Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен сабақ жоспары.Тақырыбы "Абайдың мұражай үйі" (9 -сынып)»
9-сынып.Қазақ тілі
Мұғалім: Ташмаганбетова Айжан Тоганбаевна
Сабақтың тақырыбы: Абайдың мұражай үйі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абай өмірі,шығармашылығы туралы білімдерін тексере отырып,танымын кеңейту.Мұражай туралы мағлұматпен танысу,оқушылардың сөздік қорын молайту,
Дамытушылық: Теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуді дамыту, ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге дағдыландыру. Ой қорытып, нақты шешім жасау біліктілігін арттыру, ізденушілікке ықпал жасау,талдай білуге төселдіру,
Тәрбиелік: Дұрыс сөйлеуге үйрету. Оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетелеу, жаттығу жұмыстары арқылы адамгершілікке, Отанды сүюге, өнерлі болуға тәрбиелеу. Абай ұлылығына сүйсінуге халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеу.
Біздің өтіп жатқан модуліміздің тақырыбы қалай аталады.Дұрыс айтасыңдар «Мұражай» модулін өтіп жатырмыз.
1.Мұражай сөзі қай тілден енген.
2.Мұражай бағыттарын айтыңдар.
мұражай - ақынның өмірі,шығармашылығынан мағлұмат беретін мекеме
1-суретте Президент мұражай үйі
2-суретте Франциядағы 12 ғасырда салынған әлемге әйгілі Лувр мұражайы
3- суретте Ватикан мұражайы.
Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа
Керек болды Абай сынды Ұлы ақын!
Айдың орнын баса алады Күн ғана,
Таудың орнын баса алады шың ғана.
Ұлы Абайды жырлау үшін қазаққа
Керек болды Мұхтар сынды бір дана- деп бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Абайдың мұражай үйі»
Оқушыларды үш топқа бөлу
ІІ. Абай туралы не білеміз?Оқушылар Абай туралы білетінін айтады.
Осы айтылғандарды мынандай топқа жіктейік
өмірінебайланысты
шығармашылығы
заттары
Мұғалім осы топтарда жазылған сөздер бойынша оқушылардың Абай тақырыбы бойынша білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қояды
Абайдың шын есімін ата. ( Ибраһим)
Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
Абайдың туындыларын ата?
Абайдан қалған мүлік, заттар бар ма ? Бар болса, оларды қайдан көруге болады?
Осы тақырыпқа байланысты мәтінді оқу.Мәтінмен жұмыс.
Абайдың Жидебайдағы мұражай үйі- ақынның өмірі меншығармашылық жолынан мағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан.
1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол – терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіре берісте - қазанаспа. Оң жақ босағада асадал пен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген
1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссияның шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай үйіне берілген.
2. Оқушылар мәтінді толығымен оқып шығады. Тапсырма: мәтін бойынша үш сұрақ құру.
/ жеке, жұпта, топта жұмыс істейді/ Әр топ өздерінің үш сұрағын айтады, басқа топтар сұраққа дұрыс жауап беруге тырысады.
б.Жаңа сөздерді қолданып, сөйлем не сөзтіркесін құру
Асадал, кебеже, қазанаспа, самаурын- дегенсөздердің мағынасын, көнерген сөздер екенін мұғалім түсіндіріп, суреттерін көрсете кетеді.
Көнергенсөздер:
Асадал- тамақ және ыдыс-аяқ сақтайтын үй жиһазы, кебеженің түрі. "Ас" және "адал" деген сөздерден құралған.
Кебеже- тамақсалатын шкаф
Қазанаспа- қазан орнатуға арналған пеш, қазан аспа. Ол жазда үй жанына салынады. Самаурын-суды отынмен қайнатуға арналған ыдыс. Қазақтар отынмен қайнатылатын Самаурынды пайдаланған.
дәліз – кіреберіс бөлме, алдыңғы бөлме
қазан аспа – қазан ілетін жер ошақ, киіз үйде ас дайындау үшін пайдаланылады.
асадал –ас сақтайтын жабық сөре, асүй жиһазы
мұрағат-мұражайдағы зат,жәдігер, құжаттар
бірқалыпты –бұ жерде:бірдей температура
Сен қай кезеңде өзіңе жаңа ақпарат алдың?
Сен мұражайдан қандай заттарды байқадың?Оларды ата.
Мәтіннің жоспарын құрамыз, әр бөлікке ат қойып, тірек сөздерді анықтаймыз
Жоспарын құру, тірек сөздерді анықта
3. Дәптермен жұмыс. Сөйлем мүшесіне талдау .
1.Ол Семей қаласынан 180 шақырымжердеорналасқан. Ол 1970 жылыкүрделіжөндеуденөткізілді. 1885 жылы Абай осы екібұйымдыСемейдіңөлкетанумұражайынаөзқолыменөткізді.