kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ: Етті ірі кесекті түрінде қуыру «Ромштекс» тағамы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поурочный план по технологии. Был проведен открытый урок На тему Етті ірі кесекті түрінде қуыру «Ромштекс» тағамы. Обмен опыта для преподавателей технология для девочек. Образец урока по новой технологии.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: Етті ірі кесекті түрінде қуыру «Ромштекс» тағамы»

Пәні:Өндірістік оқу

Тобы: «Тамақтандыруды ұйымдастыру» 1-курс, 2- топ

Күні:01.03.2017 ж

Cабақтың тақырыбы: Етті ірі кесекті түрінде қуыру «Ромштекс» тағамы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сиыр еті туралы білімдерін жетілдіре отырып, ромштексті дайындауды үйрету

Дамытушылық: Еттің құрамындағы дәрумендердің маңыздылығын көрсету арқылы ойлау қабілетін, көзқарасын дамыту.

Тәрбиелік: Төрт түлік малдың адам өміріндегі маңызын айта отырып, елін жерін сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: плакат,слайд, нұсқау картасы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,практикалық әдіспен көрсету.

Пәнаралық байланыс: Азық-түлік тауартануы, тамақ дайындау технологиясы, биология, география, орыс тілі, ағылшын

Өндірістік құрал-жабдықтар:өндірістік үстел, таңбалы, тақтай, пышақ тәрелкілер, қасық, таба, электр плитасы, ет ұрғылағыш.

Сабақ құрылымы:

I.Ұйымдастыру

II.Қайталау

III.Жаңа сабақ

IV.Сергіту сәті:

V.Сабақты бекіту.

VІ . Ағымдағы нұсқау

VІІ.Сабақты қорытындылау

VIІІ.Бағалау.

ІХ.Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин

1.Студенттермен амандасу. Студенттердің өндірістік сабаққа қатысуын, арнайы киімдерін, сыртқы көрінісі мен сабаққа дайындығын, қауіпсіздік нұсқауларын еске түсіру.

Студенттерді екі топқа бөлу,алған білімдерін ортаға салады.

1 «Дәрумен» тобы

2. «Жеміс-жидектер» тобы

II.Өткен сабақтан қайталау:

(5 минут)

Өткен сабағымыздың тақырыбы қандай?Ет өнімдерін пісіру

1.Еттің астық құндылығы неге байланысты?

Жауабы:Малдың қорегіне,жынысына жасына физикалық-химиялық биологиялық қасиетіне өңдеу дәрежесіне қарай.

2.Еттегі ең көп дәрумендер?

Жауабы: В тобы

3.Бір қалыпты жақсы пісіру үшін ет массасын неше кг нан асырмай пайдаланады.

Жауабы: 2 кг

4.1 кг етті пісіру үшін неше литр су керек?

Жауабы:1-1.5 литр су қажет

5.Еттің пісіру кезіндегі шығыны неше % құрайды.

Жауабы: 38-40 % құрайды

6.Етке хош иіс дәм беретін заттар.

Жауабы:Экстративті азотты заттар

7.Еттің даяр болғанын қалай анықтайды?

Жауабы:аспазшы инесімен шаншу арқылы анықтайды.

8.Еттің құрамында қандай бағалы заттар бар?

Жауабы:Белок,май,минералды және экстрактивті заттар)

9.Қуырылған еттер қандай түрде болады?

Жауабы:(ірі кесекті,сыбағалы,ұсақ және шабылған)

10. Еттің механикалық аспаздық өңделуі?

Жібіту Жуу Құрғату Аспаздық бөлшектеу Етті сүйектен ажырату

Тазарту Етті сорттау.


III.Жаңа сабақ:

Етті ірі кесек түрінде қуыру «Ромштекс»

(10минут түсіндіру+20 минут тәжірибе)

Етті ірі кесекті қуырылған ет- «Ромштекс». Сиыр етін (кесінді жуан және жұқа шеттер) массасы 0,5 кг етті жуып, кептіріп қалыңдығы 1,5 см қылып бөлу керек. Екі жағынан жұқалап ұрғылаймыз. Содан соң тұздап, бұрыштап шұңғыл тарелкеде жұмыртқаны араластырамыз. Ірі кесекті етті жұмыртқаға былғап, ұнтақталған нан ұнтағына аунатамыз содан соң қызып тұрған табаға қуырамыз. Ромштексті отқа 5 минут екі жағынан қуыру керек.

Ұсынар кезде сыбаға табағына не тарелкеге гарнир салып, жанына ромштексті қойып, үстіне еріген май құюға да болады.

Гарнир ретінде қуырылған не фри картоп 3-4 көкөністен тұратын күрделі гарнир, сусымалы ботқа пайдаланады.

Сапасына қойылатын талаптар түсі мен иісі сапалы ет жұмсақтарында қан қалдықтары, сүйектер болмауы тиіс.

«Ромштекс» тағамын дайындау нұсқау картасы





Азық-түліктер

Мөлшері

Ет

0,5кг

Тұз

0,03гр

Бұрыш

0,05гр

Сарымсақ

3 дана

Ұнтақталған бидай наны

керегінше

Жұмыртқа

1 дана

Етті алдымен жуып тазалап, кептіріп аламыз





Ет ұрғылағышпен жақсылап ұрғылап жұқа формаға келтіреміз

(қалыңдығы 1,5см)





Тұз, бұрыш, сеуіп қоямыз





Шұңғыл тарелкаға жұмыртқаны араластырамыз





Ұнтақталған бидай нанына аунатамыз





Сұйық май құйып, табаны қыздырамыз





Етімізді жұмыртқаға былғап , сухариге аунатып қуырады





Ромштексті отқа 5 минут екі жағынан қуырамыз





Әсемдейміз

Видео-ролик көрсету

IV.Сергіту сәті: Мақал-мәтелдің жалғасын табу

  1. Ұлыс күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш

  2. Жақсылыққа жақсылық – жай адамның ісі, жамандыққа жақсылық- ер жігіттің ісі

  3. Тас атқанға-ас ат

  4. Ас адамның- арқауы

  5. Қазаныңа не салсаң- шөмішіңе сол ілінеді

  6. Бауыр шырын, бас тәтті-ағайынмен ішкен ас тәтті

  7. Аспаздың қарны –асқанына тояды

  8. Ас иесімен тәтті- тағамымен жақсы

  9. Дастарханда наны жоқтың – тамағының сәні жоқ

  10. Тату үйдің –тамағы тәтті

  11. Етпен қарын тоқ - ниетпен жаның тоқ

  12. Арамдық қып ішкен ас- ішіңе барып болар тас

  13. Сыйлап берсе - су іш

  14. Қазан қайнап тұрса – ақыл сайрап тұрады



V.Сабақты бекіту.

1.Ет кесектерінің ара қашықтығын неше см ден кем етпей салып қуыру керек?

2.Қуыру шкафында неше ̊С темпертурада салады?

3.Даяр ромштексті неше кесектен әр сыбағаға турайды?

VІ . Ағымдағы нұсқау

  • Студенттердің жұмыс орнын тексеру;

  • Студенттердің жұмыстарының өз уақытында бастауын және жұмыс орнын ұйымдастыруын қадағалау;

  • Қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау;

  • Санитария-гигиена талаптарын сақтау;

  • Өнімді өңдеудегі техникалық шарттар мен техникалық процесс бірізділігін қадағалау;

  • Студенттердің жұмыс ағымын тексеру.

VІІ.Сабақты қорытындылау: Жақсы жұмыстарына тоқталып,мадақтап көрсету.Студенттердің жұмысын бағалау,сараптама жасау.Техниканы және құрал-жабдықтарды қабылдап алу.Жұмыс орындарын жинап,жуу.

VIІІ.Бағалау.

  • Өндірістік оқыту сабағының қорытындысын шығару;

  • Студенттің озат жұмысын көрсетіп, мадақтау;

  • Қателерін сипаттап, болу себебін және ол қателіктің алдын алуды түсіндіру;

  • Бағаларын хабарлау.

ІХ.Үйге тапсырма:










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ: Етті ірі кесекті түрінде қуыру «Ромштекс» тағамы

Автор: Басшиева Светлана Қасқырбайқызы

Дата: 19.05.2017

Номер свидетельства: 416854


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства