kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы "Қалқаман-Мамыр" дастаны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шәкірім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы 8 сыныпта өтілген сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы "Қалқаман-Мамыр" дастаны»

Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Ш.Құдайбердіұлы. Өмірі, шығармашылығы. «Қалқаман-Мамыр» дастаны

Жалпы мақсат:

Білімділік. Ш.Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығы туралы қосымша деректермен танысу. «Қалқаман - Мамыр» дастанының мазмұнымен танысып, әдеби теориялық талдау жасау. Дастанның маңыздылығын, ұлттық ерекшеліктерін ұғындыру. Тақырып пен идеяны ажырата білу.
Тәрбиелік. Халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу, дәстүрімізді күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету. Ұлттық ерекшелік пен құндылықтарымызды қадір тұту, бойына сіңіру.
Дамытушылық. Ой тастап, бағыт бере отырып, ғылыми негізде ізденушілікті дамыту. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорларын байыту.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Шаттық шеңбері

Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


Жаңа тақырып

1-тапсырма
Үш топ белсенді тақта алдында өз жұмыстарын қорғайды.
1-топ. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы
2-топ. Шәкәрім шығармашылығы
3-топ. Шәкәрімнің сазгерлігі
2-тапсырма
Дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушыларға «Қалқаман-Мамыр» дастанын алдын ала оқып, мазмұнымен танысып келу тапсырылған. Сұрақтар қоя отырып, дастанның қысқаша мазмұнынын баяндату.
-Дастанда не жайында айтылған? 
-Қалқаман мен Мамырдың махаббаты туралы дастан.
-Екі жас мақсатына жетті ме, қосыла алды ма?
-Екі жас қашып кетіп қосылды, бірақ салт-дәстүр оларды айырды. Мамыр жақынының қолынан қаза тапты, Қалқаманның тәні де жаны да жараланып, өз жұртынан безіп кетті. Ел бірлігін сақтау үшін, ел ішіне іріткі түспесін деп Әнет баба лажсыз Қалқаманды оққа байлады.
Дастаннан үзінді мәнерлеп оқу.
3-тапсырма
Проблемалық сұрақ қойып пікірталас туғызу.
-Әнет баба неліктен Көкенайдың шешімімен санасады? Көкенай кім?
-Әнет баба Неліктен Қалқаманды оққа байлады?
-Қалқаман мен Мамырдың туыстық қатынастары бола тұра қосылуы дұрыс па, бұрыс па? 
-Қазақтың салты бойынша өз атасынан жеті атаға дейін, нағашы жұртынан бес атаға дейін қыз берісіп, қыз алысуға тыйым салынған. Себебі қан жақындасады, дүниеге келер ұрпақ кеміс боп туылады. Бұл тек салт дәстүр ғана емес, мұның ғылыми негізі бар. Сонымен қатар ел арасына іріткі түсіп, рулық алауыздық туындады. 

-Осы кезеңде қазақ тарихында қандай жағдай болып жатты?
-Сол кезде қазақ тарихы үшін де қиын кезең болып тұрған. Жоңғар шапқыншылығы болып жатқанда ел бірлігін сақтау - бәрінен де маңызды еді, сондықтан Қалқаман мен Мамыр қосылмау керек еді.
-Мен бұған келіспеймін, себебі қазақ салтында әрдайым осылай махаббат жолында талай жастардың қаны төгілді, жас жаны құрбан болды. 
Мұғалім сөзі:
-Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс немесе бұрыс деп біз кесіп төрелік айта алмаймыз, қалай болғанда да біз осы оқиғадан ғибрат алуымыз керек. Өз пікірлеріңді білдіргендеріңе рахмет.
Енді деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.
4-тапсырма
Деңгейлік тапсырмалар орындату.
1-деңгей
Берілген шумақты өлең құрылысына талдау .
2-деңгей 
Дастанда кездесетін айшықты сөздерді, көркемдегіш құралдарды табу. 
3-деңгей
Поэмаға композициялық талдау жасау.
Композициялық талдау жасау.
І. Пролог – алғы сөз. Тобықты руының таратылуы. Сырда болуы.
ІІ. Экспозиция – сюжеттің басталуы. 
Қалқаман мен Мамырдың бір-біріне ғашық болуы.
ІІІ. Сюжеттік байланыстар.
А) Мамырдың бастаңғы жасауы.
Ә) Қыздың Қалқаманды жеке шақыруы.
ІV. Оқиғаның дамуы 
А) Қалқаманның Мамырды  алып қашуы. 
V.  Шиеленіс 
Ә) Мамырдың өлімі.
VІ. Кульминация – шарықтау шегі.
Көкенай шарты.
VІІ. Шешімі.
А) Қалқаманды оққа байлау.
Ә) Қалқаманның елден кетуі.
VІІІ. Эпилог.
Бұл оқиғадан кейінгі жағдай.
4-тапсырма
Екі тармақты сөйлем мүшесіне талдау.
Лирикалық шегініс жасап, Шәкәрімнің бір әнін оқушының орындауында тыңдау.

Шығармашылық жұмыс


Ой толғау. Автор  ретінде  поэманы  ары    қарай  өрбітіп  көр. 

 Қалқаман Тобықты  руынан  кеткен соң Бұқар жаққа барады. Онда ол батырлығымен,  

         кедейлерге көмектесуімен көзге түседі. Үнемі ескі әдет-ғұрыптың шырмауына 

         түскен жастарға көмек береді.  Атағы сан рулы елге тарайды. Бір-біріне ынтыққан 

         жастарды көріп Мамырды есіне алатын Қалқаман   бірнеше жылдан соң үйленіп, 

         тұңғышын Мамыр деп атайды. Тобықты  елі осындай  ерді жоғалтқанына қатты   

         өкінеді..            



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

Үйге тапсырмасын беру

1-деңгей 
Дастаннан үзінді жаттау. Кейіпкерлерге мінездеме беру.
2- деңгей
«Қалқаман-Мамыр» фильмін көріп, поэма желісімен салыстыру. 
3- деңгей
Қалқаман – Мамыр оқиғасы болған кезеңдегі тарихи оқиғаны зерттеп, әзірлеме дайындау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы "Қалқаман-Мамыр" дастаны

Автор: Ашиманова Дамира Сагадатовна

Дата: 11.01.2017

Номер свидетельства: 377918


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства