бір тағдыр.
Шаланова Гульмира Тлектесовна 
1 «б» сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер
Тәрбие сағатының барысы:
-Құрметті бірінші сынып оқушылары! Бүгінгі білім күні құтты болсын! Бүгін сендер мектеп табалдырығын алғаш аттап, білім жолына келдіңдер. «Оқу-инемен құдық қазғандай». Сендер алтын ұя мектептеріңнен білім алып, биік-биік асуларға жетулеріңе тілектеспін!
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Алғаш сабағымызды бастамай тұрып, бір-бірімізбен танысып алайық.Бәріміз орнымыздан тұрып «Достық шеңберін» құрайық . Бүгіннен бастап біз доспыз, арамыз ешқашан осы шеңбердей бұзылмасын.
Ой қозғау: Балалар, мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. «Отан» деген сөзді естігенде не ойларыңа келеді? Отан ол не?
-Бүгін балалар,Отан туралы,халқымыз туралы, ел туралы айтамыз. Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» деп аталады.
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз? /ҚР картасы/
ҚР қандай қалаларын білесіңдер? Атап беріңдерші. 
-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? /Астана суреті/
-Кім Астанаға барды? Астанада қандай керемет үйлер бар?
- Біздің президентіміз кім? /Н.Ә. Назарбаев портреті/
- ҚР рәміздерін кім біледі? /ҚР рәміздері/
-ҚР туында не суреттелген? Ол нені білдіреді?
-Елтаңбада не суреттелген?
-Қазақстанда қандай ұлттар өмір сүреді?
-ҚР халқы бір-бірімен қалай өмір сүріп жатыр.
Тату өмір сүреміз, өйткені біз бір Отанда тұрамыз. 
-Кәне, кім Отан, ел, халық туралы тақпақ жаттап келді? Қол көтереміз.
Мұғалім сөзі: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан Тәуелсіз Республика болды.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
-Біздің еліміздің тарихы туралы әлі талай оқып білесіңдер. Ал біздің сауаттылығымызды ашатын, оқуға, жазуға үйрететін, ең алғаш оқулықтарың бұл- Әліппе.
-Әліппенің алғаш бетінде президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сендерге өз тілегін жолдапты,мен сендерге оқып берейін. ./қол шапалақтау/
-Балалар, бүгін сендер қайда келдіңдер? /мектепке, сыныпқа/
-Сендерді кім күтіп алды? /мұғалім/
-Сенен басқа тағы кімдер бар? /оқушылар/
-Мектепке келу үшін не қажет? /оқу құралдары/
-Мына суретте мектепте қажет емес,қандай артық заттар бар? /суреттер/
-Ендеше бізді қанша артық,қанша кем,салыстыруға, санауға үйрететін пән бұл-Математика. /қол шапалақтау/
Сергіту сәті: Тербелейді ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
-Жыл төрт мезгілге бөлінеді. Кім атап береді?
Ойын: Мен сендерге осы төрт жыл мезгілдерінде кездесетін ауа-райы құбылыстарын айтамын.
Дұрыс болса-қол шапалақтаймыз!
Бұрыс болса (қате)- аяқпен еден соғамыз!
• Жазда жиі жаңбыр жауады.+
• Қыста алма піседі.-
• Көктемде жеміс-жидек жинаймыз.-
• Қыста боран соғады.+
• Күзде суық жел соғады.+
• Жазда қарлы,аязды күндер жиі болады.-
• Қыстыгүні гүл жинаймыз. –
• Көктемде ағаштар бүршік атады+
Табиғаттың құбылыстары туралы, адам,өсімдік және жануарлар туралы дүниетану пәні үйретеді. Танысып қоялық. /қол шапалақтау/
Ой-толғаныс: Мақалды толықтырып оқиық:
1) Отан оттан да ыстық.
2)Туған жерге ту тік.
3) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Бүгінгі сабақта не туралы айттық?

-Ал, балалар бүгінгі алғаш сабақтарын ұнады ма? Әлде ұнамады ма?
Ұнаса-көңілді смаиликті, ұнамаса- көңілсіз смаиликті көтереміз. Тамаша, сабақ бәрімізге ұнады!
Сабақтың қорытындысында елбасымыздың ХХ сессияда сөйлеген сөзімен аяқтағым келіп тұр.
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Бір халық - бір ел - бір тағдыр

Жарияланды 29-08-2013, 17:03 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»
Мақсаты: Оқушыларға өз Отанын сүюге, ынтымақтастыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайд, нақыл сөздер, бейнетаспа
Оқушылар 4 топқа бөлінеді
Бейнетаспадан Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясынан көрініс көрсетіледі.

Мұғалім сөзі. Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы деп қолымызбен құрған Ассамблея дүниеге келгеніне 18 жыл болды. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды» деген Елбасы, елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болған ҚХА - ның мерейтойлық ХХ сессиясын «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталуының мәніне тоқталды. Ал сіздер осы атаудың мәнін түсіндіріп көріңдерші. (әр топтан оқушының ойы тыңдалады.)

Мұғалім: Ендеше, бүгінгі алғашқы сабағымызды осы тақырыпқа арнаймыз. Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын. Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.
«Менің отаным - Қазақстан» атты видеоролик көрсетіледі.
Мұғалім әр топқа «Бала», «Ана», «Білім», «Денсаулық» сөздерін іледі. Осы сөздерді: «Қазақстан - 2050» стратегиясымен байланыстырып өз ойларын ортаға салады.

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.

Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы – ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық – зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.

Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
- Жолдау туралы не түйдің?
Мұғалім сөзі: Мемлекет басшысының айтуынша, ел иесі ретінде қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсетпестен, ұлтына, тілі мен дініне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін, Ата Заңды айқындадық. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қабылдадық. Ал Елбасының тапсырмасымен дайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы да айрықша маңызды құжат болып табылады.. Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Оларды жүзеге асыру жаһандық өзгерістердің күрделі жағдайында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін барлық күш - жігермен нығайту қажет. Өйткені, біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз!» – деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы. Ендеше осыған бәріміз де дайын болуымыз керек.



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» 
Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру. Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер слайд, шарлар, гүлдер. 
Барысы: 
Әнұран орындалады. 

І. Армысыздар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар! 
Біздің «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. 

1. Сіздерді бүгінгі білім күнімен құттықтаймыз. Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болшаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды. 
«Сендер Тәуелсіз Қазақстан еліміздің перзентісіндер, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдындар. Сендердің азат ойларымен кемел білімдерін біздің қол жетпес мақсаттарымызға апаратын құдіретті күш», - деді. Әрине жарқын болашақ білімді жастардың қолында деп санаймын. Елбасымыз жастар ұрпақтың сапалы біліммен саналы тәрбие алуына баса мән беруде. Жастардың заман талабына сай білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда. Осының барлығы егеменді еліміздің халыққа деген ыстық ықыласы мен көзқарасының арқасында. 

Атыңнан айналайын, егемен ел, 
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. 
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік! 
Ғасырдың тойы болшы келе берер. 
Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Ол солтүстігінде Ресеймен, Шығысында Қытай халық Республикасымен, ал батысында Әзірбайжан Республикасымен шектеседі. Қазақ жері кең байтақ, табиғаты да әр алуан. 
Отан деген –Атамекен. 
Отан деген –туған жер. 
Отан-апа 
Отан үлкен 
Қазақстан туған елі. 


Қайран, қазақ елі. Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған жан дүниеңді дір еткізген сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама. 
5. Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың кең жаһан далада өмір сүрді, не жойылып кету қауіпі тұрған еді. 

Өткен ХV ғасырда Қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлкеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннан-қаперсіз жатқан еліміздің Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалық жұртты қан жалатты. 


ХVІІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан-ғасыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. ХХ ғасырдың 16 жылы маусым жарлығына жігіттерді бермейміз деп қарсылық көрсеткендері оққа ұшырады. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырауынан, адамдардың ашаршылыққа душар болуына 950 млн қазақ. Яғни халқымыздың 19 пайызы апат болып, 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды. 


1923-1933 ж. Болған адам айтқысыз ашаршылықта 9 млн-дай халықтың 2,2 миллионы опат болды. Тағы да аштық, тағы да жалаңаштық, тағы да өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 518 мың. 


1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, елім деп жүріп – халық жауы атанды. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды. 
1941-1945 ж. Аралығында азамат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизммен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік үлгісін көрсетті. Бұл қасіретті соғыста құрбан болған 27 млн адамның 350 мыңнан астамы қазақтар еді. 


Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды, 264 адам жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әртүрлі жазалар берілді. 

Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені Желтоқсан оқиғасы көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді. 

Кең жазира құтты мекен – гүлістан. 
Арай таңым, бақыт берген шығыстан. 
Қасиетті анам - өзің, туған жер. 
Бабалардан келген мұрам-Нұрстан. 

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында. 
Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің отанымыз – егеменді, тәуелсіз, қазақ мемлекеті. 


Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»! 
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде: 
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, 
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. 
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! 
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. 

Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын. 
Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі. Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі «Қазақстан –туған жерім, Отаным, алтын ордам» деп соғатын 130 ұлттан астам Халық тұрып жатыр. 130-дан аса ұл өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай- далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші арбір адам өз Отанын жаныдай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қазақстан алуан түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін тоғыстырған кең байтақ өлке. 

Ер болдың ерік алдың астаналы, 
Енді кімнен қарағым жасқанат? 
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, 
Нұрсұлтанның атыменен басталады. 

Сондықтан елдің болашағы да, өрлеуі де бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. «Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар» демекші ел үмітін ақтау сіздермен өлшенбек. 
Мұғалім сөзі: 
Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. 
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. 
Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады. 
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. 
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. 
Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан - 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу . 
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді. 
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным, 
Көк туымды қалайша құлатармын. 
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар, 
Бәріміз баласындай бір атаның. 
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын, 
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын. 
Халқымның ахуалы дұрыс болсын. 
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! 
Қорытынды: 
- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады? 
«Ойын» 
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым...» Оқушыларға өз ойларын айтқызу. 
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады) 
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. 
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. 
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. 
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. 
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! 
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет! 



Бір халық – бір ел – бір тағдыр

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» 
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. 
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер. 
Тәрбие сағатының барысы: 
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Ой қозғау: 
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз? 
- Қазақстан. 
- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек? 
- ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек. 
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме? 
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 
-14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына үндеуі? 
-Иә, балалар, Жолдауын арнады. 
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.  Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.  Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. 
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»! 
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде: 
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, 
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. 
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! 
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. 
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! -  деген болатын. 
Оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 
Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі  туралы заң қабылданды. 
Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. 
Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық. 
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық. 
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек. 
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. 
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. 
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. 
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. 
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат  қылдық. 
«Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. 
Сөзжұмбақ  «Жолдау» сөзі шығу керек. 
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық) 
2. Отағасының антонимі (отанасы) 
3. Ата-ана тәрбиелейді? (бала) 
4. «…-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы) 
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз?  (латын) 
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу) 
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз. 
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. 
Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады. 
Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар:  инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. 
Президент  Жолдауының «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. 
Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан – 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей  қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу . 
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт – бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған  50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді. 
Ән: Елім менің.( тыңдалады)     
Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы) 

- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады? 
«Ойын» 
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу. 
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады) 
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. 
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. 
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. 
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. 
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! 
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!





Біз үшін халықтар достығынан артық идеал болмақ емес.

М.О. Әуезов

Халық – өмірдің бар кезеңін басынан бірге кешетін, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білетін ұлыс. Елдің елдігі татулықтың тәтті дәмінде. Елінің іргесі берік қалануы, әр бастаған бастамасының нәтижелі болуы әрбір перзентінің амалымен өлшенбек. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны секілді, Отансыз да ешқашан өмір сүрмек емес. Отанымыздың озық болуына баршамыз қалтқысыз қызмет етуіміз қажет.

Қазақстан – көптеген ұлттар мен ұлыстардың татулықта орын тепкен қасиетті мекені. Кеше ғана өткен үлкен мереке «Білім күні» «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атпен жер-жерде өтіп жатты. Барлық ұстаз оқушыларына бұл ұғымның қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Иә, Қазақстан – этностық жанжалдардан азат аумақ. Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген атаумен аталуын былайша айтып өткен болатын. «Бір халық – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. Бір ел – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. Бір тағдыр – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!» Халық даналығында «Тар жерде табысқан кең жерде келіседі» деуші еді ғой. Халқымыздың қатпарлы тарихы сырға толы оқиғалармен жинақталған болатын. Қай кезеңді алып қарасаңыз да, еліміз іргедегі көршімізді сыйлап, қашанда көмек қолын созуға барынша тырысып, бауыр тұтатын. Ең тар заманды бірге бастан өткердік. Бүгінде сол халық өкілдері өз бауырымыз болып, бір халыққа айналды.

«Қонақжайлылық», «сыйластық» ұғымдары ертеден қанымызға сіңген қасиет емес пе? Кешеден келе жатқан татулық жібін жеңіл ойға ерік беріп үзіп алмауымыз қажет. Қазақ жері жүзден астам этносты біріктірді. Тек қана этнос емес, олардың тілдері мен қызыққа толы салт-дәстүрлері үндесе білді. Өзіне тән реңктер мен әсем сұлулыққа ие болды. Қаншалық ұлт өкілдері көптеп орын тепкенімен, барлығының бір жерде татулықта күн кешуі кемеңгер саясатпен халық салтының беріктігінен жүзеге асып отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жиырмасыншы сессиясы «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталуының астарында үлкен мән бар. Елбасымыз бір ел болып күн кешіп отырған түрлі ұлт өкілдері жайлы былайша ой қозғады. «Бүгінде олар тегі басқа болған ымен тең дігі бір, қаны бөлек бол­ғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шеш кен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір ха лық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр». Елбасымыздың осы бір салмақты ойының астарында үлкен мән жатыр. Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау қиынның қиыны. Ең алдымен, өзгеге үлгі болу үшін өз ішімізді ретке келтіруіміз қажет. Жік-жікке бөлінбей, бірлігіміздің беріктігі басқа да ұлт өкілдерін бауырымызға тартуда үлгі болмақ.

Ұлттардың араздығы атын айтуға қорқатын жағдайларға кез қылып жатады. Құдай бетін аулақ қылсын. Біз – бір мемлекетпіз. Бір ауамен тыныстап, бір жердің өнімін бөліп жеудеміз. Бәріміздің Отанымыз біреу ғана. Бір мемлекеттің азаматы болып, бір тудың астында біріккендіктен, арманымыз бен тілегіміз бір болуы тиіс. Елдігіміздің ертеңін ойлайтын әрбір азамат ұлт пен жерге бөлінбестен бірлесе қызмет етуі қажет. Қайткен күнде де жұмыла көтерген жүктің жеңіл болары баршамызға белгілі жайт. Олай болса, бір тағдырдың жолында жүрген бір ел арманымызды бірге жүзеге асырайық! Мемлекетіміздің туын биікте желбіретуге халқымыздың әр перзенті қалтқысыз қызмет атқара берсін!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
«Бір халық – бір ел – бір тағдыр»

Автор: Абдрахман Айтқаным Кәрімқызы

Дата: 27.02.2017

Номер свидетельства: 396118

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "«?АЗА?СТАН – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ: БІР ХАЛЫ?-БІР ЕЛ-БІР ТА?ДЫР» "
    ["seo_title"] => string(61) "k-azak-stan-2050-stratiegiiasy-bir-khalyk-bir-iel-bir-tag-dyr"
    ["file_id"] => string(6) "228228"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1441185266"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "бір халы? – бір ел – бір та?дыр. "
    ["seo_title"] => string(30) "bir-khalyk-bir-iel-bir-tag-dyr"
    ["file_id"] => string(6) "158824"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421816529"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "«?аза?стан-2050» Стратегиясы: бір халы? – бір ел – бір та?дыр»"
    ["seo_title"] => string(51) "kazakstan2050stratieghiiasybirkhalykbirielbirtagdyr"
    ["file_id"] => string(6) "275100"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452518593"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "?аза?стан-2050 стратегиясы: бір халы?- бір ел- бір та?дыр "
    ["seo_title"] => string(62) "k-azak-stan-2050-stratieghiiasy-bir-khalyk-bir-iel-bir-tag-dyr"
    ["file_id"] => string(6) "154544"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421166284"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашы? саба? "Тіл та?дыры- ел та?дыры""
    ["seo_title"] => string(30) "ashyksabaktiltagdyryieltagdyry"
    ["file_id"] => string(6) "305408"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457940684"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства