kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тұрмыс-салт жырлары. Төрт түлік малға, еңбекке, наурыз, жарапазанға байланысты жырлар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ әдебиеті сабағынан өткен ашық сабақтың әзірлемесі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тұрмыс-салт жырлары. Төрт түлік малға, еңбекке, наурыз, жарапазанға байланысты жырлар»

Низамова Раушан Минурқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Масақ орта мектебі КММ

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

Қайназар ауылы

Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі КММ


Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9-сынып

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың тақырыбы

Тұрмыс-салт жырлары. Төрт түлік малға, еңбекке, наурыз, жарапазанға байланысты жырлар

Мақсаты

а) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру

Көрнекілігі

Үлестірмелі парақшалар, топтастыру, БББ кестесі, мәнерлеп оқу,талдау

Топқа бөлу

Түрлі-түсті қағаздар арқылы бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

I Ұйымдастыру кезеңі

«Менің кеңістігім» әдістемесі (музыка)

Қатысушыларға альбом бетіне дөңгелек және одан басқа дөңгелектерге шапақ шашылып тұрған суретті салу. Ортадағы дөңгелекке «Мен» деп жазу керек, ал басқа планетадағы дөңгелектерге сөйлемдердің соңын жазу керек. Мысалы:

Менің сүйікті сабағым...

Менің сүйікті тамағым...

Менің сүйікті түсім...

Менің сүйікті жыл мезгілім...

Менің ең жақсы досым...

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтың басы

II Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

III Білімін тексеру

1. «Әдебиет» деген сөз қай тілден енген?

2. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

3. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен қандай айырмашылығы бар?

4.Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?

5.Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан сан алуан түрлерін ата.

6.Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығын атаңдар

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану

IV Жаңа сабаққа дайындық кезеңі

V Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау


















































VI Оқулықпен жұмыс

Тұрмыс-салт жырлары мақал-мәтелдер жұмбақтар

Ауыз әдебиеті

ертегілер

аңыз- әңгімелер



шешендік сөздер айтыстар




Тұрмыс-салт жырлары, түрлері

Кез келген халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы болады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты туған шығармалар тұрмыс-салт жырлары деп аталған. Тұрмыс-салт жырлары мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінген. Олардың негізгілері.

1. Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған шығармалар. Наурыз жыры.

2. Баланың дүниеге келуіне, есейіп, ержетуіне байланысты туған шығармалар.

3. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар.

4. Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар.

5. Бата-тілектер.

  Тұрмыс-салт жырларының ең бай және кең тараған түрі – төрт түлік малға байланысты туған өлең-жырлар. Төрт түлік туралы өлең-жырлар ерте заманнан бері халықпен бірге жасасып келеді. Ерте кезде адамдарда әр түліктің иесі бар деген түсінік болған, оларға ат қойған, әрқайсысының жаратушы иесі бар деп түсініп, оларға жалбарынған. Мысалы; Қой атасы – Шопаната, Сиыр атасы – Зеңгібаба, Жылқы атасы – Қамбарата, Түйе атасы – Ойсылқара, Ешкі атасы – Шекшеката. Шопанатадан«Тегене құйрық қошқар бер, малды берсең, қойды бер», Қамбаратадан «Айғыр берсең үйірі толған байталды, өңкей мама бие бер», Зеңгібабадан «Сиыр берсең, өңкей сүттісін бер», Ойсылқарадан «Маң-маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басқан, жүнді, сүтті, күшті түйе бер», – деп жалбарынады. Тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты болған қазақ халқы әр түліктің ерекшелігін де тани білген және оған байланысты көптеген өлеңдер туғызған. Соның бірі – «Малдың баласын сүюі» өлеңі.

 Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,

 «Ештеңені білмеген момыным» деп.

 Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,

 «Қараңғыда баспаған қорқағым» деп.

 Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,

 «Жаудыраған көзіңнен тоташым» деп.

 Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,

 «Тастан-тасқа секірген шұнағым» деп.

 Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,

 «Тұлпар болар жүгірген жұрыным» деп.

 Халық ауыз әдебиетінде аңшы-мергендермен қатар алғыр қыран құстар мен жүйрік тазылар да өлеңге қосылған. Өлеңдерде олардың адам баласына пайдасы, көмегі, атқарған қызметі баяндалған. Халық арасына кең тараған әннің бірі – «Көкжендет».

 Көкжендет, тұғырың алтын, жібек баулы,

 Бар ма екен Көкжендеттей қыран шәулі?!

 Күніне отыз үйрек, қырық қаз іліп

 Кеш болса отырушы ең тояттаулы, –

 деген жолдарда Көкжендеттің алғырлығы, тигізген пайдасы туралы айтылған.

 Ертеден келе жатқан тұрмыс-салт жырларының бір түрі – Наурыз жыры. Қыстың ызғары кетіп, елдің ауыр еңбектен қолы босап, аққа аузы тиеді. Оны кәрі-жастың«құшақтасып көріскен, жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өріскен Ұлыстың ұлы күні» дейді

Оқулықпен жұмыс.

Мәнерлеп оқытып, мағынасын ашу


Сабақтың соңы

Топтарға тапсырма

1-топ

Төрт түлік туралы өлең жазу

2-топ

Төрт түліктің суретін салу

3-топ

«Менің қошақаным» эссе жазу



Оқушылар тапсырмаларды орындайды. Қорғайды. Талдайды.

БББ кестесін толтыру

Бағалау

Бағалау парақшасын толтыру. Топ басшысы бағалайды

VIII Үйге тапсырма

1.Тұрмыс-салт жырлары және оның түрлері туралы оқып келу.

2. Түсінгендеріңді тірек сызба арқылы көрсет.

3. Даналық ой тізбегін жалғастыр

4. Үзінді жаттау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Тұрмыс-салт жырлары. Төрт түлік малға, еңбекке, наурыз, жарапазанға байланысты жырлар

Автор: Низамова Раушан Минурқызы

Дата: 12.08.2017

Номер свидетельства: 425289


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства