Аңыз әңгіме. «Әйел сұлулығы» Кішкене бала анасынан былай деп сұрайды: — Неге жылайсың? — Өйткені мен — ӘйелМІН. — Мен түсінбедім! Анасы ұлын құшақтап, былай дейді: — Мұны сен ешқашан түсінбейсің. Сол кезде бала әкесінен сұрайды: — Неге анам кейде еш себепсіз жылайды? — Әйелдердің барлығы кейде себептен себепсіз жылайды, — деп қана жауап бере алады әкесі. Баласы ержеткен соң да таңғалысын тоқтатпайды: «Неге әйелдер жылайды?» Ақырында ол мұны Құдайдан сұрайды. Құдай былай деп жауап береді. «Әйелді жаратқанда мен оның жан-жақты болғанын қаладым. Мен оған бүкіл әлемді ұстап тұру үшін мықты күш және баланың басына сүйеу болу үшін сондай нәзік алақан бердім. Мен оган босанғандағы және басқа кездерде ауырлыққаа шыдайтын мықты рух бердім. Оған басқалар сүрінгенде, қайыспай алға жүретін мықты ерік-жігер бердім және ол сүрінгендерге, науқастарға және шаршағандарға пана болады. Мен оған қандай жағдайда да, тіпті балалары өзін ренжітсе де, балаларын сүйетін мейірімділік бердім. Мен оған күйеуіне оның олқылықтарына қарамастан арқау болатын күш бердім. Мен оның жүрегін қорғап жүрсін деп әйел адамды ер адамның қабырғасынан жараттым. Мен оған жақсы ер әйел көңіліне әдейі қаяу түсірмейтінін, бірақ кейде оның күші мен қай кезде де қасынан табыла кететінін сезінетін ақыл бердім. Ақыр соңында мен оған қашан, қайда болмасын төгіп алатын жас бердім. Ал ұлым сен Әйел Сұлулығы оның киімінде, шашы немесе тырнағында емес екенін түсінуің керек. Оның сұлулығы махаббат өмір сүретін өз Жүрегіне жол ашатын кездерінде». |