kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақшаң қалай, балақай?Қазақшаң қалай, ауылдас? атты кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мероприятие посвященному ко дню языков. Цель которая изучение традиций и обычаев народов, населяющих территорию Казахстана.Воспитание уважения и желания изучать, знать языки

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақшаң қалай, балақай?Қазақшаң қалай, ауылдас? атты кеш»

«Қазақшаңыз қалай, ауылдас?» , « Қазақшаң қалай, балақай?» атты әдеби кешінің бағдарламасы

Өткізілетін мерзімі: 29.09. 2011 ж

Өткізілетін орны: № 17 орта мектептің мәжіліс залы, уақыты: 14.00 .

Кештің мақсаты: жас жеткіншектер бойына халқының қадір- қасиетін сіңіріп,өз ана тілін жетік меңгеріп, ұшқыр ойға, шешен сөйлеуге баулу. Қасиетті ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу, ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қазақылық кеңдігіміз бен бірлігімізді, достығымызды күшейту.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы, тіл туралы жазылған қанатты сөздер, қазақтың бес арысының портреттері, үнтаспа, мақал- мәтелдер, слайд, фото альбомдар.

Тәрбиелігі: отанды сүюге, би, шешендерімізді құрметтеуге, ана тілін қадірлеуге тәрбиелу. Өз ана тілін – мемлекеттік тілді қастерлеуге, басқа ұлттардың тілін құрметтеуге тәрбилеу.
Дамытушылығы: адамның ойлау қабілетін, тапқырлығын, шешендігін дамыту. Өлең –жыр , ойлы сөздер айту арқылы оқушылардың тіл туралы алған білімін дамыту.

Әдісі: әр ұлтты ауыл тұрғындарымен «Қазақшаңыз қалай, ауылдас?», «Қазақшаң қалай, балақай?» әдеби- кешін өткізу.

Шақырылған қонақтар:

Талғар ауданы әкімінің орынбасары: Садықова.Р.Н

Қазақ тілін оқыту орталығының директоры: Тәлімұлы К

«Талғар» газетінің бас редакторы: Азимова Р.Б

Талғар ауданы әкімінің кітапхана директоры: Хармысов М

№17 орта мектептің директоры: Тифанциди Н.А

№33 орта мектептің директоры : Молдабекова Р. Б

Төрт тілде еркін сөйлейтін ауыл мұғалімдері: Есифидис Н.Ю, Музаффарова С. А, Имершаева Г.Ш;

Бастау: күй: «Көңіл толқыны»

1-жүргізуші: Мақтанышың не нәрсе?

2-жүргізуші : Мақтанышым- ана тіл!

жүргізуші :Неге олай деп ойлайсың?

2 –жүргізуші:Маған жылы дара тіл

1-жүргізуші: Неге жылы болады?

2-жүргізуші:Анам шуақ шашқан тіл.

1-жүргізуші: Неге дара болады?

2- жүргізуші: Барлық тілден ең бөлек, таудай биік асқар тіл!

1- жүргізуші: «Тіл- жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның -нәтижесі. Сондықтан да тіл – қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс.»

«Қазақстанның мемлекеттік тілі –қазақ тілі.Қазақстан- көп ұлтты мемлекет, көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет.»

Кітапханашы: «Қазақ тілі- рухани бұлағымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмаған.Қазақ елінде , қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір- қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек. Ендеше , қазақ тілінің байлығына, икемдігіне , орамын тауып, қисынын келтіріп пайдалансаң, тұп- тура бал таматынына ешкімнің күмәні болмас. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында: « Ұлттық тіл- қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал » деп баса көрсеткен болатын.

Дүниенің есігін ашқан қазақ баласының бесікте жатқанда еститін үні- ананың әлдиі, атаның ақ батасы, әжесінің айналып, толғанғаны. Дүниені танып білмеген сәби үшін осы дауыстар- алғашқының да

алғашқылары. Ал алғашқы сезім ыстық жылу сыйлайды. Ана тіліміздің қасиеті, ерен қуаттылығы туралы Абай атамыз «Қуаты күшті , нұрлы сөз, қуатын білген абайлар» деп әдемі айтып кеткен.

Ана тіліміз – төрткүл әлемге танылған қазақ тілі, даланың даласы, ұлттың ұлылары талғап, тамсанып, нәрін танып кеткен тіл. Ендеше, «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата- бабамызды , тарихымызды ұмыту» деген біртуар батыр Б. Момышұлы.Атамыздың сөзі семсер жүзіндегі серттей. Ата- бабаларымыздың қалған байлығымызды құрметтеп, қастерлеу баршамыздың міндетіміз.

Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай, ауылдас?» ,«Қазақшаң қалай, балақай» әдеби – тарихи кешімізге арналған «Тіл- ұлттың тірегі» кітапхана көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені таныстырып өтсем.

1- Армысыздар, қымбатты замандастар! Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Қазақ қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің ,

Мүмкін емес өлмегі,-

демекші, бүгінгі кешіміз толғауы тоқсан қызыл тілге арналады. Олай болса, бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Отан , Отан бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем- деп Мұқағали ақын жырлағандай ата- бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген ел- Қазақстан бүгінде өсіп- өркендеп, қанатын кеңге жайып , егеменді ел ретінде жоғары халықаралық беделге ие болып отыр.

«Бірлігі жарасқан ел озады» , «Бірлігі бар елде өрлеу бар» дегендей Панфилов ауылында тұрып жатқан , ауылымыздың әр түрлі еңбек саласында тер төгіп, еңбек етіп жүрген тәуелсіз Қазақстанымыздың азаматтары ,

Туып- өскен Отаным-Қазақстан ,

Күлімдеп гүл жайнаған күншығыстан...- деп мемлекеттік тіл- қазақ тілін екінші ана тілім деп бағалайтын ауыл тұрғындары:

1.Есефидис Н.Ю, Музаффарова С.А, Имершаева Г.Ш.

ортаға шақырамыз. Ду қол шапалақ (қошемет көрсету)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, «Сөз атасы- сәлем» деген емес пе, алдымен амандасып алғанымыз жөн болар. Бүгінгі өткізгелі отырған «Қазақшаңыз қалай, ауылдас?» , «Қазақшаң қалай, балақай?» атты кешімізге қош келіпсіздер.

(Сөз беру, өздерін қазақша немесе екі тілде таныстыру)

  • 1. Сөз беру. Сұрақ: Қазақ елінің ұлы ақыны кім?

  • 2. Сөз беру. Сұрақ: Сіздің қазақ тілінде сүйіп оқыған кітаптарыңыз, журнал, киноларыңыз

  • 3. Сөз беру. Сұрақ: Қазақстанның жеті кереметін атап бере аласыз ба?

  • 4. Сөз беру. Сұрақ: Қазақстан Республикасының Гимнінің 1- шумағын айтып бере аласыз ба?

Қазақстан Туы алға! ( Гимн қойылады.)

  1. Жүргізуші: Осы «Би» деген сөздің неше мағынасы бар?

Маған соны түсіндіріп берші.

  1. Жүргізуші: «Би» деген сөздің екі мағынасы бар. Біреуі –халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған , әділет жақтаушысы, шешені деген мағынаны білдірсе, екіншісі- денені қимылдату өнері дегенді білдіреді. Мұндай сөздерді омонимдер деп атайды. Сен оны неге сұрадың?

1-ж: Сұраған себебім: « Жақсыменен сөйлессең құмарыңды қандырады, жаманмен сөйлессең көңіліңді қалдырады» деген екен Жанқұтты шешен. Сенімен сөйлесіп біраз нәрсеге көзім ашылып қалды. Ендеше, менің айтайын деп тұрғаным қазақтың би өнері екен ғой, олай болса ортаға бишілердің орындауында «Қара жорға » биін тамашалайық.

  1. Ж: Туған тіл жайында толғамаған ақын, жазбаған жазушы жоқ шығар ,сірә. Бүгін біз де ана тіліміз жайлы сыр шертіп, қоғамның тіл жайындағы ой- пікірімен бөліскелі отырмыз.

  2. Ж: Қасиетің ана тіл аз ба сенің ,

Өзің барда ескірмес, тозбас елім.

Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,

Мұқағали отты өлең жазбас еді. - дей келе болашағынан үлкен үміт күттірер оқушыларымыз да аз емес. Тілге деген құрметін өз тілін мақтаныш еткен жас ақынымыз 11 а сынып оқушысы Жұмағұлов Айдардың жүрек жарды жырына құлақ түрелік.

1-жүргіз: Келесі кезекті 7 сынып оқушысы Хинезов Алиханға берейік. «Орыс қызы қазақша ән салады»

  1. Ж: Тілім менің !

Осы тілде шежірем жырым менің ,

Асан қайғы арманы,

Қорқыт күйі-

Тағдырыммен тағдырлас мұңым менің !

Тілім менің !

Бас бергенмен Махамбет тіл берген жоқ,

Тіл кесілсе не болмақ күнім менің!?

Күй: «Адай» 7-сынып оқушысы

2-жүргіз: Ортаға Алиева Наринаны шақырамыз.

Ән: « Қазақ жігіттері» Орындайтындар: 11а сынып оқушылары.

1-ж: Ана тілді құрметтеген бар адам,

Ең қымбатты асылына балаған.

Бойымызды билеп алған құдірет,

Анамыздың ақ сүтімен тараған

Елдің бәрі құрметтеген дана да

« Тіл- тірліктің шырағы!

  1. Ж : Ана тіліне қазақтың ел болып үлкен үлес қосқан хан, билердің есімі тарихтан белгілі. Ақ пен қараның , жақсы мен жаманның , шындық пен жалғанның , достық пен қастықтың ара жігін ұстаған зерделі үлкен ақыл иелері, асыл сөздің шеберлерлері

Асан қайғы, Жиренше,

Сөйлеп өткен қазақ тіл.

Жәнібек пен Қойлыбай,

Сыйлап өткен ғажап тіл,

Ата- анамыз әлдилеп,

Уатқан бізді баба тіл.

Сол туған тіл атауы-

Ежелгі біздің қазақ тіл.

Осы тілді жек көрген,

Дүниеден қалар құр.

Бағаласаң шынымен,

Баба тілі шын асыл.

Ендігі кезек Панфилов ауылдық кітапханасының кітапханашысы: Роза Мәйтенқызының орындауында «Үш алып» өлеңі7

1-жүргіз: 9 А сынып оқушысы Гончарова Кристинаны ортаға шақырамыз.М.Мақатаев « Үш бақытым»

2 –жүргізуші:«Дана халқымыз ана сүті бойыңды өсіреді, ана тілі ойыңды өсіреді» дейді . Туған тілді қорғау , туған Отаныңды қорғаудан да маңыздырақ, мемлекеттік тіл азаматтық келбет, патриотизм.

Жыр – тақпақтарымен тіл мерекесіне тарту етіп Светлана Қыдырғалиқызының ұйымдастыруымен оқушыларды ортаға шақырамыз.

(Әр ұлт өкілдерінен)

Ильяс: Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

Дилана: Өнер алды- қызыл тіл,

Ой толғаған сырлы тіл

Қалауын тауып қар жауған,

Тас тілетін алмас тіл!

Илья: Тілім менің – ең бірінші байлығым,

Тілім менің – арқа сүйер айбыным.

Тілім менің , сен арқылы сезінем,

Шабытымның шалқар сезім айдынын!

Асель: Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім мен де бірге өсемін

Өшсе тілім мен де бірге өшемін!

Арина: Ана тілім жүрегісің анамның,

Жүрек ана , мен өзіңнен таралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның!

Асель:Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам

Анашымды ұмытқаным емес пе,?

Ана тілім егер сені ұмытсам!

Дильназ: Тілім менің !

Тілім үшін мың тірілдім мен!

Ана тілім – күшім менің , қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды,

Тізелесіп қатар жазса мың ақын!

Ибрагим: Дұшпаның да бас иетін,

Тілің- ұлттық қасиетің.

Тартқан талай ұлыстар бар,

Тілсіздіктің қасіретін!

Беритан: Тілім менің – азығысың жырымның,

Жырым менің қазығысың тұғырдың.

Жаным жүдеп, жабырқаған сәттерде,

Тілім сенің шуағыңа жылындым!

Владислав: Тілім менің бөгеу қойдың тасқынға,

Арқау болдың шежіре, жыр, дастанға,

Тілім менің ұрпағыңмен мың жасап,

Мейірімді ту ғып көтер аспанға!

Игорь: Әркімнің туған тілі- туған шеше,

Оған бала міндетті мың сан есе,

О, адамдар, қадіріне жетіңдер.

Ана тілің анаң, сыйлап өтіңдер!

1-жүргіз.«Тіл туралы толғаныс»

11 а сынып оқушысы: Қасымбекова Балым. «Ана тілім»

Қорытынды: Ж.Аймауытов: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып , өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі- жүректің терең сырларын , халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына.» депті.

  1. жүргізуші: Біздің ана тіліміз қандай тіл деп ойлайсың?

1-жүргізуші: Бұл тіл – қазақ халқын бар әлемге паш еткен ұлы Абайдың , қазақ әліпбиінің атасы Ахметтің , сырлы да , сұлу шығармаларымен күллі әлемге танымал болған Мұхтардың тілі.

«Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлық та адамгершілікке жатпайтын өрескелдік. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің өркендеп кемелдеуіне де қолғабысын тигізуі тиіс. Шығыстың ежелгі бір данышпаны: «Дүниені түзеткің келсе- әуелі өзің түзел, сонан соң балаңның достарын түзе.» деген екен. Егер ана тілімізге шын жанымыз ашитын болса, оны ең әуелі өзіміз үйренейік., сонан соң балаларымыз бен достарымызға үйреткеніміз абзал.» дейді Ә.Кекілбаев.

Слайд «Қазақ тілі» .

Тәуба, тәуба жаратқанға мың тәуба,

Біреу болса қайтер едім жан сауға.

Менің ұлтым, қасиетті киелі,

Жасық емес асылы оның сүбесі

2-жүргізу: Туған тілде сыры терең жаным бар

Туған тілде әнім менен сәнім бар

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып –ақ алыңдар!

Қуан анам ұзағынан сүйініп ,

Сәтіңде кеткен түңіліп

Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді

Пір тұтамын ел алдында иіліп

Құрметті бүгінгі кешіміздің көрермендері, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Кешімізді аяқтай келе, «Тобықтай сөздің түйінін түйер шақ та келіп жетті. Кезекті қорытындылау сөз: Талғар ауданы әкімінің орынбасары: Садықова Р.Н

Ауыл әкімі: Байысбаев Ж.С

Ішкі саясат бөлімінің бастығы Ермағанбетова М.С

Талғар газетінің бас редакторы Азимова Р.Б

Қазақ тілін оқыту орталығының директоры:К.Тәлімұлы

Талғар әкімі кітапханасының директоры Хармысов М.Қ

№33 орта мектеп директоры: Молдабекова Р.Б

№ 17 орта мектеп директоры: Тифанциди Н.А

Бүгінгі кешімізді ұйымдастырып, жүргізген: Панфилов ауылдық кітапханасының кітапханашысы: Р. М. Шаймаханова,

№ 17 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі: С.Қ. Насрединова

Бүгінгі кешімізді жүргізуге көмектескен ауыл тұрғындарына, мектеп әкімшілігіне, көрерменге көптен-көп рахметімізді білдіреміз. Кездескенше аман- сау болайық ағайын!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Қазақшаң қалай, балақай?Қазақшаң қалай, ауылдас? атты кеш

Автор: Насрединова Светлана Кдыргалиевна

Дата: 08.03.2017

Номер свидетельства: 398480

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Сценарий праздника на тему "?ыздар?а ?семдік жарасады" "
    ["seo_title"] => string(58) "stsienarii-prazdnika-na-tiemu-k-yzdarg-a-siemdik-zharasady"
    ["file_id"] => string(6) "193745"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427692624"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(159) "«Аузынан г?л, к?зінен от т?гілген» Б?лтірік шешенні? ?анатты с?здері. Ашы? саба?ты? жоспары"
    ["seo_title"] => string(88) "auzynanghulkozinienottoghilghienboltirikshieshienninkanattysozdieriashyksabaktynzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "289245"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454766866"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""Қыз - ұлт болашағы""
    ["seo_title"] => string(17) "kyz_ult_bolashagy"
    ["file_id"] => string(6) "476630"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1535555574"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства